ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет1/2
Дата27.09.2022
өлшемі35.86 Kb.
#461459
түріОқулық
  1   2
КТЖ География 7 сынып


Түсінік хат

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016);


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
Әдістемелік құралда «География» оқулығының ғылыми-әдістемелік негіздері және олардың 7-9 - сыныптар үшін қолданылуы қарастырылады. Құрал өзінің тәжірибесінде жалпы орта білім берудің негізгі бағдарламасын меңгеруге қойылатын талаптарды жүзеге асыратын
мұғалімге көмекші болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама 7-9 - сыныптарға арналған «География» пәнінің сағат санын – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат етіп белгілейді. Әдістемелік құралда авторлары «География» оқулығының құрылымы, мазмұны мен әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі және олардың 7-9 - сыныптар ОӘК үшін қолданылуы, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, 7-9 - сыныптар курсын оқып-үйрену бойынша (жеке, жүйелік-әрекеттік және пәндік) жоспарланатын нәтижелер, сабақтардың әдістемелік талдамалары ұсынылады. Әдістемелік құралда География сабағында оқытудың теориялары мен практикасының неғұрлым өзекті әдістерін қолдану: әртүрлі оқу міндеттерін жүзеге асыру кезіндегі белсенді әдістерді таңдап алу бойынша ұсыныстар, топтық жұмысты ұйымдастырудың негізгі әдістемелік көзқарастары көрініс тапқан. Авторлар заманауи География сабақтарының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын алға тартады.
Мақсаты: мұғалімге «Биология», «Физика», «Химия», «География», «Жаратылыстану» сияқты пәндерді оқып-үйренудің пропедевтикалық негізін салуға мүмкіндік беретін әдістемелік құралдарды ұсыну және алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет