ҚР ҚМ сайтының «ҚСХҚЕС» бөліміне сұрақтар мен жауаптар Сұрақ



Дата27.02.2016
өлшемі172.28 Kb.
    Бұл бет үшін навигация:
  • Сұрақ






№ исх: ДМБУА-2/23011-И от: 30.11.2012

ҚР ҚМ сайтының «ҚСХҚЕС» бөліміне сұрақтар мен жауаптар

Сұрақ

Басқа мемлекеттік мекемелерге негізгі құралдар объектілерінің жинақталған амортизациясын беру қалайша жүргізіледі және қандай жағдайларда жинақталған амортизация жiберушi мемлекеттік мекеменің теңгерімінде қалады?



Жауап

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 жылы


№ 281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.07.2012 жылғы №338 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, бұрын бюджеттік қаржыландыру есебінен сатып алынған негізгі құралдарды пайдаланудан шығару кезінде мемлекеттік мекеме бухгалтерлік жазба жүргізеді: 7420 «Ұзақ мерзiмдi активтерді шығару бойынша шығыстар» дебет шоты мен Шоттар жоспарының «Негізгі қаражат» кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шот кредиті – баланстық құнға, сонымен қатар 2391 «Негiзгi құралдардың жиналған амортизациясы» қосалқы шотынан дебет Шоттар жоспарының «Негізгі қаражат» кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шот кредиті – осы актив бойынша жиналған амортизация сомасына. Сонымен қатар күрделі салымдардың қаржыландыру қалдығын есептен шығару жүргізіледі: 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» кредит шотынан 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының дебетіне.
Сұрақ

Мемлекеттік мекеме қызметінің үдерісінде негізгі құралдарды жөндеуде шығындар туындайды. Мемлекеттік мекеме ағымдағы да, сондай-ақ күрделі де шығындарды есепке қою үшін қандай өлшемдерді басшылыққа алуы тиіс және жөндеуге кеткен осы шығындарды бұдан әрі негізгі құралдар объектілерінің құнын ұлғайтуды болжамдайтын «Күрделі салымдарды қаржыландыру» деп есептелуі мүмкін бе?



Жауап

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасының 273-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 24.07.2012 жылғы №348 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, (бұдан әрі – №393 қағида) объектінің техникалық жағдайын сақтау және қолдау мақсатында шығарылатын негізгі құралдардың объектісіне қызмет көрсетуге, негізгі құралдарды жөндеуге және пайдалануға шығындар алғашқы құнды ұлғайтпайды, керісінше олардың туындау сәтінде ағымдағы шығыстар ретінде танылады.

Жөндеуге арналған шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен көрсетіледі: 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар» шотының дебеті және 3210 «Өнім берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.

№393 қағиданың 271-тармағына сәйкес салып бітіру, толық жабдықтау немесе негізгі құралдар объектілерін реконструкциялау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік мекеменің шығындары олардың құнын арттырады. Бұл ретте, егер мемлекеттік мекемеге алғашқы бағаланған нормалардан тыс болашақ экономикалық пайда түскен жағдайда кейінгі күрделі салымдар нәтижесінде негізгі құралдар объектілерінің теңгерімдік құнын ұлғайту жүргізіледі.

Болашақ экономикалық пайданы (күрделі салымдарды) ұлғайтатын шығындардың үлгілері ретінде мынадай шығындар болуы мүмкін:

оның ұтымды пайдаланылуының мерзімін ұзартуды, оның қуаттылығын арттыруды қоса алғанда негізгі құралдар объектісін түрлендіру;

өнім сапасын айтарлықтай жақсартуға қол жеткізу үшін машиналардың бөлшектерін жетілдіру;

бұрын бағаланған шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа өндірістік үдерістерді енгізу.


Сұрақ

Ғылыми әзірлемелер бойынша жұмыстарды орындауға әзірлеме сатысындағы шығындар активтерді тану өлшемдерге сәйкес келген кезде күрделі салымдарды есепке алу шотына жатады. Күрделі салымдар іс жүзіндегі шығындар бойынша өлшенеді және 2412 «Материалдық емес активтерге күрделі салымдар» қосалқы отына есептеледі. Ғылыми жұмыстардың аяқталған және қабылданған нәтижелері қабылдау актілері негізінде тану өлшемдері сақталған кезде материалдық емес активтерді есепке алу шотына жатады. Тану өлшемдеріне материалдық емес активтер сәйкес келмеген жағдайда, шеккен шығындар шығыстарға жатқызылатын болады. Ғылыми әзірлемелердің түпкілікті нәтижелеріне қалай есеп жүргізуге болады және олардың өзіндік құны ғылыми әзірлемелерге жұмсалған шығындарға жатады ма және, егер жататын болса, ол бухгалтерлік өткізулерде қалай көрсетілетін болады?



Жауап

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасының 343-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 24.07.2012 жылғы №348 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, мемлекеттік мекеме материалдық емес активті құру кезінде:

зерттеу кезеңінде шығындар олардың пайда болуы сәтінде әрдайым шығыстар ретінде танылады. Зерттеу сатысында мемлекеттік мекеме болашақта ықтимал экономикалық пайдаларды құратын материалдық емес активтің бар екенін көрсете алмайды. Бастапқыда шығыстар ретінде танылған материалдық емес активтеріне арналған шығындар кейіннен материалдық емес активтердің өзіндік құнының бір бөлігі ретінде танылуға тиіс емес. Ғылыми әзірлемелер бойынша жұмыстарды орындауға әзірлеме сатысындағы шығындар активтерді тану өлшемдерге сәйкес келген кезде күрделі салымдарды есепке алу шотына жатады. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазба жүргізіледі: 2412 «Материалдық емес активтерге күрделі салымдар» шотының дебеті бойынша және 3210 «Өнім берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша – орындалған жұмыстарға.

Қабылдау актілері негізінде ғылыми жұмыстардың аяқталған және қабылданған нәтижелері тану өлшемдері сақталған жағдайда материалдық емес активтерді есепке алу шотына жатады. Бұл ретте, мынадай корреспонденция жүзеге асырылады: 2710 «Материалдық емес активтер» шотының қосалқы шоттарының дебеті бойынша және 2412 «Материалдық емес активтерге күрделі салымдар» шотының кредиті бойынша.


Сұрақ

Қандай өлшемдер мен критерийлер бойынша 1 «Бухгалтерлік теңгерім» нысаны мен 4 «Таза активтер/капиталдың өзгерістері туралы есеп» нысанымен келісуді қоспағанда 2 «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп» нысанын тексеру жүргізіледі.



Жауап

Мемлекеттік мекеме мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жылдық және тоқсандық есептерінің нысандары бойынша негізгі көрсеткіштердің келісілуін тексеру Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесінің Келісу схемасы бойынша жүзеге асырылады (2-қосымша).

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 418 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандары мен жасау және ұсыну қағидасының 1 «Бухгалтерлік теңгерім» нысаны мен 2 «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп» нысаны өзара салыстырылмайтынын атап өтеміз, өйткені 2 «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп» нысанының 300 «Есептік кезеңнің қаржылық нәтижесі» деген жолы бойынша деректер 4 «Таза активтер/капиталдың өзгерістері туралы есеп» нысанының 5 «Жинақталған қаржы нәтижесі» деген бағанының 050 «Есептік кезеңнің қаржылық нәтижесі» деген жолымен салыстырылып қаралады. Бұл ретте 4 «Таза активтер/капиталдың өзгерістері туралы есеп» нысанының 010 «Есепті кезеңнің басында» және 060 «Есепті кезеңнің соңында» деген жолдар 1 «Бухгалтерлік теңгерім» нысанының 500 «Барлығы таза активтер/капитал» деген жолдардың деректерімен тиісінше есепті кезеңнің басында және есепті кезеңнің соңында салыстырылып қаралады.

2 «Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп» нысанының 300 «Есептік кезеңнің қаржылық нәтижесі» деген жолы бойынша деректер бұдан әрі 1 «Бухгалтерлік теңгерім» нысанының «Есепті кезеңнің соңында» деген бағанының 414 «Жинақталған қаржы нәтижесі» деген жолы бойынша жалпы нәтижеге кіреді, яғни 1 «Бухгалтерлік теңгерім» нысанының «Есепті кезеңнің соңында» деген бағанының 300 «Есептік кезеңнің қаржылық нәтижесі» деген жолы бойынша есепті кезеңнің басындағы жинақтаушы қаржылық нәтижесіне қосқанда есепті кезеңнің қаржылық нәтижесін көрсетеді.


Сұрақ

«Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» 5-нысанында кредиторлық берешекті есепке алу бойынша кесте жоқ па?

«Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» 5-нысанның 2 «Қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» кестесінде бюджет алдындағы қарызды есепке алу жоқ па?

Жауап

Есептi кезеңнің басындағы және аяғындағы кредиторлық және дебиторлық берешектер (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) бойынша деректер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 8 шiлдедегi № 325 бұйрығымен бекітілген Қаржы есептiлiгiн жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесiнің «Бухгалтерлiк балансты» 1-нысанында (бұдан әрі – Қаржылық есептілікті жасаудың ережелері) көрсетіледі.

Бұл ретте дебиторлық және кредиторлық берешектер жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы №89 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігін жасау және ұсыну қағидасын КЗ-Б «Кредиторлық берешек туралы есеп», ДЗ-Б «Дебиторлық берешек туралы есеп» нысандарында ұсынылады.

Қаржылық есептілікті жасау қағидаларының 5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанындағы деректердің салыстырмалылығы және 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектері» шоты бойынша сомалардың таратып жазу мақсатында сатып тек алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша ақпарат көрсетілген 2 «Қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек» кестесі енгізілген, ол бойынша ҚР ҚМ 2012 жылғы 24 шілдедегі №348 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, ҚР ҚМ 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларында күмәнді борыштар бойынша резервтер құру көзделген.

Бұдан басқа, Қаржылық есептілікті жасау қағидаларының «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» 5-нысанының «Қаржылық есептілікке ашулар» бөлімінде қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек бойынша мынадай ақпаратты:

сабақтас тараптармен (өз жүйесiнің мемлекеттiк мекемелермен және бақыланатын субъекттілермен) операциялар бойынша;

күмәндi дебиторлық берешек бойынша жасалған резерв бойынша есептеулер;

есептен шығару себептерi көрсетілген күмәндi дебиторлық берешек бойынша үмітсіз борыштардың сомалары;

өзге қосымша мәлiметті ұсыну көзделген.
Сұрақ

Түсіндірме жазбаның (5-шi нысан) «Негiзгi құралдар» 5-кестесінде «Күрделі салымдарды қаржыландыру» 3-бағаны бойынша Таза активтердің/капиталдардың өзгерiстерi туралы есептің (4-нысан) 047 «Таза активтердің/капиталдардың өзгерiстерi туралы есепте тікелей танылған қаржыландыруды ұлғайту» жолын неғұрлым дәл есептеу үшін есептi кезеңде түскен активтер бойынша амортизацияны есепке алуға бола ма?



Жауап

ҚР ҚМ 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 8 шiлдедегi № 325 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларының «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» 5-нысанының «Негiзгi құралдар» 5-кестесінің (бұдан әрі – Қаржылық есептілікті жасау қағидалары) көрсеткіштері 4 «Таза активтердің/капиталдардың өзгерiстерi туралы есеп» нысаның 047 «Таза активтердің/капиталдардың өзгерiстерi туралы есепте тікелей танылған қаржыландыруды ұлғайту» жолының көрсеткіштерімен салыстырылмайды.

«Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» 5-нысанының 5 «Негiзгi құралдар», 6 «Инвестициялық жылжымайтын мүлiк», 7 «Биологиялық активтер» және 8 «Материалдық емес активтер» кестелерінің көрсеткіштері баланстық құны бойынша Қаржылық есептілікті жасау ережелерінің «Бухгалтерлік баланс» 1-нысанының көрсеткіштерімен және бастапқы құны бойынша ҚР ҚМ 29.07.2011 ж. №387 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы №89 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігін жасау және ұсыну қағидаларының «Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы туралы есеп» 5-б-нысанының көрсеткіштерімен салыстырылады.
Сұрақ

«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ 24.07.2012ж. №393 бұйрығының 267-шi тармағына сәйкес күрделі салым бойынша есептелген амортизация сомасы 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредитіне жатады. Бұл осы соманың Қаржыландыру қызметінің нәтижелері туралы есептің 4-бағанының 012-жолы бойынша көрсетілуі керек дегенді бiлдiре ме?



Жауап

«Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын бекiту туралы» ҚР ҚМ 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығы бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарына сәйкес (бұдан әрі – Жоспар) 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер» шоты кірістерді, оның ішінде бұрын бюджеттік қаржыландыру есебінен сатып алынған ұзақ мерзімді активтердің есептелген амортизациясының сомасына мөлшерлес күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынудан түскен кірістерді тану үшін пайдаланылады.

ҚР ҚМ 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 8 шiлдедегi № 325 бұйрығымен бекітілген Қаржы есептiлiгiн жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесiнің «Қаржылық қызметтің нәтижелері туралы» 2-нысанның 012 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» жолы бойынша 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті бойынша сомалар, оның ішінде: бюджет қаражаты есебінен күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынуға арналған кірістер, шыққан негізгі құралдар бойынша күрделі салымдарды қаржыландыруды есептен шығару, жетіспейтін негізгі құралдар бойынша қаржыландырудың қалдығын есептен шығару енгізіледі.

Сұрақ

«Активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есеп» 2-нысаныныда 111 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» жолы бойынша «кредит бойынша айналымдар» 5-бағанында жинақталған амортизация сомасы көрсетілген, ал «дебет бойынша айналымдар» 4-бағанында активтердi есептен шығару көрсетiлген.

Сұрақ: 2-нысанның 4-бағанының 111-жолында не көрсетiледi:

- амортизация есептелген активтердi есептен шығару сомасы ғана ма?


- немесе активтердiң есептен шығарудың (яғни амортизация есептелмеген активтердi ескере отырып) жалпы сомасы ма?

Жауап

ҚР Бюджет кодексімен сәйкестікке келтіру мақсатында «Қаржы есептiлiгiн жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 8 шiлдедегi № 325 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ҚМ 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен «Активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есеп» 2-нысаны алынып тасталды.



Сұрақ

«Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс)» 3-нысанның 3-бағанының 012-жолы «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» 4-20-нысанның көрсеткіштерімен сәйкес келе ме?



Жауап

ҚР ҚМ 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 8 шiлдедегi № 325 бұйрығымен бекітілген Қаржы есептiлiгiн жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесiнің «Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс)» 3-нысанның 3-бағанының 012-жолы бойынша көрсеткіштер ҚР ҚМ 29.07.2011 ж. №387 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, ҚР ҚМ 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсыну ережесiнің «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» 4-20-нысанының экономикалық бюджеттік сыныптаманың тиісті ерекшелігі бойынша (төлем бойынша жоспардың) көрсеткіштеріне сәйкес келуі тиіс.


Сұрақ

«Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы туралы есеп» 5-б-нысанының 3-бағананың 161-жолы «Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс)» 3-нысанның 2 «Инвестициялық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың қозғалысы» бөлімінің 3-бағаны 410-жолына тең мәнді ме?



Жауап

ҚР ҚМ 29.07.2011 ж. №387 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, ҚР ҚМ 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсыну ережесiнің «Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы туралы есеп» 5-б-нысанының 3-бағананың 161-жолы бойынша көрсеткіштер бюджеттен қаржыландыру есебінен активтерді сатып алуды көрсетеді, ҚР ҚМ 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ҚР ҚМ 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандары мен жасау және ұсыну қағидасының «Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы есеп» 3-нысанның 3-бағанының «Ұзақ мерзімді активтерді сатып алу» 410-жолының көрсеткіштері барлық көздердің есебінен (бюджеттен қаржыландыру есебінен ғана емес) активтерді сатып алуды көрсетеді. Сондықтан, көрсетілген нысандар бір бірімен салыстырылмайды.


Сұрақ

«Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» 5-нысанында ұзақ мерзімді дебиторлық, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиторлық берешектер бойынша таратып жазулар жоқ. Жоғарыда көрсетілген берешектерді қайда және қалай таратып жазу керек?



Жауап

Дебиторлық және кредиторлық (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) берешектер бойынша таратып жазулар ҚР ҚМ 29.07.2011 ж. №387 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, ҚР ҚМ 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсыну ережесiнің КЗ-Б «Кредиторлық берешек туралы есеп», ДЗ-Б «Дебиторлық берешек туралы есеп» нысандарында көрсетіледі.

Бұдан басқа, ҚР ҚМ 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ҚР ҚМ 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 бұйрығымен бекітілген Қаржы есептілігін жасау мен ұсыну ережесінің 5-нысанының «Қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба» «Қаржы есептілігіне ашу» бөлімінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек бойынша мынадай:

байланысты тараптармен (өз жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен бақыланатын субъектілер) операциялар бойынша ақпарат;

күмәндi дебиторлық берешектер бойынша құрылған резерв жөнiнде есеп айырысулар;

есептен шығарылу себептерiн көрсете отырып, күмәндi дебиторлық берешектер бойынша есептен шығарылған үмiтсiз борыштардың сомалары;

өзге де қосымша ақпараттарды беру көзделеді.
Сұрақ

5-нысанның «Қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба» 11 және 12-кестелерінің жолдарымен 2-нысанның «Қаржы қызмет нәтижелері туралы есеп» 100 және 200-жолдарын қалай келісу керек?



Жауап

«Қаржы қызмет нәтижелері туралы есеп» 2-нысанның 100 «Кірістер-барлығы» мен 200 «Шығыстар – барлығы» жолдарының көрсеткіштері «Қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба» 5-нысанның 11 «Өзге кірістер» мен 12 «Өзге шығыстар» кестелерінің көрсеткіштерімен сәйкес келмейді, өйткені «Қаржы қызмет нәтижелері туралы есеп» 2-нысанда барлық кірістер мен шығыстар бойынша көрсеткіштер, ал «Қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазба» 5-нысанның 11 және 12 кестелерінде – өзге де кірістер мен шығыстар бойынша ғана көрсетіледі.


Сұрақ

111 «Еңбекақы төлеу» жолы бойынша «Қаржы қызмет нәтижелері туралы есеп» 1-қосымшасында мемлекеттік мекемелер штаттан тыс қызметкерлердің еңбек ақысын көрсетуі тиіс пе? Немесе 122 «Өзге операциялық шығыстар» жолына жатқызуы керек пе, бұл 113 «Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер» жолына да қатысты?



Жауап

ҚР ҚМ 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ҚР ҚМ 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 бұйрығымен бекітілген Қаржы есептілігін жасау мен ұсыну ережесіне сәйкес «Қаржы қызмет нәтижелері туралы есеп» 2-нысанның 111 «Еңбекақы төлеу» жолы бойынша 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар», 7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар» шоттарында ескерілген мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар, қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша есептелген резервтер бойынша шығыстардың сомасы және басқа да төлемдер бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі.

Штаттан тыс қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу бойынша есептелген шығыстар 111 «Еңбекақы төлеу» жолы бойынша көрсетіледі.

122 «Өзге операциялық шығыстар» жолы бойынша 7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар», 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар», 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шоттарында ескерілген сақтандыру төлемдері бойынша ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен кірістерді бюджетке беру, ақылы қызметтерден бюджетке сметадан тыс түсімдер мен басқа операциялық шығыстар бойынша есептелген шығыстардың сомасы көрсетіледі.

113 «Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер» жолы бойынша 7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар» шоты бойынша ескерілген әлеуметтік салық және басқа бюджетке тиесілі төлемдер бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі.
Сұрақ

«ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы №89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығына «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар  әкiмшiлерiнiң жылдық, тоқсандық және айлық бюджеттiк есептiлiк нысандарының тізбесі» №1 қосымшасына өзгерістер енгізу, нақтырақ айтқанда мынадай есептілік нысандарын енгізу: Бухгалтерлік баланс 1-н., №2-н., 3-н.-ға №4?



Жауап

Бюджеттік есептілік нысандары ҚР Бюджет кодексінің 124-бабына сәйкес әзірленген және ҚР ҚМ 2011 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» ҚР ҚМ 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығымен бекітілген.

Қаржылық есептілік нысандары ҚР Бюджет кодексінің 117-бабына сәйкес әзірленген және ҚР ҚМ 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, «Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген.
Сұрақ

Жылдық және тоқсандық есептердің басқа да нысандарымен ҚСХҚЕС сәйкес есептеу әдісі бойынша баланстың негізгі көрсеткіштерін келісу бағдарламасын әзірлеу?



Жауап

Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар  әкiмшiлерiнiң жылдық және тоқсандық есептерінің нысандары бойынша негізгі көрсеткіштерді келісу (2-қосымша) «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығымен бекітілген.


Сұрақ

«Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» ҚР ҚМ 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығына сәйкес қаржылық есептілікті жасау кезінде «Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп» 3-нысанда 920 «Кезең басындағы ақша қаражатының» жолында есепті кезеңнің басындағы ақша қаражатының қалдығы көрсетіледі, 920-жолға талондардағы бензин бойынша сома жатқызыла ма?



Жауап

ҚР ҚМ 2012 жылғы 12 қыркүйектегі №418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ҚР ҚМ 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесінің «Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп» 3-нысанда 920 «Кезең басындағы ақша қаражатының» және 930 «Кезең аяғындағы ақша қаражаты» жолдары бойынша сомалар 1072 «Ақша құжаттары» қосалқы шоты бойынша сальдоны қоспайды.

Сонымен қатар 1072 «Ақша құжаттары» қосалқы шоты бойынша сальдо «Бухгалтерлік баланс» 1-нысанының 010-жолының көрсеткішіне енгізіледі.
Сұрақ

«Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп» 4-нысанға 049 «Қаржыландыруды есепті кезеңнің кірістеріне көшіру» жолы бойынша деректерді көрсету бойынша түсініктеме талап етіледі?



Жауап

ҚР ҚМ 2012 жылғы 12 қыркүйектегі бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ҚР ҚМ 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 бұйрығымен бекітілген Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесіне сәйкес «Таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп» 4-нысанының 049 «Қаржыландыруды есепті кезеңнің кірістеріне көшіру» жолы бойынша күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтыну тәртібінде есепті кезеңнің кірісіне көшірілген сома, яғни бухгалтерлік жазба: 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» шот кредитінен 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шот дебетіне жүргізілген бюджет қаражаты есебінен ғана сатып алынған ұзақ мерзімді активтер бойынша есепті кезең үшін есептелген амортизация сомасы көрсетіледі.
Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 102 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> «Балаға мейірімді қала» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі өткізілетін іс-шаралар
files -> 103 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 104 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> Бағалық ұсыныстар сұраныс әдісі арқылы принтерлердің техникалық күту және олардың картридждеріне бояу құю бойынша қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
files -> Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет