Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет2/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

ISBN 9965-9807-7-2 
 
© Доскалиева Р.Б., 2018 
© М. Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2018. 



АЛҒЫ СӨЗ 
 
Қоғам дамуының талабы әр адамның психологиялық білім 
деңгейінің жоғары болуын қажет етеді. Психологиялық білімнің 
қажеттілігі еліміздің білім жүйесінде балабақшадан бастап, 
жоғары оқу орны, өндірістік салаға дейін өсуде. Сондықтан, 
болашақ психологтарды дайындауда және даярлығы жоғары 
маман ретінде тәрбиелеудегі негізгі алға қояр міндеттеріміз:
- жан-жақты білімді, тәжірибелі, психологиялық білімді 
терең меңгерген маман даярлау; 
- психодиагностика заңдылықтары мен ерекшеліктерін 
түсіндіру, психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізін 
оқыта отырып, кәсіби даярлығын дамыту, оны тәжірибеде 
қолдану дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; 
- зерттеу жұмыстарын психологиялық талапқа сай жүргізе 
білуге және зерттеу әдістері, әдістемелерін күнделікті тәжірибеде 
дұрыс қолдана білуге үйрету; 
- түрлі әлеуметтік топтар мен салаларда жас ерекшелігіне 
қарай психологиялық диагностика жүргізе білуге, нәтижесін 
сандық-сапалық 
жағынан 
талдап, 
интерпретациялап 
қорытындылай алуға дағдыландыру. 
Осы мазмұндағы психологиялық қызметті ұйымдастыруда 
теориялық білім және практикалық дайындықты қамтамасыз 
ететін психологиялық пәндердің бірі «Тұлғаны педагогикалық–
психологиялық диагностикалау». Бұл пәнді оқыту барысында 
студенттер 
психодиагностиканың 
даму 
тарихымен, 
психодиагностикалық әдістермен, әдістемелермен және тұлға 
диагностикасында қолданылуымен танысып, ғылыми теориялық 
білімді меңгереді, практикалық іскерліктері мен дағдылары 
қалыптасады.
«Тұлғаны педагогикалық – психологиялық диагностикалау» 
пәнін оқыту мақсаты: 
-болашақ педагог-психолог мамандарды психологиялық 
қызметке теориялық және практикалық дайындау; 
- тұлғаны дамыту мен қалыптастыруға бағытталған қазіргі 
психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жүргізе білуге 
үйрету; 



-педагогика 
және 
психология 
ғылымындағы 
өзекті 
мәселелерді зерттеуге бағытталған ғылыми іс-әрекеттерді 
меңгерту; 
- болашақ педагог-психологтың практикалық дайындығы мен 
кәсіби дағдыларын қалыптастыру. 
Оқу құралы 5ВО10300-Педагогика және психология 
мамандығының ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім 
беру стандартының мазмұны негізінде «Тұлғаны педагогикалық-
психологиялық- диагностикалау» оқу курсының бағдарламасына 
сәйкес жинақталған. Оқу құралының мазмұны қазіргі 
психологиялық білім негізінде құрылып, оқу-әдістемелік 
әдебиеттер стандартына сәйкес тарауларға бөлініп, соңында 
практикалық сабақ, өзіндік жұмыс тақырыптары мен тест 
сұрақтары және қосымша психологиялық тестер мен әдебиеттер 
тізімі берілген. Оқу құралын ұсынудағы мақсат-студенттердің 
болашақ психолог мамандығына даярлануына көмек болар оқу 
құралымен қамтамасыз ету. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет