құралдар мен өлшем әдістерінің таңдалуының дұрыстығы сияқты нысандар мен қызмет түрлері жатады.
Тұлғалардың құқықтары мен жауапкершілігін, метрологиялық бақылау нәтижелерінің ресімделуін Қазақстан Республикасының заң шығарушы мемлекеттік құрылымдарының метрологиялық қызметтері бекітеді. Техникалық бақылау Техникалық бақылау өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуінің ең маңызды элементі және өнім сапасын басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Техникалық бақылау - қойылған техникалық талаптарға нысанның сәйкестігінің тексерілуі. Техникалық бақылаудың түрлері: бақылау нысаны, өндіріс үдерісінің кезеңдері, бақылауды толық қамту, бақылау нысанының уақытымен байланысы, өндірістік үдеріс, бақылау- дың тиімділігі келесі белгілер бойынша классификацияланады (2-сурет).