Мақсаты: көкжөтелдің этиопатогенезін, клиникалық-эпидемиологиялық, лабораториялық диагностикасын және емін, алдын алуын оқу. Көкжөтел кезіндегі мейірбикелік процестің бес сатысы.
Оқыту мақсаты: 1.көкжөтел этиологиясын оқу
2. көкжөтел патогенезін оқу
3. көкжөтелдің клиникалық-эпидемиологиялық диагностикасын оқу
4. көкжөтелдің лабораториялық диагностикасын оқу
5.көкжөтелдің емдеу қағидаларын оқу
6. көкжөтелдің алдын алу шараларын оқу
7.көкжөтел кезіндегі мейірбикелік процестің бес сатысын оқу
Жүргізу формасы: сұрау, тест сұрақтарына жауап беру Тақырып бойынша тапсырма: Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.көкжөтелдің анықтамасы
2.көкжөтелдің этиологиясы
3.көкжөтелдің патогенезі мен клиникасы
4.Көкжөтел кезінде инфекция көзі кім?
5.көкжөтелдің таралу механизмі
6.көкжөтел кезіндегі маусымдылық
7.көкжөтел кезіндегі эпидемиялық процесс көрінісі
8.көкжөтелдің арнайы алдын алуы
9.көкжөтел ошағында жүргізілетін шаралар
10. көкжөтел кезіндегі мейірбикелік процестің бес сатысы
Әдебиеттер: 1.Д. И. Дранкин, Е.Г. Маркина. Эпидемиология, М, 1987. – С. 290-292.
2.Полный справочник инфекциониста. – М: Эксмо, 2004. – С. 329-336.
Тест сұрақтары: 1.Көкжөтел инфекциясының көзі болып табылады: 2
А ауа
Б ауру жануар
В ауру адам
Г бактерия тасымалдаушы
Д су
2.көкжөтелдің беріліс жолы 1
А ауа-тамшылы
Б ауа-шаңды
В тұрмыстық-қатынастық
Г тағамдық
Д сулық
3.Көкжөтел қоздырғышы қай топқа жатады
А вирусқа
Б саңырауқұлаққа
В прокариоттарға
Г бактерияларға
Д қарапайымдыларға
4.Көкжөтелмен қай жас топтағылар зақымдалады
А 5 жасқа дейінгі балалар
Б 6-14 жастағылар
В жасөспірімдер
Г ересектер
Д барлық жастағылар
5. «Көкжөтел» диагнозын қойған дәрігер ескеруі керек:
А) аурудың біртіндеп басталуы
Б) жөтелі алғашқыда құрғақ, кейін сирек, күшейетін
В) улану белгілерінің болмауы
Г) жөтелген кезде айқын перкуторлы өзгерістердің болмауы
Д) 5-7 күн бойы симптоматикалық емнің тиімсіздігі
6. «Көкжөтел» қорытынды диагнозы қойылады:
А) ауру анамнезін ескеріп (циклдылығы, катаральді өзгерістер, жөтелдің біртіндеп күшейіп, сипатының өзгеріу)
Б) балалар мекемесінде жөтеліп жүрген балалармен контактіде болғанын ескеріп
В) «жұтқыншақ арты тампон» әдісімен алынған шырышты зерттеу нәтижесіне сүйеніп
Г) клиникасына, бактериологиялық анамнезге, эпидемиологиялық анамнезге
Д эпидемиологиялық анамнезге сүйеніп
7. Көкжөтелдің лабораториялық диагностикасының ең тиімді әдісі:
А) қанның клиникалық анализі
Б) бактериологиялық әдіс
В) серологиялық әдіс
Г) бактериоскопиялық
Д) рентгенологиялық
8. Көкжөтел ошағында жүргізілуі керек:
А) жасырын кезеңінде медициналық бақылау
Б) жедел алдын алу
В) күнделікті дезинфекция
Г) жанасуда болғандарды бактериологиялық зерттеу
Д контактіде болғандарды бактериоскопиялық зерттеу
9. Көкжөтел кезіндегі эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары:
А науқас балаларды жекелеу
Б 14 күнге карантин
В вакцинация АКДС
Г сарысу енгізу
Д иммуноглобулин енгізу
10. АКДС-вакцинациясының мерзімі
А 0-4 күнде
Б 2,3,4,18 ай
В 0,2,4 ай
Г 12 айында.
Д 18 айында.
Тақырыбы: «Балалардың ауа-тамшылы инфекциялары (скарлатина). Этиопатогенезі, клиникалық-эпидемиологиялық және лабораториялық диагностикасы. Емдеу және алдын алу қағидалары. Осы инфекция кезіндегі мейірбикелік процестің бес сатысы».