12-сабақ. Спрайтты пернетақтамен басқару
Бөлімі
|
III бөлім. «Сөзбе - сөз (ортақ тақырыптар: «Менің мектебім», «Менің туған жерім»)
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сыныбы
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Спрайтты пернетақтамен басқару.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
2.4.2.2 пернетақтадан спрайтты басқару;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы үшін:
Компьютердегі ойындарды басқаруға арналған құрылғылар туралы әңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Тек пернетақтамен басқаратын ойындарға мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар үшін:
Пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастырады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
|
Педагогтің іс- әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі (1-7 мин.)
|
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту. «Арқаға массаж жасау» ойыны
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.
Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады.
|
Топтастыру
|
«Атомдар мен молекулалар» әдісі
Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір- бірімен араласып, әрлі-берлі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал жүргізуші «Молекулалар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт, бес, алты), оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды. Мысалы, өлең оқиды, ән айтады т.с.с.
Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда қалады.
1- топ: 2- топ: 3- топ:
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
-Компьютердегі ойындарды басқаруға арналған қандай құрылғыларды білесің? (1-сурет) Әңгімеле.
-Тек пернетақтамен басқаратын ойындарға мысал келтіре аласың ба?
-8сга1сһ-те спрайтты пернемен басқаруға бола ма?
|
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Стикерлер» әдісі бойынша бағалайды.
Жасыл түс: Жарайсың! Сары түс: Жақсы! Қызыл түс: Талпын!
|
|
Жаңа сабаққа дайындық
|
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша түрде ортаға салады.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |