Бастауыш орта білім беру деңгейінің 2-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармақшасына сәйкес дайындалған.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты - білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, роботтехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудегі білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
Негізгі міідеттері:
білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар мен олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау мен программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
байланыс, ақпарат алмасу мен ынтымақтастық үшін цифрлық технологияларды пайдалануға ынталандыру;
білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуге үйрету.
Оқу бағдарламасыіда үш тілде оқыту ғаіа емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шет тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білімі мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта әрі жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |