Барлық оқушы үшін: Программалау алаңының кірістірілген графикалық редакторында кейіпкер жасайды. Оқушылардың көбі үшін: Суреттің фрагментін көшіріп көрсетіп, суретті қайта өңдейді. Кейбір оқушылар үшін:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. І. Қызығушылықты ояту. «Егер .., онда не болар еді?» әдісі. Оқушылардың бірі өз қиялындағы бір жағдайды айтады, қалғандары соның шешімін тауып жалғастыруы керек. Мысалы: «Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?» «ЕгерЖердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...» «Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айырылып қалса, онда...» Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады әрі оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызады.
Топтастыру
«Жыл мезгілдері» әдісі Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілі бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.
(МК, ¥ Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
1-суретке назар аудар. - Бала қайда асығып барады? •Мектептен шыққандағы іс- әрекетіңді сипаттап бер. -«Мектептен үйге қайту» жобасының фоны мен кейіпкерін қалай дайындауға болады?
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Жұлдызша» әдісі бойынша бағалайды. Оқушыларға тапсырманы орындауына қарай жұлдызша таратып отырады.
Жаңа сабаққа дайындық
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша түрде жеткізеді. Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.