Р. И. Смагулова экономика ғылымдарының кандидаты, доцент


Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы



бет4/8
Дата15.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#136940
1   2   3   4   5   6   7   8

3.2 Кәсіпорын әрекетінің қаржылық талдауы

1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау

Қаржылық есеп беруді тексерген кезде аналитикалық процедураларды өткізу қойылған мақсаттарға, сонымен қатар ақпараттық, уақыттық, әдістемелік, кадрлік және техникалық қамсызданудың түрлі факторларына тәуелді. Аналитикалық жұмыс екі бағытта ұйымдастырылуы мүмкін:

- қаржылық есеп берудің экспресс-талдауы;

- қаржылық жағдайдың тереңдетілген (бөлшектенген) талдауы.

Экспресс-талдаудың мақсаты – қаржылық жағдайдың және шаруашылық субъекттің даму динамикасын көрнекі және қарапайым бағалау. Экспресс-талдауды үш кезеңде өткізеді:

- дайындық кезеңі;

- қаржылық есеп беруді алдын-ала шолу;

- есеп беруді экономикалық оқу және талдау.

Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылдау және оны оқуға дайын екеніне көз жеткізу. Ол үшін аудиторлық қорытындымен танысуға және көзбен шолып қарапайым есеп тексеруін формалдық нышаны және мәні бойынша өткізу қажет: барлық үлгілер мен қосымшалардың, реквизиттер мен қолдардың болуы, есеп беру үлгілерін дұрысжәне анық толтыруын, баланс валютасын және барлық аралық қорытындыларын тексеру, есептілік үлгілер көрсеткіштерін өзара байлау.

Екінші кезеңнің мақсаты – есепті мерзімдегі жұмыс жағдайын бағалау үшін, әрекеттің негізгі көрсеткіштерінің тенденцияларын және кәсіпорын қаржы, мүлік жағдайының сапалық өзгерістерін анықтау үшін баланстың түсіндірме хатымен танысу.

Үшінші кезеңнің мақсаты – кәсіпорын қаржы жағдайын және оның қаржылық-шаруашылық әрекетінің нәтижелерін бағалау.

Экспресс-талдаудың негізгі элементтерінің – жылдық есеп берумен, әсіресе бухгалтерлік баланспен жұмыс істеу ептілігі. Балансты оқу ептілігі - әр стаьяның мазмұнын, оны бағалау әдісін, басқа статьялармен байланысын білу.

Балансты оқуға кіреді:

- талданған мерзім бойынша баланс валютасын бағалау;

- баланс валютасының өсу темптерін өндіріс көлемі, өнімді өткізу, жалпы және таза табыс өсуінің темптерімен салыстыру;

- баланстың бөлімдерінің, топтарының және жеке статьяларының негізгі өзара байланысын зерттеу;

- бухгалтерлік баланстың жеке бөлімдері мен статьяларының өзгеріс сипатын талдау.

Балансты оқуды талданған мерзім бойынша баланс валютасы өзгерудің қалыптасуынан, сонымен қатар оның өсу темптерін өндіріс көлемі, өнімді өткізу, жалпы және таза табыс өсуінің темптерімен салыстырудан бастайды.

Оқу процесінде әр статьяны екі аспектіде қарау керек:

- экономикалық мазмұны, мөлшері және динамикасы бойынша;

- баланстың кері жағындағы қай статьямен ол тілдеседі.

Балансты оқыған кезде аналитиктің маңызды әрекетінің бірі – оның «ауру», яғни ерекше коңіл бөлуді қажет ететін статьяларын айқындау.

Бұл «Жабылмаған шығын» және «Қамтылмаған кредиттер» статьялары. Біріншінің болуы жағымсыз қаржылық нәтиженің, шығын мен шығыстар табыс пен түсімнен артық болуын анықтайды. Екіншінің болуы кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін және қаржы жұмысында маңызды кемшіліктердің болғанын дәлелдейді.

Басқа да статьялар болуы мүмкін: дебиторлармен, уақытында төлемеген сатып алушылар мен тапсырысшылармен есеп беру құжаттары бойынша қарыз бөлігінде есеп айырысу; жұмыскерлермен банк кредиттерінен алынған несие бойынша артықшылық бөлігінде есеп айырысу; материалдық зиянды қатару бойынша персоналмен есеп айырысу.

Экспресс-талдаудың соңғы кезеңінде қаржылық есеп берудің талдауы өткізіледі. Мұнда, біріншіден, кәсіпорынның мүлік потенциалын, екіншіден, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекеті нәтижелілігін сипаттайтын аналитикалық көрсеткіштер жүйесі қолданылады.

2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау кәсіпорын мүлігінің және оның жеке түрлерінің абсолюттік және салыстырмалы көбейуінің немесе азайуының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Активтерді талдаған кезде, олардың болуы, құрамы, құрылымы және олардың ішінде болған өзгерістер зерттеледі. Жалпы активтер құрылымын және олардың жеке топтарының талдауы оларды тиімді орналастыру жөнінде пікір алуға көмектеседі. Талдау барысында, өндірістік потенциалдың бағасы беріледі, оның құрамына негізгі қаражат, өндірістік қорлар, бітпеген өндіріс, өсірудегі және семіртудегі малдардың құны, сонымен қатар бітпеген капиталдық салымдар және қойылатын құрал-жабдықтың құны кіреді. Содан кейін өндірістік міндет мүлігінің коэффициентін (Кө) есептейді. Ол өндірістік міндет мүлігінің құны және баланс активтерінің жалпы құны қатынасы ретінде анықталады. Оның нормативтік маңызы Кө ≥ 0,5 болуы қажет. Бұл коэффициент мағынасы төмендеген жағдайда өндірістік міндет мүлігін көбейту үшін ұзақмерзімді несие қаражатын тартуға абзал, егер есепті мерзімдегі кәсіпорын әрекетінің қаржылық нәтижелері өз қаражат арқылы сондай активтерді толтыруға мүмкін болмаса.

Талдаудың келесі сәті – ағымды актив құнының кәсіпорынның барлық мүлігінің құнына қатысуына тең кәсіпорын активтерінің мобилдігін есептеуі. Ол қарыз өтеу үшін қаражат үлесін сипаттайды. Бұл көрсеткіш биік болған сайын, кәсіпорында үздіксіз жұмыс істеуді және кредиторлармен есеп айырусыға мүмкіндіктер көбееді.

Кәсіпорын активтерінің орналасу тиімділігін сипаттайтын басқа көрсеткіш – мобилдік және иммобилдік қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымды активтер құнының ұзақмерзімді активтер құнына қатынасымен анықталады. Оның мөлшері 0,5 төмен болмауы қажет.

Талдау барысында кәсіпорын мүлігінің жалпы құнында негізгі қаражаттың нақты (қалдық) құнының үлес салмағының өзгеруіне ерекше көңіл бөлінеді, яғни жай мағынасы барлық активтердің 50% аз болмауы керек негізгі қаражатының нақты құны коэффициенті. Содан кейін белсенді бөлігі үлесінің өзгеруін зерттейді (жұмыс машина және құрал-жабдық, көліктердің құнын). Оның үлесінің көбейуі қор қайтарудың көтерілуіне әкеледі.

Негізгі қаражаттың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – тозу коэффициенті, ол негізгі қаражаттың есептелген тозу қосындысының белгілі уақыт сәтіндегі олардың бастапқы құнына қатысуымен анықталады.

Содан кейін қысқамерзімді активтердің құрамын, құрылымын және динамикасын талдайды. Ең мобилды активтер – ақшалай қаражат пен қысқамерзімді қаржылық салымдар (инвестициялар). Ағымды активтердің мобилдығын сипаттау үшін айналым қаражат мобилдық коэффициентін ең мобилді активтер мен ағымды активтердің құны қатынастары ретінде есептейді. Бұл коэффициент жалпы қаражат қосындысында төлемге абсолютті дайын, ағымды міндеттерді өтеуге бағытталған қаражаттардың үлесін көрсетеді.



3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Талдаудың келесі кезеңі – баланс активтерінің қалыптасу көздерін зерттеу. Мұнда кәсіпорын мүлігін толықтыру арақатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтайтын өзіндік және несиелік капиталдың есебінде болатынын еске сақтау қажет.

Нарық жағдайында кәсіпорын әрекеті және оның дамуы өзін-өзі қаржыландыру, яғни өзіндік капитал есебінде өткізіледі. Тек өз қаржылық ресурстарының жеткіліксізінде несиелік қаражаттар алынады. Сондықтан сыртқы несиелік көздерден қаржылық тәуелсіздік өте маңызды болғанмен, оларсыз да болмайды. Тәжірибеде ағымды активтердің аз бөлігі өз көздері арқылы, яғни өндіріс бағдарлама қамтамасыздық шеңберінде қалыптасады. Егер өндіріс процесінде минималдық қажеттіліктен артық ағымды активтердің қосымша қажеттілігі туса, ол банктің қысқамерзімді кредиті арқылы, яғни несиелік қаражат арқылы жабылады.

Активтер қалыптасу көздерін талдау процесінде өзіндік және тартылған капиталдың нақты мөлшері, олардың есепті мерзімде өзгеруі және сол өзгерістердің себептері анықталады. Мұнда бас назар өзіндік капиталға бөлінеді: оның нақты мөлшерін ғана емес, оның капиталының жалпы қосындысында үлес салмағын анықтайды. Бұл көрсеткішті меншік, тәуелсіздік және автономия коэффициенті деп атайды, бірақ оның мәні бір: сол көрсеткіштен кәсіпорынның қаржыландырудың сыртқы көздерінен тәуелсіздігін және ол өз қаражатын қалай қолдануы мүмкіндігін қарайды.

Тәуелсіздік коэффициенті өзіндік капиталдың (Өк) барлық аванс капиталына (Ак) қатыстығымен формула бойынша анықталады:

Коэффициент независимости определяется отношением собственного капитала (С к) во всему авансированному капиталу (А к) по формуле:


Тк = Ө к : А к
Оның өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің өсуін, болашақта қаржылық қиыншылық тәуекелін төмендетуін айқындайды. Бұл көрсеткіштің нормативтік маңызы 0,5-0,6 құрайды.

Несиелік қаражатты пайдалану келесі көрсеткіштермен сипатталады: тәуелдік, қаржыландыру коэффициенттерімен, несиелік және өзіндік қаражат арақатынасымен, қаржылық тұрақтылықпен немесе инвестицияларды өтеумен, несиелік қаражатты ұзақмерзімді тартумен, инвестициялаумен.

Тәуелдік коэффициенті тәуелсіздік коэффициентінің теріс көрсеткіші болып саналады. Ол мына формула арқылы есептеледі:
Кт = Т к : А к немесе Кт = 1 – Ктс ,
мұнда Т к – тартылған капитал, А к – аванс капиталы.

Бұл көрсеткіш капиталдың жалпы құнындағы қарыз үлесін сипаттайды.

Қаржыландыру капиталы мына формула арқылы есептеледі:

Коэффициент финансирования рассчитывается по формуле


Қ к = Ө к : Т к.
Бұл коэффициент төмен болған сайын, банктер мен кредиттерді қаржыландыру сенімді болады. Коэффициент көрсетеді, кәсіпорын әрекетінің қай бөлігі өз қаражаты арқылы қаржыландырылады, қайсысы – несие арқылы. Егер оның мөлшері 1-ден аз болса, бұл кәсіпорын мүлігінің үлкен бөлігі сыртқы көздер арқылы қалыптасқанын мәлімдейді. Осындай жағдай қарыз алғанның төлем қабілетсіздігін көрсетеді де, оның кредит алуға қиыншылық туғызады.

Қаржыландыру коэффициентінің теріс көрсеткіші – қарыз және өзіндік қаражат қатынастары коэффициенті, ол мына формула арқылы есептеледі:


Кқ/ө = Тк : Өк
Бұл коэффициент, кәсіпорын өзіндік қаражат активтеріне әр тенгеге қанша қарыз қаражат тартқанын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің нормативті шектеуі: Кқ/ө < 1.

Кәсіпорын тәуелсіздігінің деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіш – қаржылық тұрақтылық немесе инвестицияларды жабу коэффициенті. Ол кәсіпорынның жалпы капиталында өзіндік және ұзақмерзімді қарыз қаражаттардың үлесін сипаттайды және мына формула арқылы есептеледі


Кқ/т = (Өк + Ұм) : Ак,
мұнда Ұм – ұзақмерзімді міндеттер (ұзақмерзімді кредиттер мен несиелер). Оның нормалық маңызы 0,75-тен 0,9-ға дейінді құрайды.

Кәсіпорын капиталы құрылымын талдағанда жеке топтар мен көздердің құрылым өзгерістерін айқындайтын жеке көрсеткіштер де қаралады. Оларға қарыз қаражатты ұзақмерзімді тарту коэффициенті қатысады, оның есептеу формуласы


Кұ/м = Ұм : (Өк + Ұм).
Ол өзіндікпен қатар қаржылық есеп беру активтерді қаржыландыру үшін тартылған ұзақмерзімді кредиттер мен несиелердің үлесін көрсетеді,кәсіпорын өндірісті жаңартып кеңейту үшін қаншалық қарқынды қарыз қаражатты пайдалануын бағалайды.

Капитал құрылымы қалыптасуы тиімділігін бағалау үшін, өзіндік капиталдың негізгі қаражат құнына қатынасына тең инвестициялау коэффициенті пайдаланады.

Активтер қалыптасуының мінсіз нұсқасы - өзіндік капиталы барлық негізгі капиталды және жартылай айналым капиталын жабатын кез. Кәсіпорынның қаржы жағдайы тұрақты болады, қарыз қаражаттың бәрін алып қойса да.

4-тақырып. Өзіндік және несиелік капиталды талдау

Кәсіпорынның өзіндік қаражаты қалыптасу көздері – жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс (шығын).

Өзіндік айналым қаражатының қосындысын, мөлшерін анықтау үшін, өзіндік капиталының қосындысынан баланс активінің 1 бөлім қорытындысын алу керек.

Тәжірибеде, капиталдық қаржы бөлуді және негізгі қаражат алуды қаржыландыру үшін ұзақмерзімді кредиттер мен несиелер пайдаланады, олар теңделеді де, бұл себеппен өзіндік капиталына қосылады.

Өзіндік капиталды талдаған кезде өзіндік айналым капиталдың абсолюттік мөлшерін ғана емес, оның өзіндік капиталдың жалпы мөлшеріндегі үлес салмағын анықтауға маңызды. Осындай көрсеткіш – өзіндік қаражаттың қандай бөлігі мобилді түрде болуын көрсететін ептілік коэффициенті. Ол келесі формула арқылы есептеледі
Км = Өак / Өк,
мұнда Өак – өзіндік айналым капиталы, Өк – өзіндік капитал. Бұл көрсеткіштің оңтайлы мөлшері – оның көлемі Км ≥ 0,5.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі - өз қалыптастыру көздермен қорларды қамсыздандыру коэффициенті. Ол өзіндік айналым қаражаттың ТМШ құнына қатысумен есептеледі. Оның есептеу формуласы осындай түрде


К қ/қ = Ө ак / Ш,
мұнда Ш – ТМШ құны. Бұл коэффициенттің нормативтік маңызы
К қ/қ ≥ 0,6 – 0,8 құрайды
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы қаражат көздері құрамымен ғана емес, қаржылық есептілік активтеріне дұрыс салынуымекн сипатталады. Сондықтан кәсіпорынның қарыз қаражатының құрамы мен құрылымын зерттеу маңызды.

Ол үшін қарыз қаражаттар жеке статьяларының есептілік көрсеткіштерін топтық қорытындылармен салыстырады, негізгілерден ауытқуларды анықтайды және салыстырмалы мөлшерлерді есептейді. Содан кейін дебиторлық және кредиторлық қарыздың салыстырмалы талдауын жасайды. Шамамен олардың арасындағы қатынас 2:1. Егер кредиторлық қарыз дебиторлықпен қамтамасызданбаса, бұл жағдайды жайсыз деп бағалауға болады, өйткені ол өзіндік қаражаттың кей-бір өтімділік жағының ақшаға айналуын ақырындатуына әкеледі. Кредиторлық қарыздың дебиторлық қарызбен төмен қамсыздану себептері – дебиторлармен және кредиторлармен жайсыз жағдайлар, олардың өзара төлемдері. Тауар және қызмет үшін ғана емес, бюджетпен есептесу және еңбек төлемі бойынша кредиттік қарыздың болуы кәсіпорынды жаман жағынан сипаттайды.



5-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның аман қалу кепілі мен тұрақтылық негізі болып оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы есептеледі.

Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз әрекетін қаржыландыру қабілеттігі есептеледі. Қаржылық жағдай – жиынтық ұғым. Ол кәсіпорынның жақсы жұмыс істеуге керекті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуімен, олардың орналасу пайдалылығымен, пайдалану тиімділігімен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық өзара қатынасымен, төлем қабілеттігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.

Төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығы – кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қаржылық-экономикалық әрекетінің маңызды сипаттары. Егер кәсіпорын қаржылы тұрақты, төлемге қабілетті болса, ол ұқсас профильді басқа кәсіпорындар алдында инвестиция тартуда, кредит алуда, жабдықтаушыларды таңдағанда және квалификациялы кадрларды дайындағанда артықшылықты болады. Ол мемлекет және қоғаммен дауға бармайды, неге десе бюджетке уақытында салық, әлеуметтік қорларға жарна, жұмыскерлер мен қызметкерлерге – жалақы, акционерлерге – дивидендтер төлейді, ал банктерге кредиттерді қайтаруға және олар бойынша пайыз төлеуге кепіл береді.

Кәсіпорынның тұрақты жағдайының маңызды сипатының бірі – оның қаржылық тұрақтылығы. Ол кәсіпорын әрекеті шеңберінде жасалатын экономикалық орта тұрақтылығымен, сонымен қатар оның жұмыс істеу, оның ішкі және сыртқа факторлардың өзгерістеріне белсенді және тиімді әрекет ету нәтижесімен анықталған.

Қаржылық тұрақтылық бүкіл өндірістік шаруашылық әрекет процесінде қалыптасады, ол кәсіпорын тұрақтылығының бас компоненті болып саналады. Оның мәні қаржы ресурстарының тиімді қалыптасуымен, бөлінуімен жіне пайдалануымен анықталады.

Қаржылық жағдай сапасын анықтау, оның мерзім ішінде жақсару немесе жаман болу себептерін зерттеу, кәсіпорынның төлем қабілеттігін және қаржылық тұрақтылығын көтеру бойынша ұсыныстарды дайындау – қаржылық жағдайды талдаудың басты сәттері деп саналады. Бірақ қандай болса да кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды экономикалық талдаумен бірге өткізуі керек.

Қаржылық талдау әдістерінің процедуралық жақтарын бөлшектеу қойылған мақсаттарға, ақпараттық, уақыттық, әдістемелік және техникалық қамтамасыз етудің түрлі факторларына тәуелді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау – жалпы қаржылық талдаудың құрамды бөлімі.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін абсолюттік және салыстырмалыларға бөледі.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері – ТМШ-ды олардың қалыптасу көздерімен қамсыздану деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер. ТМШ қалыптасу көздерін сипаттау үшін үш негізгі көрсеткіштерді анықтайды:

1) өзіндік айналым капиталының болуы (Өак) өзіндік капитал (баланс пассивының 1 бөлімі) және ұзақмерзімді активтер (баланс активінің 1 бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол өзіндік айналым қаражаттарды сипаттайды. Өак көрсеткіші маңызды аналитикалық коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады: кәсіпорынның ағымды активтеріндегі өзіндік айналым қаражаттарының үлесін (нормативтік маңызы 0,1-ден аспауы қажет), тауар қорларындағы өзіндік айналым қаражаттарының үлесі (бұл коэффициенттің нормативтік маңызы 0,6-дан аспауы қажет);

2) ТМШ (Өак) қалыптасуының өзіндік және ұзақмерзімді несие көздерінің болуы. Бұл көрсеткіш алдыңғы көрсеткішті, яғни өзіндік айналым капиталын ұзақмерзімді міндеттер қосындысына көбейтумен келесі формула бойынша анықталады:
Өак = Өак + Ұм = Өак + П,
мұнда Ұм – ұзақмерзімді міндеттер, П – баланс пассивінің екінші бөлімі;

3) ТМШ қалыптасуының негізгі көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқамерзімді кредиттер мен несиелер қосындысына көбейту арқылы мына формула бойынша анықталады


НК = Өак Өак+Қк,
мұнда Қ к – қысқамерзімді кредиттер мен несиелер.

Бұл ТМШ қалыптасу көздері болу көрсеткіштеріне ТМШ-ны қалыпатсу көздерімен қамтудың үш көрсеткіштері сәйкес:

- өзіндік айналым капиталының артықшылығы (+), кемшілігі (-)
+ Өак = Өак – Ш, мұнда Ш – ТМШ
- ТМШ қалыптасуының өзіндік және ұзақмерзімді көздерінің артықшылығы және кемшілігі
+ Өак= Өак – Ш
- қорлар қалыптасу негізгі көздерінің жалпы мөлшерлерінің артықшылығы немесе кемшілігі
+ НК = НК – Ш.
Бұл есептер кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтылық деңгейі бойынша келесі түрлерге классификациялауға көмектеседі:

- қаржы жағдайының абсолюттік тұрақтылығы;

- қаржы жағдайының қалыпты тұрақтылығы;

- тұрақсыз қаржылық жағдай;

- дағдарыстық (ауыспалы) қаржылық жағдай.

Қаржылық жағдайдың абсолюттік тұрақтылығы жағдай Ш < Өак, Өак > Ш теңсіздікпен сипатталған кезде құралады. Бұл салыстыру ТМШ өз айналым қаражатымен жабылуын және кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз екенін дәлелдейді.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы Өак < Ш < НК теңсіздігімен сипатталады. Келтірілген арақатынас кәсіпорын ТМШ-ны жабу үшін түрлі «қалыпты» қаражат көздерін - өзіндік және тартылған – пайдаланғанда жағдайға сәйкес.

Тұрақсыз қаржылық жағдай ахуал Ш > НК немесе НК < Ш теңсіздігімен сипатталған кезде құралады. Бұл жағдай кәсіпорын өз ТМШ жартысын жабу үшін белгілі деңгейде «қалыпты» болмаған қосымша жабу көздерін қатыстыруға мәжбүр болғанда құралады.

Дағдарыстық (ауыспалы) қаржылық жағдай алдыңғы теңсіздікке қосымша кәсіпорында уақыты өткен кредиторлық қарызы, сонымен қатар уақытында өтелмеген кредиттер мен несиелердің болу жағдаймен сипатталады.

Өтімділік көрсеткіштері кәсіпорынның өз қысқамерзімді міндеттерін орындау қабілеттігін бағалау үшін қолданылады. Олар кәсіпорынның төлем қабілеттігі туралы бұл сәтте ғана емес, төтенше жағдай кезінде де мәлімет алуға көмектеседі.

Төлем қабілеттігінің жалпы бағасын ағымды өтімділік (төлем қабілеттігі, жабу) коэффициенті береді. Егер ағымды өтімділік коэффициенті бірден аз болса, бұл проблема барын көрсетеді. Бұл көрсеткіш үшін қалыпты маңыз – екіден артық немесе тең.

Тез өтімділік коэффициенті (қатал өтімділік, ауыспалы баға). Маңызы бойынша алдыңғы көрсеткішке ұқсас, бірақ бұл коэффициент ағымды активтердің тар шеңберімен, есептен оның аз өтімділік жағы - өндіріс қоры шығарылғанда есептеледі. Осындай шығарудың логикасы қорлардың аз өтімділігінде ғана емес, өндіріс қорын амалсыз өткізу жағдайда алынатын ақшалай қаражат, оларды сатып алғандағы шығындардан өте төмен болуы. Коэффициенттің төменгі қалыпты шегінің бағасы бірден көп немесе тең. Бұл коэффициент динамикасын талдаған кезде, оның өзгеру факторларына назар аудару қажет. Солай, егер ауыспалы өтіділік коэффициентінің өсуі негізінде ақталмаған дебиторлық қарыздың өсуімен байланысты болса, кәсіпорын әрекеті жағымсыз жағынан сипатталады.

Ауыспалы өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар және дебиторлық қарыздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ең қатаң өтімділік критериі деп саналады; қысқамерзімді несиелік міндеттердің қай бөлігі керегінде шұғыл төлене алатынын көрсетеді. Талданған көрсеткіштің қалыпты шектеуі 0,2-ден артық немесе тең.



6-тақырып. Өтімділікті талдау

Баланс өтімділігін талдау міндеті нарық жағдайында қаржылық шектеулердің қатаңдығын нығайту және кәсіпорын кредит төлем қабілеттігіне баға беру қажеттілігімен, яғни оның барлық міндеттерін уақытында өтеу қабілетімен байланысты туындайды.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын қысқамерзімді және ұзақмерзімді болашақ жағынан бағалауға болады. Бірінші жағдайда баға критериі -кәсіпорынның өтімділігі және төлем қабілеттігі, яғни қысқамерзімді міндеттер бойынша уақытында және толық көлемде есеп айырысу қабілеттігі.

Қай-бір активтің өтімділігі деп оны ақшалай қаражатқа ауыстыру мүмкіндігін санайды, ал өтімділік деңгейі бұл трансформация болған уақыт мерзімінің ұзақтығымен анықталады. Мерзім қасқа болса, активтің бұл түрінің өтімділігі биік болады.

Өтімділік - құндылықтардың ақшаға жеңіл айналу қабілеттігі, яғни өтімділік қаражат. Өтімділікті екі жақтан қарауға болады:активті сатуға керек уақыт және активті сатудан алынған ақша ретінде. ӨЗара екі жақ тығыз байланысты: көбінесе активті қысқа мерзімде сатуға болады, бірақ бағасын тым жеңілдете.

Өтімділік деп кәсіпорын міндеттерін оның активтерімен жабу деңгейі саналады. Олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттерді өтеу мерзіміне сай. Кәсіпорынның төлем және кредит алу қабілеттігі бұл айналым қалай тез өтуіне тәуелді. Өтімділіктің екі ұғымын айыру қажет – баланс өтімділігі және кәсіпорын өтімділігі.

Өтімділік қаражаттарды және тез өткізілетін активтерді ең шұғыл және қысқамерзімді міндеттермен салыстыру ағымды өтімділікті білуге көмектеседі. Баяу өткізілетін активтерді ұзақмерзімді міндеттермен салыстыру болашақ өтімділікті көрсетеді. Ағымды өтімділік қарастырылған сәтке жақын уақытта кәсіпорынның төлем қабілеттігі (немесе төлем қабілетсіздігі) туралы мәлімдейді. Болашақ өтімділік болашақ түсімдерді салыстыру негізінде (олардың ішінен актив және пассивтердің сәйкес топтарында жармысы ғана көрсетілген, сондықтан болжам шамамен алынған) төлем қабілетінің болжамы ретінде көрсетілген.

Өтімділік көрсеткіштері кәсіпорынның өз қысқамерзімді міндеттерін орындау қабілеттігін бағалау үшін қолданылады. Олар кәсіпорынның төлем қабілеті туралы бұл сәтте ғана емес, төтенше жағдайда да түсінік береді.

Төлем қабілетінің жалпы бағасын ағымды өтімділік (төлем қабілеттігі, жабу) коэффициенті береді. Егер ағымды өтімділік коэффициенті бірден кем болса, бұл проблема барын көрсетеді. Бұл көрсеткіш үшін қалыпты маңызы екіден артық немесе тең.

Тез өтімділік коэффициенті (қатал өтімділік, ауыспалы баға). Маңызы бойынша алдыңғы көрсеткішке ұқсас, бірақ бұл коэффициент ағымды активтердің тар шеңберімен, есептен оның аз өтімділік жағы - өндіріс қоры шығарылғанда есептеледі. Осындай шығарудың логикасы қорлардың аз өтімділігінде ғана емес, өндіріс қорын амалсыз өткізу жағдайда алынатын ақшалай қаражат, оларды сатып алғандағы шығындардан өте төмен болуы. Коэффициенттің төменгі қалыпты шегінің бағасы бірден көп немесе тең. Бұл коэффициент динамикасын талдаған кезде, оның өзгеру факторларына назар аудару қажет. Солай, егер ауыспалы өтіділік коэффициентінің өсуі негізінде ақталмаған дебиторлық қарыздың өсуімен байланысты болса, кәсіпорын әрекеті жағымсыз жағынан сипатталады.

Ауыспалы өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар және дебиторлық қарыздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ең қатаң өтімділік критериі деп саналады; қысқамерзімді несиелік міндеттердің қай бөлігі керегінде шұғыл төлене алатынын көрсетеді. Талданған көрсеткіштің қалыпты шектеуі 0,2-ден артық немесе тең.



7-тақырып. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау

Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын талдаудың маңызды кезеңдерінің бірі төлем қабілетін талдау. Төлем қабілетін талдау қаржының барын және түсуін бірінші қажетті төлемдермен салыстыру жолымен өткізіледі. Төлем қабілеті қысқа мерзім ішінде (апта, ай) талдаған кезде анық көрінеді.

Төлем қабілеті қолда бар ақшаның белгілі мерзімге және келесі мерзімге жедел төлем қосындыларына қатысумен анықталатын төлем қабілеті коэффициенті арқылы айқындалады. Егер Ктқ ≥ 1, бұл кәсіпорынның төлем қабілеттігін көрсетеді. Егер Ктқ < 1, төлем қаражатының жетпеушілік себептерін табу қажет. Төлем қабілетінің төмендігі кездейсоқ, уақытша, ұзақ, созылмалы болуы мүмкін. Оның себептері:

- қаржы ресурстарымен толық емес қамту;

- өнім өткізу жоспарын орындамау;

- айналым қаражаттың тиімсіз құрылымы;

- контракттардан уақытында төлем алмау;

- жауапты сақтауда тұрған, тиеп қойылған тауар үшін төлемнің жоқтығы.

Төлем қабілеті ағымды және күтулі (болашақ) болады. Ағымды төлем қабілеті баланс құру датасына анықталады. Кәсіпорын төлем төлеуге қабілетті, егер жабдықтаушыларға, банктік несиелер және басқа есептер бойынша уақытында төленбеген қарыздары болмаса. Күтілу (болашақ) төлем қабілеті белгілі датаға оның төлем қаражатының қосындысын кәсіпорынның бұл датаға деген жедел міндеттерімен салыстыру жолымен анықталады.

Төлем қабілеті бар қаражатқа біріншіден ақшалай қаражат, қысқамерзімді бағалы қағаздар, оның кәсіпорынның есеп-шотына түсу сенімділігі бар дебиторлық қарыздың жартысы жатады.

Ағымды міндеттерге ағымды пассивтер, яғни өтеуге тиісті міндеттер және қарыздар кіреді: банктің қысқамерзімді кредиттері, қысқамерзімді несиелер, кредиторлық қарыз және басқа пассивтер.

8-тақырып. Кәсіпорынның кредит қабілетін талдау

Кәсіпорынның төлем қабілетін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – оның кредит төлеу қабілеті.

Нарық экономика жағдайында кәсіпорын несие қаражатының маңызды көзі болып банктік кредит саналады. Банктар кредитті коммерциялық негізде, әрекетті заң шығарушылықпен ескерілген және жақтармен келісілген қайтару,жеделдік, ақылық, несиені мақсатты міндет пен қамтуға пайдалану принциптерін қатал сақтау шартымен береді. Несиелендіруге қатысты барлық сұрақтар банк ережелерімен және қарыз алушы кәсіпорынмен келісім негізінде банк арасындағы несие келісім-шарттармен реттеледі.

Несие келісім-шартында міндетті түрде келесілер қарастырылады:

- несиелеу объектілері;

- жоспарланған несие мөлшері, оның міндеті;

- несие беру шарты және өтеу мерзімдері;

- несие бойынша пайыздық ставкалар, оларды өзгерту және төлеу тәртібі;

- қарыз алушы міндеттерін қамту формалары (кепілдер, кепілдемелер, кепілдік);

- ТМШ жабудың өзіндік айналым қаражаттарының нормативі;

- несиені беру және өтеу бойынша жақтардың міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері;

- құжаттар тізімі және оларды банкқа ұсыну мерзімділігі.

Несие берілетін мерзімге қарай, олар қысқамерзімді (1 жылға дейін) және ұзақмерзімді (1 жылдан астам) несиелерге бөлінеді.

Қысқамерзімді несие - кәсіпорынның айналым қаражаты көздерінің бірі. Ол кәсіпорынның ағымды әрекет процесінде туындайтын жетпеген ақша қаражат қажеттігін толтыруға көмектеседі.

Ұзақмерзімді несие капиталдық шығындарға берілуі мүмкін. Ол кәсіпорынның оның дамуына бағытталатын (өндірісті кеңейту, жаңадан салу, жаңа техниканы енгізу және т.б.) несиелік қаржы ресурстарының көзі болады.

Несиелеу объектісі осындай болуы мүмкін: тауар импорты мен экспорты, сыртқы экономикалық әрекет шығындары, жеке жұмыс әрекетімен шұғылданатын азаматтар сатып алатын шикізат, материал және басқа мүлік.

Қарыз алушыларға банк алдында берілген несиесінде уақыты өткен қарызы болмаған жағдайда береді.

Несиелендіруге қабылданбайды:

-  транспортировка салдарынан өнімді арту кешігуімен байланысты жиналған мерзімділерден басқа нормадан артық дайын өнім қалдықтары;

- мерзімді қалдықтардан басқа нормадан артық бітпеген өндіріс қалдықтары;

- өндірістің жылдық қажеттігінен артық, бір жылдан астам қозғалмай сақталған ТМШ;

- артық, керегі жоқ, қиын өткізілетін және пайдаланбайтын ТМҚ;

-  құндылықтардыңқұруына немесе бүлінуіне әкелетін, сақталуды қамтымайтын сақтау шарттарыдағы ТМҚ;

- несие келісім-шартында қарастырылған мерзімнен артық жолдағы МҚ;

- шығын сметасынан асқан және өнімнің өзіндік құнына қатыстырылмаған шығындар;

- объектті пайдалануға берілгеннен кейін жасалатын іске қосу жұмыстары;

- уақытында өңделмеген алдыңғы жылдар астығының бітпеген өндірісі және ауыл шаруашылық шикізат қалдықтары;

- мөлшері оны өндіретін кәсіпорынның өндіріс қуатынан асатын ауыл шаруашылық шикізат қорлары, дайындықтың жаңа маусымына дейін;

- тием қойылған тауарларға, дайын өнімге және бітпеген өндіріске жататын өнімнің өзіндік құнының қымбаттауы.

Несие алу үшін қарыз алушы несиенің мақсаты, сомасы, пайдалану мерзімі, нақты өтеу мерзімдері жазылған негізделген жазба өтінішпен (3 данада) банкқа барады.

Қарыз алушы белгілі құжаттар тізімін береді. Қажетінше банк қарыз алушының қаржылық жағдайын тексеруі мүмкін.

Кәсіпорын кредит төлеу қабілеті деп кәсіпорынның толық және уақытында өз қарыз міндеттерін өтеуге және жаңа несие алуға алғышарт болу қабілеттігін түсінеді. Басқаша, кредит төлеу қабілеті – бұл кредит алу құқығы және мүмкіндігі. Ол алдында алынған кредитті төлегенде ұқыптылықпен, ағымды қаржы жағдаймен және керегінде түрлі көздерден ақша қаражаттарын жинау мүмкіндігімен сипатталады.

Кредит төлеу қабілетін талдау мақсаты – банкпен кредит беру шарты мен мүмкіндігі туралы мәселені шешуге дейін анықталатын қарыз алушының сапалық бағасы, банк клиенттің қарызға алынған қаражатты кредит келісім-шартына сәйкес қайтару қабілетін және дайындығын алдынан ала көруі керек, сонымен бірге кредиттік салымдардың мақсатқа лайықтығын және негізділігін бағалау қажет.

Кәсіпорын кредит төлеу қабілетін талдаудың негізгі міндеттері:

- кәсіпорынның қаржы жағдайын анықтау;

- қарыз алушының тиімсіз шаруашылық әрекеті салдарынан кредит ресурстарының жоғалуын ескеру;

- қарыз алушы-кәсіпорын әрекетін оның тиімділігін арттыру үшін ынталандыру;

- несиелендірудің тиімділігін көтеру.

Кредит төлеу қабілетін талдауды несиелендіру шарттарынан бастайды. Ол үшін зерттеледі: қарыз алушының беделі; қарыз алушының бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға және табыс алуға қабілеті; кредит ресурстарын пайдалану мақсаттары; кредит сомасы; кредит өтеуі; кредитті қамту; активтерді иемдену; экономикалық конъюктураның жағдайы және даму болашағы.

Талдау қарыз алушының бухгалтерлік және статистикалық есеп берулердің жиналған мәліметтері, қосымша ақпарат негізінде өткізіледі, яғни жариялау, төлемді кідірту фактілері туралы құпия мәлімет, серіктес алдында міндетсіздік, кәсіпорын иелері немесе басшылардың моральсыздық тәртібі негізінде өткізіледі. Кей-бір кәсіпорындарға банктер досье ашады.

Кәсіпорын кредит төлеу қабілетін бағалаудың бас әдісі – ресми бухгалтерлік есеп беруді талдау, оның негізінде банк бағалауы қажет: а) қарыз алушы кәсіпорынның төлем қабілетін және өтімділігін; б) айналым қаражат пен алынған кредиттерді пайдалану тиімділігін; в) барлық қарыз міндеттерді, сұранған несиені қоса, өтімділік қаражатымен жабу; г) шаруашылық айналымда өзіндік айналым қаражатарының болуы; д) қарыз алушының табыстылығы.

Кредит төлеу қабілетін бағалау белгілі датаға және динамикада өткізіледі. Өткізілген талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады.

Кредит төлеу қабілетін талдау барысында бірқатар көрсеткіштер пайдаланады. Бұл өтімділік, кәсіпорын табыстылығы көрсеткіштері. Кредит төлеу қабілетін бағалаған кезде аралық жабу коэффициентімен бірге жалпы өтімділік коэффициенті пайдаланады. Егер ол 1 төмен болса, банк төлемге қабілетсіз клиентпен іс жүргізеді, бұл жағдайда кредит ерекше шарт бойынша ғана берілуі мүмкін. Бұл көрсеткіш деңгейі 1 – 1,5 шамасында уақытында қарызды сұрау тәуекелі болады; 1,5-ден астам коэффициент деңгейінде қарыз қамтылуының және оны қайтарудың кепілі жеткілікті.

Одан басқа, осындай экономикалық көрсеткіштерді де зерттеу керек: айналым қаражаттың айналымдылығы, өткізу өсуінің темптері, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі.

Кредит төлеу қабілетін талдауды өткізген кезде кәсіпорынның алынған кредиттерін өтеу қабілетсіздігінің негізгі себептері анықталады: сенімсіз дебиторлық қарыздың болуы, клиент алдында міндеттерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларының жинау, шаруашылық әрекеттің төмен тиімділігі, айналым қаражаттардың айналымдығын баяулату.

9-тақырып. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау

Кәсіпорын әрекетінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау және бағалау қаржылық есеп беру талдауының соңғы кезеңі деп саналады.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі ағымды негізгі әрекеттің нәтижелерін және тиімділігін сипаттайды.

Іскерлік белсенділіктің сапалы критериі:

- өнім өткізу рыногінің кеңдігі;

- экспортқа жіберілетін тауардың болуы;

- кәсіпорынның беделдігі.

Сандық баға екі бағыт бойынша беріледі:

- негізгі көрсеткіштер бойынша жоспар орындаудың деңгейі;

- кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігінің деңгейі.

Бірінші бағытты сипаттау үшін негізгі көрсеткіштердің салыстырмалы динамикасын есепке алу қажет
Тт > Тө > Так > 100 %,
мұнда Тт – табыс өзгеру темпі, Тө – өткізу өзгеруінің темпі,

Так – аванс капиталының өзгеру темпі.

Екінші бағытты өндеу үшін материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайтын түрлі көрсеткіштер есептелуі мүмкін. Оның ішінде негізгі - өңдіру, қор қайтымы, айналым қаражатын және аванс капиталының айналуы.

Кәсіпорын ресурстарының пайдалану тиімділігін бағалаудың жалпы көрсеткіштеріне мына көрсеткіштер енеді: ресурс қайтымы және экономикалық өсу тұрақтылығының коэффициенті.

Ресурс қайтымы (аванс капиталы айналым коэффициенті) кәсіпорын әрекетіне енгізген 1 теңге қаражатына келетін өткізілген өнім көлемін сипаттайды.

Тұрақты өсу коэффициенті келешекте кәсіпорын орташа қандай темппен дамуы мүмкіндігін көрсетеді.

«Айналым капитал» термині кәсіпорынның ағымды активтеріне қатысады. Айналым қаржысы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтиды.

Айналым қаражатының айналымдылығын бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады.

Жылына өндірістің және айналудың толық циклі неше рет жасалады және өткізілген өнімнің қанша ақшалай бірліктері активтердің әр бірлігі әкелгенін капиталдың жалпы айналымдылығы коэффициенті көрсетеді. Ол мына формула арқылы есептеледі
Ка = ТN / Ак,
мұнда ТN – өнім өткізуден алынған табыс; Ак – аванс капиталы.

Қор қайтымы ретіндегі негізгі қаражат айналымы


Қк = ДN / Нққ,
мұнда Нққ – негізгі қаражаттың орта құны.

Өзіндік капитал айналымының коэффициенті


Каө = ДN / Өк,
мұнда Өк – баланс бойынша өзіндік капиталдың орта мөлшері.

Ағымды активтердің айналымдылығы коэффициенті


Каа.а.=ДN/ Аао,
мұнда Аао – ағымды активтердің орта мөлшері.

Бұл көрсеткіш ағымды активтер айналымының жылдамдығын, яғни талданған мерзімде барлық айналым қаражатының айналу санын көрсетеді. Ағымды активтер айналымдығын жылдамдату қажеттілікті азайтады да кәсіпорынға айналым қаражатының бөлігін немесе шаруашылық керектеріне (абсолюттік босатылу), немесе өнімді қосымша шығару үшін (салыстырмалы босатылу) босатуға мүмкіндік береді.

Қысқамерзімді активтер айналымының жылдамдығы өндіру уақыты және айналу уақытын қысқарту арқасында көбейеді.

Қысқамерзімді активтер айналымының жылдамдығы айналым ұзақтығымен және айналым қаражаты бекітілу коэффициентімен сипатталады.

ҚА бір айналу ұзақтығы формула арқылы анықталады
До = 360 / Ка а.а. = 360 : ДN / Аас = 360 х Аас / ДN
Айналым қаражаты бекітілу коэффициентінің формуласы келесі түрде болады

Каб = Аас / ДN.


Сонымен, ағымды активтер айналымдылық коэффициенті барлық мобилдік қаражат айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі егер материалды айналым қаражат айналымдылығы коэффициентінің өсуімен сәйкес болса жақсы тенденция, егер ақырғысы азайса – жағымсыз тенденция туралы айтады.

Материалдық айналым қаражат айналымдылығы коэффициенті кәсіпорынның қоры мен шығын айналымының санын көрсетеді, яғни оларды өткізу жылдамдығы


Кақор = SN / Ққ,
мұнда SN – өткізген өнімнің толық өзіндік құны, Ққ – қорлардың орта құны.

Дайын өнімнің айналымдығы коэффициенті


Каr = ДN / r,
Коэффициент оборачиваемости готовой продукции
Коr = ДN / r,
мұнда r – дайын өнімнің баланс бойынша құны. Ол дайын өнім айналымының жеделдігін көрсетеді. Оның өсуі өнімге деген сұранысты, ал төмендеуі – сұраныстың төмендеуімен байланысты дайын өніммен тауарландыруды дәлелдейді.

Дебиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті


Кад/қ = ДN/ Дқ,
мұнда Дқ – дебиторлық қарыздың орта мөлшері.

Бұл көрсеткіш қарыз және оның көлемі сапасын бағалауы үшін қолданылады, кәсіпорын берген коммерциялық кредиттің кеңейуі немесе төмендеуін көрсетеді. Егер коэффициент есеп-шот төлеуімен қалыптасатын өткізу табысынан есептелсе, оның өсуі кредитке сатудыдың қысқаруын дәлелдейді, ал төмендеуі – берілетін кредит көлемін ұлғайтуды дәлелдейті. Одан басқа, қарыз айналымының орта мерзімін Дт формула арқылы анықтау керек


Дад/қ = 360 / Кад/қ = Дқ х 360 / ДN.
Бұл көрсеткіш клиенттерге шығарылған есептерді төлеу үшін керек уақытты сипаттайды.

Кредиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті


Как/қ = ДN/ Кқ,
мұнда Кқ – кредиторлық қарыздың орта мөлшері.

Бірегей қарыз айналымының орта мерзімі Кт анықталады


Дак/қ = 360 / Кка/қ =Кқ х 360 / ДN.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарызды қайтару орта мерзімін айқындайды.

Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті.

Кәсіпорынның қаржылай тұрақтылығы негізгі шарттарының бірі – оның ағымды міндеттерін жабуды қамтитын ақша қаражатының ағылып келуі. Ақша қаражатының қажетті қорының жоқтығы кәсіпорында қаржылық қиындықтар болуы туралы айтады. Сол уақытта артық ақша қаражатының болуы инфляция және ақшаның бағасыздануымен байланысты кәсіпорын қиыншылығы туралы айтады. Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті мына формула арқылы есптеледі
Каа/қ = АҚа / АҚо,
мұнда АҚа – мерзім бойынша ақша қаражатының айналымы, АҚо – ақша қаражатының орта қалдықтары.

Талдау мерзімде олардың айналым санын көрсететін ақша қаражатының айналымдық коэффициентімен қатар, олардың жеткіліктігін бағалауғамүмкіндік беретін ақша қаражатының айналым мерзімінің ұзақтығы анықталады


Ұаа.қ = АҚо х Ұр / АҚа,
мұнда Ұр – талдау мерзімінің ұзақтығы.

Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ұзақмерзімді және қысқамерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын өзіндік дамуына инвестицияларды қоса сипаттайды.


Қак.и. = ҰN / (Ұи + Қи),
мұнда Ұи және Қи – ұзақмерзімді және қысқамерзімді инвестициялар.

Жұмыс істеп тұрған капиталдың айналымдылығы келесі формула арқылы есептеледі


Каж.к. = ҰN / Жк,
мұнда Жк – жұмыс істеп тұрған капитал.

Перманенттік капитал айналымының жылдамдығы:


Капер/к. = ҰN / Пер.к,
мұнда Пер.к – перманенттік капитал = өзіндік капитал + ұзақмерзімді міндеттер.

Іскерлік белсендік индексі айналым капиталын басқару саласындағы мерзімде кәсіпорынның негізгі әрекеті бойынша кәсіпкерлік тиімділігін сипаттайды


Иі/б = ҰN / Жк х Тн/ S,
мұнда ҰN / Жк – жұмыс істеп тұрған капитал айналамдылығының коэффициенті, Тн/ S – негізгі әрекеттің табыстылығы.

10-тақырып. Кәсіпорын ісінің тиімділігі мен табыстылығын талдау

Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайының, оның қаржылық нәтижелерін, актив құрылымындағы, капиталдағы және мінндеттегі өзгерістерді объективті және дәл суреттейтін ең ақпаратты параметрлерінің аз санын алу.

Нарық жағдайдағы кәсіпорын әрекетінің мақсатқа сәйкестілігі табыс алумен анықталады. Шаруашылық субъекттің табыстылығы абсолюттық және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың қосындысы. Арнайы шетел әдебиетінде табыстың келесі анықтамасы беріледі: «Табыс – бұл есепті мерзімнің ішінде қаражат ағылып келу немесе актив құнының көбейуі әлде пассивтерді қысқарту түрінде экономикалық пайданы көтеру, ол капиталдың өсуіне әкеледі, ондай өсу акционерлер жарналары арқасында қамтылу жағдайын санамағанда».

Жалпы түрде табыс шаруашылықтың нәтижесін, жанды және заттандырылған еңбек шығынның өнімділігін көрсетеді. Біреулер оны экономикалық әсер көрсеткіші деп, басқалары кәсіпорын жұмысының тиімділік нәтижесі ретінде санайды.

Нарық жағдайында табыс алу әр шаруашылық субъекті жұмыс істеуінің негізгі мақсаты болып табылады. Ол кәсіпорын қаржылық базасының басты көзі, өндірістік және әлеуметтік даму құралы болып саналады.

Табыстың арқасында кәсіпорынның бюджет, банктер және басқа нарық субъектілерінің алдындағы міндеттердің бөлігі орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның қаржылық және өндірістік әрекетін бағалаудың маңызды көрсеткіштерінің бірі деп саналады. Ол оның іскерлік белсенділігі және қаржылық саулығы деңгейін сипаттайды.

Нарық қатынас жағдайында табыс екі негізгі функцияларды өтейді: біріншіден, мемлекеттік бюджет көзі ретінде, екіншіден, кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзінің ретінде.

Кәсіпорын табыстылығы көрсеткішін талдау міндеттеріне кіреді:

- табыстықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерінің жоспарын орындауды бағалау;

- таза табыс қалыптасудың құрылым элементтерін зерттеу;

- факторлардың табыс мөлшеріне ықпал деңгейін табу және сапалы өлшеу;

- табыс бөлу көрсеткіштерін зерттеу;

- табыстылықтың түрлі коэффициенттерін зерттеу;

- табысты тиімді пайдалану бойынша нұсқауларды өңдеу.

Кәсіпорын табыстылығының бірінші абсолюттік көрсеткіші болып өнім өткізуден келген табыс саналады. Өнім өткізуден келген табыс мөлшеріне өнім өндіру деңгейі, өнім сапасы, өткізілмеген өнімдердің қоймаларда және сатып алушыларда жауапты сақталуда болған тауарлар қалдықтарын өзгерту ықпал етеді.

Кәсіпорын табыстылығының екінші абсолюттік көрсеткіші болып жалпы пайда саналады. Ол - өнім өкізілуден алынған қаржылық нәтиже, өнім өткізу табысы және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының айырмасы ретінде есептеледі. Жалпы пайда көптеген факторларға тәуелді, біріншіден, өндірістік өзіндік құнына, өткізу бағасына, сату көлеміне, өткізілген өнім құрылымына.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне кәсіпорын әрекетінің тиімділігін сипаттайтын рентабельдік көрсеткіштері жатады. Көрсеткіштердің үш тобын айқындайды:

а) жалпы активтердің;

б) өнімдердің;

в) ақша қаражатының таза ағылып келу базасында есептелген.

Ең бірінші жалпы активтердің табыстылық деңгейі көрсеткішін атау керек. Тәжірибеде қысқамерзімді активтер табыстылығы сияқты көрсеткіш кеңінен қолданылады.Өнім табыстылығының көрсеткіші– сату көлемінің табыстылығы. Өнім бірлігінің табыстылығы сату баға мен бұйымның өзіндік құны арасындағы айырма қатынасымен анықталады.Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы ақшалай қаражаттың таза ағылып келу негізінде есептеледі.

11-тақырып. Қаржы ағымын талдау

Кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың нақты жылжуын ашу үшін, олардың түсу және шығысының синхрондығын бағалау үшін, сонымен қатар кәсіпорындағы ақшалай қаражат жағдайы туралы алынған қаржылық нәтиже мөлшерін байлау үшін, ақшалай қаражаттың барлық түсу және жылыстау бағыттарын айырып талдау қажет. Талдау процесі ақша ағымын кәсіпорында оларды ұйымдастырудың жақсы формаларын таңдау жолымен, ішкі және сыртқы факторларды есепке алумен, олардың теңдестіру, синхрондауды және таза ақша ағымының өсу мақсатымен, оңтайландырумен аяқталады.

Алдымен ақшалай қаражаттың оң және теріс ағымдар көлемінің теңдесу дегеніне жету керек, неге десе дефицит те, ақша ресурстарының артықшылығы да шаруашылық әрекет нәтижесіне теріс ықпал етеді.Дефицитті ақшалай ағымда кәсіпорынның өтімділігі және төлем қабілетінің деңгейі төмендейді, бұл кәсіпорынның банкқа, жабдықтаушыларға, төлем персоналына деген кредиттер бойынша уақыты өткен қарыздың өсуіне әкеледі.

Артық ақшалай ағымда инфляцияның салдарынан уақытша бос ақшалай қаражаттың нақты құны жоғалады, ақшалай қаражаттың іркілісі себебінен капитал айналымы баяулайды, операциялық немесе инвестициялық процесте ақша қаражатын тиімді орналасу өткізіп алған пайдамен байланысты болжамды табыстың бөлігі жоғалады.

Артық ақша ағымын оңтайландыру әдістері негізінде кәсіпорынның инвестициялық әрекетінің қарқындатуымен байланысты, ол бағытталды:

- банктің ұзақмерзімді кредиттерін ұзақмерзімді өтеу;

- нақты инвестициялардың көлемін көбейту;

- қаржылық инвестициялардың көлемін көбейту.

Ақша ағымының синхронизациясы оң және теріс ақша ағымының қалыптасуындағы мерзімді және циклдік айырмашылықтарды жоюға, сонымен қатар қолдағы ақшаның орта қалдықтарын оңтайландыруға бағытталу қажет.

Оңтайландырудың соңғы кезеңі – кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру деңгейін көтеретін, қаржыландырудың сыртқы көздерінен тәуелдігін төмендететін кәсіпорынның таза ақша ағымын көтеру жағдайын қамту. Ақша ағымының жылжуы, олардың ағылып келуі мен жылыстауы 1 суретте көрсетілген.


Ақша қаражатының ағылып келуі Ақша қаражатының ылыстауы


1-сурет – Ақша қаражатының ағылып келуі мен жылыстауының қалыптасуы

Сонымен, ақшалай қаражат жылжуы және ақша ресурстарының ағылып келуі мен жылыстауы бойынша бюджетті орындау туралы ақпарат кәсіпорынға ағымды төлем қабілетін бақылауға, оны тұрақтандыру коррекциялық шараларын жедел өткізуге мүмкіндік береді.



12-тақырып. Ықтимал банкроттықты бағалау

Банкроттық – бұл № 2173 07.04.95 ж. «Банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес, сот шешімімен қабылданған немесе соттық емес тәртіпте кредиторлармен келісу бойынша оны жоюдың негізі болған қарызын өтей алмаған борышкер.

Кәсіпорынның дәрменсіздігі деп оның ағымды әрекетін қаржыландыруға және мерзімдік міндеттемелерді жабуға борышкердің оның мүлік алдында міндеттерін арттырумен немесе борышкердің баланстық құрылымының қанағатсыздығымен байланысты қабілетсіздігін санайды.

Баланстың қанағатсыз құрылымы – борышкер мүлігінің және міндеттерінің сондай жағдайы, қашан мүлік есебінде кредиторлар алдында борышкер мүлігінің жетіксіз өтімділігімен байланысты уақытында міндеттерді орындау қамтылуға мүмкін емес.

Банкроттық жағдай туғанының негізгі себептері – объективті және субъективті себептер:

- қаржылық-несиелік, салықтық, экономиканы қайта өзгертудің заң шығарушылық базасының жетілмегендігі;

- инфляцияның биік деңгейі;

- банкроттықты алдын ала ескере алмау және одан болашақта құтылу;

- нарық конъюктурасын білмегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

- өндіріс көлемінің төмендеуі;

- өнім сапасының нашарлауы және оның бағасының төмендеуі;

- дәлелсіз биік шығындар мен өнімнің төмен пайдалығы;

- қарыздар мен өзара төлемеулердің болуы және т.б.

Банкроттық болудың бірінші белгілері – қаржылық есеп беруді ұсынудың кешіктірулері және баланс пен табыс және шығын туралы есеп беру құрылымындағы өзгерістері болып табылады.

Дәрменсіздік туралы шешімдер еркін тәртіпте кәсіпорынның өзімен немесе төрелік сот қорытындысы бойынша қабылданады.

Кәсіпорындардың көпшілікті банкроттығы қатаң жайсыз салдарға апарады, сондықтан банкроттыққа жол бермеудің және дағдарыс жағдайдан шығу белгілі механизмі қарастырылған. Бұл механизмнің негізгі элементтері:

- банкроттықты құқықты реттеу;

- тауар өндірушілерді сақтап қалу мақсатымен төлем қабілетсіз кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылай көмек көрсету шаралары;

- банкроттық процедурасының барлық мүшелерінің мүдделерін экономикалық қорғау;

- реорганизациялық және жою шараларын қаржыландыру.

Банкроттық мүмкіндігін бағалау үшін келесі әдістер қолданылады:

1) экономикалық-математикалық моделдерді қолдану. Бұл екі, үш, төрт, бес және жетіфакторлық моделдер болуы мүмкін. Олар банкроттық мүмкіндігіне тәуелді негізгі көрсеткіштерде негізделеді. Көбінесе ағымды өтімділік коэффициенті және қаржылық тәуелдік коэффициенті сияқты негізгі көрсеткіштерді пайдаланатын екіфакторлық модель қолданылады. Бұл көрсеткіштер салмақты коэффициенттерге көбейтіледі де, нәтижелері тәжірибелік-статистикалық әдіспен алынған бір тұрақты мөлшермен қосылады. Егер нәтиже теріс болса, банкроттық мүмкіндігі аз. 2 оң маңызы банкроттықтың биік мүмкіндігін көрсетеді;

2) төлем қабілеттігі көрсеткіштерін болжау келесі коэффициенттер негізінде өткізіледі: ағымды өтімділік, өз қаражатпен қамтамасыздық.

Кәсіпорынның дәрменсіздігі туралы шешім қабылдау негізі – ҚР дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қаржылық-экономикалық сауықтыру, реорганизация механизмі туралы Ережемен және кәсіпорын баланс құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережемен қалыптасқан кәсіпорын баланс құрылымының қанағаттық бағасын беру үшін критерийлер жүйесі.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауын өткізу мақсаты – баланс құрылымы қанағатсыз екен, кәсіпорын – төлемге қабілетсіз екен шешімді негіздеу.

Баланс құрылым қанағаттығын талдау және бағалау келесі көрсеткіштер негізінде өткізіледі:

- ағымды активтердің ағымды міндеттерге қатынасымен анықталатын ағымды өтімділік коэффициенті. Бұл көрсеткіш кәсіпорынды шаруашылық әрекет жасауға және кәсіпорынның ағымды міндеттерін өтеу үшін айналым қаражатпен жалпы қамтуды сипаттайды.

-  өзіндік айналым қаражатының ағымды активтерге қатынасымен анықталатын өзіндік қаражатпен қамту коэффициенті. Ол кәсіпорында оның қаржылық тұрақтылығына қажетті өзіндік айналым қаражаты болуын сипаттайды.

Кәсіпорынның баланс құрылымын қанағатсыз, ал кәсіпорынды төлемге қабілетсіз деп есептеуіне негіз болатын шарттың бірі: есеп мерзімінің соңында ағымды өтімділік коэффициенті 2,0-ді құраса; өзіндік қаражатпен қамту коэффициенті – 0,1-ден аз болса.

Баланстың қанағатсыз құрылымында өз төлем қабілеттігінің нақты мүмкіндігін қайтару үшін, төлем қабілеттігін қайтару коэффициенті 6 айға келесі формула арқылы есептеледі


Кқ = (Кааө + Тт/Ем (Кааө - Кбаө)): Кнормаө,
мұнда Кааө – есеп мерзімінің соңына ағымды өтімділік коэффициенті;

Кнтл - есеп мерзімінің басына ағымды өтімділік коэффициенті;

Кнорм – 2,0-ге тең ағымды өтімділіктің нормативтік коэффициенті;

Тт – тұрақталған мерзімде төлем қабілеттігін қайтару, айларда (6 ай);

Ем – есеп беру мерзімі.

Егер коэффициент 1-ден аз болса, кәсіпорында келесі 6 ай ішінде төлем қабілеттігін қайтаруға мүмкіндігі болмайды.

Баланстың қанағатты құрылымында қаржылық жағдайдың тұрақтылығын тексеру үшін 3 айға дейін мерзімге төлем қабілеттігін жоғалту коэффициенті формула арқылы есептеледі:
Кж = (Кааө + Тт/Ем(Кааө - Каө)): 2,
мұнда Тт – 3 айға дейін тұрақталған мерзімде төлем қабілеттігін жоғалту.

Мүмкіндік банкроттықты болжамдайтын бірнеше әдістері бар:

1) Екіфакторлық модель келесі формула арқылы есептеледі:

Z = 0,3877 – 1,0736Кж + 0,0579Кқт,


мұнда Кж – жабу коэффициенті (ағымды өтімділік коэффициенті);

Кқт – қаржы тәуелдігінің коэффициенті (несие қаражатының пассивтер қосындысына қатысуы).

Z=0 кәсіпорындарда банкроттық мүмкіндігі 50 % құрайды. Егер Z 0-ден көп болса, мүмкіндігі 50 %-дан асады және біртіндеп Z-ның өсуімен бірге өседі. Бұл әдістің кемшілігі – ол басқа маңызды көрсеткіштердің (тиімділік, активтерді қайта беру және т.б.) қаржылық жағдайға деген ықпалын есепке алмайды. Бұл әдістің көмегімен болжам қатесі ∆ Z = + 0,65 интервалымен бағаланады;

2) бесфакторлық әдіс келесі моделді қолданады:


Z = 1,2Кайн + 1,4Кат + 3,3Кт + 0,6Кж + 1,0Кб,
Z = 1,2Коб + 1,4Кнп + 3,3Кр + 0,6Кп + 1,0Ком,
мұнда Кайн – активтердегі айналым қаражатының үлесі (ағымды активтердің барлық активтер қосындысына қатысуы);

Кат – активтер тиімділігі (таза табыстың барлық активтер қосындысына қатысуы);

Кт – жалпы табыс бойынша есептелген активтер тиімділігі;

Кж – капиталдың нарықтық бағасы бойынша жабу коэффициенті (акционерлік капитал нарықтық құнының қысқамерзімді міндеттер қосындысына қатысуы);

Кб – барлық активтерді беру (өнім өткізуден алынған табыстың барлық активтер қосындысына қатысуы).

Егер Z < 1,8, банкроттық ықтималдығы өте биік;

1,81 < Z < 2,7 – ықтималдығы өте биік;

2,8 < Z < 2,9 – ықтималдығы мүмкін;

Z > 3 – ықтималдығы өте төмен.

Бұл әдістің кемшілігі – бұның тек ірі кәсіпорындарға тиістісі.

3 Жетіфакторлық әдіс 5 жылдың ішінде 70 % дәлдігімен банкроттықты болжауға көмектеседі. Ол келесі көрсеткіштерді енгізеді: активтер тиімділігі, жабу, өтімділік, автономдық және т.б. коэффициенттері. Оның жағымсыз жағы – ақпарат аздығы.

4 Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
4.1 Қаржылық талдаудың теориясы

1-тақырып. Қаржылық есептің түрлері және пәні, міндеттері

Қаржылық есеп түсінігі және мазмұны. Талдаудың дамуы мен тарихи пайда болу аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдаудың түрлері. Қаржылық есепте талдаудың шетелдік тәжірибесі.



Мақсаты: тақырып бойынша ториялық білімді бекіту

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық талдауға түсініктеме бер.

2. Қаржылық талдаудығ негізгі мәселесі болып не табылыады?

3. Талдаудың дамуы мен пайда болуының тарихи аспектілері қандай?

4. Қаржылық талдаудың негізгі міндеттерін тізбектеп бер.

5. Қаржылық талдаудың қандай түрлерін білесін?

6. Қаржылық талдаудың ішкі және сыртқы болып бөлінуінің негізгі себебі қандай?

2-тақырып. Қаржылық талдаудың тәсілдері мен амалдары

Пәннің мақсаты: қолданылу әдіснамасын зерттеу:

- негізгі статистикалық тәсілдер: индекстердің қатынас көлемін топтастыру;

- экономикалық талдауды салыстыру;

- баланстық үйлестірілген қаржылық талдаудың вертикалды және горизонтальді талдауы.



1-тапсырма. Баланстық тәсілмен өнеркәсіптің тауарлы (шикізат) балансын талдаңдар.
1-кесте – Талданатын кәсіпорынның тауар қозғалысы

Көрсеткіштер

Жоспар

Факті

Ауытқу

Есепті кезең басындағы тауарлар қоры

8600

8800




Тауарлардың түсуі

9860

12200




Басқа да тауарлардың кетуі

5400

6100




Есепті кезең соңындағы тауарлар қоры

7600

8400




Тауарды сату кезіндегі жалпы ауытқулар

10320

11990



Тауарлы баланстың формуласы




2- тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (Бухгалтерлік баланс) кәсіпорынның денамика амалдарын талдап және олардың қалыптасу деректерін абсолютті және қатысты есептен шығару. Осыған қатысты қорытынды жасандар.

3- тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (Бухгалтерлік баланс) актив пен пассивтің құрылымдық балансын талда. Динамикадағы құрылымдық өзгерістерді және олардың қаржылық талдау қорытындысына әсер ететін деңгейін анықтаңдар. Қорытынды жасандар.
Бақылау сұрақтары
1. Қаржылық талдаудың маңызы мен тәсілдік мазмұны .

2. Қаржылық талдауда қандай статистикалық қабылдаулар қолданылады?

3. Қаржылық талдауда топтасудың ролі қандай?

4. Тізбектеме тәсілдерінің маңыздылығы және абсолютті есептеудің ерекшелігі.

5. Қай кезде баланстық тәсіл қолданылады?

6. Қандай негізгі экономикалық индекстерді білесіндер?

7. Құбылысты графикалық тәсілмен зерттеудің маңыздығы неде?

8. Қаржылық талдауда экономика-математикалық модель қандай роль атқарады?


3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету

Пәннің мақсаты: қаржылық талдауды ұйымдастырудағы талаптарды үйрену; қаржылық есептің формаларын толтыру барысында машықтану және мәліметтердің толықтығын қадағалау; аналитикалық есептерді шығаруды үйрену; қорытынды жасау кезінде машықтану.

1-тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (Бухгалтерлік баланс) бөлімшелердің қорытындысы есептемесінің дұрыстығына, бухгалтерлік баланстың бөлімшелеріне, есепті мерзіміне, кәсіпорынның жеке меншігіне, қолда бар қорды және міндеттемелерге, қалпы мен дебиторлық, кредиторлық берешектің динамикасына тексеріс жасап анықтау.

2-тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша баланстық тепе-теңдік құрастырып және кәсіпорынның кезең басындағы және соңындағы қор көлемін анықтаңдар.

3-тапсырма. Екінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (кіріс және шығыс есебі) таза, білік аударымдарының баланста көрсетілуінің дұрыстығын тексеріндер. Кәсіпорынның есепті кезең кезіндегі кірістер мен шығыстар құрылымын зерделендер. Кәсіпорынның кірісін көрсететін өсу қарқының анықтандыр.

4-тапсырма Үшінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (ақша айналымы бойынша есеп) қаржылық, операциялық, инвистициялық аралық қорытындысының дұрыстығын тексеріндер, сонымен қатар соңғы сальдосын шығарындар.
Бақылау сұрақтары
1 Қаржылық есептің формаларын анықтандар.

2 Қаржылық есептің формаларына қатысы бар заңдық және нормативтік құжаттарды атандар.

3 Бухгалтерлік баланстың маңыздылығы неде?

4 Бухгалтерлік баланстың құрылым тәртібі қандай?

5 Қаржылық есептің № 2 формасында қандай ақпарат бар?

6 Қандай ақша айналым есебін жүргізудің тәсілдерін білесін?

7 № 3 форманың құрылуы кезіндегі тура және қосымша тәсілдердің ерекшелігі қандай?

8 Кәсіпорынның операциялық қызметінің мағынасы неде?

9 Кәсіпорынның қаржылық қызметі өзіне не қосады?

10 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары қандай?

11 Кәсіпорынның № 4 қаржылық есеп нысанында қандай ақпарат бар?

12 Қаржылық есептілік жүйесінде бухгалтерлік баланс қандай роль атқарады?

13 Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы қандай?

14 Баланстық тепе-теңдіктің маңызы неде?

15 Баланстың активі өзінен не ұсынады?

16 Баланстың пассивінде не орналасқан?

17 Кәсіпорынның қандай қаржылық құжатында кірісі мен шығыны көрсетілген?

18 Кәсіпорынның кірістерін ата.

19 Кәсіпорынның шығынын ата.

20 Кәсіпорынның таза және қосымша пайдалары қалай есептеледі?

21 Қандай есепті құжатта қолма-қол ақша қаражатының келіп түсуі және шығындалуы туралы мағлұмат көрсетіледі?

22 Ақша қаражатының айналымында көрініс табатын, кәсіпорынның қандай негізгі қызмет бағыттарын білесін?



4.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық есебі

1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспрес-талдау

Пәннің мақсаты: қаржылық есепте талдау әдістерін оқу; аналитикалық негізгі рәсімдерді жүргізе білу және машықтану; аналитикалық есептілікті рәсімдеуді үйрену; жеке дара жұмыспен машықтану.

1-тапсырма. 1, 2 қосымшада берілген мәліметтер бойынша кәсіпорынның есептік қаржылық экспресс-талдауын келесі ретпен жүргізіндер:

1) талданатын кезең бойынша баланстық валютаның бағамын;

2) валютаның өсу қарқынының балансын өнімнің көлемінің өсу қарқынымен, өнімді сатумен, қосымша және таза пайдамен салыстыру;

3) бөлімшелердің негізгі, топтық және жеке мақалалардың баланстық байланыстарын оқу;

4) баланстың жеке және мақалаларының өзгерісі, талдаулық мінездемесі.

Осыған қатысты қорытынды жасандар.



2-тапсырма. Қаржылық есептілік формасы негізінде кәсіпорынның мүліктік ынтасына талдау жүргізіндер және оның қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысына талдау жасандар.
Бақылау сұрақтары
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдаудың мәні неде?

2. Экспресс-талдаудың негізгі кезеңдерін атаңыз.

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдаудың мақсаты қандай?

4. Қаржылық есептің экспресс-талдау әдісі қандай?

5. Балансты оқу деген не?

6. Қаржылық есепті тексеру жөнінде аналитикалық жұмыс деген не?

7. Бухгалтерлік баланстың бөлімдері мен жеке статьялары арасында қандай байланыстарды табуға болады?

8. Кәсіпорынның қаржы жағдайын терең талдау дегеніміз не?

9. Қаржылық есептің талдауын кім жасайды?
2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Пән мақсаты: баланстық үйлестірілген қаржылық талдаудың вертикалды және горизонтальді талдауын үйрену; аналитикалық есептеулерді жүргізуді үйрену; қаржылық талдаудың формаларын оқуды үйрену.

1-тапсырма. Бухгалтерлік баланста берілген мәліметтер бойынша (қосымша 1) қаржылардың құрылымы мен құрамына, таратылуына талдау жасау. Есептілігін 1 формалы кестеде көрсетіндер. Кесте қорытындысына қарап қаражаттың құрылымы туралы мына сұрақтарға жауап беріндер: жыл басына қарағанда жыл соңындағы кәсіпорынның барлық қаражатының абсолютті көлемі мен құрылымы қалай өзгерді? Негізгі қаражаттың және басқа да ұзақ мерзімді активтердің, қысқа мерзімді активтердің, қорлардың, соның ішінде шикізат, материалдар мен басқа да құндылықтардың, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің жыл басына қандай мүмкін себептері ескертілді? Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтердің өсу динамикасын, жыл іщіндегі абсолютті сомасындағы және активтердің құрылымындағы өзгерістерді анықтау. Бұл өзгеріс факторларын негіздеу және мөлшерлі өлшеу.
2-кесте – Кәсіпорынның қаражаттық талдауы

Баланстық активтің бабы

Есепті жылдың басында

Есепті жылдың соңында

Есепті жылдағы өзгерістер

Өсу қарқыны ,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

1

2

3

4

5

6

7

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет