Қр білім және ғылым министрлігі


Өзін - өзі бақылау сұрақтары



бет10/11
Дата16.06.2016
өлшемі2.18 Mb.
#141018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Бірклеткалы қарапайым жәндіктер қалай көбейеді?

  2. Жыныссыз көбею дегеніміз не?

  3. Макрогаметалар не түзеді?

  4. Аталық көбею ағзалары қалай дамиды?

  5. Аналық көбею ағзалары ше?

29 тақырып. Қан тамырлар жүйесінің дамуы.

Мақсаты: Қан тамырлар жүйесінің ұлпалары мен ағзалары дамуының ерекшеліктерін, олардың қалыптасуын зерделеу.

1 тапсырма. Сызбалардан, нақпішеннен, препараттардан қан тамырлар жүйесінің дамуын көріп, толық түсіну үшін мыналарды жақсылап оқып, естеріңізде сақтаңыздар. Филогенез. Суда тіршілік ететін қарапайымдар мен көпклеткалы төменгі сатыдағы организмдер қоректік заттар, оттекті' қоршаған ортадан алып, сол ортаға ыдырау өнімдерін бөліп отырады. Оларда сыртқы ортадағы керекті қоректік зат пен оттекке тек дененің сыртын қоршаған жасушалар ғана жанаса алады. Нәтижесінде зат алмасу процесі дененің терең қабаттарында орналасқан жасушаларға қарағанда қарқынды жүреді. Демек, дене жасушасындағы зат алмасу процесінің бір деңгейде жүруі үшін клеткааралық тамырлар арнасының дамуы қажет. Аталған тамырлар арқылы тереңде орналасқан жасушаларға ұлпа сұйықтығы жеткізіліп, жасушалар тіршілігі де сұйық ортада жүреді. Сұйықтыққа диффузия жолымен түскен қоректік заттар организмге таралып, оған ыдырау өнімдері бөлініп отырады.

Дене құрылысы күрделенгеи сайын оргаиизмдерде арнайы тамырлар жетіле бастайды. Олар негізінен қабырғасы бір қабат эндотелийден тұратын өзектер түрінде қалыптасады. Бұл тамырлар дене қуыстарына ашылады. Тамырлар қуысында түссіз ұлпа сұйықтығына ұқсас қан тәріздес сұйық, дене қимылы әсерімен араласып, қозғалысқа келеді. Бұндай түйықталмаған тамырлар жүйесі жәндіктер, шаян тәрізділерде кездеседі. Оларда арқаның ұзына бойымен өтетін тақ тамырлардың белгілі бір жерінде бұлшық ет ұлпасы пайда болып, жүрек тәрізді толқынды жиырылады. Нәтижесінде қан қозғалысқа келеді.

Организмнің одан әрі күрделенуі тамырлар арнасы ұштарының қосыла байланысуына, тұйықталуына әкеп соғады. Осыдан тұйықталған тамырлар жүйесі дамиды. Ол төменгі сатыдағы құрттарда кездеседі. Олардың денесінде бір арқа, екі құрсақ тамырлары жетіледі. Қан дененің бас бөлігіне арқа тамырының жиырылуы арқылы жеткізіледі. Буылтық құрттарда аталған тамырлардың екеуі ғана болады (арқа, құрсақ). Олар бір-бірімен өзара тек тамырлар ұштарымен ғана емес, әрбір дене сегментінде орналасқан метамерлік тамырлар арқылы да байланысады. Олар өз кезегінде дене қабырғасына париетальды, ішкі мүшелерге висцеральды тармақтар бөледі.

Хордалыда (ланцетник) қан айналым жүйесі арқа, құрсақ қолқаларынан (аорта) тұрады. Олар бір-бірімен желбезек саңылауларында тарамдалған ұсақ қан тамырлары арқылы ұштасады. Қанның оттекке қанығуы да осы желбезекте жүреді. Ланцетниктің қаны түссіз келеді. Қан жасушалары болмайды. Жәндікте жүрек қызметін жұтқыншақ астында орналасқан құрсақ қолқасының бұлшық етті бөлігі атқарады.

Ланцетниктің артқы бөлімінде құрсақ қолқасы кеңейіп, вена қойнауын түзеді. Оған алдыңғы және артқы кардинальды вена тамырлары ашылады. Ішек капиллярларынан басталған ішекасты вена тамырлары бауырда капилляр торларына таралып, қақпақ вена жүйесін түзеді. Одан бауыр венасы арқылы қан вена қойнауына құйылады.

Суда тіршілік ететін омырқалы жануарлардағы зат алмасу процесін атқаратын жүйелердің жетілуі, желбезек аппаратының күрделенуі, аралық бүйрек пен капиллярлар торларының дамуы қан айналым жүйесінде айтарлықтай өзгеріс туғызады. Акулаларда желбезектер мен желбезек тамырларының саны 6 жұпқа дейін қысқарады. Жоғары сатыдағы балықтарда желбезек тамырларының саны 4 жұпқа дейін азаяды. Бұл желбезектердегі капиллярлар торларының күрделене жетілуін қамтамасыз етеді. Жануарлардың бас аумағында олардан ішкі ұйқы артериясы дамиды. Арқа артериясынан көкірек қанаттарына — бұғанаастылық, құрсақ қанаттарына — мықындық артериялар бөлінеді. Ішкі мүшелерге тарайтын сегментальды артериялардың саны қысқарып, бауыр мен қарынға — тақ іш, ішектерге — шажырқайлық, бүйректерге — жұп бүйрек, жыныс бездеріне — жұп жыныс артериялары бөлінеді.

Тамырлардың веналық жүйесінде де күрделі өзгерістер байқалады. Құйрық веналары бүйрек арқылы өтіп, онда капиллярлар торларын түзеді. Одан артқы кардинальды веналар басталады.

Желбезек пен дене мүшелеріндегі капиллярлар торларының пайда болуы қанның қозғалысын қиындатып, жаңа қозғалтқыш мүше — жүректің дамуына ықпалын тигізеді. Балық жүрегі төрт бөлімнен тұрады: веналық қойнау, жүрекше, қарынша, артериальды баған. Аталған бөлімдер бір-бірінен қақпақшалар арқылы бөлінеді. Веналық қойнау қанды жалпы кардинальды, бауырлық веналардан жинайды, артериальдық баған желбезек артерияларына жалғасады. Балықтарда жүрек арқылы тек вена қаны ағып өтеді. Сүтқоректiлердің жүрегi, қан тамырларының өскiндерi ұрықтық дамуда ерте, жүйкенің сайша қалтқысының жүйке түтiгiне тұтаспай тұрғанда пайда болады. Жүрек өскiндерiнiң пайда болуы ұрық қоректенуi өзгерiстерiне дәл келедi. Ол тек ұрықты ғана қанмен қамтамасыз етіп қоймай, дамудағы организм ұлпаларына ана қанынан қажеттi заттарды жеткiзу үшiн, арнайы уақытша ағзалар құрады. Ең алғашқы болып, сарыуыз қапшығы пайда болады. Ұрықтың тамырлар жүйесi қысқа уақытта (3-4 тәулiк) өскiндер берiп, өз қызметтерiн атқара бастайды.

Тіршілік құрлыққа ауысуына байланысты денеде газ алмасу процесін іске асырушы ағза — өкпе дамиды. Ол қан айналым жүйесінің, оның ішінде жүрек пен желбезек тамырлары құрылысының түбегейлі өзгеруіне себебін тигізеді. Өкпе арқылы тыныс алынатындықтан веналық қойнау жүрекшемен бірігіп кетеді, артериальдық баған қолқа мен өкпе артериясына ажырайды. Нәтижесінде жүрек үш бөлімді жүрекке айналады (қосмекенділерде). Оның перде арқылы бөлінген екі жүрекшесі (оң, сол), бір қарыншасы болады. Бауырымен жорғалаушылардың жүрегі бір-бірінен перде арқылы бөлінген екі жүрекшеден, бір қарыншадан тұрады. Артериальдық баған қолқа мен өкпе артериясына бөлінеді. Кейбір жануарларда жүрек қарыншалары жартылай пердемен екіге бөлінеді.

Құстар, сүтқоректілер жүректері толығымен оң, сол бөліктерге ажырап, төрт камерадан тұрады.

Қан тамырларының ішінде желбезек артериялары көп өзгеріске ұшырайды. Олардан қолқа доғасы, ұйқы артерияллары дамиды. Құрлықтағы омыртқалылардың аталған қан тамырлары балықтардың III, IV, VI жұп желбезек доғаларынан түзіледі. Соның ішінде VI жұптағы желбезек доғасынан өкпе артериялары пайда болады. Желбезек доғасының VI жұбы бауырымен жорғалаушыларда оң, сол, қүстарда оң, сүтқоректілерде сол қолқа доғаларына айналады. Ішкі ұйқы артериясы желбезек доғасының III жұбынан дамиды.

Онтогенез. Сүтқоректілердің қан айналым мүшелері онтогенездің өте ерте кезеңінде қалыптаса бастайды. Олар негізінен мезенхимадан бастау алады. Ұрық дамуында мезенхималардың бірқатары қан аралшықтары, ангиобластар түрінде оқшаулана бастайды. Кейін олардың ортасында эритроциттер, лейкоциттер пайда болады. Оларды қоршап жатқан мезенхималардан ұрықтық капилляр тамырларының эндотелий қабаты түзіле бастайды. Басқа ұрық денесінен тыс жатқан мезенхималардан сарыуыз қапшығы, кіндіктің қан тамырлары пайда болады. Бұлар кейіннен ұрық денесінде дамып жатқан қан тамырларымен қосылып, оның тамырлар жүйесін құрайды.

2 тапсырма. Жануарлар онтогенезінде жүрек іштөлінің мойын аумағында, энтодерма, мезодерманың вентральды бөлігі — спланхнотомның висцеральды жапырақшасы аралығындағы, мезенхима тканьдерінен бастау алады. Алғашқы кезде бұл тканьдерден екі эндотелиальды түтік дамып жетіледі. Кейіннен бұл екі түтік спланхнотомның висцеральды жапырақшасымен жанасып, сонымен бірге дененің екінші реттік қуысы — целома ішіне қарай томпайып өсе бастайды. Екі жақтың аталған жапырақшалары біріккен кезде түтіктер бір-бірімен тұтасып, тақ жүрек түтігіне айналады. Дамудын келесі сатысында бұл түтікшелер жүректің ішкі қабығы — эндокардқа, спланхнотомның висцеральды жапырақшасы миокардқа, ал оның сыртқы сірілі қабығы — эпикардқа айналады.

Жүрек түтігі бастапкы кезде іштөлі денесінде ұзына бойы орналасып, веналық қойнаудан, жүрекшеден, қарыншадан, артериальды бағаннан тұрады. Кейіннен жүрек үш, төрт бөлімді болып қалыптасады.

Ұрық жүрегінің алғашқы дамуы кезеңінде жүрекше пердесінде плаценталық қан айналымды қамтамасыз ететін сопақша тесік орналасады. Кейіннен бұл тесік сол жүрекше жағынан сопақша тесік қақпақшасымен жабылады. Іштөлі жүрегінің қарыншасындағы көптеген бұлшық ет көпірлерінің тығыз торлары, сіңірлі жіпшелер, емізікше бұлшық ет көпірлері мен жүректің көлденең бұлшық еттеріне айналады.

3 тапсырма. Онтогенездің бастапқы кезендерінде сүткоректілер ұрығының қаны, оның бас аумағынан күретамырлар, ал тұлғасынан кардиальды веналар арқылы ағып шығады. Бұл тамырлар өзара бірігіп веналық қойнауға құйылатын жалпы кардиальды веналарды түзеді. Осы кезеңде ұрық денесінде жетілген аралық бүйректен қанды бауыр веналарға жеткізетін қарапайым қуысты вена пайда болады. Кардиальды веналар мен аталған осы қуысты вена аралықтарында анастомоздардың пайда болуы нәтижесінде кардиальды веналар көкірек, құрсақ бөлімдеріне бөледі. Оның құрсақ бөлімінен қан қарапайым қуысты венаға құйылады. Ұрық (іштөлі) денесінің артқы бөлігінен қанды алып келетін жалпы мықын веналарының арасында, олардың оң, сол кардиальды веналарға құйылар тұсында анастомоз пайда болады. Осының нәтижесінде қан тек оң кардиальды вена арқылы ғана ағады да, сол кардиальды вена редукцияға шалдығады, яғни біртіндеп жоғалып кетеді. Ал, оң кардиальды вена артқы қуысты венаның бел аумағындағы бөлігіне айналады. Сөйтіп, тұрақты артқы қуысты вена оң кардиальды венадан, қарапайым қуысты венадан және бауыр венасынан түзіледі.

Тақ веналар (сол және оң) кардиальды веналардың көкірек бөліктерінен дамиды. Олар қанды көкірек керегесі қабырғасынан жинайды. Үй жануарларының ішінде жылқы мен итте тек оң тақ вена, ал сиыр, қой, ешкі мен шошқада тек сол тақ вена ғана жетіледі.

Бұғанаасты веналар ұрықтық дамудың бастапқы кезінде кардиальды веналарға ашылады. Қуысты веналар жетілгеннен кейін, бұғанаасты веналар әуелі жалпы кардиальды веналарға, одан соң орын өзгертіп күретамырға құйылады. Осындай өзгерістердің нәтижесінде күретамырлардың жүрекке жақын соңғы бөліктері алдыңғы қуысты веналар деп аталынады.

Іштөлі дамуының кейінгі кезегінде алдыңғы қуысты веналардың арасында анастомоз пайда болып, вена қаны негізінен оң қуысты вена арқылы ағады. Нәтижесінде сол қуысты вена құрылымдық редукцияға ұшырап, ақырында жоғалып кетеді.

Жануарларда вена қан тамырлары қызметтік байланыстағы төрт веналық жүйке құрайды. Олар: 1) жүрек веналары; 2) кіші қан айналым шеңберінің веналары; 3) алдыңғы қуысты веналар жүйесін және 4) артқы қуысты веналар жүйесі.

Лимфа жүйесінің дамуы. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалыларда лимфа жүйесінің қызметін веналық қан айналым жүйесі атқарады. Балықтар мен қосмекенділерде лимфа айналым жүйесі қарапайым лимфа қойнаулары түрінде жетілген, Олар негізінен теріасты мен ішкі мүшелерде орналасады. Құстарда лимфа қойнауларының орнында жіңішке келген түтікше лимфа тамырлары жетіледі. Лимфа тамырлары қақпақшалармен жабдықталған. Бірақ олардың саны аз. Ал, сүткоректілерде лимфа тамырлары жақсы жетілген. Оларда қақпақшалар көптеп кездеседі.

Лимфоидтық құрылымдар мен лимфа түйіндері тек жылы қанды жануарларда кездеседі. Мысалы, құстарда мұндай құрылымдар жұтқыншақта, өңеште, бүйенде орналасады. Лимфа түйіңдері негізінен сүтқоректілерде жоғары дәрежеде жетілген.

Лимфа тамырлары томпайып тұйық келген лимфа капиллярынан бастау алады. Лимфа капиллярларының қабырғасы эндотелийден тұрады. Диаметрлері қан капиллярларына қарағанда кең, созылмалы. Мүшелерде лимфа капиллярлары бір-бірімен қосылып көптеген торлар түзеді.

Мида, көкбауырда, тері эпителиінде, бауырда, көздің қасаң қабығы, көз бұршағында лимфа капиллярлары болмайды.



Қан жасаушы мүшелердің дамуы. Ұрық дамуының бастапқы кезеңінде мезенхимадан ангиобластар деп аталатын қан аралшаларының клеткалары қан мен эндотелий клеткаларына айналады. Ең алғашқы кезде ангиобластар ұрық денесінен тыс сарыуыз қапшығы мезенхимасыңда түзіледі, ал кейіннен олар мезенхимасынын өзінде диффузды түрде өтеді.

Сарыуыз қапшығының қан түзуші қызметі өз ретімен мезенхимадан пайда болған бауырға, көкбауырға, қызыл сүйек майына ауысады. Ұрық дамуының алғашқы айларында (1,5—2 ай) бауыр бүкіл құрсақ қуысын алып жатады. Оның бұлай жетілуі ұрықтың даму кезіндегі қан клеткаларын түзумен тығыз байланысты. Қан жасау қызметінің көкбауыр мен қызыл сүйек майына ауысуына байланысты, оның өсу қарқаны бәсеңдейді. Туғаннан кейін ақ қан клеткалары көкбауырда, лимфа түйіндерінде, лимфа құрылымдарында түзіле бастайды.

Қызыл сүйек майының қан түзу қызметі сүйек тканінің жетілуіне тікелей байланысты. Ересек жануарларда ол негізгі қан жасаушы мүше болып есептеледі. Организмде эритроциттер тек осы қызыл сүйек майында түзіледі.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:


  1. Ангиобластар дегеніміз не?

  2. Мезенхиманың бұл жүйедегі рөлі қандай?

  3. Қан жасаушы ағзалардың дамуы қалай жүреді?

30 тақырып. Тірек – қимыл жүйесінің дамуы.

Мақсаты: Тірек-қимыл жүйесінің ұлпалары мен ағзалары дамуының ерекшеліктерін, олардың қалыптасуын зерделеу.

1 тапсырма. Сүйектің дамуы. Қаңқа сүйектері дамуына байланысты екі топқа бөлінеді. Олар: біріншілік және екіншілік сүйектер. Біріншілік сүйектердің дамуында жаргақты, шеміршекті және сүйекті кезеңдерін ажыратады. Бүндай сүйектерге түлға, аяқ және негіздік бас сүйектері жатады. Екіншілік сүйектер даму барысында жарғақты және сүйекті ке-зеңдерінен етеді. Бүл топты бастың жабынды жалпақ сүйектері қүрайды.

Филогенезде жарғақты қаңқа алғашқы рет хордалылар типінің қарапайым өкілі ланцетниктерде дамып жетіледі. Эволюциялық дамудың келесі сатысындағы шеміршекті балықтарда (акула, скат) жарғақты қаңқаны шеміршекті қаңқа ауыстырады. Бұдан кейінгі са-тылардағы жануарлар өкілдерінде (сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) шеміршекті қаңқадан сүйекті қаңқа дамиды.

Әрбір жануарлар қаңқасы өзінің онтогенезіңде филогенездегі кезеңдерді қысқаша қайталап өтеді. Біріншілік сүйектер дамудың үш кезеңінен, ал екіншілік сүйектер мезенхимадан дамитын жарғақты қаңқа, оның орнында қалыптасатын сүйекті қаңқа кезеңдерінен өтеді.



2 тапсырма. Онтогенездің бастапқы кезеңінде жас дәнекер ткань — мезенхимадан жарғақты қаңқа дамиды. Дамудың келесі кезеңінде жарғақты қаңқа негізінен шеміршекті қаңқаға ауысады. Бұдан соң шеміршекті қаңқаның кейбір жерлеріңде сүйектену ошақтары пайда болады. Сөйтіп шеміршекті қаңқа біртіндеп сүйек тканіне айнала бастайды.

Қаңқа сүйектері тканінің түзілу орнына байланысты сүйектенудің шеміршекіштік (энхондральды) және шеміршексырттық (перихондральды) түрлері ажыратылады.

Жілік бөліктерінде сүйектену әр түрлі жолмен жүреді. Жіліктің диафизі перихондральды, ал эпифиздері энхондральды жолмен сүйектенеді. Перихондральды сүйектену кезінде сүйек ткані шеміршектік жілік диафизі қабының ішкі бетіндегі клеткалар — остеобластардан түзіледі. Сүйек тканінің одан әрі қалыңдауының нәтижесінде жіліктің сүйектік диафизінің тығыз сүйек заты қалыптасады. Осы кезде жілік шеміршегінің ішіне қарай енген остеобластар мен остеокластардың (сүйек тканін бүзушы клеткалар)— қатысуымен шеміршектік диафиздің орнында сүйек кемігі түзіледі. Одан кейін тек остеокластардың әрекетіне байланысты сүйек кемігі толығымен бұзылып, оның орнында жілік қуысы пайда болады. Сүйек кемігі диафиздің екі ұшы мен эпифиздердің аралығында ғана сақталып қалады. Бүл кеміктік аралықты метафиз деп атайды. Метафиз сүйек қуысы жағынан эндоостпен қапталған.

Жілік эпифиздерінің ішкі ортасында пайда болған сүйектену ошақтарынан сүйектің кемік заты дамиды. Осы заттың ұлғайып өсуі нәтижесінде шеміршектік эпифиздер толығымен сүйек кемігіне айналады. Бірақ шеміршек толығымен жойылып кетпей эпифиздердің сыртқы буындық беттері мен метафиздермен шекаралас жерлерде сақталып қалады. Эпифиз бен метафиздің аралығындағы шеміршекті — метафиздік шеміршекті қабат деп атайды.

Қысқа сүйектер негізінен энхондральды сүйектену жолымен дамиды. Ал, сүйектерде кездесетін әр түрлі өсінділер жеке энхондральды сүйектену ошақтары арқылы өсіп жетіледі. Бүндай ошақтарды апофиздер дейді.

3 тапсырма. Сүйектердің түтаса байланысуы негізінен суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы омыртқалы жануарларға тән. Жануарлардың құрлыққа шығуы аяқтардың дамуы мен басқа да қозғалыс мүшелерінің жетілуіне ықпалын тигізді. Осының нәтижесінде сүйектердің байланыс түрлері де аталған мүшелердің атқаратын қызметтеріне тәуелді жетіліп, күрделене дамиды.

Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде сүйектер бір-бірімен өзара жас дәнекер ткань — мезенхиманың көмегімен байланысады. Дамудың келесі кезеңдерінде қаңқа сүйектерінің орналасу орны мен атқаратын қызметіне сәйкес сүйекаралық мезенхимадан тұтаса байла-ныстың түрлері (синдесмоз, синхондроз, синэластоз, синостоз) дамиды.

Ал, буынды байланыстардың дамуы кезеңінде сүйектер аралығындағы мезенхима ыдырап, жойылып кетеді де, оның орнында қоймалжың сұйық — синовийге толған, сыртынан буын қапшығымен шектелген буын қуысы пайда болады. Буын қапшығы да, байланысушы сүйектердің буын беттерін қаптаған гиалин шеміршегі де мезенхимадан дамиды.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:


  1. Қаңқа сүйектері дамуында қандай екі топқа бөлінеді?

  2. Сүйектің дамуы қалай жүреді?

  3. Сүйектер байланысының дамуы туралы не білесіз?

4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОРЫЙДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫ

4.1 Окуляр көрсеткішін әзірлеу

4.2 Мұражай (музей) препараттарын әзірлеу

4.3 Слайдтар әзірлеу

4.4 Суреттер жасау

4.5 Амнионды ашып көру

4.6 Ұрық қабықтарын зерделеу

4.7 Жүйке жүйесі дамуын өз бетімен зерделеу

4.8 Сезгіш жүйелер дамуын өз бетімен зерделеу

4.9 Ішкі секреция жүйесі дамуын өз бетімен зерделеу

4.10 Тері-жабын ағзалары дамуын өз бетімен зерделеу

4.11 Ас қорыту жүйесі дамуын өз бетімен зерделеу

4.12 Тыныс алу ағзалары дамуын өз бетімен зерделеу

4.13 Зәр шығару ағзалары дамуын өз бетімен зерделеу

4.14 Жыныс жүйесі дамуын өз бетімен зерделеу

4.15 Тірек-қимыл ағзалары дамуын өз бетімен зерделеу



ОБӨЖ оқытушы түсіндірме бергеннен кейін орындалады. Қажетті кеңесті ұялмай сұрап алған орынды. Оның нәтижесі жаппай сұрауда, ағымдағы, шектік бақылауда анықталады. СӨЖ орындағанда, ол түрлі әдістемелік жолдарды таңдап, пайдалануына болады. Негізгі бақылау 4, 6, 10, 13 тәуліктерде жүргізіледі. Бақылау тапсырмалары. Олар сөзсiз орындалып, белгiленген мерзiмде тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен - өзi төмен болады. Межелiк бағалау: Межелiк бағалаудың қортындысы сабақ қатысуы мен үлгерiмiне, студенттердiң белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс орындауына, сабақта ауызша немесе жазбаша түрде берген жауабына, межелiк бақылау қортындысына байланысты қойылады. Рейтингтік бақылау 7 және 15 тәулікте ауызша сұрау арқылы өтеді. Шектік аттестация қортындысы студенттің сабаққа, дәріске қатысуына (дәрiс, зертханалық сабақтарға мiндеттi түрде қатынасу керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға қатынаса алмасаңыз, онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз), зертханалық сабаққа дайындалғанына, ОБӨЖ, СӨЖ орындалғанына байланысты қойылады.

Қортынды емтихан барлық студенттер емтихан беруге рұқсат етiлгеннен кейiн емтихан сұрақтары жазылған ауызша, не тест арқылы өткiзiледi. Бұл студенттерге өте маңызды: себебi олар әр деңгейдегi жүйелер құрылымының тiршiлiк құбылысы мәнiн қалыптастыруы; философияның диалектикалық материализм көзқарасынан организмнің даму заңдылықтарын; тiршiлiк процестерiн басқаруды меңгерiп алуы қажет. Бұлармен бiрге емтиханға дейiн пән бағасын шығару үшiн қысқаша жазба дәптер, микропрепараттағы көрiнiстер бейнесiн салған альбом тексерiледi, биология бакалавры жұмысына қажет организм, ағза, ұлпа, жасуша, олардың электронды микроскоптағы құрылымын күрделi, кешендi зерттеу тәсiлдерiн қолдануына қажет препараттарды, электронды микрофотограммды оқып, микроскоппен жұмыс iстеу дағдысы байқалады. Әр тесте пәннiң әр бөлiмiнен алынған бес сұрақ болады. Оның iшiнде тек бiр жауабы ғана дұрыс. Сондықтан дұрыс жауап алдына белгi қою қажет.



«ЖЕКЕ ДАМУ БИОЛОГИЯСЫ» ПӘНІНІҢ ЕМТИХАНЫНА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАРЫ

  1. Жеке даму биологиясы, оның басқа пәндермен байланысы, келешек биология бакалаврын дайындаудағы маңызы. Қысқаша тарихы. Пәннің қазіргі бағыттары.

  2. Ендегі иректi өзекше қабырғасының құрамын атаңыз.

  3. Құстың ұрықтан тыс (іштөлі) қабықтарын атап, олар қандай қызмет атқаратынын түсіндір.

  4. Қаңқа сүйектері дамуында қандай екі топқа бөлінеді (сипаттаңыз)?

  5. Қандай зерттеулер К.Ф. Вольф, А.М. Шумлянский, К.Э. Бэр аттарымен байланысты?

  6. Лейдиг жасушасының құрылысын баяндаңыз, ол қандай гормон бөледi?

  7. Ен қосалқысындағы барлық өзекшелердi атап, әкетүшi өзекшелерден тiк өзекшелер қандай белгiлерiмен ерекшелелетiнiн түсiндiр.

  8. Сперматозоидтың құрылысы мен қызметін баяндаңыз.

  9. Қандауыр (акросома) дегеніміз не? Оның атқаратын рөлі қандай?

  10. Еркек малдардың қосымша бездерiн атап, олардың маңызын сипаттаңыз.

  11. Еннiң құрылысы қандай? Үрпi құрылысын түсiндiр.

  12. Онтогенез дегеніміз не? Ол қалай жіктеледі?

  13. Тілтіс, омыртқалы ганоидтар мен қосмекенділер бластулаларының ерекшеліктері неде?

  14. Овогенездің сперматогенезбен салыстырғандағы ерекшеліктерін атаңыз.

  15. Ланцетник ұрығының даму сатыларына салыстырмалы-эмбриологиялық шолу жаса.

  16. Ұрықтану дегеніміз не? Оның биологиялық маңызы неде?

  17. Табиғи және жасанды ұрықтанбай өрбу дегеніміз не?

  18. Эмбриогенез дегеніміз не? Оның қандай сатылары бар?

  19. Бастапқы, аралық және тұрақты бүйректер қалай дамиды?

  20. Ұлпалар мен ағзалардың дамуы?

  21. Эмбриогенездің әр сатысына сипаттама беріңіз.

  22. Бластула, гаструла дегеніміз не? Гаструляция туралы не білесіз?

  23. Гоноциттер (гонобластар) қайда пайда болады, олар қайда және қалай көшедi?

  24. Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты жиынтығы, ал қандайында гаплоидты жиынтығы болады?

  25. Сүттенетін сүт безінің құрылысын, сүттенбейтін кезеңдегі құрылыммен салыстырып, айырмашылықтарын сипаттаңыз.

  26. Жетiлген аналықтардың аналық бездерiнде овогенездiң қандай дәуiрi өтедi?

  27. Бiрiншi көпiршiктегi овоциттiң екiншi түрiнен айырмашылығы бар ма, болса ол неде?

  28. Овогенез өсу сатысының ерекшелігі бар ма?

  29. Эндотелиохориалды қағанақ қандай малдарда кездеседі? Оның тосқауылын түзетін құрамбөліктерін баянда.

  30. Ұрықтың ана организмімен және орта мен өзара іс-қимыл жасауы.

  31. Амфибий ұрығының даму сатыларына салыстырмалы-эмбриологиялық шолу жаса.

  32. Тері – жабынның дамуы.

  33. Сүтқоректілердің ұрықсоңы дамуы.

  34. Сперматогенез бен овогенездің ұқсастығы, айырмашылықтары.

  35. Ас қорыту жүйесінің дамуы.

  36. Тілтіс (минога), омыртқалы ганоидтар және қосмекенділердің дамуы.

  37. Жыныстық цикл. Ұрықтану және ұрықтанбай өрбу.

  38. Тыныс алу жүйесінің дамуы.

  39. Сүтқоректілердің дамуы.

  40. Қан тамырлар жүйесінің дамуы..

  41. Жеке даму биологиясы нені зертейді? Оның қандай жетістіктерін білесіз.

  42. Гаметогенез туралы түсінік.

  43. Құстардың ұрықсоңы дамуы

  44. Қағанақ туралы не білесіз?

  45. Жыныс бездерінің құрылысы.

  46. Сүтқоректілер ұрығының даму сатылары, ерекшеліктері, қауіпті кезеңдері.

  47. Зәр шығару жүйесінің дамуы.

  48. Балықтар, бауырымен жорғалаушылар және құстар дамуындағы ерекшеліктер.

  49. Негізгі және қолданбалы даму түрлері, ондағы жетістіктер мен мақсаттар.



  50. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет