72
7. ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР ЖҮЙЕСІ
7.1. Психологиялық әдістер туралы түсінік
Психологиядағы барлық әдістемелік ізденістер, адамды
жүйелі зерттеуде басқа да ғылыми салалар әдістерімен өзара
тығыз байланыста болу қажеттілігімен ерекшеленеді. Әсіресе,
ұстанымдар мен әдістерді нақты анықталған
мақсаттарға сәйкес
жіктеу үлкен маңызға ие болып отыр.
Қазіргі
психологиядағы
генетикалық
және
тарихи
ұстанымдардың гносеологиялық маңызы – бұл ұстанымдардың
психологияның барлық аймағындағы нақты зерттеу әдістерін
анықтауында. Психология алдында тұрған теориялық және
тәжірибелік міндеттердің жаңаша ұйымдастырылуына байланысты
оның
философиялық, психологиялық-педагогикалық негіздері жан-
жақты қарастырылуда. Психологиялық ғылым жүйесінде осы
өзгерістерге орай психологиялық қызметтің негізгі бағыты –
психодиагностиканың зерттеу әдістерінің де өзіндік ерекшелігі бар.
Психодиагностика –зерттеу барысында әдіс-тәсілдер мен
әдістемелерді қолданудағы практикалық психологияның негізгі
саласы.
Психологияның теориялық және эмпирикалық әдістері ғылыми-
психологиялық білім алуға бағытталған жалпы мақсатты көздейді.
Бұл білім негізінде теориялық жалпы бақылау мүмкіндігі болатын
тәжірибелі мәліметтер немесе
эмпирикалық заңдылықтарды
анықтайтын психологиялық заңдар қалыптасады. Біз психологиялық
зерттеу құрылымының негізгі теориялық-эмпирикалық шеңберінде
жүзеге асатын әдістердің негізгі тобын қарастырамыз.
Қазіргі жүйелеуде
әдіс және әдістеме ұғымдарын ажырату
өте маңызды. Егер әдістеме- тану жолындағы эмпирикалық
мәліметтер жиыны, тәсілі ретінде
зерттеу құрылымы ретінде
ажыратылса, онда әдіс -психологиялық көрсеткіштер мен оларды
басқару тәсілін немесе техникасын сипаттайды .
Б.Г.Ананьевтің көзқарасы бойынша психодиагностикада
психологиялық зерттеу әдістері психологиялық ғылымның
психикалық объектілер жүйесі, сонымен қатар, гносеологиялық
объектілері болып табылады.
73
Психологияда эмпирикалық әдістерді
қолдану мәселелері
жүйелік амал талаптарына байланысты, психологиялық әдістер
жүйесінің түрлерін анықтау қарастырылады. Олардың бес
деңгейін бөліп көрсетуге болады:
1) әдістеме деңгейі;
2) әдістемелік тәсіл деңгейі;
3) әдістер деңгейі (эксперимент, бақылау және т.б.);
4) зерттеуді ұйымдастыру деңгейі;
5) әдіснамалық амалдар деңгейі.
Әдіс ұғымы кез-келген деңгейде қолданылуы мүмкін.
Мысалы, психофизикада орташа қателік әдісі,
әдіс шегі,
психодиагностикада жобалық әдіс (2 деңгей), психосемантикада
семантикалық дифференциация әдісі және репертуарлық тор әдісі
(1 деңгей), даму психологиясында психогенетикалық әдіс пен
оның көп түрлілігін талдайды. Психологиялық зерттеуде
қолданылатын деңгейлік бөлу әдістерін
Т.Д.Пирьов былай
бөлшектейді:
1.
Өзіндік әдістер (эксперимент, бақылау, модельдеу,т.б.);
2. Әдістемелік тәсілдер;
3. Әдістемелік амал (генетикалық, психофизиологиялық, т.б.);
С.Л.Рубинштейн өзінің «Жалпы психология негіздері» атты
еңбегінде басты психологиялық әдістер ретінде эксперимент пен
бақылауды бөліп көрсетті. Бақылау «ішкі» және «сыртқы» болып
екіге бөлінеді (өзіндік бақылау). Эксперимент табиғи,
лабораториялық
және
педагогикалық-психологиялық
қалыптастырушы, оған қосымша физиологиялық эксперимент
әдістері – оның негізгі модификациясы (шартты рефлекс әдісі)
болып бөлінеді. Сонымен қатар,
іс-әрекет нәтижесіне қарай
зерттеу тәсілі, әңгімелесу және сауалнама әдістерін де
қарастырады.
Психологиялық зерттеуде Б.Г.Ананьевтің еңбектері отандық
психологияда жетекші орында болды. Б.Г.Ананьев еңбегімен
таныса отырып, болгар психологы Г.Д.Пирьов зерттеу әдістерін
былай жүйелейді: бақылау (объективті – тура және жанама,
субъективті – тура және жанама), эксперимент (лабораториялық,
табиғи
және
психологиялық-педагогикалық),
модельдеу,
психологиялық
мінездеме, қосымша әдістер (математикалық,
графикалық, биохимиялық және т.б.) және арнайы әдістемелік
амал (генетикалық, салыстырмалы және т.б). Бұл әдістердің
74
әрқайсысы басқа да әдістер қатарына бөлінеді. Мысалы: бақылау
сауалнама, сұрақнама және іс-әрекет нәтижесін оқуға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: