Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет62/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Эмпирикалық валидтілік. Тесттің мазмұнды валидтілігі 
эксперт есебінен жүрсе (тест тапсырмасының өлшеу пәнінің 
мазмұнына сәйкестігін орнату) эмпирикалық валидтілік 
статистикалық корреляциялау көмегімен жүргізіледі, және 
мәндердің 
екі 
қатарының 
коррекциясының 
ұпайлары 
есептелінеді. Тест бойынша ұпай және валидтілік критериясы 
ретінде алынған сыртқы параметр ұпайларының көрсеткіштері 
есептелінеді. Егерде корреляция мәндерінің коэффициенті 
алынса, онда екі міндет шешіледі, ал, корреляция жоқ болса, онда 
анықталмаған 
эмпирикалық 
валидтілік 
статистикалық 
корреляциялау көмегімен жүргізіледі, мәндердің екі қатарының 
коррекциясы есептелінеді. Егерде корреляция жоқ болса, онда 
анықталмағандық туындайды: процедураның өзі валидті емес 
немесе психикалық қасиет пен әлеуметті мәнді көрсеткіштердің 
арасындағы себепті салдарлы байланыс жайлы гипотеза дұрыс 
емес. Сонымен, әлеуметтік – прагматикалық критериялар, 
валидтілік – тиімділікті өлшеуге мүмкіндік береді.
Конструктивті валидтілік. Берілген қасиетті өлшеуде 
белгілі валидтілік пен процедура жүргізілсе, онда ол көп жетістік 
береді. Бірақ, бұл жағдай өте сирек кездеседі. Зерттеу гипотезасы 
өлшенетін қасиет жайлы теориялық түсініктер негізінде 
қойылады, олардың байланысы қойылған конструктивтің 
валидтілігін көрсетеді, яғни тесттің конструктивті валидтілігін 
көрсетеді.
Конвергентті 
және 
дискрименантты 
валидтілік. 
Өлшенетін 
фактордың 
бөлімдеріне 
сәйкестікті 
тесттің 
конвергентті валидтілігі қамтамасыз етеді. Иррелеванттық 
факторларға қатысты бөлімдерді теңестірумен қамтамасыз ететін 
дискрименантты валидтілік жатады. Эмпирикалық түрде ол 
өлшенетін қасиеттен тәуелсіз тесттің мәнді корреляциясының 
жоқ екенін көрсетеді. Мысалы: Айзенк теориясы тұрғысынан 
Тейлор тесті релевантты фактор – «нейротизмге» қатысты 
конвергентті валидтілігі болса да, «экстроверсия – интроверсия» 
факторына қатысты дискриминантты валидтілікке ие емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет