109
10.ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫ
10.1. Психологиялық тест валидтілігі мен сенімділігі
Түрлі
психологиялық
мектептер
мен
әр
елде
психодиагностика түрлі жүйеде дамуда. Мысалы,
медициналық
психиатриялық психодианостикада европалық дәстүр бойынша
клиникалық әдістерді қолданса,
оқу-ағарту саласы мен
практикалық психологияда американдық дәстүр бойынша
стандартты тестілік әдістер қолданады.
Қазіргі уақытта шетелдік және отандық ғылыми-практикалық
орталықтарда жоғарыда аталған жүйелер байланысты дамуда.
Жалпы, психодиагностиканың тәжірибелік міндеттерін шешудегі
сандық және сапалық амалдар қолданылады. Математикалық
тәсілдер алғашқы мәліметтерді
диагностикалық категорияға
біріктіреді. Бұл ғылыми психодиагностикалық негізі болып
саналады және әдістемелік принципте психометрияда көрініс
береді.
Психометрия-стандартталған, өлшенген әдістемелердің
математикалық технологиясы. Психометрикалық қасиеттер:
валидтілік, сенімділік, репрезентативтілік.
Валидтілік (жарамдылық) – барлық өлшеу процедурасының
валидтілігі алынған нәтижелердің өлшенетін объектілер
қасиетіне қатысты біржақты (орнықты)
болып табылады, яғни
өлшеу пәніне қатысты болады. Валидтілік дифференциалды
психологиялық теориялық аппаратының даму деңгейімен
байланысты. Валидтіліктің сенімділіктен
айырмашылығы -
өлшеудің «объектісі» мен «пәні» ұғымдарын айырумен
байланысты. Психологияда мына жағдай жиі кездеседі: зерттеуші
алдымен өлшеу процедурасын ұсынады,
оның сенімділігін
көрсетеді, ол объектілерді орнықты айыра алатын қабілеттілік, ал
валидтілік сұрағы ашық болады. Мысалы, сыналушы А
инструкцияны стимульді объектіні салмағы бойынша салыстыру
деп түсінеді, ал сыналушы В өлшемі бойынша деп түсінеді.
Егерде өлшеу процедурасы сол объектілерге қатысты қайталанса,
онда ол объектілерге қатысты орнықты мәліметтерді береді.
Бірақта, «салмақ» түйсіну шкаласы не «өлшем» шкаласы жайлы
валидті мәліметтерді бермейді.
Сенімділік қажет, бірақ ол
валидтіліктің қажетті шарты бола алмайды.