Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет14/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter

Дескриптор
-Топта берілген сурет бойынша адамның сезім мүшелері туралы талқылайды.
- Компьютердің енгізу құрылғыларымен адамның сезім мүшелерін сәйкестендіреді.
- Компьютердің шығару құрылғыларымен адамның сезім мүшелерін сәйкестендіреді.

Топтағы оқушылар бір- бірін топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта




(Ж) Төмендегі
деректерді мектепке алып
баруың керек. Ол үшін оқулықтағы 4, 5, 6-суреттегі компьютердің қай құрылғыларын қолданасың?

Дескриптор
- Жұптасып тапсырманы талқылайды.
- Оқулықтағы 4, 5, 6- суреттегі құрылғыларды салыстырады.
- Өзіне қажетті
құрылғыларды таңдайды.

Жұптағы оқушылар бір- бірін топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай «Қошеметтеу» әдісі
арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта

Сабақтың соңы (7 мин.)

ІП. Ой толғаныс. Рефлексия
(Ж) «Еркін
микрофон» әдісі

- Бүгінгі тақырып не туралы болды?
- Бүгінгі тақырыпта не ұнамады?

Бүгінгі сабақтағы менің портретім.
Бүгінгі сабақтағы өз көңіл күйін суреттерді

Жұмыс дәптері




Сабақты бекіту. Рефлексия

арқылы бүгінгі
сабақтан алған
әсерін, нені оқып зерделегенін, нені үйренгенін айтады.

  • Бүгінгі тақырып

несімен ұнады?

  • Мені қызықтырғаны ...

  • Сабақта қандай сезімде болдың?

  • Тақырыпқа не қосар едің?

  • Тақырыптан қандай үлгі алдың?

  • Менің қолымнан келеді ...

таңдау арқылы көрсетіп, бүгінгі сабақты
бағалайды.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай
тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулықты және қауіпсіздік ережелерін сақтау.

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Қошеметтеу» әдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?



Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аударуым қажет?




4-сабақ. Файлдар мен бумалар

Бөлімі

I бөлім. Компьютерлер мен программалар (ортақ тақырып: «Өзім туралы»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Файлдар мен бумалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

        1. файл мен бума туралы түсінік беру;

        2. файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою;

        3. өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Файл мен бума туралы түсінеді.
Оқушылардың көбі үшін:
Файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жоюды біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Өз жұмысындағы контекстік мәзірді пайдаланады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




(¥)
¥й ымдастыру кезеңі (1-7 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту: «Боди-арт» әдісі.
Барлық қатысушылар парта бойынша үш қатарға бөлініп, бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушының арқасына салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. Бұл сыныпта жағымды ахуал туғызады.

Топтастыру

Оқушылар алдыңғы іс-әрекет аяқталысымен, сапты бұзбай үш топқа бірігеді: 1- топ, 2- топ, 3- топ.

(МК, ¥ Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз
ойларын айтып, жауап береді.

¥ Файл және бума туралы не білесің?
¥ 1, 2- суреттерді салыстырып не айтуға болады?
¥ Үйдегі
компьютеріңде тек
өзіңе қатысты жеке файл, бумаларың бар ма?

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта. Оқулық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ортаға салады.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуына, ешқандай сынға ұшырамауына көңіл бөліңіз. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді
өзектендіру үшін) (Ұ) Оқулықпен жұмыс. «Баяндама» әдісі.
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуып,
соңынан оның мазмұнын сурет пен сызба түрінде беруін ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң
жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің
суреттерін не
сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін
бойынша «баяндама»

Дескриптор
- Оқулықтағы мәтінді оқиды.
- Сурет, сызба түрінде өз түсінігін ұсынады.
- Бейнеге қарап баяндайды.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта







жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең
ашып, оны
қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.













(Т) 1) Файлдар мен бумаларды ажыратып жазыңдар.
2) Қате бума мен файл
атауларын анықтаңдар.

Дескриптор
- Файлдар мен бумаларды ажыратады.
- Қате буманың атауын анықтайды.
- Қате файлдың атауын анықтайды.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта




(Ө) Мына файлдардың ішінде қандай ақпарат бар деп ойлайсың?

Дескриптор
-Берілген файлдармен танысады.
-Файлдардың ішінде қандай ақпарат бар екенін анықтайды.

Топтағы оқушылар бірін- бірі топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта




(Ұ) Файл, бума мен жарлықтарды жікте.

Дескриптор
- Файлдарды жіктейді.
- Бумаларды жіктейді.
- Жарлықтарды жіктейді.

Жұптағы оқушылар бірін- бірі топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды.




Сабақтың соңы (7 мин.)
Сабақты бекіту. Рефлексия

ІІІ. Ой
толғаныс. Рефлексия.
(Ө) «Бес саусақ» әдісі. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің жұмыс дәптерлеріне өз саусақтарын қойып, саусақтарын айналдыра сызып, суретін салады. Дайын бес саусақтың әр саусағына интерактивті тақтадан көрсетілетін әр саусақтың өз мағынасына қарай жауаптарын жазады. Жазып біткен соң, бес саусаққа жазылған

0 Басбармақ - өзімді қалай сезіндім?
0 Балаң үйрек - басқаларға көмегім тиді ме?
0 Ортан терек - бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
0 Шылдыр шүмек - бүгінгі сабақ ұнады ма?
0 Кішкентай бөбек - бүгін не үйрендім?

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай қорытынды бағалауы «Фигуралар» әдісі арқылы жүргізіледі.

Жұмыс дәптерлері







жауаптарын оқиды.










Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай
тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулықты және қауіпсіздік ережелерін сақтау.

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет