Р. Б. Доскалиева


Өзіндік бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет14/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Өзіндік бақылау сұрақтары 
 
1.Алғашқы психологиялық көзқарастар 
2. Психодиагностиканың мақсат-міндеттері
3. Психологиялық диагностиканың практикалық мазмұны 
қандай 
4. ІХ ғасырдағы психодиагностиканың дамуы. 
5. ХХ ғасырда психодиагностикадағы негізгі зерттеулер
6. Обьективті, субьективті, проективті әдістер түрлері қандай 
7. Психологиялық категориялар 
8. Адам өмірінің психологиялық бірліктер типологиясы 
 
 
 
 
 


25 
3.ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ДАМУ 
НЕГІЗІ 
 
3.1. Психодиагностикалық әдіснамалық түсініктер 
 
Қаралу деңгейіне қарай әдіснаманы әр түрлі түсінеді. Кең 
мағынада ол теориялық және практикалық әрекетті құрудағы 
ұстанымдар мен тәсілдер жүйесі, сондай-ақ, жүйе туралы ілім. 
Әдіснаманың жалпы әдіснамалық білімнің жүйесіндегі орнын 
анықтау үшін бірнеше деңгейлерін ажырату қажет. Олардың 
алғашқысының мазмұны – философиялық білім. Екінші деңгейі –
жалпы ғылыми әдіснама (жүйелік ықпал, әрекеттік ықпал
ғылыми зерттеулердің әртүрлі типтеріне сипаттама, олардың 
кезеңдері мен элементтері: болжам, зерттеудің обьектісі мен пәні, 
мақсаты, міндеттері және т.б.). Үшінші деңгей – нақты пәнге 
қатысты. Мысалы, психологияда қолданылатын зерттеу 
әдістерінің, ұстанымдарының және тәсілдерінің жиынтығы. 
Арнайы ғылымның әдіснамасы осы саладағы ғылыми танымға 
тән мәселелерді (мысалы, педагогика мен психологияның ара-
қатынасы), алдыңғы деңгейге қатысты (мысалы, жүйелік 
тұрғыдағы 
немесе 
модельдеуді 
психологияда 
қолдану) 
мәселелерді де қамтиды. 
Әдіснамалық рефлексия (адамның өзінің ғылыми қызметін 
талдау дағдысы) ғылыми негіздеме жасауда белгілі бір 
тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың 
формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу 
қабілетіндегі әдіснамалық мәдениетті меңгертеді. Әдіснамалық 
мәдениет тек ғылыми қызметкерге ғана тән емес. Жалпы алғанда, 
әдіснамалық мәдениет – міндетті түрде бір бөлігі рефлексиядан 
тұратын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау мәдениеті. 
Мұндай мәдениет ғылымға қандай керек болса, практикаға да 
сондай қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет