Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет33/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Салкен Балаубаев психология, педология ғылымдары 
саласында бірнеше еңбектер жазды. Мысалы, Т.Бароновпен 
бірлесіп «Ұлттық тестті құрастыру мәселесі» («Советская 
психотехника»,1933, №1), «Мектеп группаларын комплектілеу» 
(Алматы, 1934), «Қиын бала», «Политехникалық мектеп», (1933 
№7-8), Профессор А.Б.Залкиндтің «Педологиясын», профессор 
П.Н. Шимбиревтің « Педагогика» оқулықтарын қазақ тіліне 
аударды. Осы еңбектерде психологиялық терминдердің қазақша 
баламасын жазады. 1966 жылы А.Темірбековпен бірге жоғары 
оқу орындарының студенттеріне арналған «Психология» 
оқулығын және педагогикалық психология саласын бірнеше 
мақалалар жазды. 
Еліміздегі психологияның дамуына үлес қосқандардың бірі – 
Ә.Сыдықов (1898-1984). Ол 1932 жылы «Сауатсыздықты жою 
мектептеріне арналған әдістемелік құрал» атты еңбек жазады. 
Сондай-ақ қазақ балаларын сауаттылыққа үйрету жөніндегі 
мақалалар жариялаған. «Оқу мен жазу туралы психология не 
дейді?» атты мақаласында (жаңа мектеп, 1929, № 10) ол: « оқу 
мен жазу барысында дыбыстарды көру, есту, айту, сөз құрастыру 
үшін дене күші қажет; дене күші оқытуда психологиялық күш 
жұмсауды да (дыбыс әріптерін ажырату мен есте қалдыру және 
оны жазба түрінде бейнелеу) талап етеді»- деп жазады. Автор өз 
мақаласында жазуға оқытудың бастапқы кезенінде оқушынын 
бар күш –жігері мен зейіні таңбалардың графикалық бейнесіне, 


58 
саусақтардың жұмысына сәйкес орындау тәсіліне шоғырланады 
деп атап өтеді. Бұл процесс бірте- бірте үйреншікті сипат алады... 
Сауаттылыққа оқытудың өз кезеңдері бар. Біріншісі – сөйлеу 
мүшелерінің көру-есту дағдыларының қалыптасуы. Келесі кезең 
- жазу мен оқу үшін оқушыға қажет таныс бірлікті таңдауға 
байланысты , яғни оқып –үйренуге саналы тұрғыдан келу. Егер 
алғашқы кезеңде көп уақыт практикалық дағдыларды дамытуға 
кететін болса, онда екінші кезеңде – ақыл-ой әрекетіне... Үшінші 
кезең оқушылардың мәтінді саналы ұғынуы мен өз бетінше оқи 
алуымен сипатталады. Төртінші кезеңде оқушы мұғалімнің 
көмегінсіз-ақ оқығандарының мазмұнын өз бетімен игере алады. 
Аталған кезеңдердің қисыны П.Я Гальпериннің ақыл-ой әрекетін 
кезеңмен қалыптастыру тұжырымдамасымен байланыстығын 
көреміз.
Қазақстандағы психологияның дамуына үлес қосқандардың 
бірі М.Мұқанов. Қазақстанда алғаш психологиядан «Ақыл-ойды 
тарихи-этностық 
аспектіде 
психологиялық 
зерттеу» 
тақырыбында докторлық диссертация қорғағандардың бірі. 
Еңбектері: «Ақыл ой өрісі», «Ми және сана» (А., 1956); 
«Балалардағы қабілеттілікті анықтау және дамыту» (А., 1960); 
«Оқу-тәрбие жұмысы процесіндегі оқушыларға жеке-дара 
тұрғыдан келу» (А.,1961), «Бақылау мен ойлау» (1959), «Ойды 
этно және лингво психология тұрғысынан дәлелдеу» (1971), 
«Оқушылардың дара ерекшеліктерімен санасы, қарым-қатынас 
жасай білу» (А,1961); «Педогогикалық психология очерктері» 
(А,1962), 
«Бағдарламалық 
оқытудың 
психологиялық-
педагогикалық аспектілері» (А,1966), «Бағдарламалық оқытудың 
негізгі идеялары мен ұғымдары» (А,1973), «Жас және 
педагогикалық психология» (А,1982) және т.б. 
М.Мұқанов өзінің зерттеулеріне, сондай-ақ республикалық 
психологтардың жұмыстарына сүйене отыра, қазақ балаларына 
ана тілі мен орыс тілін оқытудың психологиялық негізін ашып 
көрсетеді. Автор қазақ балаларының қандай жолмен білім 
алатынын, қандай жағдайда олардың психикалық іс-әрекеті 
қажетті білім, іскерлік пен дағдыларды неғұрлым тиімді 
меңгеретініне тоқталады. М.Мұқанов бұл еңбегінде қазақ тілді 
оқырмандарды 
П.П.Блонский 
мен 
Л.С.Выготскийдің 
педагогикалық психологияға байланысты тұжырымдамаларымен 


59 
таныстырады және бұл саладағы зерттеулер жайлы да айтып 
өтеді (Л.Занков, Б.Эльконин, В.Давыдов және т.б). 
М.Мұқановтың еңбектерінен, оның әлемдік психологиялық 
еңбектердің озық үлгілерін негізге алғанын көреміз.М.Мұқанов 
тұжырымдамасы: «Шынайы оқу, оқыту тек білім беруді ғана 
емес, 
сондай-ақ 
практикалық 
әрекетті, 
іс-әрекетті 
қалыптастыруды көздейді. Мұғалімнің негізгі қызметі – білім 
беру емес, оқушылардың оқуға танымдық қызығуын ояту, 
итермелеу, 
түрткі 
болу 
(мотивациялық 
аспект)». 
Ал 
М.Мұқановтың «әзірге бізде оқушының тағдыры жалпы алғанда 
оқыту жүйесіне емес, көбіне жеке педагогтардың білімі мен 
шеберлігіне тәуелді» деген бағасы бүгінгі күнде де өз мәнін 
жойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет