Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет52/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Анкеталық 
сұрақнамалар 
жалпы 
адамдар 
туралы 
ақпараттар білуге арналады. Олар мазмұны, сұрақ формалары, 
жауап формалары жағынан қатаң тәртіпке бағынады. Жауаптар 
сырттай немесе тікелей берілуі мүмкін. Анкеталық сұрақтар 
мазмұны мен құрылымына қарай жүйеленеді. Анкеталар түрлері 
былай топтастырылады: 
- ашық сұрақтармен (өз жауабын беруі); 
-жабық сұрақтармен (берілген жауаптарды таңдауы); 
-жартылай 
жабық сұрақтармен (сыналушы берілген 
жауаптардан таңдауы немесе өз жауабын беруі). Анкеталық 
сұрақтарда көбінесе осы аталған нұсқалардың үшеуі де бірлікте 
беріледі. Бұл алынатын ақпараттың толымды болуына мүмкіндік 
береді. Психодиагностикалық мақсатта анкеталық сауалнамалар
адамның өмірі, тарихы туралы ақпарат білу үшін өмірбаяндық–
анкета түрінде көп қолданылады. Бұл сұрақтар жас ерекшелігіне, 
денсаулығына, жанұялық жағдайына, білім деңгейі мен 
ерекшелігіне, 
арнаулы 
дағды 
іскерліктеріне, 
қызметтік 
ерекшелігіне және т.б. объективті көрсеткіштеріне байланысты. 
Олар жиналған ақпараттарды нақты түрде интерпретациялауға 
көмектеседі. 
Әлемде кең таралған әдістемелердің тағы бірі –тақырыптық 
апперцепция тестісін (Thematic Apperception Test-TAT), 
1935жылы Г.Мюррей (1893-1988) Х.Морганмен бірлесе жасаған . 
Бұл әдістеме мазмұны белгілі бір жағдайды бейнелейтін суреттер 
кестесінен тұрады, осы суреттердегі жағдайларды зерттелушінің 
пайымдауына қарай нәтижесі қорытындыланады. Қазіргі уақытта 
ТАТ модификациясында бірнеше талдау амалы мен мәліметтер 
интерпретация түрлері бар.
8.3. Жобалық әдістемелер 
 
Ассоциативті эксперимент жобалық әдістемелер тобының 
пайда болуына негіз болды. Мысалы, сөйлемді аяқтау әдістемесі 
(Sentence-Complection Techniques). Тұлғалық зерттеулерде алғаш 
рет сөйлемді аяқтау әдістемесін 1928 жылы А. Пейн қолданды. 
Жобалық әдістеменің ассоциациядан басқа теориялық 
негізіне психоанализді алуымызға болады. Мысалы, санадан тыс 
құбылыс алғашқыда тұлғаның ішкі тұйық қозғаушы күші-мотив, 
организмнің терең құпия әрекеті деп түсіндіріледі. Бұл 


92 
құбылысты 
түсініп, тану үшін экспериментте арнайы 
тапсырмалар қарастырылады. Сонда, бұл тапсырмалар жобалық 
әдістемелер құрамында болады. Жобалық әдістемелердің ең 
алғашқысы 1921жылғы Швейцария психиатры Г.Роршахтың 
әдістемесі(1884-1922). Г.Роршах бұл әдістемені алғашқыда сия 
дақтары арқылы ауру адамдар психикасын зерттеуге қолданды, 
нәтижесінде түрлі психикалық аурулардың белгілері анықталып, 
белгілі бір көрсеткіштер жүйесіне біріктірілді.
ХХ ғасырдың 40-шы жылдары Батыста жобалық әдістемелер 
кең 
таралды. 
Сыни 
көзқарастарға 
қарамастан 
шетел 
зерттеулерінде жобалық әдістеме басты әдістеме болып 
есептелді. 
Олардың 
жеткілікті 
түрде 
стандартталмауы, 
нормативті 
мәліметтердің 
сақталмауы, 
сенімділігі 
мен 
валидтілігінің төмендігі, көбінесе дәстүрлі тәсілдердің және ең 
бастысы нәтижелерін интерпретациялауда субъективтіліктің 
байқалуы сыналынды. 
Тұлға психодиагностикасына арналған жобалық -техника 
әдістемесі тұлғаның жеке қасиеттері емес, толық бағалау 
барысында қолданылады. Жобалық әдістемелердің негізгі мәні –
сыналушы тапсырманы өзі толықтырып, талдап, дамытуы қажет. 
Бұл әдістеменің мақсаты – әрбір сыналушының өз ойы, алған 
әсері бойынша тұлғаны бағалау. Жобалық әдістемелер көбінесе 
индивидуалды сипатта жүргізіледі, олар заттық және бланкалы 
әдістемелер. Оларды былай топтастыруға болады: 
- құрылымдық әдістемелер – стимулдардың қалыптасуы, оның 
мәнін түсіну; 
- құрастыру әдістемелері – бөлшектерден мағынасына қарай 
тұтас бейне шығару; 
- талдау әдістемелері – қандай болмасын (интерпретация) оқиға, 
жағдайды түсіндіру; 
- толықтыру әдістемесі – сөйлемді аяқтау, әңгімелеу, баяндау; 
- катарсиса әдістемелері – арнайы ұйымдастырылған жағдайдағы 
ойын іс-әрекеті; 
- экспрессия анықтау әдістемелері – берілген тақырып бойынша 
немесе еркін тақырыпта сурет салу; 
- импрессияны анықтау әдістемесі – басқаларға жағдай жасау 
(стилизм). 


93 
Психодиагностикалық 
әдістерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет