7. Басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер бойынша сот қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиiс. Iстi қосымша тергеуге жiберу туралы, iстi қысқарту туралы, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшiн жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жеке қаулылар кеңесу бөлмесiнде шығарылады және жеке құжат түрiнде жазылады. Өзге қаулылар соттың қалауынша не осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен, не сол орнында - сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады.
Сот отырысында тәртiп бұзған, төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеудi анық куәландыратын өзге де iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған кезде төрағалық етушi сот отырысы залынан адамды шығарып жiберуге немесе сотты құрметтемеу фактiсiнiң анықталғаны туралы жариялауға және кiнәлi адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамада белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы. Шығарып
жiберу, айыптаушы мен қорғаушыдан басқа, процестiң кез келген қатысушысына немесе өзге адамға қатысты жүргiзiлуi мүмкiн. Әкiмшiлiк жаза сотталушыға қолданылмайды.
Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жiберiлсе, онда үкiм оның көзiнше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейiн дереу қолхат алып хабарлануға тиiс.
Сот отырысы залынан процеске қатысушыны шығарып жiберу және әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулы шығарады.
Сот отырысы залында қатысып отырған, бiрақ процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар тәртiп бұзған жағдайда олар төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Бұған қоса сот оларға әкiмшiлiк жаза қолдануы мүмкiн.
8. Басты сот талқылауының хаттамасы 328-бап. Басты сот талқылауы кезiнде сот отырысының хатшысы хаттама жүргiзедi. Хаттама қолдан жазылуы немесе мәшинкелiк, компьютерлiк не электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) әдiспен дайындалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенография және (немесе) аудио, бейнежазба қолданылуы мүмкiн.
Хаттамада: басты сот талқылауының күнi, оның басталу және аяқталу уақыты; қандай iс қаралып жатқаны; соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сот шақырған басқа да адамдар; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы; соттың жүргiзiлген реттегi iс-әрекетi, iске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық бiлдiрулерi және өтiнiштерi; соттың кеңесу бөлмесiне бармай шығарылған қаулылары, қаулылардың кеңесу бөлмесiнде шығарылуына нұсқау; iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiнiң түсiндiрiлуi; айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны; сот бөлген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан жауап алуға қатысқан адамдардың сұрақтары; сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары; сот мәжiлiсiнде жүргiзiлген тексерулер мен дәлелдердi зерттеу жөнiндегi басқа iс-әрекеттердiң нәтижелерi; iске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтiнген фактiлерге нұсқамалар; тараптардың сот жарыссөзiнде сөйлеген сөздерiнiң және сотталушының соңғы сөзiнiң негiзгi мазмұны; үкiмiнiң жарияланғаны және оған шағымдану тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлгенi туралы нұсқама көрсетiледi. Айғақтар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезiнде орын алған жүйелiлiк бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада егер орын алған болса, сотты сыйламаушылықты куәландыратын фактiлер және тәртiп бұзушының жеке басы мен соттың тәртiп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетiледi.
Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiнгi бес тәулiктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс. Сот талқылауы барысында хаттама бөлiп-бөлiп жасалуы мүмкiн, оларға және бүтiндей хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды.
Сот талқылауы хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының арасында түсiнiспеушiлiк болған кезде соңғысы өзiнiң келiспеушiлiктерiн жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен бiрге хаттамаға қоса тiркеуге құқылы.
Басты сот талқылауы кезiнде киноға түсiру, бейне, аудио жазбасы қолданылуы мүмкiн, олардың материалдары сот отырысы хаттамасына қоса берiледi, оларға сүргiш салынып, iспен бiрге сақталады. Хаттамада аталған техникалық құралдардың қолданылғаны туралы белгi қойылады.
Төрағалық етушi тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және онымен және аудио-, бейнежазба материалдарымен танысуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы және аудио-, бейнежазба материалдарындағы өз айғақтарының жазылуымен таныстыру жөнiнде өтiнiш жасауға құқылы. Мұндай мүмкiндiк өтiнiш мәлiмделгеннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
Сот тараптардың немесе осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде аталған адамдардың өтiнiшi бойынша сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат
Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелер329-бап.
Басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейiнгi бес тәулiктiң iшiнде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстiң 328-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көрсетiлген өзге де адамдар хаттамаға жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертпелер беруге құқылы. Аталған мерзiмдi iс бойынша төрағалық етушi тараптардың өтiнiшi бойынша он тәулiкке дейiн ұзарта алады.
Басты сот талқылауының хаттамасына скертпелердi қарау 330-бап.
Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелердi төрағалық етушi, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол нақтылау үшiн ескертпе берген адамдарды шақыртуға құқылы. Ескертпелердi қарау нәтижелерi бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру туралы не оларды қабылдамау туралы дәлелдi қаулы шығарады. Хаттамаға және судьяның қаулысына жасалған ескертпелер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.
9. Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қылмыстық істердің құрамына байланысты бірінші сатыдағы сотгар ретінде іс-қимыл жасайды.
Істің соттылығы — бұл барлық қылмыстық істің белгілері ҚР ҚІЖК-нің 38 тарау негізінде бірінші сатыдағы істің қай сотта, соттың қай құрамында қарастыратылатыны анықталады.
Қылмыстық істің жағдайына байланысты (қылмыстың жасалған жері, субъект және оның түрі, қылмыстың характері және зақымдалған дәрежесі) сотқа жататындығын былайша айырады:
— соттылықтың тума (пәндік) белгісі;
— соттылықтың арнайы белгісі;
— соттылықтың мекендік (аумақтық) белгісі; Соттылықтың тума белгісінде кылмыс сипаттамасы және оның қоғам үшін қауіптілігі анықталып, заң бойынша ол қай сотта карастырылатыны анықталады.
1. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады (ҚР ҚІЖК 290-бабының 2-бөлігі);
Облыстық жөне оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы, аппеляциялық және қадағалау соты ретінде іс-қимыл жасайды.
Бірінші сатыдагы облыстық соттардың қарауына жататын қылмыстық істер жасалғаны үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы мына баптар бойынша беріледі: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы (екінші бөлігі), 156-бабы (екінші бөлігі), 159-бабы (екінші бөлігі), 160-бабы, 162-бабы (төртінші белігі), 165, 167, 171, 340-баптары, 367-бабы (үшінші бөлігі), 368-бабы (үшінші бөлігі), 369-бабы (үшінші бөлігі), 373-бабы (үшінші белігі), 374-бабы (үшінші бәлігі), 375-бабы (үшінші бөлігі), 380-бабы (үшінші бөлігі), 383-баптары жатады.
— сондай-ақ жоғарыда аталған әрекеттерді есі кіресілі-шығасылы күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жүйке ауруымен ауырған адамдарға өлім жазасы беріледі (ҚР ҚІЖК 291-баптың 2-бөлігі).
Айта кететін жайт, облыстық және оларға теңестірілген соттардың қылмыстық істер жөніндегі алқасы аудандық және ола-ға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді аппеляциялык тәртіппен қарайды.
Сонымен қатар облыстық соттың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына, сондай-ақ нақ сол соттың қылмыстық істер жөніндегі алкасының апелляциялық қаулыларына қадағалау шағымдары, наразылықтары бойынша істерді қарайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының соттауына барлықістер, апелляциялық щағымдар, прокурордың наразылықтары бойынша істерді, сондай-ақ осы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына жеке шағымдарды, прокурордың наразылықтарын апелляциялық тәртіппен қарайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
- аудандық және оған теңестірілген соттардың занды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына; облыстық және оған теңестірілген соттардың кьшмыстық істер жөніндегі алқасының апелляциялық шығарған қаулыларына;
- облыстық және оған теңестірілген соттардың істерді бірінші сатыда қарау кезінде шығарған, заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;
- облыстық және оған теңестірілген соттардьщ қадағалау алқаларының қаулыларына;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кылмыстық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарған қаулыларына;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тиісті сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
Соттылықтың арнайы белгісінде қылмыс жасағандардың қызметі, шені анықталады. Бұндай жағдайда әскери қылмыс жасағандардың соттылығы шектеледі.
Қылмыстық істердің әскери соттардың қаралуына жатуы:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар туралы;
- Қазақстан Республикасының әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар өздері тұрған жерлерде жасалған барлық қылмыстар туралы.
Қылмыстык істердің аумақтық сот қарауына жатуы қылмыс жасалған жердегі сотта каралуы тиіс.
Аумақтық сот талқылауы арқасында істің қай сотта қаралатыны белгілі болады.
Қылмыс жасалған жер мен оны тергеу орны әрқашанда сәйкес келе бермейді. Мысалы, қылмыстық істер аумақтық ішкі істер органдарына қарасты. Сонымен қатар қылмыстык, істер аумақтық сотқа қарасты емес, ол тек ҚР ҚІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігіне сәйкес тек облыстык, немесе оған теңестірілген сотқа ғана қарасты.
ҚР ҚІЖК-нің 294-бабына сәйкес қылмыстық іс жасалған жердегі сотга қаралуы тиіс. Ол үшін мынадай жағдайлар болуы қажет. Егер қылмыс бір соттың қызмет жасайтын жерінде басталып, баска соттың қызмет жасайтын жерінде аяқталса, іс тергеу аяқталған жердегі сотта қаралады.
Егер қылмыс Қазақстан Республикасынан тысқарыжерде жасалса немесе қылмыс жасалған жерді анықтау мүмкін болмаса, немесе қылмыстар әртүрлі жерде жасалса істі тергеу аяқталған жердегі сот құрайды (ҚР КІЖК 294-бабының 3-бөлігі).
Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттың қаралуына жатуын белгілеу. Бір адамды немесе адамдар тобын істерді өртүрлі деңгейдегі соттарда каралатан бірнеше қылмыс жасағаны үшін айыптау кезінде іс жоғары тұрған сот сатысында қаралады.
Қосымша белгілер бойынша істің соттылығы:
1) бірнеше қылмыс жасады деп айыпталған адам немесе топ істері түрлі деңгейде сотталады (мысалы, ұрлық жасаған жағдайда іс аудандық сотта, ал қылмыс облыстық сотга қаралады), бұл жағдайда екі істе жоғары облыстық сотта қаралады;
2) егер өскери қызметшілер немесе басқа адамдарға қатысты әскери соттарда қылмыстық істерді қарауға жол берілмейді;
3) егер ісі әскери соттарда қаралатын әскери қызметшілермен немесе баска адамдармен бірге қылмыс жасалған басқа жағдайларда жол беріледі;
4) егер әскери міндетті емес адамдар немесе әскери қызметін өтеп жүрген өскери қызметшілер болса әскери сотқа қарасты болады, ал азаматтық тұлға қалыптаспаған жағдайда іс жалпы заң органына жүктеледі (ҚР ҚІЖК 295-бап).
ҚР КІЖК-нің 297-бабында қаралуына жататын соттан қылмыстық істі басқа сотқа беруі қаралған. Сотқа келіп түскен істін, аталған соттың қарауына жататындығын сот анықтауы керек (ҚР ҚІЖК-нің 300-бабының 1-бөлігінің 1-тармағы).
Егер сот келіп түскен істің өзінің қарауына жатпайтынын анықтаса, онда істі соттың қаралуына жатқызылуы бойынша қарасты сотқа жібереді.
Аумақтық сот қаралуына жатқызылу ережелерін бұзушылық басты сот отырысывда анықталуы мүмкін. Бұндай жағдайларда процестің барлық қатысушыларының келісімімен сот істі езінің іс жүргізуінде қалдыруға қүқылы. Егер келіспеген, айыпталушы, жәбірленушінің және т.б. қатысуынсыз сот отырысы болған жағдайда немесе аумақтық соттылық бұзылған жағдайда судья сот отырысын тоқтатып, істі басқа соттың қарауына береді. Бұл туралы судья қаулы қабылдайды.
Егер істің жоғары түрған немесе әскери соттың қарауына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда сот қаралуына жатқызылуы бойынша жіберілуге тиіс (ҚР ҚІЖК 296-бап).
Қарауына жататын соттан қылмыстық істі басқа сотқа беру. Жекелеген жағдайларда, істі мейлінше тез, жан-жақты және объективті қарау мақсатында ол тараптардың өтініші немесе келісімі бойынша бір соттан сол деңгейдегі басқа соттың қарауына берілуі мүмкін. Бұл ретте істі беруге оның сот отырысында қаралуына дейін ғана жол беріледі.
КР ҚІЖК-нің 297-бабында айтьшғандай істі бір сотган екінші сотқа берутуралы мәселені жоғары түрған сот шешеді:
- егер ҚР ҚІЖК-нің 90-бабына сәйкес судьяға (сотталушының, жәбірленушінің және олардың қорғаушылары) қарсылық болған жағдайда;
- егер соттар құрамына кіретін судьяның денсаулығына немесе өзінің бас тартуына байланысты қатыса алмауы;
- егер белгілі бір жағдайларға байланысты соттардың істі қарауға мүмкіндігі болмаған жағдайда (ҚР ҚІЖК 90-бап).
Істі бір соттан екінші бір сотқа беру туралы мәселені жоғары тұрған сот шешіп, ол туралы қаулы шығарады.
Сот қаралуына жататындығы туралы дауларды шешу. Соттардың арасындағы сот қаралуына жататындығы туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және ол шағымдануға жатпайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
-
Мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына катысуы, оның құқықатары мен міндеттері.
-
Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері.
-
Жәбірленушінің сот талкылауына келмеудің салдары.
-
Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына катысуы, олардың құқықтары мен міндеттері. Олардың келмеудің салдары.
-
Басты сот талқылауының шегі.
-
Басты сот талкылауын кейінге қалдырудың негіздері мен іс жүргізушілік тәртіптері. Қылмыстық істі токтата тұрудың негізі мен іс жүргізушілік тәртібі.
-
Бұлтартау шарасы туралы және олардың мерзімдері туралы мәселелерді шешу.
-
Басты сот талкылауында қылмыстық істерді кысқарту.
-
Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртіптері. Басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету максатында қолданылатын шаралар.
-
Басты сот талқылауының хаттамасы, оның мазмұны мен маңызы. Басты сот талқылауы отырысының хаттамасына ескерту жасау және оларды қарау тәртіптері.
20-тақырып. Басты сот талқылауын тағайындау.
Дәріс мақсаты: Басты сот талқылауын тағайындауды ашу.
Қысқаша мазмұны:
-
Басты сот талқылауын тағайындау сатысының ұғымы мен маңызы, міндеттері. Келіп түскен қылмыстық істер бойынша соттың іс әрекеттері. Келіп тускен істер бойынша судья қабылдайтын шешімдердің түрлері. Шешімдерді қабылдаудың мерзімдері. Сотқа келіп түскен іс бойынша анықталуға жататын мәселелер.
-
Алдын ала тыңдауды тағайындаудың түсінігі мен тәртіптері. Алдын ала тыңдауды жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Алдын ала тыңдау процесінде прокурордың айыпты өзгертудің салдары.
-
Басты сот талқылауын тағайындаудың негіздері мен іс жүргізу тәртіптері. Басты сот талқылауын тағайындау туралы кдулының мазмұны мен нысаны. Басты сот талқылауы тағайындау туралы шешімді қабылдаудан кейінгі соттың іс әрекеті.
-
Қосымша тергеуді жүргізу үшін қылмыстық істі қайтарудың негіздері мен тәртіптері. Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қысқартудың негіздері мен тәртіптері.
1. Қылмыстық процестің негізгі сатысының бірі сот отырысын ұйымдастыру болып табылады. Бұл сатыда негізі азаматтардың құқығының қорғанысы, айыпталушы, жәбірленуші және басқа да сот отырысына қатысушылардың заңды қызығушылыктарының сақталуы қамтамасыз етіледі.
Сотқа келіп түскен істер: прокурордан келіп түскен айыптау қаулысы немесе айыптау актісі; тергеушіден келіп түскен істі сотқа жіберу немесе медициналық бұлтартпау шараларын қолдану қаулылары; тергеу органдарының айыптау хаттамасы; азаматтардың жеке айыптау арыздарынан сот отырысын дайындау сатысы басталады. Бұл саты сотқа дейінгі отырыста зандылығы мен негізділігін анықтап, басты сот талқылауына жіберуге негіздердің бар немесе жоқ болуын анықтайды. Сот отырысын ұйымдастыру және дайындық кезеңінің тәртібі мен ережесі ҚР ҚІЖК-нің 299-310-баптарында көрсетілген.
ҚР ҚІЖК-нің 299-бабына сәйкес қылмыстық сотқа келіп түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі сотта ҚР ҚІЖК-нің 300-бабына жетекшілік етіп судья сот отырысын тағайындаудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу кезінде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды:
1) істің аталған соттың қарауына жататындығын;
2) іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не уақытша тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайдың болу-болмауын;
3) анықтау және адцын ала тергеу жүргізу кезінде сот мәжілісін тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берілген-берілмегенін;
4) айыптау қорытыңдысының немесе айыптау хаттамасының көшірмесі берілген-берілмегенін;
5) айыпталушыға тандап алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе тоқтатуға жататын-жайтпайтындығын;
6) қылмыспен келтірілген залалды етеуді және мүлкін ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағанын;
7) арыздар мен өтініштердің қанағаттандыруға жататын-жатпайтындығын; (ҚР ҚІЖК 300-бап).
Судья келіп түскен іс бойынша:
- басты сот талқылауын тағайындайды;
- істі алдын ала тындауды жүргізу туралы шешімдерінің бірін қабылдайды.
Шешім іс сотқа келіп түскен сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс.
Судья қаулы шығарумен бір уақытта айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негізділігі туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрінің негізділігі немесе негізсіздігі туралы мәселені қарауға міндетті.
2. Істі алдын ала тындауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткізеді. Істі алдын ала тыңдау өткізілетін уақыт пен орын тараптарға хабарланады.
Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушының қатысуы міндетті. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнінде өтінген кезде оның қатысуынсыз жүргізіледі. Қорғаушы дәлелді себептерсіз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкіндігі болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушынының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады.
Егер сотқа жәбірленуші мен оның өкілінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердіц немесе олардың өкілдерінің келмеуі істі алдын ала тындауға кедергі болмайды (ҚР ҚІЖК 301-бабының үшінші бөлімі).
3.Басты сот талқылауын тағайындау (ҚР ҚІЖК 302-бап). Басты сот талқылауын тағайындауға сот қаулысында процестік және ұйымдастырушылық сұрақтары болуы керек.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда мынадай мәселелерді қамтуы тиіс:
- сотталушының аты-жөні, қылмыстық заң бойынша айыпталып отырған қылмыс бабы, жасаған қылмысымен келтірілген залал мөлшері;
- басты сот талқылауының орны, уақыты, күні;
- ҚР ҚІЖК-те көзделген жағдайларына байланысты істі соттың жабық отырысында қарау туралы;
- процеске қатысушылардың қарсылық білдіру, өтініштер және өзге де мәлімдемелері бойынша шешімдері;
- қорғаушы ретінде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешімді;
- басты сот отырысына шақыруға жататын адамдар тізбесін;
- ҚР КІЖК-дегі 315-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген және заң оның ісін сырттай қарауға жол беретін жағдайда істі айыпталушының қатысуынсыз тындау туралы шешімді;
- сот ісі қай тілде жүргізілетіні туралы шешімді; Сонымен қоса судья сот талқылауына қатысушылар мәселесін шешуі керек:
- қаралып отырған іске мемлекеттік айыптаушының қатысуы;
- азаматтық талапкер, азаматгық жауапкер және олардың өкілдері туралы.
Жоғарыдағы мәселелерді шешіп, сотталушыға айыптау үкімінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін және сотқа шақырылатын адамдар тізімін жасағаннан кейін басты сот талқылауын дайындауға қажетті шараларды қабылдайды.
Заң бойынша басты сот талқылауы кемінде үш тәуліктен кейін және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарған кезден бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға тиіс. Ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкін, бірақ ол отыз тәуліктен аспауы тиіс.
Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзарты-луы мүмкін. Алайда, соттың қандай мерзімге дейін істі созу мерзімі керсетілмеген. Бұған жауапты тек сот тәжірибесі көрсетеді, онда сот талқылауының мерзімі сот талқылауы аяқталғанға дейін және судьяның шешім шығарғанына дейін созылуы мүмкін.
4.Қылмыстық істі косымша тергеу үшін қайтару. Судья алдын ала тыңдау өткізгеннен кейін келесі бір шешімге келуі тиіс:
- істі қосымша тергеуге жіберу;
- істі тоқтата тұру;
- істі соттылыққа жіберу;
- істі қысқарту;
- қылмыстық істерді біріктіру;
- тараптардың шағымын қарау;
- іс бойынша сотты қысқартылған түрде қарау.
Судья істі қосымша тергеуге прокурор арқылы мынадай негізде жібереді:
- егер ол қаралып отырған іспен байланысты болып, істе айыпталушыға басқа айып тағуға негіздердің болуы немесе егер олардың әрекеті қаралып отырған іспен байланысты болса;
- басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіздер болса және жаңа адамдарға қатысты істі жеке қарау мүмкін болмаса;
- айыптау актісінде көрсетілген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғүрлым ауыр немесе елеулі түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттігі болған жағдайларда қосымша тергеуге жіберуге құқылы;
- тараптардың өтініші бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да іс дұрыс біріктірілмеген немесе бөлінбеген жағдайда;
- басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын басқа да елеулі бұзушылық анықталған жағдайда.
Бұл ретте судья қаулыда істің қандай негіз бойынша қайтарылып отырғанын керсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешуге міндетті.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді уақытша тоқтату (ҚР ҚІЖК 304-бап).Іс бойынша іс жүргізу бірнеше айыпталушылардың біреуіне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушылардың қүқығына нұқсан келтірмеуі шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкін. Іс жүргізуді уақытша тоқтату туралы қаулыны ҚР ҚІЖК-нің 50-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша шығаруы мүмкін. Мысалы, айыпталушы іздеуде болса, психикалық немесе басқа науқаспен ауырған адам болған жағдайда іс тоқтатылады.
Кейде іс бойынша бірнеше айыпталушы болып, олардың бірі іздеуде, бірі психиатриялық емханада болса, қалғандары қамауда болған жағдайда сот бұлтартпау шарасын өзгертуді мүмкін деп таппаған жағдайда іс жүргізу отыз тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтатылуы мүмкін.
Егер осы уақыт ішінде айыпталушылардың біреуіне қатыс-ты іс жүргізуді уақытша тоқтатуға негіздер жойылмаса, овда басқа айыпталушыларға қатысты іс жүргізу жаңартылуы және басты сот талқылауының күні белгіленуі тиіс (ҚР ҚІЖК 304-баптың 2-белігі).
Егер айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның анықталмағаны кезінде іс прокурорға қайтарылады (ҚР ҚІЖК 50-баптың 1-бөлігінің 1-тармағы). Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата түру кезінде сотталушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған кезде іс прокурорға қайтарылмайды.
Анықтаушы, тергеуші немесе прокурор кылмыспен келтірілген залалды өтеуді және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ететін шаралар кабылдамаған жағдайда судья қылмыстық ізге түсу органдарына оларды қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолдануды міндеттейді.
Егер судья істің өзі соттауына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешімнің зандық негіздерін келтіре және іс жолданатын сотты көрсете отырып, істі соттың қарауына жататын-дығы бойынша жіберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске катысушыларға хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |