Р. Б. Доскалиева


Ауызша және жазбаша тестілер



Pdf көрінісі
бет48/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Ауызша және жазбаша тестілер. Бұл тестілердің 
айырмашылығы жауап беру формасына байланысты. Ауызша 
тестілер көбінесе индивидуалды, ал жазбашалары-топтық 
тестілер болып келеді. Ауызша жауаптар бір жағдайда зерттелуші 
өз ойын өз бетінше ашық жауап берсе «ашық жауап», ал келесі 
бір жағдайда бірнеше жауаптардың ішінен біреуін дұрыс деп 
таңдауы мүмкін болса, «жабық жауап» деп аталады. Жазбаша 
тестілерде жауаптары арнайы әзірленген бланкілер мен тест 
дәптерлерде беріледі. Жазбаша тест жауаптары да «жабық» 
немесе «ашық» болады. 
Компьютерлік, заттық, аппаратуралық, бланкілік тестілердің 
айырмашылығы тестілеу барысында қолданылатын материалына 
байланысты.
Бланкалық тестілер арнайы кітапшалар, дәптерлер мен 
бланкілерде орындау тәртібі, тапсырма, мысалдары мен 
жауаптары беріледі. Жауаптары осы аталған бланкілер мен 
тестілік дәптерлерде белгіленеді. Бланкілік тестілер жеке және 
топтық тестілеуде қолданылады. 
Заттық тестілерде нақты заттар, құралдарды қолдану 
арқылы зерттеу жүргізіледі.Мысалы, кубиктер, суретттер, 
геометриялық фигуралар, құрастырушы фигура мен құралдар
т.б. Заттық тестілеуде көбінесе Кооса кубигі, күрделі фигуралар 
жинағынан құрылған Векслер тестісі, Выготский-Сахаров 
тестілері және т.б. қолданылады. 
Аппаратуралық тестілербұл арнайы жабдықталған 
орындарда тиісті техникалық құралдар қолдану арқылы зерттеу 
жүргізетін әдістеме. Алынған мәліметтер тіркеліп отырады. 


88 
Мысалы, қабылдау, есте сақтау, ойлау және т.б. психикалық 
процестердің ерекшелігін анықтауда көптеген уақыт бойы 
қолданып келеміз. Соңғы кездерде аппаратуралық тестілер 
компьютерлік құрылымда қолданылуда. Бұл тестілер көпшілік 
жағдайда жеке өткізіледі. 
Компьютерлік тестілер. Бұл автоматтандырылған тестілеу 
диалогын компьютер жүргізеді. Тестілік тапсырмалар компьютер 
арқылы орындалып, қорытындыларының сандық өңдеулерінен 
зерттеу нәтижелерін көруге болады. Ақпараттарды график, кесте, 
диаграмма немесе профильдер арқылы алуға болады. Компьютер 
көмегімен эксперимент жүргізуші зерттелуші туралы алынған 
мәліметтерден тәжірибиеде талдау жасай алады және басқа 
тестілерге 
қарағанда 
тестілеу 
нәтижесінен 
тереңірек 
психологиялық сипаттама біле алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет