2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент міндетті:
Білу:
эпидемиологияның жалпы заңдылықтары мен категориялары;
жұқпалы аурулар кезіндегі эпидемиялық процестің даму механизмі, жағдайлары;
жұқпалы аурулардың жіктелуі;
кең таралған жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық сипаттамасы;
жұқпалы ауруларды алдын алудың қазіргі кездегі принцптері;
жұқпалы аурулар кезіндегі эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру принцптері, төтенше жағдайларда;
науқастар мен медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды ұйымдастыру;
Студент жасай білуі тиіс:
жұқпалы ауруларды дер кезінде анықтауды;
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерінде жұқпалы ауруларды тіркеу;
жұқпалы аурулар кезіндегі барлық құжаттарды рәсімдеу (жедел хабарлама, мейірбике тарихы, бақылау картасы, анықтамалар);
2.5. Алғы реквизиттер: экология, физиология, генетикамен бірге медициналық биология, микробиология, патологиялық физиология, фармакология негіздері, мейірбикелік іс негіздері.
2.6. Кейінгі реквизиттер: педиатриядағы мейірбикелік іс, хирургия және реанимациядағы мейірбикелік іс, акушерия және гинекологиядағы мейірбикелік іс, денсаулық жағдайын бағалау, ЕПМ-гі инфекциялық бақылау.
2.7. Пәннің қысқаша мазмұны: эпидемиологияның мазмұны, пәні, зерттеу әдістері оқытылады. Эпидемиялық процесс туралы ілім. Клиникалық эпидемиология. Жұқпалы аурулар кезіндегі мейірбикелік күтімді ұйымдастыру. Мейірбикелік процестің бес сатысы.
2.7. Тәжірибелік сабақтардың, СОӨЖ , СӨЖ тақырыптық жоспарлары
Достарыңызбен бөлісу: |