Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет5/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Психодиагностика 
жалпы 
психология, 
әлеуметтік 
психология, дифференциалды психологиямен байланысты болса, 
арнаулы психодиагностика жас ерекшелігі психологиясы
медициналық психология, заң, әскери, спорт, әлеуметтік, еңбек 
т.б. психология салаларымен байланысты дамиды. Психология 
пәні мен аталған ғылым салалары психодиагностиканың негізін 
құрайтын 
бір 
бөлімі 
болып 
саналады. 
Жалпы 
психодиагностиканың екінші бір базалық негізі немесе іргетасы 
болып 
дифференциалды 
психометрия 
есептеледі. 
Дифференциалды психометрия ілімі диагностикалық әдістерді 
талдау, 
есептеу, 
өлшеу 
жақтарын 
қарастырады. 
Психодиагностиканың үшінші негізі –практикалық салада 
қолданылатын психологиялық ілім, яғни психодиагностиканың 
мақсат-міндеттерін анықтап, кешенді әдіс-тәсілдерді қолдану 
және белгілі бір обьектіге нақты, жан-жақты зерттеу жүргізудегі 
психологиялық 
заңдылықтарды 
білу. 
Сонда, 
теориялық 
психодиагностика психологиялық білімнің үш саласын қамтиды: 
1. Психологиялық пәндік заңдылықтарды білу 
2. Нақты құбылысты тану 
3. Психологиялық білімді қолдана отырып, психометрия 
арқылы тұлғалық ерешеліктерді анықтау. 
Практикалық 
психодиагностика 
теориялық 
психодиагностикадағы 
мәселелерді 
қамти 
отырып, 
осы 
құбылыстарды белгілі бір салалар бойынша топтастырады 
(инженерлік, спорт, медицина, заң, әскери т.б.). Осыған орай, 
психодиагностикалық әдіснаманың теориялық негізі қазіргі 
кезеңде психология ғылымында зерттеліп келген өзекті 
мәселелердің бірі болып саналады. 
А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша:«ХХІ ғасыр – психология 
ғасыры». Оның ойларының негізгі түйіндері төмендегідей:
Бірінші тезис бойынша психология әлемінде болып жатқан 
құбылыстарды түсінген кезде ғана адам туралы ғылым бола 
алады. 



Екінші тезис бойынша психологияның дамуы, жаңа 
психологиялық білімдердің туындауы болашақта жекеленген 
салалары бойынша емес, мәселелері бойынша зерттеледі. 
Үшінші тезис бойынша А.Н. Леонтьев этика және 
психологияны сабақтастырды.
Төртінші тезис тұлға психологиясын жүйелік және 
аксиологиялық психология деп түсінуге шақырады. 
А.Н Леонтьевтің бесінші тезисі психология мектебіне 
байланысты. 
А.Н. Леонтьевтің бес тезисі, А.Г. Асмоловтың пікірінше,ХХІ 
ғасыр психологиясының бағдарламасы. Бұл бағдарламалар 
қоғамда жеке адаммен профилактикалық, диагностикалық, 
дамытушы, реттеуші және түзету жұмыстарына бағытталған 
білімнің психологиялық қызметінің дамуына деген объективті 
қажеттілікті қалыптастырды. 
А.Н.Леонтьевтің және оның мектебінің зерттеулері адам 
психикасының қоғамдық тарихи табиғаты мәселесін және зерттеу 
әдістерін жасауға бағытталған. А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет және 
сана туралы ойлары психологиялық тұлға теориясының зерттеу 
негізі мен психологиялық ой-пікірдің дамуына қосылған өзекті 
мәселе болып табылады, себебі, ол психика мен психикалық 
құбылыстардың пайда болуы мен дамуын ғана емес, 
психологиялық зерттеудің болашақ бағдарламасын да анықтайды. 
Психология адам жан дүниесінің жан-жақты қырымен сырын 
зерттейтін пән болғандықтан, ол жан құбылыстарының 
заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік 
береді. Жаратылыстық және қоғамдық ғылымдардың әрқилы 
салаларын біріктіре отырып, психология адамды танудың ең 
маңызды ғылыми саласына айналып отыр. Осы бірлестікте 
психология ғылымының артықшылығының өзі сонда, ол адамды 
жеке тұлға және даралық ретінде бір мезгілде қарастырады. Жеке 
тұлғалық психикалық құбылыстарды ғылыми зерттеудің жалпы 
ұстанымдарына объективті шындықты көрсету, зерттеліп жатқан 
заңдылықтарды 
тәжірибе 
жүзінде 
тексеру, 
психикалық 
зерттеудегі объективтілік, психикалық құбылыстарды іс-әрекет 
барысында зерттеу және барлық психологиялық құбылыстарды 
филогенетикалық, онтогенетикалық, әлеуметтік–тарихи және 
индивидуалды дамуды зерттеу жатады.



Қазіргі психология ғылымы тұлғаны зерттеуде үш негізге 
сүйенеді: пән теориясына, дифференциалдық психометрияға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет