ҚР Қылмыстық іс жүргізу қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер конспектісі



бет5/35
Дата09.06.2016
өлшемі2.32 Mb.
#124695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

2. Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының мәнін сипаттай келіп, Б.А. Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының субъекті ретінде онда ерекше орын алатынын ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу қызметіне қатысуы қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жүзеге асырылатынын өте орынды атап көрсетті1. Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі — сот.

Соттың қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны сот билігі органы деп белгіленген. «Сот, соттөрелігін жүзеге асырушы мемлекеттік билік органы ретінде - деп атап көрсетеді М.А. Чельцов, - іс жүргізу қызметінің басты субъектісі болып табылады». Сот ұғымына заң шығарушы сот құрамын қосқан (судья мен судьялар алқасына процесте істің мән-жайын зерттеу жөніндегі тең құқықтар берілген).

Соттың процестегі басшылық рөлі оның істі әділ сот жүргізу арқылы нақты шешу жөніндегі функциясымен айқындалады. Сот функциясы мазмұнына мыналар кіреді:

а) істі нақты шешу жөнінде қажетті жағдайлар жасау;

ә) істің нақты жағын (объективті ақиқатты) анықтау;

б) егер адам қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысынан баға беру және жазалау шарасын белгілеу;

в) егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері жоқ болса немесе сотталушының кінәсіз екені анықталса, сотталушыны ақтау;

г) заңды негіздер бар болса, істі қысқарту.

Сот құрамының заңдылығы, тәуелсіздігі, құзыреттілігі және бейтараптылығы заңмен белгіленген ережелердің сақталуымен қамтамасыз етіледі:

- қылмыстық істердің соттылығын анықтау;

- нақты қылмыстық істерді қарау үшін соттың құрамын жасақтау;

- судьяларды бөлу;

- істі шешу функциясын айыптау және қорғау функциясынан бөлектеу.

Заңда қылмыстық істерді қараудың екі түріне жол берілген:



  1. судьяның жеке өзі;

  2. үш судьядан, соның ішінде төрағалық етушіден тұратын судьялар алқасы.

Соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіндегі қызметі мынадан көрінеді:

- сот қылмыстық істі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік құқық нормаларын қолдана отырып қарайды және шешеді;

- алдын ала тергеу органдарынан қылмыстық істі қабылдай отырып, сот іс жүргізу заңының прокурормен, тергеушімен, анықтау органымен, анықтаушымен байланыс жасау тәртібі туралы нұсқаулықтарын басшылыққа алады;

- жасалған қылмыс дәлелдерін тексере отырып, сот жәбірленушімен, куәмен, сарапшымен, қорғаушымен және процеске қатысушы басқа да адамдармен қылмыстық іс жүргізушілік қатынаста болады;

- айыптау үкімін шығара отырып, сот жаза орындалатын жерлердің әкімшілігімен қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын жүзеге асырады.

Соттың қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдар жүйесіндегі орнының маңыздылығын түсіну үшін басқа ешқандай органға емес, тек сотқа ғана берілетін өкілеттіктердің мазмұнын ескеру қажет. Сондықтан, адамды айыпты деп тануға және оған жаза тағайындауға, адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға, төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оны өзгертуге тек соттың ғана құқығы бар.

Соттың жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарынан туындайтын өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіңдегі қызметінде маңызды орын алады. Мәселен, бірінші сатыдағы сот ұйығарған үкімге он тәулік ішінде шағым жасауға немесе наразылық білдіруге болады, оның өзі жаңа сот перспективаларын ашады (істің апелляциялық немесе кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін, оның процедурасы ҚІЖК-те қатаң белгіленген). Егер айыптау үкімі күшіне енген болса, оның өзі үкімді орындауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын туғызады. Соттың өзге дәлелдер талап ету жөніндегі шешімі сол дәлелдерді іс жүргізу барысында орнықтыру мен бағалауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарының жүзеге асырылуын білдіреді. Сонымен, сот қаралып отырған қатынастарға қатысушы бола отырып, сонымен бір мезгілде өз шешімдерімен жаңа іс жүргізу қатынастарын туындатады (сот шешімдері іс жүргізу түрінде ғана жүзеге асырылады).

Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыра отырып, қылмыстық іс жүргізу қатынастары шегінен шығып кететін жағдайлар болуы мүмкін. Соттың істі қарауы барысында әкімшілік жауаптылықка әкеліп соғатын мән-жайларды анықтауы оған үкіммен немесе өзге де шешіммен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығару құқығын береді (ҚІЖК 59-бабының 4-бөлігі).

Соттың істі қарауға байланысты ұйымдастыру жұмысының іс жүргізушілік негізі бар. Мәселен, басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін судья тараптардың сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында өздері таныстырылмаған барлық материалдармен танысуы үшін шаралар қолданады (ҚІЖК-тің 308-бабы). Судьялар алқасы істі ұзақ уақыт қарайтындай болса, сотта төрағалық етуші запастағы судьяның қатысуын қамтамасыз етеді (ҚІЖК-тің 313-бабы). Төрағалық етуші сот отырысының барысына басшылық етеді, қатысушылардың бәрінің заңда кажетгі тәртіп сақтауын қадағалайды, тәртіп бұзушыларға шаралар қолданады (ҚІЖК-тің 61-бабы). Заң негізі соттың (судьяның) осы және өзге ұйымдық іс-әрекеттеріне қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастары сипатын береді.

Соттың процестегі құқықтық жағдайының өзіндік ерекшелігі, сонымен бірге, сот ісін жүргізудің істі нақты шешу кезінде іс бойынша ақиқатқа жетуді кездейтін мақсатымен айқындалады. Мақсаттың философиялық мәні мынада: ол сотты бәсекелесуші тараптар жөнінде мүлдем бейтарап жағдайға қояды. Сот өз шешімінде әділ болуға тиіс, бұған оның кіршіксіз әділдігімен жетуге болады. Алайда мұның өзі сот шешіміне субъективті факторлардың (мысалы, қылмыскердің жасы ұлғайып кетуіне, отбасы жағдайының ауырлығына, шын көңілден өкінуіне байланысты төменгі шектең төмен мерзімге бас бостандығынан айыру) ықпал етуі мүмкін екенін тіпті де жоққа шығармайды. Сонымен бірге сот шешімін субъективтендіру — жазаны даралау принципі көріністерінің бірі, бұл материалдық-құқықтық қатынастар саласында өте маңызды.

Бәсекелесуші тараптар жөнінде сот бейтараптылығының маңызы мынада:

- істі толық, жан-жақты және объективті карау үшін қажетті жағдайлар жасау;

- заңдылықтың сақталуына жәрдемдесу;

- процеске қатысушыларда сот әділдігіне сенім қалыптастыру;

- процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін пәрменді түрде қорғау.

Соттың өзіне бөлінген функцияны орындауы іс жүргізушілік кепілдіктері жүйесімен қамтамасыз етіледі, солардың ішіндегі ең елеулілері:

- соттың айыпталушыға тағылған айыптан оның заңда көзделген құралдармен және әдістермен қорғануына мүмкіндік беру міндеттілігі;

- айыпталушының жеке және мүліктік құқықтарын заңмен қорғау (соттың бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мүлкін күзету жөнінде шаралар қолдануға соттың міндеттілігі; сотталған адамның балаларын қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа беру, ҚІЖК-тің 388-бабы);

- заңның қылмыс жасалуына мүмкіндік туғызған себептер мен жағдайларды анықтау жөніндегі талабы;

- соттың дәлелдерді өзінің ішкі сезімі бойынша бағалауымен солардың жиынтығы бойынша істі дұрыс шешу;

- іс бойынша барлық дәлелдер маңызының бірдей болуы;

- соттың іс жүргізушілік жауапкершілікті заң нұсқамаларын бұзған адамға жүктеу құқығы;

- соттың негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізу санкцияларын қолдану құқығы (мысалы, кассациялық соттың үкім күшін жазаның жұмсақтығы үшін жоюы немесе ақтау үкімінің күшін жоюы);

- сот шешімін негізінен алқалы түрде шешу (сот істердің жекелеген категориялары бойыншашешімді жеке-дара қабылдайды);

- істің нәтижесіне судья тікелей немесе жанама мүдделі болған жағдайда қарсылық білдіру үшін негіз болуы (ҚІЖК-тің 90-бабы);

- судьяны істі қараудан шетгету үшін негіздер болуы (ҚІЖК-тің 89-бабы);

- судьяның шешім шығару кезінде ерекше пікірде болу құқығы.
3. Күдікті — қылмыстық іс жасағаны туралы күмән келтірілген, қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған тұлға (ҚР ҚІЖК 68-бабы).

Қылмыстық процеске қатысушы ретінде күдіктінің іс жүргізу дәрежесіндегі ерекшеліктері мынадай:

— ол алдын ала тергеу кезеңіндегі қылмыстық іс-жүргізу ісіне катысушы болып танылады;

— күдіктіні ұстау сәтінен үш сағат өтпей тұрып хаттама толтырылады ҚР ҚІЖК 134-бабы);

— ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 135-, бабы);

— күдікті уакытша ұстау изоляторында ұсталады (ҚР ҚІЖК 137-бабы);

— қылмыстық ізге түсу органы күдікті деп танылған тұлғаны прокурордың санкциясына сәйкес жетпіс екі сағаттан 10 тәулікке дейін ұстауға құқылы, ал қылмысты болдырмау шараларын қолданудан айып тағуға дейінгі кезенде 10 тәуліктен де артық ұстауға құқылы.

Күдіктіге қатысты мынадай қылмыс жолын кесу шаралары қолданылуы мүмкін:

— кетіп қалмау туралы қолхат, жеке кепілдік, бақылауға тапсыру немесе қорғау, кепілдеме алу, үйде тұтқынға алу, тұтқынға алу.

Күдікті өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуі қажет және өзінің іс жүргізу құқтарын пайдалануы қажет (өтініш беру, қорғаушы талап ету, т.б.).

Ұсталған күдіктінің құқықтары:

1) телефон немесе басқа да тәсілдер арқылы өзінің тұрғылықты жеріне не жұмысына ұсталғаны жөнінде және ұстап отырған жері туралы тез хабар беруге;

2) өзінің не үшін күдікті болғаны туралы білуге құқылы және оған қарсы қозғалған қылмыстық іс туралы қаулының көшірмесін алуға немесе ұстау туралы, қылмыстың жолын кесу шараларын қолдану туралы қаулы хаттамаларының көшірмесін алуға құқылы;

3) оған қарсы қойылған күдіктерге қатысты дәлелдемелер мен жауап түсініктерді беруге немесе ол туралы түсінік пен жауап бермеуге құқылы;

4) айғақты дәлелдемелерді ұсынуға құқылы;

5) өтініш пен қарсылық білдіруге құқылы;

6) түсініктеме мен жауапты туған ана тілінде немесе өзі білетін тілінде беруге құқылы;

7) аудармашының ақысыз көмегін пайдалануға құқылы;

8) өзінің қатысуымен жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысуға және сол хаттамаға қатысты ескертпелер айтуға құқылы;

9) өзінің өтінішіне немесе қорғаушының, заңды өкілдің өтініші бойынша жүргізіліп отырған тергеу істеріне катысты тергеушінің не анықтаушының шешіміне катысуға құқылы;

10) соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға құқылы; оның өтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алу жүргізілуге құқылы.

Күдіктінің қорғаушысы немесе заңды өкілінің болуы күдіктінің қандай да бір құқығын шектеуге немесе жоюға негіз бола алмайды.



Айыпталушы — жауапқа тарту туралы қаулы шыққан не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын кылмыстық іс қозғалған адам. (ҚР ҚІЖК 69-бабы).

Айыпталушы қылмыстық процестің негізгі қатысушысы болып танылады, оған қатысты қылмыстық іс қозғалады алдын ала тергеу ісі жүргізіледі және сот талқылауы жүргізіледі, сот үкімі шешіледі.

Айыпталушының құқықтары:

1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен занды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға құқылы;

2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы;

3) қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға құқылы;

4) қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтарын және мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуге құқылы;

5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы;

6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге құқылы;

7) айғақ беруден бас тартуға құқылы;

8) дәлел ұсынуға, өтініш пен қарсылық мәлімдеуге құқылы;

9)ана тілінде және өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге құқылы;

10) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

11) қорғаушысы болуға;

12) ҚР КІЖК-нде көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға;

13) Тергеушінің немесе занды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне катысуға; осы әрекеттердің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге;

14) Сарапшының алдына мәселелер қоюға, сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға;

15) Тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға;

16) Айыптау қорытындысының және оның косымшаларының көшірмелерін алуға;

17) Соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының (іс-әрекеті мен шешіміне шағым беруге);

18) Ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге;

19) Жария сөз талқылауын талап етуге құқылы;

20) Сотталушының бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың қарауына қатысуға және тараптың барлық құқықтарын пайдалануға, сондай-ақ ақырғы сөз құқығына ие болуға құқылы.

Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған сәттен бастап айыпталушы — сотталушы деп танылады, ал өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы — сотталған адам, өзіне катысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы — ақталушы деп танылады (ҚР ҚІЖК 69-бабы).



Сотталған немесе ақталған адамның құқықтары:

1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге;

2) соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағымдалған шешімдердің көшірмесін алуға;

3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен қарсылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге; мәлімделген шағымдар мен қарсылыктардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.

Іске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкілінің қатысуы айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшін негіз бола алмайды.

Қорғаушы — заңда белгіленген тәртіппен күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам (ҚР ҚІЖК 70-бап).

Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабында былай делінген: «ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы».

Қорғаушы ретінде мыналар қатыса алады: адвокаттар; кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері; айыпталушы мен күдіктінің жақын туыстары мен занды өкілдері; шетел адвокаттары, егер ол Қазақстан Республикасының тиісілі мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, зандарда белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде қатысуға жол беріледі. Қорғаушы сот өндірісінің барлық кезендеріне қатысуға құқылы: іс қозғау және алдын ала тергеу ісіне, соттың талқылауына, апелляциялық және кадағалау инстанцияларына қатысуға құқылы. Адамды күдікті, айыпталушы немесе сотталушы деп айып тағылған сәттен бастап қорғаушы іске қатысуға жіберіледі.

Ескерте кету керек, қорғаушының сот талқылауына қатысуы мынадай жағдайларда ғана міндетті деп танылады: (ҚР ҚІЖК71-бап):

— сот талқылауында прокурор қатысқан жағдайда;

— кәмелекте толмаған болса;

— мылқау, саңырау, соқыр, басқа да кемістігі бар адамдар қатысса, яғни өзінің дене және психикалық кемістігінен қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса;

— сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам болса;

— өмір бойы бас бостандығынан айырылу немесе өлім жазасы тағайындалуы мүмкін болатын қылмысты жасағаны үшін айыпталса;

— айыпталушыны, сотталушыны тұтқынға алу шарасы қолданылса;

— күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың мүдделері арасында қайшылық болып, олардың біреуінің қорғаушысы болса;

Егер осы аталған мән-жайлар болған кезде қорғаушыны айыпталушы, оның занды өкілі немесе олардың тапсыруы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, тергеуші, прокурор немесе сот істе қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар жасайды.



Жәбірленуші — қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтіріді деп ұйғарған анықтаушы, тергеуші органдардың, тергеушінің, прокурордың, судьяның немесе соттың қаулысы шыққан адам (ҚР КДЖК 75-бап).

Жәбірленушінің өлімімен аяқталған қылмыстар туралы іс бойынша жәбірленушінің құқықтарын оның жақын туыстары пайдалануға құқылы.

Ескерте кету керек, занды тұлға өзіне қатысты тікелей кылмыспен мүліктік зала келтіреді деп ұйғаруға жеткілікті негіз бар деп таныса, азаматтық талапкер ретінде қатыса алады (ҚР ҚІЖК 77-бап).

ҚР ҚІЖК 76-бабында жәбірленушінің жариялы және жеке-жариялы айыптау, яғни өз бетінше сот айыбын қолдау ісі бойынша қосымша іс жүргізу құқықтарын ерекше айқындайды. Айыптауды қолдау тек сот жарыссөзіне қатысу кезінде ғана емес, бүкіл сот талқылауы барысында өтініш-арыз жолымен, айғақ дәлелдемелерді ұсыну жолымен жүзеге асатынын ескерген жөн. Жеке айыптаушы жәбірленушінің барлық құқықтары мен міндеттерін атқарады.



Жәбірленушінің құқықтары:

1) өзіне келтірілген моральдық және зиянды өтеу туралы талап қоюына кұқылы;

2) Егер мұндай талап қылмыстық істе қойылмаса не қараусыз қалса, онда оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы;

3) Айыпталушыға тағылған айып туралы білуге; айғақ беруге, дәлелдер ұсынуға; өтініш пен қарсылық білдіруге құқылы;

4) Ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;

5) Аудармашының тегін көмегін пайдалануға, өкілі болуына құкылы;

6) Одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық ізге түсу органы алып койған немесе өзі берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамнан алып қойылған оған тиесілі мүлікті алуға, оған тиесілі құжаттардың түп нұсқаларын алуға құқылы;

7) Тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілген тергеу әрекеттеріне қатысуға;

8) Занда кезделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен татуласуға;

9) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға құқылы;

10) Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау корытындысының көшірмелерін, сондай-ақ үкімнің, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмесін алуға құқылы;

11) Бірінші сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға құқылы;

12) Сот жарыссөздерінде сөйлеуге, айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға құқылы;

13) Сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескерту беруге құқылы;

14) Қылмыстық процесті жүргізуші органның әрекетіне шағым әкелуге;

15) Соттың үкімі мен қаулысына шағымдануға;

16) Іс бойынша әкелінген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтар туралы білуге жөне оған қарсылық білдіруге;

17) Мәлімделген шығамдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық сатыдағы соттың қарауына қатысуға құқығы бар.

Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда — оның құқықтық мүрагерлерінің аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына сотталған адамға қатысты үкім орындалған жағдайда және өлім жазасына кесілген адамның осы қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.

Көрсетілген жағдайларда қылмыспен келтірілген залал үшін мемлекеттің есебінен өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің өтініші бойынша өлім жазасы туралы үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда, егер залал бір мың ең төменгі есептік көрсеткіштен аспаса, залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар.



Жәбірленушінің міндеттері:

1) Қылмыстық процесіті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге міндетті, іс бойынша белгілі барлық, мән-жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге міндетті;

2)өзіне іс бойынша белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті;

3)тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

Жәбірленуші дәлелсіз себептермен шақыру бойынша келмеген кезде ол ҚР КІЖК-нің 158-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және зандарға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Жәбірленуші жауап беруден бас тартқаны үшін және қасақана жалған айғақ бергені үшін зандарға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.

Зардабы адамның қайтыс болуына жеткізген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары жүзеге асырады. Егер жәбірленушінің құқықтарын беруге туыстарының қаза табуына байланысты қылмыспен моральдық зиян келтірілген бірнеше адам үміткер болып отырса, олардың бәрі не олардың арасындағы келісім бойынша олардың біреуі жәбірленуші болып таныла алады.

Қылмыспен моральдық немесе мүліктік зиян келтірілген занды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін занды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.



Кәмелетке толмаған айыпталушының, сезiктiнiң заңды өкiлдерi . Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша iске қатысуға осы Кодексте көзделген тәртiппен олардың заңды өкiлдерi тартылады.

Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының өкiлдерi

Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқығы бар және қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қатысуға рұқсат етiлген адвокаттар мен өзге де адамдар жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының өкiлдерi болуы мүмкiн.

Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.
Мұндай жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокатқа рұқсат беріледі. Егер жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі адвокат шақырмаған жағдайда, адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті қаулы шығару жолымен қылмыстық процесті жүргізуші орган адвокаттың қатысуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық процесті жүргізуші орган нақты адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға ұсыным беруге құқылы емес.

Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалардiкiндей, осы Кодексте көзделген шектерде, iс жүргiзу құқығы болады.

Жәбiрленушi, азаматтық талапкер, жеке айыптаушы өкiлiнiң өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да болсын әрекеттер жасауға құқығы жоқ.

Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының iске өзiнiң қатысуы олардың осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығын жоймайды.

Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi

Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуде азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқығы бар және қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қатысуға рұқсат етiлген адвокаттар және өзге де адамдар азаматтық жауапкердiң өкiлдерi болып танылады.

Азаматтық жауапкер өкiлдерiнiң өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалардiкiндей iс жүргiзу құқығы болады.

Азаматтық жауапкер өкiлiнiң өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да болмасын әрекеттер жасауға құқығы жоқ.

Азаматтық жауапкердiң iске өзiнiң қатысуы олардың осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығын жоймайды.

4. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар

Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар қатарына куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы және сот приставы жатады.



Куә. Айғақ беру үшін куә ретінде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам шақырылуы мүмкін және одан жауап алынуы мүмкін (ҚР КІЖК 82-бап).

Куәнің құқықтары:

1) қылмыстық жасалатын әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оның өзі, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін ізіне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға;

2) өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

3) одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға;

4) жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға;

5) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың іс-әрекетіне шағым жасауға, өз құқықтары мен занды мүдделеріне қатысты өтінішін мәлімдеуге құқығы бар.

Куә егер адвокат қандай да бір басқа сапада іске қатыспаса, өзінің адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқылы. Адвокаттың келмеуі тергеуші белгілеген уақытта айғақ болуды жүр-гізуге кедергі келтірмейді.

Куәнің міндеттері:

1) куә аныктаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; іс бойынша барлық өзіне белгілі жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер оған анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, өзіне іс бойынша белгілі мән-жайлар туралы мәліметті жарияламауға міндетті;

2) тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы кезінде белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті;

3) куә көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өлім себептерін, ауыр қылмыс зияндылығын, күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің психикалық күйін анықтау қажеттілігіне сәйкес сараптамаға немесе куәландырылуға мәжбүрлеп тартылмайды.

Қасақана жауап бергені үшін және жауап беруден бас тартқаны үшін куә ҚР ҚК-нің 352-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Айғақтар беруден бас тарту немесе қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмеу әкімшілік жауапқа тартуға әкеп соғады.

Куә ретінде жауап алуға тыйым салынады:

1) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешімін шығару кезінде туындаған мәселелерді кеңесу бөлмесінде талқылау барысында өздеріне белгілі болған кылмыстық істің мән-жайлары туралы — судья, алқаби;

2) аралық судьяның немесе төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты өзіне белгілі болғай мән-жайлар туралы — аралық судья немесе төреші;

3) қылмыстық іс бойынша өзінің міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған жағдайлар туралы — күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы, сонымен бірдей жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және азаматтық, жауапкердің өкілі;

4) оған ішкі сырын ашу кезінде белгілі болған мән-жайлар туралы — діни қызметкерлер;

5) өзінің жасының талмауына не психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз куә ретінде жауап алуға жатпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет