№ 2 есеп
Хирургиялық клиникаға ауыр жағдайда сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің жаншылуымен, қан кетумен науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия болды.
1. Жағдайының күрт төмендеуі немен байланысты?
2. Анурияның патогенезі қандай?
№ 3 есеп Жапа шегуші А жол оқиғасынан кейін клиникаға 5 сағаттан соң жеткізілді. «Жедел көмек» дәрігері қабырғаларының көптеп сынғанын, жұмсақ тіндердің ұрылуымен және аяқтарында көлемді гематоманың түзілгенін анықтады. Түскен уақытында: есінің тұмандануы, тері жабындыларының бозаруы, жіп тәрізді пульс, АҚ 60/20 мм сын.бб., тыныстың кезеңді болуы. Бір тәуліктен кейін қарқынды орынбасушы қан сары суын және ( 3 л полюглюкин және реополиглюкин) және 0,5 л қан құйылған соң АҚ 110/60 мм сын.бб. дейін көтерілді. Бір тәулікке созылғанда диурез жоғалды. Үш тәулік өткеннен соң да жағдайы ауырлай берді. Науқас қатты бас ауруына, басының айналуына, жиі тоқтамайтын құсуға, жалпы тежелулік, қысқа уақытты тырысу, тері асты майларының ісіктері, брадикардия, эпизодтық экстрасистолияға шағымданды. Диурез тәулігіне 150–250 мл-ден көтерілмеді, АҚ 160/90 мм сын.бб. Қан анализі: қалдық азот 90 мг%, гиперкалиемия, гипермагниемия, гипонатриемия және гипохлоремия, рН 7,30; зәр анализі: аздаған протеинурия және цилиндрурия, көру аймағында бірен саран лейкоциттер, миоглобинурия. 5–7ші тәуліктен кейін науқаста диурездің бірден жоғарылауы тіркелді ( 2500 мл/тәу дейін), жалпы жағдайы жақсарды (құсу, тырысу, басы ауыруы тоқтады), ісінулер азайды. Зәр талданымы: салыстырмалы тығыздығы 1,010–1,012, шамалы протеинурия, көп көлемде дәнді цилиндрлер. 1. Науқаста бүйректің қандай синдромы дамыды және оның себептері? 2. сілейме кезіндегі АҚ тұрақталғанға дейінгі анурияның себептері қандай? 3. Қарқынды трансфузиялық терапия өткізгеннен кейін неге диурез қалпына келмеді? 4. Жарақаттан 2–4- ші тәуліктен кейін науқаста симптомдардың даму тетіктері қандай?
Сынамалық тапсырмалар
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 400-414 негізінде құрастырылған
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
-
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579
-
Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 427-428 с.
-
Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД.,т.2, 2009.- 453-460
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 612-616.
Қосымша:
-
Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.
-
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.
№ 2. тақырып «Амилоидоздың патогенезі»
Мақсаты: Амилоидоз патогенезін өзіндік оқу
Тапсырма:
-
Сұрақ бойынша оқу жабдықтарымен жұмыс істеу:
-
Амилоидоз, анықтамасы
-
Амилоидоз патогенезі, амилоидтың түрлері
-
Бүйрек амилоидозының патогенезі
-
Амилоидоздың сызбалық патогенезін оқу
-
Бүйрек амилоидозының сызбалық патогенезін құрастыру
СӨЖ орындау түрі:
Келтірілген әдебиеттер бойынша материалдарды өздігінен оқу, патогенездік сызбанұсқаны құрастыру, көрсетілім, реферат, эссе, сөзжұмбақ құру.
Орындау критерийі мен бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі
«Несеп шығару жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
№ 2 тапсырма. Амилоидоздың патогенездік сызбанұсқасын оқу
Амилоидоз (диспротеиноз) – жасушадан тыс (амилоид - аморфты, эозинофильді, гиалинтәрізді заттар) тіндерде және органдарда, атрофия, склерозға әкелетін амилоидтың дистрофиялық қызметінің жоғалуымен сипатталады.
Нәруыздардың құрылуының бұзылысы салдарынан амилоидоз болады, олар жасуша сыртында фибрин тәрізді тұнады және қалыпты қызметтерін орындамайды. Бұл патологиялық нәруыз тәрізді субстанция үдемелі жиналып жасуша араларына кіреді, оларды қысады және атрофия шақырады. Амилоидты нәруыздардың 15 әртүрлі биохимиялық формалары бөлінеді, олардан 3-ші формасы жиірек кездеседі.
-
AL (amyloid light chain) AA (аmyloid- associated) Aβ
-
AL – плазматикалық жасуша өндіретін иммуноглобулиндердің жеңіл тізімінен тұрады.
-
AA бауырда өндіріліп және ЖТЛП субкласының құрамында қанда айналып жүретін бастаушыдан пайда болып, салдарлық амилоидоз кезінде табылады.
-
Aβ, ми затының агрегатарын түзеді, протеолизге шалдықпайды, микроглиямен мен астроциттерді белсендіреді, нейроуытты, альцгеймер ауруында табылады.
Басқа амилоидты нәруыздардан кездеседі:
-
Транстиретиннің мутантты түрі (транстиретин –бұл нәруыз тироксин мен ретинолды тасымалдайды) жанұялық амилоидты полиневрапатияда, кәрілік амилоидозында кездеседі.
-
Прион ауруы кезінде фолданбаған (нәруыз толық дамымаған) прионды нәруыздар.
Амилоидоздың патогенезі
Патогенездің негізгі тізбегі
|
Нәруыз санының артық түзілуі
|
Мутант ақаулы нәруыздардың түзілуі
|
Патогенді жайт
↓
Бастаушы еріткіш: фолданбаған нәруыз
↓
Ерімейтін фибрилдер
|
Канцероген?
↓
моноклонды В-лимфоциттердің өсіп көбеюі
↓
Иммуноглобулиндердің жеңіл тізбегі
↓ протеолиздің
шектелуі
AL протеин
|
Созылмалы қабыну
↓
Макрофагтар белсенділігі
↓
ИЛ-1, ИЛ-6
↓
Гепатоциттердің әсерленуі
↓протеолиздің
шектелуі
АА протеин
|
Мутация
↓
Транстиретин
↓
Мутантты нәруыз
ATTR
|
№ 3 тапсырма
№ 2 тапсырманы пайдаланып бүйрек амилоидозының патогенездік сызбаснұсқасын құрастырыңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 258-262, 992
№ 3 тақырып «Бүйректе тас түзілуінің механизмі мен себептері»
Мақсаты: Нефролитиаз патогенезін өзіндік оқу
Тапсырма:
-
Оқу материалдарының сұрақтары бойынша жұмыс жасау:
-
Бүйректе тас түзілуінің себептері
-
Нефролитиаз патогенезі
-
Сынамалық тапсырмаларға жауап беру
СӨЖ орындау түрі:
Әдебиеттерде келтірілген материалдарды өзіндік оқу, тапсырмаларды орындау, көрсетілім, эссе, сөзжұмбақ құрастырып, реферат жазу.
Орындау критерийі мен бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі
«Несеп шығару жүйесі»модулі бойынша мерзімдік бақылау
№ 1 тапсырма. Ақпарат жүйесін оқу
Уролитиаздың 5 түрін ажыратады: түтікшелік (70%), оксалатты, трипельфосфатты, зәрқышқылды, цистинді.
Бүйректе тас түзілуінің себептері өте көп. Патогенезінде әртүрлі заттардың зәрде еру шегінің жоғарылауы (ерітіндінің қанығуының жоғары дәрежелігі) маңызды болып табылады. Сонымен қатар, зәрдің рН, бөлінген зәрдің мөлшерінің төмендеуі, зәрдің шығуының қиындауы, тас түзілуіне әсер ететін жұқпалардың болуы, кристалл түзілу тежегіштерінің тапшылығы (пирофосфат, дифосфат, цитрат, глюкозоамингликандар, нефрокальцин, остеопонтин) маңызды.
№ 2 тапсырма «Ашық» сынамалық тапсырмаларға жауап беру
-
Берілген патогенездік нұсқалардың ішінен уролитиазға әкелетін аурулар мен патологиялық үрдістерді көрсетіңіз.
-
Резорбтивті гиперкальциурия (сүйек тіні бұзылуының салдары)
|
Абсорбтивті гиперкальциурия (ішектерде сорылудың жоғарылауы)
|
Реабсорбтивті гиперкальциурия
|
|
|
|
-
АІЖ аурулары кезіндегі оксалатты уролитиаз патогенезін түсіндіріңіз.
-
Зәрқышқылды тастың түзілуіне патогенездік жайттардың 3 ерекшелігін көрсетіңіз.
-
Трипельфосфатты уролитиаздың негізгі жайтын көрсетіңіз («жұқпалық тастың» түзілуі)
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
-
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579
-
Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 429-430 с.
-
Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., т.2 .-2009. 467-470
-
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 622-624
Қосымша:
-
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.
«НЕСЕП ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ» модулі бойынша мерзімдік бақылау
Мақсаты:
-
Аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыспен өткен тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау
Бақылау міндеті:
-
Өткен материалдар бойынша білімді бекіту
Студенттер білімін бақылау сұрақтары:
-
Бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін себептер.
-
Бүйрек шумақтарының зақымдалу механизмінің негізі.
-
Шумақтық сүзілудің жоғарылауы және төмендеуі, себептері, даму механизмдері, салдарлары.
-
Өзекшелерден кері сорылуының бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.
-
Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму механизмі.
-
Полиурия, олигурия және анурия, шығуы бойынша түрлері, даму механизмі.
-
Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, даму механизмдері.
-
Нефритикалық және нефротикалық синдромның этиологиясы және патогенезі (мысалы гломерулонефриттер, пиелонефриттер)
-
Несеп- тас ауруының этиологиясы және патогенезі.
-
Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, дәрежесі, терапиялық ұстанымдар. БЖЖ –нің балаларда даму ерекшелігі
-
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, диурез өзгерістері бойынша бүйрек қызметінің бұзылуының сатылары бойынша дәрежелері. БСЖ-нің балаларда даму ерекшелігі.
-
Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.
Достарыңызбен бөлісу: |