68
Дифференциалды
психологияның
тамыры
Дарвинизм
идеясында жатыр. ХІХ ғ. Ф.Гальтон зерттеулерінің де маңыздылығы
да ерекше. Дифференциалды психологияның дамуына 1896 жылы
дайындалған А.Бине мен В.Анридың «Жеке психология» атты
баяндамасы да себеп болды. Алайда оның негізін қалаушы В.Штерн
болып табылады.Ол 1900 жылы «Жеке ерекшеліктер психологиясы
туралы»
еңбегін жариялап, кейіннен ол дифференциалды
психологияның кеңінен таралуына (1911) себепші болды.
Дифференциалды психология психологияның жаңа саласын ашып –
әртүрлі
бірлестіктер
арасындағы
жеке-даралық
сипаттың
көптүрлілігін зерттеді. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, оның
эксперименталды психологиядан еш айырмашылығы болған жоқ. Ол
нақты жеке тұлғаның ерекшеліктерін емес, жеке қасиеттерді зерттеді.
Дифференциалды психология негізінен
тұлғаның мінез-құлқы мен
қасиеттерін айырмашылықтарын зерттейді. Психодиагностика мен
дифференциалды психология бірін-бірі толықтырып, біртұтас жүйені
құрайды. Олар психологиялық ғылымның екі тармағы секілді,
зерттеу аймақтары ортақ. Психодиагностика
мен дифференциалды
психология типология (мінез-құлық туралы ғылым) мен тұлға
психологиясы арасын байланыстырушы болып табылады. Тұлға
психологиясы белгілі бір тарихи кезеңдегі
тұлғаның психикалық
қасиеттері арасындағы заңдылықтар байланысын зерттеп, әртүрлі
тұлға құрылымдарының қалыптасуын бақылайды.
Психодиагностиканың дамуына өз үлесін қосқан
қолданбалы
психологияның пайда болуы да В.Штернге байланысты. Штерн
қолданбалы психологияда психодиагностика
мен психотехника
арасындағы айырмашылықты айырып көрсеткен. Қолданбалы
психологияның құрамды бөліктері ретінде психодиагностика мен
психотехника араларын ажырата отырып, ол
бір жағынан
психология
саласындағы
диагностикалық
мәселелердің
арнайылығын көрсетсе, екінші жағынан диагностика мен тұлға
дамуының ажырамас бірлігін нақтылады.
Достарыңызбен бөлісу: