Р. Б. Доскалиева


 ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР



Pdf көрінісі
бет47/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

8. ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР
ТҮРЛЕРІ 
 
8.1. Тест түрлері 
 
Психологиялық зерттеу әдістемелері қазіргі кезеңде 
диагностикалық зерттеулердің сапалық ерекшеліктеріне қарай екі 
топқа 
бөлінеді: 
формалды 
және 
формалды 
емес 
әдістемелер.Формалды әдістемелер 4 топқа жіктеледі. Олар: 
тестілер, 
сұрақнама, 
жобалық-техникалық 
және 
психофизиологиялық әдістемелер. Адамның жеке басына тән 
психологиялық ерекшеліктерін анықтауда көпшілік уақытта тест 
әдістемесі жүргізіледі. Психодиагностикадағы оқу құралы 
сондықтан да тестология деп аталады.
 
Жобалық сипаттағы әдістемелер ерекшелігі, сыналушы 
белгілі бір тапсырманы толықтырып, жалғастырады, дамытады, 
интерпретациялайды (оқиғаға негізделген суреттер мазмұны
сөйлемдерді аяқтау, тапсырмаларды толықтыру т.б.).
Тестілер 
басқа 
әдістемелерден, 
ең 
алдымен, 
жаңа 
заңдылықтарды ашу үшін ғана емес, сыннан өтетін адамда белгілі 
бір қасиеттердің бар екенін анықтауға қолданылатындығымен 
ерекшеленеді. Тестінің мазмұны мен құрылымы алдын-ала 
жүргізілген көптеген эксперименттер негізінде сыннан өтіп, 
тексеріледі.
Тест дегеніміз – адамдар арасында сандық, сапалық 
қасиеттері 
мен 
индивидуалды-психофизиологиялық 
айырмашылығын зерттеу барысында қолданылатын стандартты 
нақты сынау әдістемесі. Тестілер зерттеу ерекшелігі мен 
белгілеріне қарай жіктеледі. Тестілер формасына қарай топтық
индивидуалды, ауызша, жазбаша, бланкілі, заттық, ақпаратты, 
компьютерлі, вербалды және вербалды емес түрлері бар.
Индивидуалды тесттер эксперимент жүргізуші мен 
сыналушы адам арасындағы өзара жеке байланысы арқылы 
жүргізіледі. Индивидуалды тестілеудің артықшылығы мынада: 

сыналушының 
ым-ишаралары 
мен 
еріктен 
тыс 
реакцияларын бақылауға болатындығы, үлгі-ережеге қарамай-ақ 
тыңдау, жазу және зерттеуге тиісті жақтарын бағалау; 
- сыналушының қызметтік қалпын бақылай алуы. 


87 
Сонымен қатар, сыналушының дайындығы да ескеріледі
эксперимент барысында тестілерді алмастыруға болады. 
Индивидуалды диагностика негізінен тұлғаны жеке мәселелеріне 
қарай зерттеумен қатар, мектеп жасына дейінгі балаларға және 
клиникада соматикалық немесе жүйкелік-психикалық ауру 
адамдар мен кемістігі бар адамдарға жүргізіледі.
Топтық тестілер – үлкен топтарда жүргізіледі. Тестілердің 
жүргізілу тәртібі, орындалу ережелері айқын анықталынған. 
Топтық тестілеуде қатаң түрде ескерілетін жағдай – эксперимент 
жүргізу 
тәртібі 
барлығына 
бірдей 
болуы 
тиіс. 
Тест 
қорытындыларын талдау жалпы, объективті қаралады немесе 
көптеген қорытындылары компьютерде қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет