Қр денсаулық сақтау министрлігі


Тақырыбы. Эпидемиялық ошақ туралы түсінік. Жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық зерттеу. Мақсаты



бет14/117
Дата17.04.2024
өлшемі1.51 Mb.
#499072
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   117
Силлабус-Эпидемиология-2-к-СД-каз1

Тақырыбы. Эпидемиялық ошақ туралы түсінік. Жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық зерттеу.
Мақсаты: студенттерді жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық зерттеу әдістемесімен, мақсатымен қағидаларымен таныстыру.
Оқыту мақсаты: «эпидемиялық ошақ» түсінігін, жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық зерттеудің мақсатымен, жүргізу әдістемесімен таныстыру. Жұқпалы аурумен ауырған науқастарды анықтау ретін, тіркеу, жедел хабарлама толтыру, ошақты медициналық бақылауды оқу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
эпидемиялық ошақ анықтамасы, әртүрлі ауру кезіндегі оның варианттары, уақыт және кеңістіктегі шекаралары.
жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық зерттеу мақсаты.
аурған адам туралы хабар беру және тіркеу реті.
жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық зерттеуді ұйымдастыру: сатысы, орындау мерзімі, зерттеу әдістемесі, нәтижені көркемдеу.
ошақты медициналық, эпидемиологиялық бақылау реті.
Сабақ оқыту мен беру әдісі:
Кіші гірім топта жұмыс.
Әдебиеттер

  1. Кипайкин В.А., Рубашкина Л.А. Эпидемиология: Учебное пособие для студентов медицинских училищ и колледжей. – Ростов н/Д.: Феникс, 2002. – 480 б.

  2. Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. – М.: Медицина, 2001. – 560 б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Черкасский Б.Л. Инфекционные и паразитарные болезни человека. Справочник эпидемиолога. – М.: Мед.газета, 1994. – 617 б.

  2. Черкасский Б.Л. Эпидемиологический словарь. - М.: Медицина, 2001. – 84 б.

  3. Беляков В.Д., Яфаев Р.Х. Эпидемиология: учебник для вузов. – М.: Медицина. – 1989.

  4. Шляхов Э.Н. Практическая эпидемиология. – Кишинев, Штиинца. – 1991. – 525 б.

  5. Руководство по эпидемиологии инфекционных болезней. / Под ред. В.И.Покровского. – М.:Медицина. – 1993.

Бақылау :
Тест сұрақтары

  1. Эпидемиялық ошақты бақылау қай уақыттан басталатынын көрсетіңіз:

А) инфекция көзін жекешелегеннен кейін
B) диагноз қойылған уақыттан бастап
C) жанасуда болған адамдарға арнайы алдын алу шаралары жүргізілгеннен кейін
D) инфекция көзін жекелеп және қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін
E) қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін

  1. Эпидемиялық ошақты бақылауды қашан аяқтау керек?

А) бірден науқас адамды госпитализациялағаннан кейін
B) жанасуда болғандардың максимальді жасырын кезеңі біткеннен кейін
C) жанасуда болғандарға арнайы алдын алу жүргізілгеннен кейін
D) инфекция көзін жекелеп және қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін
E) жанасуда болғандардың минимальді жасырын кезеңі өткеннен кейін

  1. Жұқпалы ауру туралы жедел хабарламаны кім толтырады?

A) жұқпалы ауруға күдіктенген медицина қызметкері
B) тек жұқпалы ауру диагнозын растаған дәрігер-инфекционист,
C) эпидемиялық ошақ шекарасын анықтаған медициналық қызметкер
D) ошаққа эпидемиологиялық тексеру жүргізген дәрігер-эпидемиолог
E) микробиологиялық зерттеу оң нәтиже көрсеткен жағдайда дәрігер-лаборант,


  1. Жұқпалы ауру туралы жедел хабарламаны жіберу керек:

A) денсаулық сақтау департаментіне
B) облыстық лабораторияға
C) дезинфекциялық станцияға
D) СЭС-ға
E) жұқпалы аурулар ауруханасына


  1. Жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық зерттеудің сатылары, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

A) науқастан және айналасындағы адамдардан сұрау (эпиданамнез жинау)
B) ошақты санитарлық қарау
C) құжаттарды зерттеу
D) лабораториялық және инструментальді зерттеу жүргізу
E) науқасты клиникалық зерттеу


  1. Ошақты эпидемиологиялық тексеру мақсаты (4):

A) жұқпа қоздырғышының көзін, берілу факторлары мен жолдарын анықтау
B) ошақтың кеңістік және уақыт бойынша шекарасын анықтау
C) инфекцияның таралуына ықпал ететін ошақтағы тұрмыстық және өндірістік жағдайларды анықтау
D) жұқтыруға қауіп төнген және олардың арасынан осы инфекцияға сезімтал адамдарды анықтау
E) ошақты жою


  1. Науқас адамдаы анықтағаннан кейін жұқпалы ауру туралы жедел хабарламаны (форма №058/у) мына уақыттан кешіктірмей жіберу керек:

A) 3- тәуліктен
B) 24 сағат
C) 12 сағат
D) 1 сағат
E) 1 ай


  1. Жұқпалы ауру анықталғанда емханада толтырылатын құжаттарды көрсетіңіз (3):

A) жұқпалы ауру туралы жедел хабарлама (форма №058/у)
B) статистикалық талон
C) ошақты эпидемиологиялық тексеру картасы
D) науқастарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу картасы
E) ауырып болғандарды диспансерлік бақылау картасы


  1. Эпидемиялық ошақтың кеңістіктегі шекарасы біріншіден анықталады:

A) қоздырғыштың берілу механизмінің ерекшелігіне қарай
B) ошақтағы әлеуметтік жағдайларға
C) табиғи жағдайларға
D) санитарлық жағдайларға
E) қоздырғыштың сыртқы орта факторларына төзімділігіне қарай


  1. Эпидемиологиялық анамнез жинау келесі, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

A) жұқпа қоздырғышының көзі туралы
B) қоздырғыштың берілу жолы мен факторлары туралы
C) жұқтырудың уақыты мен жағдайлары туралы
D) ошақтың пайда болу себебі туралы
E) бұрыңғы алған егулері туралы


  1. Қай мысалда эпидемиялық ошақ көрсетілген (3):

A) дифтериямен ауырған науқастың мұрын жұтқыншағы
B) желшешекпен ауырған науқас анықталған балабақша
C) обамен ауырған науқастың шап аймағындағы бубон
D) вирусты гепатит А ауырған науқастың пәтері
E) менингококк тасымалдаушысы анықталған мектеп сыныбы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет