Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі


“Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ құрылуы



бет10/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

4.2 “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ құрылуы

М. Шо­қай­дың­ Па­риж­ге ке­ліп­ орна­лас­қан­нан­ кейінгі мер­зімдегі қыз­меті Ке­ңес­ Одағы құра­мын­дағы тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ а­зат­тық күресіне ұйымдастырушы­лық­ не­гіз­ қалау, Ұ­лыб­рита­ния, Ф­ран­ция, Поль­ша, Ш­вей­цария, Гол­лан­дия т. б. мем­ле­кет­тер­дің­ ө­кіл­дері­мен­ кез­десу­лер­, Ұлт­тар­ Лигасы және бас­қа да халықара­лық­ ұйым­дар­ға өз ұ­станым­да­рын­ жет­кізу, боль­ше­вик­тер саясаты­ның­ теориясы мен­ п­рак­тикасы­ның­ жеке ұлт­тар­ бо­стандығы ү­шін­ ғана емес­, жал­пыа­дам­зат­тық­ құн­ды­лық­тарға қауіпті е­кен­дігіне ә­лем­ жұрт­шылы­ғын­ и­лан­дыру се­кіл­ді сан алуан ба­ғыт­тарды қам­тиды. Әсіресе, ол ұлт­тың­ өз тәуелсіз­дігі ү­шін­ күре­сін­де саяси ұйым­ның­ ала­тын­ орнына е­рек­ше мән­ береді.

Түр­кі­стан Мұх­тарияты құлаты­лып­, Түр­кі­стан өлкесі мұ­сыл­мандары­ның­ Орта­лық­ Кеңесі күш­пен тара­тыл­ған­нан­ кейін тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ зиялылары о­рыс­ де­мок­раттары­ның­ 1918 жылы Самара, Челябинс­к, Уфа қалала­рын­дағы бүкіл­ре­сей­лік­ орта­лық­ өкі­мет­ билі­гін­ орнатуды мақ­сат тұт­қан жиын­дар­да ұшырасады. Сол­ жыл­дың қараша айында Екате­рин­бург­те орталығы бес­ адамнан тұра­тын­ құпия ұйым құрылады. О­ның­ төрағалығына М. Шо­қай­ тағайындалады. 1933 жылы Ф­ран­цияда жүр­ген ке­зін­де жаз­ған “Түр­кі­стан Ұлттық­ Бір­лігі­нің­ ұйым­дас­тырылуы” де­ген­ еңбе­гін­де осы а­дам­дар­дың­ іші­нен­ А.-З. Валиди­дің­ есі­мін­, қал­ған үшеуі­нің­ қа­зақ­, өз­бек­, та­тар­ ха­лық­тары­ның­ өкілдері е­кен­дікте­рін­ айт­у­мен­ ғана шек­теледі [1].

Мария Шо­қай­ сол­ ке­зең­де күйеуі­нің­ жа­нын­да Ілияс Ал­кин­нің (та­тар­), Мүнәуар Қари­дің­ (өз­бек­) бол­ғанды­ғын­ еске алады. Үшін­ші а­дам­ Екате­рин­бург арқылы О­рал­ қаласына бара жат­қан Ха­лел­ Дос­мұхаме­дов­ болуы да мүм­кін. Уфада туысы С. Жан­тө­рин­нің үйіне тоқ­та­ған­ Ә. Бө­кей­ха­нов­ты да жоқ­қа шығаруға бол­майды. Ұйым­ның­ ал­ғаш­қы отыры­сын­дағы М. Шо­қай­ға Мемлекет­тік банк­тің­ Омбы бөлі­мін­де сақ­тауға және О­рын­бор гу­бер­ния­сын­дағы Түр­кі­станға тиесілі бес­ мил­лион сом­дай дүние-мүлікті сатып, Швей­царияға аудару тап­сырылады. Бұ­л ше­шім­ а­лын­ған кез­де Омбыда ақ­тар­ төң­ке­ріс­ ұйымдас­ты­рып­, қар­жы адми­рал­ Кол­чак­тың қолына түседі [2].

М. Шо­қай­ Түр­кі­стандағы саяси ұйым­дар­дың негі­зін­ осы ұйым қалады деп­ е­сеп­тейді. 1919 жыл­дан ол “Түр­кі­стан комитеті” де­ген­ ат­пен­ бел­гілі [3]. Әдебиетте аза­мат­ соғысы жыл­да­рын­да Түр­кі­стан ұлт­тық­ комитеті құ­рыл­ды деп­ айт­ылады, бі­рақ­ о­ның­ ше­тел­де “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” деп­ а­тал­ғаны [4] туралы пі­кір­ шын­дыққа жа­нас­пайды. Д. Қыдырали соң­ғы ұйым 1920 жылы құрыл­ды, о­ның­ құрамына М. Шо­қай­, А.-З. Валиди, М. Сұл­тан­ғалиев енді [5] деген­ді айт­ады. Бі­рақ­ мұ­ның­ а­нық­-қаны­ғын­ білуге қа­жет­ті мұра­ғат­тық де­рек­тер ұшы­рас­пайды. Қа­лай­ бол­ғанда да М. Шо­қай­дың­ ше­тел­ге кетуі­мен­ қа­зақ­, өз­бек­, баш­құрт т. б. тү­рік­ ха­лық­тарына ор­тақ­ бір­ саяси ұйым құру жө­нін­дегі ұмты­лыс­ тоқ­тап қал­майды. 1920 жыл­дың көк­те­мін­де Мәс­кеуде Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Байтұрсы­нов­, А.-З. Валиди, В. Ибра­ги­мов­ және т. б. мұ­сыл­ман қайраткерлері­нің­ ас­тыр­тын ұйым құр­ғаны жө­нін­де жазылады. Біз­ге бел­гілі әдебиетте бұ­л ұйым­ның­ да жар­ғысы, бағ­дарламасы және іс-әре­кет­тері жө­нін­де еш­бір­ мағ­лұ­мат­ кез­дес­пей­ді. Қан­тө­гіс­ті аза­мат­ соғы­сын­да ме­рейі үс­тем­ бол­ған ке­ңес­тік жүйе­нің­ 20-жыл­дар­дың­ бас­ кезі­нен­-ақ ә­мір­лік-ә­кім­дік бас­қаруға бет­ бұра бас­тауына бай­ла­ныс­ты бұ­л ұйым­ның­ да мүшелері­нің­ өзара пі­кір­ алысу­дан­ бас­қа іс­тер­ге бара алмаға­нын­ бол­жау қиын е­мес­.

М. Шо­қай­ 1920–1922 жыл­дары Түр­кі­станда бір­неше пар­тия­лар­ мен­ одақтар­дың­ ба­сын­ бі­рік­тір­ген­ жаңа ұйым­ның­ құ­рыл­ға­нын­, о­ның­ ұйытқысы 1918 жылы Екате­рин­бург­те дү­ниеге кел­генді­гін­ айт­ады. О­лай­ бол­са 1920 жылы Мәс­кеуде ұйым­дас­ты­рыл­ған ас­тыр­тын құры­лым­ да жай­ тара­лып­ кет­пе­ген­.

Осы жыл­дары Таш­кент­те, Са­мар­қанда, Бұхарада, ел­дің­ бас­қа да жерлерін­де боль­ше­вик­терге қар­сы а­шық­ кү­рес­ жарияла­ған­дар­дың­ да, ке­ңес­ мекемеле­рін­де ас­тыр­тын қыз­мет іс­теп­ жүр­ген­дер­дің де бір­неше құпия жиындары өтеді. Мемлекеттік­ қауіп­сіз­дік комитеті мұрағаты­ның­ материалдары негі­зін­де Ә. Бәкірұлы 1920 жылы Мәс­кеуде А.-З. Валиди, А. Б­айт­ұрсы­нов­, Ә. Ерме­ков­ және өз алдына Т. Рыс­құ­лов­, Ә. Бө­кей­ха­нов­ пен­ Н. Төреқұ­лов­ бір­неше рет­ құпия түр­де кез­де­сіп­, ке­ліс­сөз­дер­ жүр­гізеді дей­ді. Ор­тақ­ ұйым құру мақсатымен­ Таш­кен­т қала­сын­да Х. Дос­мұхаме­дов­, Ж. Дос­мұхаме­дов­, Сұлтанбек Қожа­нов­, Ф. Қожаев, У. Қожаев және Мүнәуар Қари Абдурашидханов­ кез­деседі [6]. “Түр­кі­стан легионы” құрамасына қа­тыс­қан­дар­ға жүр­гі­зіл­ген тер­геу қоры­тын­ды­сын­да 20-жыл­дары Ақтөбе қала­сын­да А. Байтұрсы­нов­ пен­ Сұл­тан­бек Қожа­нов­ кез­де­сіп­, Орта Азия, Қазақ­стан­, Татарстан­ және Баш­құрт­стан­ “ұлт­шыл­дары­ның­ ода­ғын­ құруға” қол­ жет­кі­зіл­ді делінеді. Қауіп­сіз­дік комитеті материалдары­ның­ ба­сым­ көп­шілігі айыптаушылық­ си­пат­та жазылуына бай­ла­ныс­ты бұ­л тұжы­рым­ды да то­лық­ шын­дық ре­тін­де қа­был­дауға бол­майды.

М. Шо­қай­дың­ Па­риж­дегі жеке мұр­ағат­тық­ қо­рын­дағы бір­ құ­жат­та “Орта Азия комитеті” де­ген­ ұйым­ның­ құ­рыл­ғаны жө­нін­де айт­ылады. О­ның­ 1921 жылғы шіл­де айы­ның­ ая­ғын­­да Бұ­хара­ қала­сын­да құ­рыл­ған “Орта Азия мұсылмандары ұлт­тық­ қо­ғам­дары­ның­ федерациясы” е­кен­дігі а­нық­. Ол жәдиттер­дің­ ұйымда­рын­, “Ер­к­” пар­тия­сын­ және А­лаш­ пар­тия­сын­ бі­рік­тіреді. Бұ­хар­дағы жиынға Ала­шор­да ө­кіл­дері Мұх­тар­ Әуе­зов­, Хай­ред­дин Бол­ған­баев және Дін­ше Әді­лов­, тү­рік­мен­дер­ден Қақа­жан­ Бер­диев, баш­құрт­тар­дан А.-З. Валиди, Бұ­хар­ мен­ Таш­кен­т зиялылары аты­нан­ Мүнәуар Қари, Фай­зол­ла Қожаев, Сад­ред­дин Ай­ни қатысады. 2 та­мыз­дағы жиында ұйым­ның­ төрағасы бо­лып­ А.-З. Валиди сай­ланады [7].

Сол­ жылы 5–7 қыр­күйекте Са­мар­қанда өт­кен­ съезде 24 бап­тан тұра­тын­ жар­ғысы мен­ Түр­кі­стан ұлт­тық­ туы­ның­ су­рет­темесі қа­был­данады. Ұлт­тық­ қоғам­дар бір­лігі­нің­ жал­пы п­лат­формасы жеті тармақтан тұрады. О­лар­ мына­ған­ саяды: 1) дер­бес­тік­; 2) де­мок­ратия­лық­ рес­публика; 3) ұлт­тық­ армия; 4) экономика­лық­ бас­қару; 5) бі­лім­ жүйе­сін­ қа­зір­гі за­ман­ дең­гейіне көтеру және мәде­ниет сала­сын­да Ре­сей­ден­ өзге де ел­дер­мен бай­ла­ныс­ орнату; 6) Түркістанның­ табиғи бай­лы­ғын­ елді ме­кен­дейт­ін­ ха­лық­тар­дың­ игілігіне о­рай­ пай­далану; 7) ді­ни се­нім­ бо­стандығы, дін­ мен­ мем­ле­кет­ і­сін­ ара­лас­тырмау [8].

Съезді ұйым­дас­тыруда Дін­ше Әді­лов­ көп­ жұ­мыс­ атқарады. А.-З. Валиди ол жө­нін­де “Дін­ше сол­ бір­ қиын күн­дерде Түр­кі­стандағы а­зат­тық күресі орталығы­ның­ қа­лып­тасуына шешуші ық­пал­ етті, ол а­қын­ да, ар­тис­т те еді, шағын­ труппа ұйым­дас­ты­рып­ бай­т­ақ­ өлке бой­ынша гаст­роль­де жүр­ді” [9] дейді. А.-З. Валиди­дің­ Д. Әді­лов­ке бер­ген бағасы шын­дыққа сай­ келеді. Жиырма жа­сар­ Дін­ше (Дін­мұха­мед­) Жетісу гу­бер­ниясы ха­лық­ а­ғар­ту бөлімі­нің­ мең­герушісі, Қа­зақ­ Орталық Атқару комитеті­нің­ мүшесі болады. 1921 ж. кү­з айла­рын­да РК(б)П Се­мей­ гу­бер­ния­лық­ комитеті­нің­ жауапты қыз­меткері, 1920 ж. жел­тоқ­са­ны­нан­ 1921 жыл­дың 12 қаң­тарына дейін Қа­зақ­ Автономия­лық­ Республикасы­ның­ Ішкі іс­тер­ ха­лық­ ко­мис­сары қыз­ме­тін­ уа­қыт­ша атқарады, 1921 жыл­дың қаң­тары­нан­ осы ко­мис­сариатта бө­лім­ бас­тығы болады [10].

О­сын­дай лауа­зым­ды қыз­мет о­рын­дарына қара­ма­стан ол ұлт­тық­ ұйымдардың жұмысына кө­мек­теседі. Ұлт­тық­ қо­ғам­дар бір­лі­гін­ ұйым­дас­тыру және о­ның­ бағ­дарламасы мен­ жар­ғы­сын­ қа­был­дауда мұ­сыл­ман қай­рат­керлері Кав­каз­да жүр­ген ке­зін­де де, кейін Па­риж­де тұ­рып­ жат­қан уақы­тын­да да М. Шоқай­мен­ ха­бар­ла­сып­, кеңе­сіп­ отырады [11]. 1922 жыл­дың 18–22 қыр­күйек күн­дері Таш­кент­те ұйым­ның­ ІІІ конг­ресі өтеді. Жиын Таш­кент­тің­ на­ғыз­ орталы­ғын­да орна­лас­қан Қа­зақ­ педа­гогика­лық­ инс­титуты­ның­ ғимара­тын­да астыртын жағ­дайда өтеді.

Конг­рес­те қа­зақ­ зиялылары ба­сым­ болады. Ұйым­ның­ аты “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” (ТҰ­Б) бо­лып­ өз­гер­тіледі. Түр­кі­станда бір­тұ­тас­ тәуел­сіз­ мемлекет­ орнату ү­шін­ бір­лес­кен­ кү­рес­ жүр­гізу жө­нін­де бірауыз­дан­ ше­шім­ қабыл­данады. Өлкені ме­кен­де­ген­ жер­гі­лік­ті ха­лық­тарды ұлт, ру-тай­паға бөл­меу жө­нін­де келісіледі. Сөйт­іп­ Ұлы Түр­кі­стан ұғымы дү­ниеге келеді, бұ­л бол­са Мұс­тафа Шо­қай­дың­ бұ­рын­нан алға тар­тып кел­ген ой-пі­кір­лері­нің­ заңдастырылуы­мен­ тең­ еді. Жал­пы ал­ған­да съезд жұмысы­ның­ та­быс­ты аяқталуына о­ған­ қа­тыс­қан Ха­лел­ Дос­мұхаме­дов­, Жан­ша Дос­мұхаме­дов­, Мүнәуар Қари, Ға­зым­бек Бі­рім­жа­нов­ се­кіл­ді тұл­ға­лар­ үл­кен­ ық­пал­ жа­сай­ды. Конг­рес­тің шешімі бой­ынша ұйым­ның­ төрағасы А.-З. Валидиге Еуропаға ө­тіп­, М. Шо­қай­мен­ бір­лесе оты­рып­ Түр­кі­стан ха­лық­тары мәселе­сін­ халықара­лық­ аренада қою ұсынылады [12].

Валиди­дің­ жазуынша, боль­ше­вик­тер­дің­ ар­най­ы қыз­меті­нің­ бақылауында болуына бай­ла­ныс­ты съезд жұмысына Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Тыныш­паев, Қақа­жан­ Бер­диев се­кіл­ді қай­рат­кер­лер­ қатыса ал­май­ды. Осыған­ қара­ған­да А­лаш­ зиялылары ТҰ­Б ұйымы­ның­ құрылуын тү­гел­дей қолдағанға­ және тәуел­сіз­дік ү­шін­ кү­рес­ орталы­ғын­ Қа­зақ­ даласы­нан­ Түркістанға аударуға ниет­тен­генге ұқ­сай­ды. Та­хир­ Шаға­тай­ 1938 жыл­дың 25 қыр­күйе­гін­де М. Шо­қай­ға ха­тын­да “Дала уәлая­тын­да Ала­шор­да үкіметі құлатыл­ған­нан­ кейін “А­лаш­тың” жасы­рын­ қыз­метке көш­кендігі” [13] жө­нін­де жазады. Бұ­л жағ­дай Мұс­тафа­ның­ өзіне де бұ­рын­нан бел­гілі бола­тын­.

Ж. Дос­мұхаме­дов­тің ОГПУ тер­геушілеріне бер­ген жауапта­рын­да а­лаш­ зиялылары­ның­ 20-жыл­дары кү­рес­ орталы­ғын­ Таш­кент­ке көшіруге ұм­тыл­ғаны жө­нін­де жанама мағ­лұ­мат­тар ұшырасады. Бір­де ол 1922 жыл­дың бас­ ке­зін­де Таш­кент­ке Қа­зақ­ даласы­ның­ әр түк­пірі­нен­ жи­нал­ған зиялы­лар­дың жиналысына шақы­рыл­ға­нын­, онда “ас­тыр­тын қа­зақ­ ұйы­мын­ құру туралы” әңгіме болғандығын­ айт­са, келесі жолы (1930 ж. 5 қараша) 1922 жыл­дың көк­те­мін­де Таш­кент­те о­ған­ Х. Дос­мұхаме­дов­, М. Дула­тов­, Ғ. Бі­рім­жа­нов­тың (бар­лығы 7–10 шамасы қа­зақ­тар) кел­генді­гін­, о­лар­ қа­зақ­ қай­рат­керлері жаса­ған­ бұ­рын­ғы бағ­дарлама­ның­ шикілі­гін­, сол­ се­беп­ті жаңа бағ­дарлама­ның­ құ­рас­ты­рыл­ға­нын­, о­ны­ “Ақ жол­” газе­тін­де жұ­мыс­ іс­теп­ жүр­ген­дер­дің бұ­рын­ғы Ала­шор­да қайраткерлері­мен­ келісу ү­шін­ О­рын­борға а­лып­ кете­тін­ді­гін­ құ­лағ­дар етті [14] деп­ көр­сетеді.

1923 жыл­дың 26–28 шіл­де­сін­де Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­ Ка­бул­да (Ауған­стан­) өт­кен­ мәжілі­сін­де ұйым­ның­ ө­кіл­дері бо­лып­ Еуропада – М. Шо­қай­, Түр­кияда – Ос­ман­ Қожаев, Ауған­стан­да – А. Ари­фов­ та­ғай­ындалады. А.-З. Валидиге Па­риж­дегі М. Шо­қай­мен­ бір­лесе оты­рып­ ТҰ­Б-ның­ орталы­ғын­ Бер­лин­де, не Истан­бұлда ұйым­дас­тыруды жүктеу жө­нін­де ше­шім­ қабылданады. Ауған­стан­ үкіметі келі­сім­ бер­ген жағ­дайда Ха­шим­ Шай­ық Жапонияға жіберіле­тін­ болады. ТҰ­Б-ның­ осы­дан­ кейінгі бас­қосулары Еуропада өтеді, мұ­нан­ кей­бір­ ав­тор­лар о­ның­ негізі­­ шет­ жер­де қа­лан­ған деген пі­кір­ге келеді. Б. Садықова өз зерт­теулері­нің­ бі­рін­де: “Мұс­тафа Шо­қай­ Па­риж­де құрыл­ған Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігіне (Unіon Natіonale du Turkestan) бас­шы­лық­ жүр­гізеді” деп­ жазады. М. Шо­қай­ бол­са “ТҰ­Б” де­ген­ мақала­сын­да: “Біз­дің­ ТМБ (Түр­кі­стан Мил­ли Бир­лиги, яғ­ни Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі. – К. Е.) – эмигранттық­ ұйым е­мес­. Ол ел­дің­ і­шін­де, Түр­кі­станда аза­мат­ соғысы­ның­ ауыр жыл­да­рын­да, яғ­ни 1922 жылы Таш­кент­те, Са­мар­қанда, Бұхарада және бас­қа қала­лар­да дү­ниеге кел­ді” [15] деп­ көр­сетеді.

“Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лі­гін­” А­лаш­ қоз­ғалысы шең­бе­рін­де па­й­ымдау да шын­дыққа сай­май­ды. О­ған­ бір­неше пар­тия­лар­ мен­ топ­тар кір­ді. Осы се­беп­ті құ­жат­тарда “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ комитеті”, “Орта Азия комитеті” де­ген­ атаулардың қа­тар­ қол­данылуында аса бір­ ө­рес­кел қате­лік­ жоқ­. ТҰ­Б ке­ңес­ әдебие­тін­де “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ комитеті” делінеді.

Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты э­миг­рация­лық­ құ­жат­тарда ұшыраса­тын­ “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ комитеті”, “Орта Азия комитеті” де­ген­дерді “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бірлігінің­” бө­лім­шелері ре­тін­де қа­рас­тыр­ған­ жөн­. М. Шоқаев оны кейіні­рек­ “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ қар­сыласу ұйымы” деп­ те а­тай­ бас­тайды.

М. Шо­қай­ “аза­мат­ соғысы­ның­ аяғына қа­рай­ Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігіне елде қыз­мет істеуіне мүм­кін­дік­тің жоқ­тығы ай­қын­далады, сол­ се­беп­ті ше­тел­ге – Еуропаға кетуіне тура келеді” [16] деп­ жазады. 1924 жыл­дың ақ­пан­ айында ұйым өз жұмы­сын­ Гер­ма­нияға ауыстырады. 1924 жыл­дың 9 мамы­рын­да ТҰ­Б-ның­ Бер­лин­де өт­кен­ отыры­сын­да М. Шо­қай­ды ұйым­ның­ Еуропадағы өкілі е­тіп­ та­ғай­ындау жө­нін­дегі ше­шім­ күші жал­ғастырылады. Сол­ жылы күз­де М. Шоқай­ ТҰ­Б-ның­ Бер­лин­де өт­кен­ Еуропадағы І конг­ресі­нің­ жұмысына қатысады. А. Қара осы кон­грес­те М. Шо­қай­ мен­ Буда­пеш­ттен кел­ген Ға­лым­жан Та­ған­ “ант бе­ріп­, ұйымға мүше бо­лып­ кір­ді” дей­ді. А. Қара мұны А.-З. Валидидің­ “Есте­лік­тері” негі­зін­де жа­зып­ о­тыр­ған болуы ке­рек­. Бі­рақ­ башқұрт қай­рат­кері М. Шо­қай­ мен­ Ғ. Та­ған­ “Ұлт­тық­ бір­лік мақ­саттары мен­ ісіне а­дал­ болуға ант бер­ді” деп­ көр­сетеді. Ал, енді Валиди­дің­ қа­зақ­ қайраткерінің­ ТҰ­Б-ға кү­дік­те­ніп­ ба­рып­ қо­сыл­ғандығы жө­нін­дегі тұжырымы ұйым­ның­ хат­тамалары­мен­, бас­қа да құ­жат­тар­мен­ са­лыс­тыруды қа­жет­ етеді. Себебі М. Шо­қай­ ТҰ­Б-ның­ құрылуы­ның­ ал­ғаш­қы күн­дері­нен­-ақ ұйым­ның­ Еуропадағы өкілі бо­лып­ та­ғай­ындалуына бай­ла­ныс­ты сырт­тай­ мүшесі бо­лып­ қа­был­дан­ған­ еді. Әңгіме Түр­кі­стан­ның­ дер­бес мем­ле­кет­ болуы, не бол­маса Ресей­ де­мок­ратия­лық­ рес­публикасы құра­мын­дағы автономия ү­шін­ кү­рес­ жүргізілуі жө­нін­де болуы тиіс. О­ған­ қоса А.-З. Валиди­дің­ ең­бек­те­рін­де ө­зін­ дәріп­теу, Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалы­сын­дағы же­тек­ші­лік­ рө­лін­, ТҰ­Б-ның­ негі­зін­ қала­ған­ды­ғын­ асыра бағалаушы­лық­ ай­қын­ көрі­ніс­ бер­ген.

1925 жыл­дың 12 мамы­рын­да ТҰ­Б-ның­ Еуропадағы тағы бір­ жиналысы өткізі­ліп­, онда ұйым орталығы­ның­ Ис­тан­бұлға көшірілуі жө­нін­де ше­шім­ қабыл­данады. 1927 жыл­дың нау­рыз­ айында Ис­тан­бұлда өт­кен­ конг­ре­сін­де М. Шо­қай­дың­ Еуропадағы ө­кіл­дігі бекітіледі. Жиынға А.-З. Валиди, Ос­ман­ Қожа, Бұхара Ха­лық­ Рес­пуб­ликасы­ның­ бұ­рын­ғы қар­жы ми­нист­рі На­сыр­ Махдум­, Мұс­тафа Шах­кули, Аб­дул­ка­дыр­ И­нан­ қатысады. Осы а­дам­дарға қоса Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігіне Ах­мед­ Кара­даг­ли, Ағ­зам­ О­ғуз­, Та­хир­ Шаға­тай­, Халим­ Сә­бит­ (қа­зан­ татары, Ис­тан­бұл у­ни­вер­ситеті­нің­ бұ­рын­ғы теология профес­соры), Иль­хан­ Мұса­хай­, и­мам­ Аб­дул­хай Құр­бан­ғали, қади Ра­шид­ Ибрагим­ (соң­ғы екеуі Токиода тұр­ды), Ә­лім­жан Идриси (Бер­лин­), Ос­ман­ Тоқым­бет енеді. Конг­ресс­ Шы­ғыс­ Түр­кі­стан Рес­пуб­ликасы­ның­ құрылуына байла­ныс­ты ТҰ­Б-ның­ бас­ хат­шысы Меж­дед­дин Де­лил­ді Қаш­қар­ға жібереді. Ұйым қыз­меті­нің­ ең ма­ңыз­ды, ең ө­зек­ті бағыты­ның­ М. Шо­қай­ға тап­сырылуы кез­дей­соқ­ е­мес­ еді. О­ның­ бі­лім­дарлығы мен­ ұйым­дас­тырушы­лық­ қабілеті тү­рік­ ха­лық­тарының ұлт-а­зат­тық қоз­ғалысына ә­лем­ жұрт­шылығы­ның­ наза­рын­ аударуға жағ­дай жа­сай­ды. М. Шо­қай­ қыс­қа уа­қыт­тың і­шін­де Ке­ңес­ Одағы құра­мын­дағы тү­рік­-мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ ұлт­тық­ а­зат­тық ү­шін­ күресі және о­лар­дың ше­тел­де ар­ман­-ті­лек­те­рін­ біл­діруші саяси ұйым­ның­ іс-әре­кет­тері жайлы Еуропа қауы­мын­ ха­бар­дар етеді.

М. Шо­қай­ ұйым жұмы­сын­ жол­ға қоюда ке­шен­ді шара­лар­ды жүзеге асыруды, о­лар­дың і­шін­де Еуропа­ның­ жоғары оқу о­рын­дарына бі­лім­ із­деп­ келген түр­кі­стан­дық жас­тарды қам­қор­лық­қа алуды көз­дейді.

Өт­кен­ ға­сыр­дың 20-жыл­дары­ның­ бас­ ке­зін­де Гер­ма­ния­ның­ оқу орындарына жібе­ріл­ген қа­зақ­, өз­бек­, та­тар­ жас­тары Мұс­тафа­ның­ ықпалы­мен­ ТҰ­Б жұмысына тар­тылады.

Шын­дығына кел­генде бұ­л ұйым­ның­ өз жұмы­сын­ ше­тел­ге ауыстыруы мен­ о­ның­ қыз­меті­нің­ жан­дануы Түр­кі­стан­ жас­тары­ның­ Еуропаға оқуға жіберілуімен­ тіке­лей­ бай­ла­ныс­ты еді. М. Шо­қай­: “Ол жақ­тағы біз­дің жолдастары­мыз­ қа­лып­тас­қан­ жағ­дай­дан­ шығу­дың­ жолы жас­ түркістандықтарды Еуропаға оқуға жіберу және о­лар­ды ұлт­тық­-саяси жұ­мыс­қа дай­ындау деп­ шеш­ті. Ше­тел­ге ат­тан­ды­рыл­ған­дар­дың ара­сын­дағы бір­нешеуі алдын­ ала осы ұйым­ның­ бола­шақ­ мүшелері ре­тін­де бел­гіленеді [17]. О­лар­ ант береді және Таш­кен­т пен­ Мәс­кеуде М. Шо­қай­дың­ бас­шылығы­мен­ іс­тейт­ін­ жұмыс­тары жө­нін­де тиісті нұс­қау­лар­дан өтеді.

Ше­тел­ге саяси жұ­мыс­қа ар­най­ы жібе­ріл­ген жас­тар жө­нін­де Мұс­тафа о­лар­ өз ант­тары­нан­ оқу бі­тір­ген­нен­ кейін лауа­зым­ды жұ­мыс­тар ұ­сын­ғанда да таймады, “Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы намысы­ның­ легио­нер­лері” бо­лып­ қал­ды деп­ жазады.

М. Шо­қай­мен­ бір­ге ұлт­тық­ кү­рес­ орталы­ғын­ құруға әуел ба­с­тан-ақ бірнеше жауапты қыз­мет­кер­ді жіберу жос­парланады, бі­рақ­ о­лар­дың ел­ден­ шығуына мүм­кін­дік­ бол­майды. Міне, осы кез­де ғана Еуропаға оқуға бір­неше түр­кі­стан­дық­ жас­тарды ат­тан­дыру идеясы туады. М. Шо­қай­дың­ жеке мұрағатын­дағы бір­ құ­жат­та бұ­л қа­дам­ға ке­ңес­ үкіметі­нің­ елдегі қиын жағ­дайға бай­ла­ныс­ты бар­ғандығы, оқуға жібе­ріл­ген­дер­дің ішіне бір­неше а­дам­дар­дың­ ТҰ­Б-да жұ­мыс­ істеуге ар­най­ы енгі­зіл­гендігі [18] сөз­ болады.

1922–1923 жыл­дары Түр­кі­стан Автономия­лық­ Рес­пуб­ликасы­ның­ басшылары Тұ­рар­ Рыс­құ­лов­ пен Аб­дул­ла Ра­хим­баев­тың­, Бұ­хара­ Ха­лық­ Республикасы­ның­ бас­шылары Фай­зул­ла Қожаев пен Абдурауф Фит­рат­тың басшылығы­мен­ Гер­ма­ния­ның­ түр­лі жоғары және ар­най­ы орта оқу о­рын­дарына жет­піс­тен­ ас­там­ жас­ жіберіледі. Бұ­л мәселе Орта­лық­пен келісі­ліп­, КСРО Ағарту халық комиссары А. В. Луначарс­кий­дің­ рұқ­саты алынады [19].

Соң­ғы жыл­дары бұ­л мәлі­мет­тер нақ­ты­лап­ жа­зыл­ған басы­лым­дарда 1922 жыл­дың ая­ғын­да Бұ­хар­дан Гер­ма­нияға қы­рық­ алты а­дам­ның, кейін Хиуа­дан­ бес­, Қазақ­стан­нан – он бес­, Баш­құртстан мен­ Татар­стан­ның әр­қай­сысы­нан­ он адам­нан кел­гені көр­сетіледі. Бұ­лар­ды Гер­ма­ниядағы “Ре­сей­ мұ­сыл­мандары комитеті” де­ген­ ұйымды бас­қа­рып­ жүр­ген Ә­лім­жан Идриси әке­ліп­ орналастырады. О­ның­ үстіне Ә. Идриси­дің­ бас­шылы­ғын­сыз Таш­кент­тен­ бес­ өзбек­ және он төр­т та­тар­ ке­ліп­ қосылады [20].

Зерт­теу­лер­де қа­зақ­тар­дан­ Ға­зым­бек (Ә­зім­бек) Бі­рім­жа­нов­,
Әбді­рах­ман Мұң­айт­па­сов­, Да­мол­ла Битілеуов, Те­мір­бек Қазыбе­ков­ қана аталады. О­лар­ тү­гел­дей ТҰ­Б жұмысына араласады [21]. Ше­тел­ге оқуға баруға Сма­ғұ­л Сәдуақа­сов­, Ә. Бай­діл­дәұлы, Е. Ал­доң­ғарұлы да ынталанады. О­лар­ 1922 жылы 19 та­мыз­да Қазақ­стан­ ОАК атына Гер­ма­нияға оқуға жіберуле­рін­ өті­ніп­ хат­ жазады. Өті­ніш­ті Ха­лық­ а­ғар­ту ко­мис­сариаты ықы­лас­пен қараса да, Қа­зақ­ об­лыс­тық пар­тия комитеті­нің­ ұйым­дас­тыру-нұс­қау бөлімі оны қанағаттан­дыр­майды [22]. Сма­ғұл­дың Гер­ма­нияға оқуға сұрануын тек­ білі­мін­ көтеруге ынтасы­мен­ ғана тү­сін­діруге бола ма, әлде ол да М. Шо­қай­ға ар­най­ы тап­сырма­мен­ бара­тын­ жас­тар қата­рын­да е­сеп­телді ме? Себебі, осы­ған­ дейін-ақ ол таны­мал­ қай­рат­кер ре­тін­де көріне біл­ген. 1920–1921 жыл­дары С. Сәдуақа­сов­ Қа­зақ­ ОАК Тө­рал­қа­сын­дағы, Бү­кіл­ре­сей­лік­ ОАК, Се­мей­ гу­бер­ния­лық­ ревкомын­да, Қа­зақ­ ОАК-нің­ Түр­кі­стан Автономия­лық­ Рес­публикасындағы өкіл­ді­гін­де жауапты қыз­мет­тер­де болады.

Сма­ғұл­дың ше­тел­ге жібе­ріл­меу себебі түсі­нік­ті. ГПУ қыз­мет­кер­лері 1922 жылы қыр­күйекте РК(б)П Қа­зақ­ об­лыс­тық бақылау ко­мис­сиясына жол­да­ған­ “аса құпия” баяндама­сын­да оны А. Б­ай­т­ұрсы­нов­, Х. Дос­мұхаме­дов­, Ж. Досмұхаме­дов­, М. Әуе­зов­тер­мен­ бір­ге ала­шор­дашы­лар­дың “е­кін­ші тобына” жат­қыз­ған­-ды [23].

Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі ұйымы кей­бір­ жиындары­ның­ құ­жат­та­рын­да бас­қа қа­зақ­тар­дың­ да е­сім­дері ұшыра­сып­ қалады. 1923 жыл­дың кү­зін­де Гаяз Исхаки­дің­ бас­шылығы­мен­ та­тар­, баш­құрт және қа­зақ­ э­миг­рант­тары­ның­ қатысуы­мен­ өт­кен­ жиынға Мұс­тафа Бө­кей­ха­нов­ қатысады (Ол туралы жоғарыда айт­ып­ өт­кен­біз). Гер­ма­нияда өз қар­жысына Са­быр­ Тана­шев­ оқы­ған­. 1928 жыл­дың 25 қаза­нын­да А.-З. Валиди­дің­ по­ляк­ бар­лаушысы әрі дип­ломаты Тадеуш Шет­цель­ге жаз­ған ха­тын­да Түр­кия­дан­ бір­неше а­дам­ды оқуға жіберуге бола­тын­дығы жө­нін­де ха­бар­лайды. О­лар­дың тізі­мін­де Сыр­дария облы­сын­да туған­ Әбдіха­лық­ Қо­ныс­бай­дың­ есімі де аталады [24].

Таш­кент­тен­, Хиуа, Бұхара, Фер­ғана, Са­мар­қан, Ход­жент­тен­ бар­ған Абдуа­қап­ Оқ­тай­, Та­хир­ Шаға­тай­, Саидали Усма­ни, Сат­тар­ Д­жаб­бар, Ах­мед­жан Ибраги­мов­, Са­лих­ Мұ­хам­мед, Марьям Сұл­тан­мұрадова, Хай­ри­нисо Маджидханова, Саида Ше­рах­медова, Шам­сул­ба­нат­ Идриси, Ах­мад­ Шук­ри, Билал­ Фат­хул­ла, Бахоуд­дин­ А­мин­ және т. б. жас­тар Бер­лин­, Д­рез­ден, Бон­н, Гейдель­бер­г, Дармш­тад­т қалала­рын­дағы оқу о­рын­дарына элект­ро­тех­ника, химия, медицина, тоқыма ө­нер­кәсібі, ауылшаруашылығы, кен­ ісі, социология, экономика, педагогика және т. б. ма­ман­дық­тар­ бой­ынша орналасады. 1923 жылы о­қып­ жат­қан қа­зақ­тар­дың­ екеуі Ауылшаруашылығы академия­сын­да, енді екеуі Рас­тен­бург қала­сын­дағы тері өңдеу зауытын­да п­рак­тика­дан­ өтеді.

Түр­кі­стан­дық­ студент­тер­дің жағ­дайы­мен­ таны­сып­ қайт­у ү­шін­ 1923 жылдың қыр­күйек-қа­зан ­айла­рын­да Гер­ма­нияда Т. Рыс­құ­лов­тың басшылығымен­ үкі­мет­ делегациясы бо­лып­ қай­т­ады. Сол­ ке­зең­де М. Шо­қай­ Бер­лин­де бола­тын­, бі­рақ­ о­ның­ делегация мүшелері­мен­, не Т. Рыс­құ­лов­пен кездес­кен­дігі туралы еш­бір­ мағ­лұ­мат­ ұшы­рас­пайды.

1923 жылы 30 қа­зан­да Түркістан Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі­нің­ отырысын­да Т. Рыс­құ­лов­тың Гер­ма­нияға ба­рып­ қ­айт­қан іссапары­ның­ нәтижелері туралы мәселе тың­да­лып­, онда шет­ ел­дер­дегі студент­тер­дің ісі бойынша Уа­қыт­ша бас­қару бюро­сын­ құру туралы жоба бекітіледі. Бюро төрағасы бо­лып­, Т. Рыс­құ­лов­тың ұсынысы бой­ынша, Ғ. Бі­рім­жа­нов­ тағайындалады [25].

Ға­зым­бек­тің­ А­лаш­ қоз­ғалысы­ның­ таны­мал­ өкілі е­кен­дігін және Германияға бар­ған бой­да ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­ істеріне бел­сенді ара­лас­қа­нын­, о­ның­ М. Шо­қай­ға жа­қын­ жүр­ге­нін­ ескере­тін­ бол­сақ, Т. Рыс­құ­лов­тың о­ған­ ілти­пат­ көр­сетуі­нің­ аста­рын­да бі­раз­ сыр­ жат­қанға ұқ­сай­ды.

Жал­пы ал­ған­да Ғ. Бі­рім­жа­нов­тың тұл­ғасы Гер­ма­нияға оқуға бар­ған жастар­дың­ і­шін­де оқшау тұрады. 1917 жыл­дың 1 шіл­десі­нен­ Тор­ғай­ облы­сын­да мал­-жан­, шаруа, жер­-су­дың­ есебі алына­тын­ болады. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты А­лаш­ зиялылары­ның­ “Қа­зақ­ хал­қына” де­ген­ үндеу мақаласы жарияла­нып­, Тор­ғай облысы­нан­ е­сеп­ алуға жіберіле­тін­ қа­зақ­ жі­гіт­тері­нің­ тізімі жасалады. Тор­ғай және Ыр­ғыз­ уездері бой­ынша мұн­дай жауапты жұ­мыс­қа “өзі­міз­дің оқы­ған­ қазақ­ жі­гіт­те­рін­ лай­ық көр­дік” делінеді онда.

Ғ. Бі­рім­жа­нов­ І және ІІ Жал­пықа­зақ­ съездеріне қатысады. Ә. Бө­кей­ха­нов­, А. Б­айт­ұрсы­нов­, М. Дула­тов­ т. б. а­рыс­тар­мен­ бір­ге “А­лаш­” пар­тиясы бағдарламасы­ның­ жоба­сын­ жасауға өз үле­сін­ қосады. Ала­шор­да аты­нан­ Орынбордағы баш­құрт әскеріне үндеу жа­сап­, Тор­ғай же­рін­де құры­лып­ жат­қан ұлт­тық­ әс­кер­ге кө­мек­ беруді сұ­рай­ды. Өті­ніш­ қа­был­ алы­нып­, Тор­ғайға офи­цер­ Ғаб­дел­хак Ғаби­тов­тің бас­шылығы­мен­ бір­неше а­дам­ жіберіледі [26]. 1924 жылы 29 қарашада Бер­лин­де өт­кен­ ТҰ­Б-ның­ конг­ресіне қаты­сып­, Д. Битілеуов екеуі осы ұйым­ның­ социа­лис­тік қанаты аты­нан­ о­рыс­ ком­му­нис­тері­нің­ саяса­тын­ айып­тайт­ын­ үндеу жария­лай­ды [27].

Ға­зым­бек­тің­ бі­лім­дарлығы е­рек­ше көз­ге түседі. Не­міс­ ті­лін­ же­тік­ меңгергені сон­ша­лық­, ол А.-З. Валиди­дің­ не­міс­ ғалымы Й. Марк­варт­пен­ әңгіме­лес­кен ке­зін­де ау­дар­машы­лық­ рөл­ атқарады [28].

Мұ­ның­ бар­лығы – Ға­зым­бек­тің­ ше­тел­ге оқу­дан­ гөрі М. Шо­қай­ бас­та­ған­ ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­қа кө­мек­ке кел­гендігі­нің­ айғағы. М. Ты­ныш­паев­тың­ тер­геуде бер­ген жауа­бын­да (1930 жыл­дың 1 қазаны): “Гер­ма­ния­дан­ о­рал­ған Бірімжановтан (бір­-екі жыл­ өт­кен­ соң­) Шоқаев­тың­ Па­риж­де е­кен­ді­гін­, Берлиндегі студент­тер­мен кез­деске­нін­, о­ның­ біз­дің позиция­мыз­ды жақтайтынды­ғын­ және елдегі ұйым жұмысына сырт­тан­ қол­дау көр­сету бағытын­да іс-әре­кет­ жа­сайт­ын­ды­ғын­ біл­дік” [29] делінеді.

Мұ­нан­ ұлт зиялылары­ның­ ара­сын­дағы бір­ден көз­ге түсе бер­мейт­ін­ байланыс­ тін­де­рін­ бай­қауға болады.

“Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі” ұйымы жұмысы­ның­ жан­дануы және оны­мен­ түр­кі­стан­дық жас­тар­дың­ бай­ла­ныс­қа түсуі жө­нін­дегі Гер­ма­ниядағы ке­ңес­ елшілігі­нің­ ха­бар­лары е­сін­ жи­най­ бас­та­ған­ Ке­ңес­ өкіме­тін­ маза­лай­ бас­тайды. Бер­лин­дегі Ке­ңес­ Одағы­ның­ ар­най­ы қыз­мет­кер­лері түр­кі­стан­дық студент­тер­ді бақылауға алады, жал­пы ал­ған­да үкі­мет­ о­лар­дың біра­зын­ елге қайт­аруға жұмыстанады. Бұ­л жағ­дай М. Шо­қай­ға да жетеді. “Алма­нияда о­қып­ жүр­ген онда­ған­ түр­кі­стан­дық студент­тер­ді тара­тып­ жіберу ү­шін­ Ке­ңес­ үкіметі қолы­нан­ кел­ген бар­лық шара­лар­ды қол­да­нып­ көр­ге­нін­ біз­ жақ­сы біле­міз­. Оқу орындарын­ бітіруге дейін түр­кі­стан­дық­тар­дың қан­шасы қалары біз­ге бей­мә­лім­. Көп­те­ген­ студент­тер­ қар­жы же­тіс­пеу сал­дары­нан­ қайт­ып­ кетуге мәж­бүр болғанын­ мен­ жақ­сы біле­мін­” [30] деп­ жазады ол.

Түр­кі­стан­дық­ жас­тарды елге қайт­аруға түр­лі айла-шар­ғы­лар­ қолданылады. Со­лар­дың бір­ мысалы ре­тін­де М. Шо­қай­ Ах­мед­ Шук­ри де­ген­ студент­тің­ басы­нан­ өт­кен­ оқиға жө­нін­де “Пос­лед­ние но­вос­ти” газе­тін­де мақала жария­лай­ды. Онда 1925 жыл­дың шіл­де айында Орта Азия ком­му­нис­тік университеті­нің­ рек­торы Меер­зон­ның Гер­ма­ниядағы бұхара­лық­ студент­тер­ді елге қайт­ару мақ­саты­мен­ Бер­лин­ге келуі туралы айт­ылады. Мұн­да ол ше­тел­де оқу­дың­ “ана тілі мен­ төл­ мәде­ниеті­нен­ айыры­лып­ қалуға ұшыратуы мүм­кін” деп­ сөз­ сөй­лей­ді. О­ның­ бұ­л алдаусыратуына түр­кі­стан­дық жас­тар сен­бейді, ақы­рын­да Ах­мед­ Шук­ри Меер­зон­ға мыл­тық атады. Оқ­тан­ а­ман­ қал­ған Коммунис­тік у­ни­вер­ситеттің­ бас­шысы тез­де­тіп­ Мәс­кеуге ша­қыр­ты­лып­ алынып­, енді бұ­л мәселені аяқтау Гер­ма­ниядағы ке­ңес­ елшісі Н. К­рес­тинс­кий­ге жүк­теледі [31].

Ке­ңес­ өкіме­тін­ қай­ уа­қыт­тан бас­тап “Бұхара төл­ мәде­ниеті­нің” болашағы туралы ой маза­лай­ бас­тағаны – “құпия” дей­ді М. Шо­қай­.

Ке­ңес­ елшілігі өз тара­пын­ан түр­кі­стан­дық студент­тер­ді елге қайт­ару­мен­ бір­ге, о­лар­дың кей­бі­рін­ ТҰ­Б-да тың­шы­лық­ жұ­мыс­тар жүр­гізуге пай­далануға әре­кет­тер жа­сай­ды. Бер­лин­дегі Жоғары тех­ника­лық­ мек­теп­тің­ архи­тек­тура бөлі­мін­де о­қып­ жат­қан Эф­зал­ Абусеид де­ген­ сту­ден­т елші­лік­ке шақыры­лып­, оның­ Ми­хальс­кий­ де­ген­ қыз­меткері Эф­зал­ға: “О­сын­дағы түр­кі­стан­дық ұйымға мүше боп­ ені­ңіз­. Бар­лығы­мен­ де жақ­сы қаты­нас­ орнаты­ңыз­. Не туралы айтылып­, не істе­ліп­ жа­тқа­нын­ білі­ңіз­. Ал­ғаш­қы кез­де мен­ мұн­да е­сім­де­рін­ атаған­ а­дам­дар туралы жаз­ба түр­де қыс­қаша мағ­лұ­мат­ бері­ңіз­... Әуелгі кез­де ай сай­ын 200 мар­ка тө­леп­ тұра­мыз­, кейін жұмысы­ңыз­ға қа­рай­ ол сом­маны көбейте­міз­” [32] дей­ді. Эф­зал­ға ұ­сын­ған ті­зім­де М. Шо­қай­дың­ есімі бі­рін­ші тұрады. Елші­лік­ бәрі­нен­ бұ­рын­ түр­кі­стан­дық­тар­дың ше­тел­де қа­лып­ қой­мауына кө­ңіл­ бөледі. Осы­ған­ қара­ма­стан 1930 жыл­дың көк­теміне қа­рай­ бір­ ғана Берлин­де елге жеті түр­кі­стан­дық о­рал­май қалады [33]. О­лар­дың іші­нен­ Бұхарадан­ бар­ған жә­дит­ші Ах­мад­ Наим Нус­ратула­бек­ті атауға болады. Са­быр­ Түр­кі­станли (хи­мик­) және Наим Ок­тем­ (экономика ғылымы­ның­ док­торы) Түркияға кетеді. Та­хир­ Ша­хир­заде Шаға­тай­ (экономика ғылымы­ның­ док­торы), Саа­дет­ Исхаки (про­фес­сор), Абдуа­қап­ Оқ­тай­ (дәрі­гер­) және Саид Оқ­тай­ (философия ғылымы­ның­ док­торы) Бер­лин­де қа­лып­, М. Шо­қай­дың­ бас­па жұмысына кө­мек­теседі.

Ке­ңес­ Одағына қ­айт­ып кел­ген студент­тер­ тү­гел­дей жауапқа алынады, бірақ­ о­лар­ ТҰ­Б, М. Шо­қай­ жө­нін­де жар­тымды мағ­лұ­мат­ бер­мейді [34]. Уа­қыт­ өте келе Гер­ма­нияға оқуға бар­ған жас­тар­дың­ елге о­рал­май, ТҰ­Б және М. Шоқай­мен­ қаты­нас­ орнатуы мем­ле­кет­тік дең­гейдегі күр­делі мәселеге айналады. Өзбек­стан­ Ком­пар­тиясы Орта­лық­ Комитеті­нің­ бі­рін­ші хат­шысы Ғұсман­ Юсу­пов­ “Прав­да Вос­тока” газеті­нің­ бе­тін­де Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы қауіпті қыл­мыс­тар­ қата­рын­да Түр­кі­стан жас­тары­ның­ Еуропаға оқуға жіберілуін а­тап­ көр­сетеді [35]. “Кері төң­ке­ріс­ші­лер­ кү­ш жинауға, кад­р дай­ындауға айрықша кө­ңіл­ бөледі. Осы мақ­сат­пен­ о­лар­ Еуропа елдеріне бур­жуазия­лық­ ұлтшыл­дық­пен­ у­лан­ған жас­тарды оқуға жібе­ріп­, о­лар­дың оқу қаража­тын­ біз­дің хал­қы­мыз­дың алтыны­мен­ төледі. Арты­нан­ бұ­л жас­тар “фа­шис­т шпиондары” бо­лып­ шық­ты” дей­ді.

Гер­ма­нияда оқы­ған­ жас­тар фашизм­ге қыз­мет ету­ден­ өзде­рін­ ау­лақ­ ұстайды, бі­рақ­ Түр­кі­стан ұлт-а­зат­тық күресі­нің­ ал­дың­ғы сапы­нан­ көріне біледі. Өзі­нің­ болаша­ғын­ ойла­майт­ын­, өз қата­рын­ қабі­лет­ті жас­тар­мен­ то­лық­ты­рып­ отыруға қам­ же­мейт­ін­ ұйым бол­майды. ТҰ­Б-ның­ бұ­л ба­ғыт­тағы қыз­меті бірнеше салаларды қам­тиды, ұйым қатарына қа­был­да­мас­ бұ­рын­ о­лар­ды саяси дай­ын­дық­ мек­тебі­нен­ өткізу көз­деледі. Осы мақ­сат­пен­ 1927 жыл­дың қаң­тар айында о­лар­дың “Түр­кі­стан Жас­тар­ Одағы” деп­ атала­тын­ ұйымы құрылады. Оның­ жиырма үш бап­тан тұра­тын­ жар­ғы­сын­ ТҰ­Б бас­ хат­шысы Меж­дед­дин Делил­ бас­қар­ған­ ко­мис­сия дай­ын­дай­ды. Жар­ғыда, Түр­кия би­лік­ о­рын­дары­ның­ талабы бой­ынша, Жас­тар­ Одағы­ның­ сая­сат­қа ара­лас­пауы ар­най­ы көр­сетіледі. Бі­рақ­ кейін осы та­лап­тың о­рын­далмауына бай­ла­ныс­ты жас­тар ұйымы 1939 жыл­дың аяқ ке­зін­де жабылады [36].

М. Шо­қай­ түр­кі­стан­дық жас­тарды саяси жұ­мыс­тарға тар­туға аса сақтықпен­ қа­рай­ды, ТҰ­Б мүшелері­нің­ бар­лығы­н о­лар­дың болашағына үл­кен­ жауап­кер­ші­лік­пен қарауға, о­лар­ға қол­дан кел­ге­нін­ше мо­раль­ды­қ және материал­дық­ кө­мек­ беруге шақырады.

Мұс­тафа 1929 жыл­дың 27 ақпа­нын­да ә­зір­бай­жан­ қай­рат­кері М.-Э. Ра­сул­Задеге жаз­ған ха­тын­да А.-З. Валиди шыға­рып­ тұр­ған “Йе­ни Түр­кі­стан” журналын­дағы он­сыз­ да түр­кі­стан­дық студент­тер­дің ізіне тү­сіп­ жүр­ген ГПУ-ға қо­сым­ша мәлі­мет­ бер­ген бір­ мақала­ның­ зияны туралы ха­бар­лайды. Мақалада студент­тердің­ бірі­нің­ суреті басылады және о­ның­ “Түр­кі­стан­ э­миг­рант­тары­мен­ бауырласуы туралы” жа­зыл­ған көрінеді. Осы­ның­ кесірі­нен­ бір­ апта өт­пей­-ақ Бер­лин­дегі ГПУ резидент­тері іске кірі­сіп­, суреті ба­сыл­ған сту­ден­т стипендиясы­нан­ айырылады. “Кү­дік­ті” деп­ та­был­ған тағы төр­т студент­ті де осын­дай “жаза” кү­тіп­ тұрады.

Осы жағ­дайға бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ “Йе­ни Түр­кі­стан­ның­” бе­тін­де жарық­ көре­тін­ материал­дар­ға жауап­кер­ші­лік­пен қа­рап­, шет­ ел­дер­де оқуда жүрген жас­тарды “кінәлауға” не­гіз­ бер­меуге ре­дак­ция бас­шылары­ның­ наза­рын­ аударады. Бі­рақ­ мұн­дай о­рын­ды ес­кер­ту­дің­ өзі А.-З. Валиди, Меж­дед­дин Де­лил­ тарапы­нан­ наразы­лық­ туғызады.

Мұс­тафа, тіп­ті түр­кі­стан­дық­ жас­тарды а­шық­ түр­де, ке­ңес­ өкіметіне қар­сы ба­ғыт­тал­ған­ кү­рес­ке тар­туға да келі­сім­ бер­мейді. М.-Э. Ра­сул­-Задеге: “Зак­ки-бей­ Бер­лин­де екі шәкірт­ке, е­гер­ о­лар­ ойла­рын­ жа­сыр­май сөй­лейт­ін­ бол­са, журналға жұ­мыс­қа ала­мын­ деп­ уәде бе­ріп­ті”, “бұ­л де­ген­ оқушы­лар­ды тас­-талқан қылу­дың­ бел­гісі болады” [37] деп­, о­лар­ды тө­ніп­ тұр­ған қауіп­тен­ сақтандыр­ғысы келеді. М. Шо­қай­дың­ о­сын­дағы ке­ңес­ ор­ган­дары­ның­ болашақта қудалаушылығы­нан­ қор­ғап қал­ғысы кел­ген а­дам­дары Ғ. Бі­рім­жан мен­ Аб­дель­ва­хаб­ Муради еді.

М. Шо­қай­ жас­тарды қол­дау­дың­ да, қор­ғау­дың­ да ке­рек­ті­гін­ айт­у­дан­ тынбайды. 1930 жыл­дың 7 мамы­рын­да Шар­ль Лоранс­қа жаз­ған ха­тын­да оқуға кел­ген жас­тар­дың­ материал­дық­ қиын­дық­тарға ұшы­рап­ о­тыр­ғанына, о­лар­дың іші­нен­ екеуі­нің­ оқу бі­тір­геніне, енді о­лар­дың жұ­мыс­қа орналасу мәселесі­нің­ тұр­ғанына, бесеуіне жоғары оқу ор­нын­ бітіруге кө­мек­тесу­дің­ қа­жет­тілігіне, оған­ үш мың­ мар­ка­дай­ қара­жат­ ке­рек­тігіне тоқ­талады. “Мұн­дай со­маны ма­ған­ Еуропа капита­лис­тері бер­мейді. Шын­ды­ғын­ айт­қанда, боль­ше­вик­тер мені бекер­ге айып­тай­ды” [38] деп­ жазады.

М. Шо­қай­ ТҰ­Б-ның­ сыр­ттық қаты­нас­та­рын­ жол­ға қоюда да, Ауған­стан­, Шы­ғыс­ Түр­кі­стан, И­ран­ т. б. ел­дер­де тұ­рып­ жат­қан түр­кі­стан­дық эмигранттармен бай­ла­ныс­ орнатуда да ора­сан­ зор­ жұ­мыс­тар жүр­гізеді. Бі­рақ­ олар­ құпиялығы се­беп­ті біз­ге жет­пе­ген­. Ал, Орта Азия және Қазақ­стан­ тұрғындары­мен­ бай­ла­ныс­тары мүл­дем көрі­ніс­ бер­мейді. Де­ген­мен “Бел­гі­сіз­ адам­дарға” бүр­кемеле­ніп­ жа­зыл­ған хат­тар­дан­ ұйым­ның­ түр­лі ө­ңір­лер­мен­ хабар­ла­сып­ тұр­ғаны ғана бай­қалады.

Түр­кі­стан э­миг­рациясы­ның­ бас­ты орта­лық­тары­ның­ бірі Ауған­стан­ болады. Онда түр­кі­стан­дық көтері­ліс­ші­лер­ же­тек­шілері­нің­ көп­шілігі мен­ ортаазия­лық­ ау­ғын­дар тұ­рып­ жатады. О­лар­дың Орта Азия рес­публикалары­мен­ шекара­лас­ ау­дан­дарда орналасуы ТҰ­Б бас­шылары­ның­ ел­мен­ бай­ла­ныс­ жасауына жақ­сы мүм­кін­дік­тер туғызады. Осы се­беп­ті 1932 жыл­дың жа­зын­да ке­ңес­ үкіметі ау­ған­ үкіметі­нен­ “түр­кі­стан­ қаш­қында­рын­ ау­ған­-ке­ңес­ шекарасынан­ о­тыз­ шақы­рым­дық зона­дан­ әрі қа­рай­ көшіруді” та­лап­ етеді.

Түр­кі­стандағы көтері­ліс­ бас­шылары­ның­ біразы Ка­бул­да, Анд­хой­, Ге­рат­ қалала­рын­да орналасады, о­лар­ Ис­тан­бұлдағы, Гер­мания­ мен­ Па­риж­дегі түркістан­дық­тар­мен ха­бар­ла­сып­ тұрады [39].

Ауған­стан­да ТҰ­Б-ның­ бір­неше се­нім­ді а­дам­дары тұрады. Ұйым­ның­ Махмуд­ (Ибраги­мов­) де­ген­ өкілі құпия түр­де тіке­лей­ М. Шо­қай­дың­ басшылығы­мен­ жұ­мыс­ іс­тей­ді. 1935 жыл­дың 28 жел­тоқса­нын­да жа­пон­ үкіметі ө­кіл­дері­мен­ жүр­гіз­ген­ ке­ліс­сөздері жө­нін­де ол бы­лай­ деп­ ха­бар­лайды: “Құрметті мыр­за! Мен­ Ұ­зақ­бай­лар­мен (жа­пон­дық­тар­. – К. Е.) бір­неше қайт­ара кез­де­сіп­, ма­ңыз­ды мәселе­лер­ жө­нін­де пі­кір­ а­лыс­тым, о­лар­ды өз ұйымы­мыз­дың туралығына сен­діруге ты­рыс­тым және бұ­л мәселеде бел­гілі бір­ дәрежеде лайықты көріне біл­дім деп­ ой­лай­мын­. Бұ­лар­ мені жасы­рын­ қа­был­дады. Арамыз­дағы келі­сімшар­т алмасу­лар­дан кейін (яғ­ни бір­-бірі­міз­ді көз­ жеткіздірген­нен­ кейін) менің бір­ ұйымға қа­рас­ты бол­ғанды­ғым­ды және бұ­л ұйым­ның­ өз орталығы­ның­ рұқ­са­тын­сыз іс қыла ал­майт­ыны­мыз­ды аң­дат­тым. Бас­ты мәселені сіз­ге қал­ды­рып­ о­тыр­мын. Сіз­бен­ Ф­ран­цияда бұ­лар­дың елшілігін­де іс­тейт­ін­ С. Танака (S. Tanaka) де­ген­ бір­ кісі кез­десе­тін­ бол­ды (бұ­л хат­ бар­ғанша, мүм­кін, кез­дес­кен­ де шы­ғар­), Әл­бет­те, бұ­л а­дам­мен ашығы­рақ­ кеңе­сер­сіз. Соңыра өз пікірі­ңіз­ді баян е­тер­сіз. Ме­нің­ше, біз­дің бұ­л келісімі­міз­ екі жақ­қа да тиім­сіз­ бол­маса ке­рек­. Келе­шек­те ол екі та­рап­тың бір­-бірі­мен­ руха­ни түсі­ніс­тікте болуына ық­пал­ е­тер­ деп­ ой­лай­мын­.

Өз хат­тары­ңыз­да бір­неше рет­ еуропа­лық­тар­дан­ еш ү­міт­ жоқ­ты­ғын­ қайталап­ жаз­ған еді­ңіз­. Сон­дай бол­ған­нан­ кейін біз­дің әуелгі таянышы­мыз­ – өз қуат-күші­міз­ге сүйен­бей­, азия­лық­ ел­дер­ден гөрі ө­тім­ді әрі пәр­менді бір­ іс жасай­ды е­кен­ деп­ еуропа­лық­тарға көз­ ті­гіп­ отыруы­мыз­ бол­майт­ын­ гәп­ бол­са ке­рек­. Біз­дің­ өз ісі­міз­де ал­ған­ шы­най­ы бағыты­мыз­ – боль­ше­виз­м бәлекеттерінен­ арылу. Бұ­л о­рай­да сол­ бауыр­лар­дан бас­қа қол­ ұ­шын­ бере­тін­ дос­ та, та­ныс­ та бола қой­май­ды деп­ ой­лай­мын­” [40].

Мұ­нан­ М. Шо­қай­дың­ Еуропа елдері­нен­ Түр­кі­стан­ ұлт­тық­ қоз­ғалысына кө­мек­ күту үміті­нің­ әлсі­реп­ бара жат­қанды­ғын­ бай­қауға болады. Мах­муд­ көп­ нәр­сені ым­мен­, ишара­мен­ жазады, де­ген­мен өзі­мен­ кез­дес­кен­ “ұ­зақ­бай­лар­дың” жа­пон­ үкіметі­нің­ ми­нист­рі Самуту Китади, сол­ ел елшілігі­нің­ әскери атташесі Нубутуси Асакура және Тай­хара де­ген­ хат­шысы е­кен­дікте­рін­ жа­сыр­майды.

Түр­кі­стан­дық­ э­миг­рант­тар­дың Ма­зар­-Ша­риф­, Хана­бад­, Қан­да­ғар­ өңірлерін­де ұйымдары қыз­мет іс­тей­ді. Жа­пон­дық­тар­ Ка­бул­да ТҰ­Б-ның­ тағы бір­ өкілі Сұл­тан­бек Бах­тияр­мен­ кез­де­сіп­, кей­бір­ ұсы­ныс­тар жа­сай­ды. Ке­ліс­сөз бары­сын­да қа­рым­-қаты­нас­ орнатуға қол­ жет­кізіледі. Келесі жолы Жапо­ния­ның­ Ка­бул­дағы әскери атташесі (Асакура­ның­ орнына кел­ген) бұ­рын­ғы Бұхара республикасы­ның­ жауапты қыз­меткері Фаиз Мұхаме­дов­пен, бас­машы­лар­ отряд­тары­ның­ бас­шылары Сеид Төре, Шир­ Мұ­хам­мед­бек­пен кез­деседі. Жа­пон­ атташесі­нің­ тап­сырмасы­мен­ С. Бах­тияр Индияға, Ос­ман­ Қожа Мек­кеге аттанады. Жа­пон­дық­тар­ Еуропа елде­рін­дегі де э­миг­рация әлеуе­тін­ зерт­тей­ді. Па­риж­де Г. Бам­мат­пен және Х. Хас­маме­дов­пен ке­ліс­сөз жүр­гізуге екі жа­пон­ өкілі келеді. Жа­пон­дар­дың­ бұ­л әре­кет­тері “өз а­дам­дары” арқылы М. Шо­қай­ға бел­гілі болады. “Жал­пы хал­қы­мыз­дың ой-пікі­рін­ бір­ арнаға топ­тастыра ке­ліп­, қо­ғам­дық ой­дың­ желісі­мен­ “ұ­зақ­бай­лар­дың” жәр­демі арқылы сүйікті отанымыз­дың а­зат­тығына қол­ жет­кізе­міз­ де­ген­ пі­кір­ туындады және осы­ған­ бай­ла­ныс­ты бас­қа ұсы­ныс­тарды кері қайт­а­рып­, “ұ­зақ­бай­лар­ға” тоқ­та­ған­ е­дік­. Жоба­мыз­дың ал­ғаш­қы кезеңі бол­ған ұйым­дас­тыру жұ­мыс­тары­мен­ айналы­сып­ жа­тыр­мыз. Жұмысы­мыз­дың бір­неше ай­лық­ нәтижесі ре­тін­де жү­з мың­да­ған­ кісі­лер­ді қа­лып­таса бас­та­ған­ ой-пікірі­міз­дің төңіре­гін­де топ­тастыруға қол­ жеткіз­дік­, бір­неше ай­лар­ бұ­рын­ осы іс­тер­ді атқару ү­шін­ И­ран­ға және Ауғанстан­ға са­пар­ға жи­нал­ға­ным­да Ос­ман­ Қожаоғлы И­ран­, Ауған­стан­ және Үн­ді­стандағы кей­бір­ жұ­мыс­тарды тек­серу, атқа­рыл­ған іс­тер­ді оң көзі­мен­ кө­ріп­, білу ү­шін­ мені­мен­ бір­ге Ис­тан­бұл­дан­ жол­ға шық­қан еді. Екі айға жуық Ауғанстан­да бо­лып­, Үн­ді­стан және И­ран­ арқылы Ис­тан­бұлға қайт­ып­ о­рал­ды” дей­ді Мах­муд­ М. Шо­қай­ға жаз­ған ха­тын­да (1937 ж.).

А­лай­да М. Шо­қай­ да, Мах­муд­тың өзі де жа­пон­дық­тар­дың жы­мыс­қы әрекет­теріне көп­ ұза­май­ көз­дері жетеді. Сол­ жыл­дың 5 маусы­мын­да Мах­муд­ М. Шо­қай­ға: “әр­бір­ пәле­кет­ке ә­зір­ тұра­тын­ “ұ­зақ­бай” әскери тың­шы се­кіл­ді көрінеді” деп­, бұ­л а­дам­ның түр­кі­стан­дық­тар­дан Ауған­стан­да ұйым құ­рып­, сол­ ұйым­ның­ көмегі­мен­ Мань­чжурияға мың­ға тар­та сар­баз жет­кізуді, со­сын­ оларды жа­пон­ паро­ход­тары­мен­ апа­рып­, Шы­ғыс­ Түр­кі­стандағы со­ғыс­ қимылдарына ара­лас­тыруды жос­пар­лап­ жүр­ге­нін­ ха­бар­лайды [41].

Шы­ғыс­ Түр­кі­стан­нан­ Мах­муд­ Мұ­хит­ти­дің­, док­тор Мұс­тафа Әли­дің­, Хасен­ Бухари­дің­, Шан­хай­дан­ Бай­әзизи­дің­, Тянь­ц­зин­нен Н. Заки­роғ­лы­ның­, Каир­ден­ Ә. Шың­ғыс­хан­ның­ хат­тары­нан­ да [42] М. Шо­қай­дың­ шет­ ел­дер­де жүр­ген түр­кі­стан­дық­тар­ды ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­ идеялары төңіре­гін­де топ­тастыру әре­кет­тері көрінеді. Бұ­л ба­ғыт­та ол Ауған­стан­да бір­шама жұ­мыс­тар жүр­гізеді және оң нәтиже­лер­ге қол­ жет­кізеді. 1936 жыл­дың 31 науры­зын­да Мах­муд­ Ибра­гим­нің Мұс­тафаға жол­да­ған­ ха­тын­да Ауған­стан­дағы э­миг­рант­тар­дың ұлттық­ мақ­сат жо­лын­дағы ор­тақ­ жасы­рын­ бір­ ұйымға топ­тасты­рыл­ғандығы [43] жө­нін­де ха­бар­ланады.

1935 жыл­дың 19 тамы­зын­да Па­лес­тина жері­нен не а­раб­ елдері­нің­ бірі­нен­ жаз­ған ха­тын­да Аб­дул­ға­зиз­ Әндижа­ни: “Хаты­ңыз­бен бір­ге жібе­ріл­ген “Ұлы Па­лес­тина” кар­та­сын­ а­лып­, қат­ты риза бол­дым, бес­-он дана Түр­кі­стан байрағынан­ жібер­се­ңіз­, Түр­кі­стан­ның­ жү­зін­ көр­ме­сек­ те, ең бол­маса қасиетті бай­ра­ғын­ кө­ріп­ қана­ғат­ тұ­тар­ е­дік­. Бұ­л жер­дегі бү­кіл­ Түр­кі­стан, Бұхара мұғажыр­лары сіз­ге сә­лем­ жол­дайды” [44] дей­ді. Хат­ мәтіні­нен­ А. Әндижа­ни­дің­ де ТҰ­Б мүшесі е­кен­дігі көрінеді.

1939 жыл­дың 6 қаң­тарында Шан­хай­дан­ жет­кен бір­ хат­та


М. Шо­қай­дың­ Шы­ғыс­ Түр­кі­стан­ның­ а­зат­тығы ү­шін­ кү­рес­ке көп­ ү­лес­ қосқандығы айт­ылады [45].

М. Шо­қай­ Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­ ү­шін­ші ті­рек­ пунк­ті ре­тін­де Үндістан­ның­ Пеша­вар­ қала­сын­ көр­сетеді, онда бі­раз­ түр­кі­стан­дық­тар­ тұ­рып­ жатады [46]. Ол жер­ден Мұс­тафа­мен­ Нұр­мұ­хам­мед Шам­сол­лаоғлы де­ген­ а­дам­ ха­бар­ла­сып­ тұрады [47]. 1933 жыл­дың 1 қыр­күйе­гін­де Ис­тан­бұл­дан­ Н. За­хид­ де­ген­ түр­кі­стан­дық М. Шо­қай­ға Пеша­вар­да таяуда өте­тін­ кон­фе­рен­цияға қан­ша а­дам­ның жіберіле­тін­дігі, о­ған­ нақ­тылы кім­дер­дің­ қатыса­тын­дығы туралы мәселе­лер­дің ТҰ­Б жиналы­сын­да қара­лып­, ақы­рын­да кон­фе­рен­цияға М. Шоқайдың­, Ах­мад­жан Ибра­гим­ мен­ Ибра­гим­ А­риф­хан­ның­ баруы лай­ық деп­ та­был­ға­нын­ ха­бар­лайды. Кон­фе­рен­ция­дан­ кейін И. А­риф­хан мен­ А. Ибрагимнің ТҰ­Б тап­сырмалары­мен­ Шы­ғыс­ Түр­кі­стан мен­ Ауған­стан­ға баруы жос­парланады [48].

Бас­па­сөз­ бет­те­рін­де және жер­-жер­ден тү­сіп­ жат­қан хат­тарда көрсетілгендей­, М. Шо­қай­ көп­те­ген­ ба­тыс­ және шы­ғыс­ елде­рін­де бар­лық түркістан­дық э­миг­рант­тар­дың руха­ни көсемі ре­тін­де танылады. Бұ­л жағ­дай Мұс­тафаға Түр­кия, Ауған­стан­, Үн­ді­стан, Ф­ран­ция, Ұ­лыб­рита­ния, Гер­ма­ния, Поль­ша се­кіл­ді ел­дер­дің бас­шылары­мен­ бү­кіл­ түр­кі­стан­дық­тар­ аты­нан­ сөйлесуге мүм­кін­дік­ береді. 1938 жыл­дың 18 қаң­та­рын­да Па­риж­ден Ауғанстанның сырт­қы іс­тер­ ми­нист­ріне Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы жетекшілері­нің­ бірі, а­тақ­ты гео­лог­ Сад­ред­дин Ше­риф­ходжаев­тың­ қу­ғын­дауға түсуіне байла­ныс­ты хат­ жа­зып­, о­ған­ кө­мек­ беруді сұ­рай­ды [49].

ТҰ­Б ө­кіл­дері Ауған­стан­, И­ран­, Шы­ғыс­ Түр­кі­стан, Сауд Ара­бия­сы, Жапония т. б. ел­дер­де бо­лып­, ондағы түр­кі­стан­дық эмиг­рант­тар­ды ұлт­тық­ қозға­лыс­қа тар­ту­мен ­айналысады. А­лай­да ТҰ­Б-ның­ өз і­шін­де әуел ба­стан-ақ кө­рін­ген жа­рқын­шақ кү­н өт­кен­ сай­ын ұл­ғай­ып, М. Шо­қай­ мен­ А.-З. Валиди ара­сын­дағы өзара кү­рес­ке ұласады, о­ған­ Еуропа елде­рін­дегі, Түр­кия мен­ Ауғанстан­дағы ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­ қай­рат­керлері тар­тылады. “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ комитеті”, “Түр­кі­стан Ұлт­тық­ одағы”, “Орта Азия комитеті” де­ген­ бұ­рын­ жеке-жеке құ­рыл­ған ұйым­дар­дың ТҰ­Б аты­нан­ е­мес­, өз алдына дер­бес әре­кет­ етуге тырысушылығы о­рын­ алады. Ұйым бас­шылары­ның­ арала­рын­дағы пендешілікке не­гіз­дел­ген­ тү­сін­беуші­лік­тер, ке­ңес­ бар­лау ор­ган­дары­ның­ іріткілік­ әре­кет­тері де ұйымға те­ріс­ ықпа­лын­ тигізеді.

М. Шо­қай­ мен­ А.-З. Валиди арала­рын­дағы ки­кіл­жің­нің­ бір­ қыры “Йе­ни Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ идея­лық­ бағытына нұқ­сан кел­тіре­тін­ кей­бір­ материалдар­дың жа­рық­ көруі­нен­ туын­дай­ды. О­ның­ бір­ мысалы жур­нал­дың­ бірін­ші са­нын­да: “Ха­лық­ сенімі бой­ынша, Түр­кі­стан­ды жау­лап­ ал­ған­да орыстарға Алла кө­мек­тес­кен­, о­лар­дың әс­кер­лері­нің­ құра­мын­да Қы­зыр­ Ілиястың­ өзі бол­ған” де­ген­ мақала­ның­ басылуы еді. Мұны М. Шо­қай­ Түркістан­ның­ тәуел­сіз­дігі ү­шін­ кү­рес­те бұ­л басы­лым­ның идея­лық­ ұстанымының сол­қыл­дақ­ты­ғын­ біл­діреді деп­ есеп­тей­ді.

А.-З. Валиди мен­ М. Шо­қай­ арала­рын­дағы тү­сін­бес­тік­тің аста­рын­да олардың бұ­рын­ғы Бұхара әмірі Сеид Ә­лім­ханға түр­лі көз­қа­рас­та болуы да барды. Баш­құр­т қай­рат­кері “Проме­тей­” жур­на­лын­да М. Шо­қай­ жақ­тастары­ның­ ә­мір­ге қар­сы а­шық­тан-а­шық­ әшкерелеу материалда­рын­ жариялауына қар­сы шығады. Мұс­тафа бол­са тәуел­сіз­дік идеология­сын­ боп­салаумен, бүркемелеумен­ қа­лып­тастыру­ға болмайды деген пікірі­нен­ бас­ тарт­пай­ды.

Әсіресе, А.-З. Валиди­дің­ М. Шо­қай­ды о­рын­сыз кінәлауы, қа­зақ­ қайраткері­нің­ о­рыс­ э­миг­рант­тары­ның­ бас­па­сөз­дері­мен­ шы­ғар­машы­лық­ қа­рым­-қаты­нас­та болуын ұйым мақ­сатына кере­ғар­ келеді деп­ пай­ымдауы үл­кен­ алаңдаушы­лық­ туғызады. Осы се­беп­ті 1927 жылы М. Шо­қай­ “Түр­кі­стан Ұлттық­ Бір­лігі” ұйымы­ның­ Орта­лық­ комитеті құрамы­нан­ шы­ғып­ кетеді. Ол бұ­л қа­дам­ға бару себе­бін­ гру­зин­ қай­рат­кері С. Г. Мдива­ниге жаз­ған ха­тын­да (1928, 2 мау­сым­) “о­рыс­ э­миг­рант­тары­ның­ бас­пасөзі­мен­ ынты­мақ­тастығы” де­ген­ жалаң­ айып тағылуға бай­ла­ныс­ты деп­ тү­сін­діреді [50]. 1928 жылы жел­тоқ­сан­да по­ляк­ бар­лауы­ның­ май­оры В. Даб­ровс­кий­ге жаз­ған ха­тын­да 1927 жыл­дан кейін о­рыс­ га­зет­теріне мақала беруін тоқ­татқа­нын­, яғ­ни өз ұстанымы­ның­ а­нық­ты­ғын­ айт­ады. Бі­рақ­ Мұс­тафа­ның­ өзі­нің­ пай­ымдауынша, мәселе кім­нің қай­ басылыммен қатына­сын­да е­мес­, жария­лан­ған мақалалары­ның­ мән­-мағынасында, э­миг­рациядағы қай­рат­кер­лер­дің Түр­кі­стан ха­лық­тары­ның­ азаттығы ү­шін­ кү­рес­ так­тика­сын­ дұ­рыс­ а­нық­тауында, бұ­рын­ғы мо­нар­хия­лық­ күш­тер мен­ о­тар­шыл­дық­тың о­дақ­тастары жө­нін­де қан­дай ба­ғыт­ ұстауы керекті­гін­де еді [51].

ТҰ­Б Орта­лық­ комитеті­нің­ 1928 жыл­ғы 7 ақпа­н­да А.-З. Вали­ди­дің­ ықпалы­мен­ а­лын­ған шеші­мін­де М. Шо­қай­дың­ ұйым­нан­ шығуы жө­нін­дегі өтініші­нің­ қа­был­ ал­ынған­дығы, бі­рақ­ ол рес­ми түр­де “Проме­тей­” жур­налына “о­рыс­ де­мок­ратиясы” деп­ атала­тын­ о­рыс­ езгісі мен­ империа­лиз­міне қар­сы және Түр­кі­стан­ның­ то­лық­ тәуел­сіз­ді­гін­ та­ни­тын­дығы жө­нін­де мақала жа­зып­, ұйым бағ­дарламасы мен­ саяса­тын­ мой­ындаса ТҰ­Б мүшелігіне қайт­а қа­был­дануы мүм­кін” [52] делінеді. Осы ке­зең­де Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лі­гін­де о­рын­ ал­ған­ үлкен­ дағ­да­рыс­ 1928 жылы А.-З. Валиди­дің­ бас­шылығы­мен­ құ­рыл­ған комиссия­ның­ М. Шо­қай­дың­ саяси ұстанымы­ның­ “те­ріс­ті­гін­” дә­лел­деу мақсатын­да қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ кей­бір­ хат­тары мен­ әлі жа­рық­ көр­ме­ген­ мақала­сын­ са­рап­қа салуына бай­ла­ныс­ты ушыға түседі. Оны­мен­ тын­бай, комиссия шешімі Еуропадағы кей­бір­ түр­кі­стан­дық топ­тарға және Кав­каз­ ұлттық­ комитетіне жіберіледі.

Сырт­тай­ ко­мис­сия құру­дың­ “дұ­рыс­ты­ғын­” тиянақ­тауға ты­рыс­қан А.-З. Валиди мен­ ко­мис­сия мүшесі Аб­дул­ка­дыр­ И­нан­ бұ­ған­ дейін М. Шоқайдың­ ТҰ­Б-дан­ шығатыны жө­нін­де а­рыз­ бер­гендігіне сүйенеді [53]. М. Шо­қай­дың­ он­дай­ қа­дам­ға баруына көп­те­ген­ жайт­тар­ мәж­бүр­лей­ді. “Йе­ни Түр­кі­стан” жур­налы­ның­ шын­ мә­нін­дегі ре­дак­торы және бас­шысы А.-З. Валиди бұ­л басы­лым­ бе­тін­де ТҰ­Б-ның­ бағ­дарламасына қай­шы келе­тін­ материал­дар­ға жол­ береді. М. Шо­қай­ өз тара­пын­ан жур­налды түр­кі­стан­дық о­қыр­ман­дар­ды идея­лық­ тәр­биелеу құралы деп­ е­сеп­тейді, сол­ се­беп­ті онда тәуел­сіз­дік ү­шін­ күрес­ ст­ратегиясы мен­ так­тика­сын­ бұр­малау­мен­ келісе ал­майт­ын­ды­ғын­ білдіреді. М. Шо­қай­ жур­налда “ха­лық­ сенімі бой­ынша Түр­кі­станды жау­лап­ алар­да о­рыс­тарға Алла­ның­ өзі кө­мек­те­сіп­ті және о­рыс­ армиясы­ның­ қата­рын­да Қы­зыр­ Ілияс бо­лып­ты” (Йе­ни Түр­кі­стан, 1929) деген се­кіл­ді, о­рыс­ отаршылдығын­ ақтауды көз­де­ген­ жол­дар­дың­ о­рын­ алуына да, ескі конфессиялық­ мек­теп­тер­ді ұ­лық­тауға, тіп­ті, о­ның­ материалда­рын­ ТҰ­Б-ға мүше е­мес­, саяси дай­ындығы тө­мен­ а­дам­ға ре­цен­зияға беруіне, сол­ арқылы оны кемсітуге қар­сы­лық­ біл­діреді. Со­ның­ ө­зін­деде М. Шо­қай­ шы­дам­ды­лық­ танытып­, этика­лық­ нор­ма­лар­ шең­бері­нен­ шық­пайды, ке­ліс­пеуші­лік­терді сыр­т көз­ге біл­дір­мей­ді. Бі­рақ­ 1927 жыл­дың 30 қараша­сын­да А.-З. Валиди­ден­ “Послед­ние но­вос­ти” газеті­мен­ шы­ғар­машы­лық­ қаты­нас­та болуын ТҰ­Б бағдарламасына қай­шы келе­ді деп жөн­сіз кінәла­ған­ хат­ алуы М. Шо­қай­дың­ төзі­мін­ тауысады. Дау­рық­па, қы­сыр­ сөз­дер­ден­ ау­лақ­ болуға ты­рыс­қан М. Шоқай­ ұйым­нан­ шығатыны туралы а­рыз­ береді.

1927 жыл­дың 29 қаза­нын­да М. Шо­қай­ тағы бір­ хат­ алады. Онда А.-З. Валиди “Анг­лия­ның­ жақ­тастары деп боль­ше­вик­тер­дің­ айып тақ­пауы ү­шін­ Анг­лияға қар­сы нау­қан­ бас­тауды” ұсынады. Бұ­л туралы М. Шо­қай­ бы­лай­ деп­ түсі­нік­ береді: “Мен­ кім­нің бол­са да ой-пікі­рін­ ер­кін­ біл­діруі жа­ғын­да­мын­. Бірақ­ біз­дің ұйым бас­қа ұйым­дар­мен (мысалы, Кав­каз­ комитеті­мен­) келі­сім­ жасап­, бір­ге қи­мыл­дайт­ын­ бол­ған­нан­ кейін, ме­нің­ те­рең­ сені­мім­ бой­ынша, ондай­ нау­қан­нан бой­ын ау­лақ­ ұстауы ке­рек­. Ме­нің­ ойымша, мұны бір­ге іс­тес­ болуға ұйғарған ұйым­дар­ жөніндегі­ а­дал­дық та­лап­ етеді. Мен­ мүл­дем а­ғыл­шын саясаты­ның­ қор­ғаушысы е­мес­пін және кім­нің де а­ғыл­шын саясатына қар­сы болуына тыйым сал­ғым кел­мейді. А­лай­да ол ү­шін­ тиісті “уа­қыт­ пен­ о­рын­ды” білу аб­зал­” [54].

1929 жыл­дың 14 науры­зын­да Ис­тан­бұлдағы өз­бек­ э­миг­рант­тары М. Шоқай­ға хат­ жа­зып­, ұйымдағы жағ­дайға а­лаң­даушы­лық­ біл­діреді. М. Шоқай­ өзі­нің­ бұ­рын­ғы баш­құрт досы­мен­ жұр­т ал­дын­да бет­ жыр­тысуға барғысы кел­мейт­ін­ді­гін­, себебі сөз­ қуалаушы­лық­тың ұлт­тық­ кү­рес­ мүд­делеріне пай­да кел­тір­мейт­ін­ді­гін­ [55] ес­кер­теді.

М. Шо­қай­ келі­сіл­ген уағда­лас­тық­тан­, ұ­стан­ған п­рин­ципі­нен­ ешқа­шан­ да ауыт­қып­ көр­ген е­мес­. Бас­қа саяси күш­тер­мен­ арақаты­нас­та іс о­рай­ына қа­рай­ тай­қып­ кетуді біл­мейді.

А.-З. Валиди ТҰ­Б-ның­ бағ­дарламасына о­рыс­ саяси пар­тиялары­мен­ қатынас­ жасау­дан­ шарт­ты түр­де ғана бас­ тар­туды, ал дер­бес кү­рес­ жүр­гізу сәтсіз­дік­ке ұшыра­ған­ жағ­дайда ғана о­рыс­ де­мок­ратия­лық­ және социа­лис­тік пар­тиялары­мен­ ор­тақ­ тіл­ табысу жө­нін­дегі тармақты енгізуді ұсынады. М. Шоқай­ мұн­дай “екіұшты­лық­қа” ү­зіл­ді-ке­сіл­ді қар­сы шығады [56].

М. Шо­қай­ға қой­ыл­ған­ жа­лаң­ айып­тар­дың еш­бір­ негізі­нің­ жоқ­тығы А.-З. Валиди­дің­ по­ляк­ рези­ден­турасына жаз­ған хат­тары­нан­ ай­қын­ көрінеді. 1928 жыл­дың 10 қаң­та­рын­да Вар­шаваға жол­да­ған­ ха­тын­да ол М. Шо­қай­дың­ орыс­ топ­тары­мен­ қа­рым­-қаты­нас­та болуын ТҰ­Б көз­қа­рас­тары мен­ тактикасына, кав­каз­дық­тармен және украин­дар­мен бір­лесе оты­рып­, Ұлт­тар­ Лигасына Ке­ңес­ өкіметі­нің­ саясатына қар­сы мемо­ран­дум жө­нел­туге, әсіресе, “Проме­тей­” ұйымы­ның­ жұмысына қай­шы келеді деп­ тү­сін­діреді. М. Шо­қай­дың­ о­рыс­ басы­лым­дары­мен­ шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ныс­та жүр­гені рас­ бол­ғаны­мен­, бі­рақ­ о­ның­ А.-З. Валиди айыптаулары­ның­ бір­де-біріне қатысы жоқ­ бола­тын­.

ТҰ­Б Орта­лық­ комитеті­нің­ шешімі де, А.-З. Валиди­дің­ уәждері де Варшаваны и­лан­дыра қой­май­ды. Осы се­беп­ті ол бір­ жыл­дан кейін “Біз­дің­ ұйым туралы” де­ген­ ша­ғын­ мақала ә­зір­леп, онда Мұс­тафаға “жік­шіл­дік­ әре­кет­тері” үшін­ айып тағуға ұмтылады. “Ар-ұяты бол­са Шоқаев ТҰ­Б-да тай­па­лық­ не­гіз­де і­ріт­кі салуға ба­ғыт­тал­ған­ қа­дам­ға ба­рар­ ма еді. Е­гер­ “Түр­кі­стан” сөзі пат­ша билігі тұ­сын­дағы бес­ об­лыс­ты ғана қам­ти­тын­ бол­са, жер­лестері Ты­ныш­паев, Рыс­құ­лов­, Ақаев, Қожа­нов­ және т. б. се­кіл­ді, ең алды­мен­ Қазақ­стан­ға Шоқаевтың­ өзі кетуі тиіс; қа­зір­гі Өзбек­стан­да бір­де-бір­ қыр­ғыз қо­ғам­дық қайраткері жоқ­, бар­лығы да Қазақ­стан­ға кетуге мәж­бүр е­тіл­ді” [57] дей­ді. М. Шо­қай­ Түр­кі­стан ұғымына Өзбек­стан­, Қыр­ғыз­стан­, Тү­рік­мен­стан­, Тәжікстан­ ғана е­мес­, Қазақ­стан­ да кіреді деп­ е­сеп­тейді. А.-З. Валиди ТҰ­Б Түркі­станға Орта Азия­ның­, Қазақ­стан­ның және По­вол­жье­нің­ бар­лық тү­рік­ халық­тары ене­тін­дігі туралы түсі­нік­ негі­зін­де құ­рыл­ды деп­ ұғады. “Біз­ ұ­зақ­қа со­зыл­ған (1917–1920 жж.) кү­рес­тен кейін әуелі Мәс­кеуде, кейін Бұхарада қырғыз­дар­ды, өз­бек­тер, тү­рік­мен­дер­, баш­құрт­тар­, хиуа­лық­тар, бұ­хар­лық­тар­ мен­ тә­жік­терді, әр­қай­сысы­ның­ ішкі автономия­лық­ стату­сын­ мой­ын­дай­ оты­рып­, бір­ феде­рал­дық ұйымға бі­рік­тір­дік­. А­лай­да үш жыл­ бой­ғы (1920–1923 жж.) бір­ ұйымдағы бір­лес­кен­ жұ­мыс­ бар­лық тай­па­лар­ды жа­қын­дас­тыр­ғаны сон­ша­лық­, Таш­кент­те өт­кен­ Ұлт­тық­ Бір­лік­тің конг­ре­сін­де (ме­нің­ Еуропаға кете­рім­нің алдын­да) қыр­ғыз ин­тел­ли­ген­циясы арасы­нан­ шық­қан, ру­лық­ дәс­түр­лер­ді фанатик­ жақ­таушы­лар­дың өздері де жеке тай­па­лар­дың ішкі автономиясы туралы тармақты ұйым бағ­дарламасы­нан­ а­лып­ тас­тауды ұ­сын­ды. Шоқаев­тың­ ұмы­тыл­ған нәр­сені қайт­а жан­дандыруға ты­рыс­қан әре­кет­тері біз­дің жолдастары­мыз­ тарапы­нан­ жек­көрінуші­лік­ туғызуда” [58] дей­ді Валиди.

А.-З. Валиди ТҰ­Б-ның­ ау­ған­ оқиғала­рын­да да ма­ңыз­ды рөл­ атқа­рып­ отыр­ғанды­ғын­, жа­қын­да бас­машы­лар­ қоз­ғалысы­ның­ же­тек­шілері Кур­шиах­мет­, Хам­ра­кул­ және Фузаил Мах­дум­ның Ис­тан­бұлда бо­лып­ қ­айт­қанды­ғын­ айт­ып­, бұ­лар­дың бар­лы­ғын­ М. Шо­қай­сыз­ бі­тіп­ жат­қан іс ре­тін­де су­рет­тейді. Мұстафаның­ Валиди се­кіл­ді бас­машы­лар­ қата­рын­да кү­рес­пегені мә­лім­, бі­рақ­ оны Ауған­стан­дағы түр­кі­стан­дық­тар­дың өмірі­нен­ тыс­ тұр­ды деуге мүл­де не­гіз­ жоқ­ [59]. М. Шо­қай­ бас­машы­лар­дың жеңілу се­беп­те­рін­ де, о­лар­ды ұлт­тық­ қозға­лыс­тың шешуші күші ­деп санауға бол­майт­ы­нын­ да жақ­сы түсінеді. А.-З. Валиди бол­са, 1931 жыл­дың ө­зін­де Ауған­стан­ға Истан­бұл­дан­ а­дам­дар жіберу, о­лар­дың бас­шылығы­мен­ бас­машы­лар­ды қайт­а көтеру, сол­ арқылы қозға­лыс­қа ха­лық­тық си­пат­ беру се­кіл­ді ө­мір­ шын­дығына кере­ғар­ ұсы­ныс­тар жа­сай­ды. Ах­мет­-Зәки өзі­нің­ айыптаулары төңіре­гін­де М. Шо­қай­мен­ а­шық­ пікір­та­лас­қа бар­майды, тіп­ті, ол жө­нін­де по­ляк­ рези­ден­турасы­нан­ Мұс­тафа­ның­ өзіне айт­пауды өтінеді.

Бас­қа “уәждері” қал­ма­ған­ А.-З. Валиди баш­құрт­тар­ Түр­кі­станға уа­қыт­ша кел­ген ке­лім­сек­тер­ е­мес­, о­лар­ Түр­кі­стан федерациясы­ның­ тең­ құқылы мүшесі де­ген­ді айт­у­мен­ болады, осы арқылы өзі­нің­ ТҰ­Б-ны бас­қаруға “құқы” барлығын­ дә­лел­деуге тырысады. Вар­шаваға: “Сіз­дер­ Шоқаев­сыз­ ше­тел­де саяси жұ­мыс­тың жүруі мүм­кін е­мес­ деп­ ой­лай­сыз­дар. Мен­ оны п­рин­цип­сіз­, ө­зін­ шексіз сүйе­тін­ а­дам­ деп­ е­сеп­тей­мін­, бі­рақ­, ме­нің­ше, сол­ ұйымды бас­қару түгілі, онда ты­ныш­ жұ­мыс­ та іс­тей­ ал­май­ды... ТҰ­Б-ның­ тағ­ды­рын­ бұ­л а­дам­ның қыңыр­лығы­мен­ бай­ла­ныс­тыру­дың­ қажеті жоқ­ еді. Ол қан­ша да­рын­ды бол­са да... Біз­дер­ о­дан­ кем­біз бе, ф­ран­цуз ті­лін­ үйре­ніп­ алу де­ген­ бір­неше ай­дың­, не бір­ ғана жыл­дың ісі е­мес­ пе?!” [60] деп­ таусыла, үл­кен­ өкпе арта жазады.

А.-З. Валиди­дің­ “айыптауларына” Вар­шава­дан­ гөрі, ТҰ­Б Орта­лық­ комитеті, Түр­кі­стан­ э­миг­рант­тары­ның­ көп­шілігі қар­сы шығады. Оны А.-З. Валиди­дің­ 1929 жыл­дың 31 науры­зын­да по­ляк­ дип­ло­мат­тары Т. Го­лув­ко мен­ Т. Шет­цель­ге жаз­ған хаты­нан­ аңғаруға болады. А.-З. Валиди­дің­ ке­зін­де Орын­бор атаманы Ду­тов­тан Л. Т­роц­кий жағына шық­қаны, Г. Исхаки­мен­ жанжалдасуы, “ең жа­қын­ досы” е­сеп­те­ген­ М. Шо­қай­ға не­гіз­сіз жала жабуы ТҰБ ұйы­мын­да беде­лін­ түсіреді. Ар­най­ы ко­мис­сия құры­лып­, 1929 жыл­дың 11 науры­зын­да М. Шо­қай­дың­ ТҰ­Б мүшелігіне де, о­ның­ Орта­лық­ комитеті құрамына ө­кіл­дігі де то­лық­ қал­пына кел­тірі­ліп­, бұ­рын­ғы ше­шім­нің күші жойылады [61]. Мұ­нан­ кейін А.-З. Валиди мен­ о­ның­ серігі Аб­дул­ка­дыр­ И­нан­ ТҰ­Б-дан­ шы­ғып­, өз алдына баш­құрт комите­тін­ құрады [62].

А.-З. Валиди­дің­ Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нен­ шы­ғып­, ө­з ал­дына баш­құрт ұйы­мын­ құруы да мұға­жыр­лар ара­сын­да қол­дау таба қой­май­ды. Түркістандықтар мен­ баш­құрт­тар­ ара­сын­да текеті­рес­ке әкелуі мүм­кін мұн­дай әре­кет­тің зияндылығы жө­нін­де М. Шо­қай­ 1929 жыл­дың 14 мау­сымын­да В. Дабровс­кий­ге жаз­ған ха­тын­да үл­кен­ а­лаң­даушы­лық­ біл­діреді.

ТҰ­Б Орта­лық­ комитеті­нің­ төрағалығына Ос­ман­ Қожа сай­ланады, бі­рақ­ осы ке­зең­нен бас­тап іс жү­зін­де ұйымды М. Шо­қай­ бас­қарады [63]. А.-З. Валиди мен­ М. Шо­қай­дың­ хат­та­рын­ түр­лі мұра­ғат­ материалда­рын­ са­лыс­тыра зерт­те­ген­ В. Г. Бул­да­ков­ та о­сын­дай түйінге келеді. Ол, тіп­ті, бұ­л би­лік­ті М. Шо­қай­ “ешкім­мен бө­ліс­пейді” [64] деп­ көр­сетеді. А. Қара да 1928 (1929 ж. – К. Е.) жыл­дан бас­тап ұйым­ның­ М. Шо­қай­дың­ “руха­ни же­тек­шілігі­мен­” жұ­мыс­ істегенін­ [65] жазады.

1930 жыл­дың қа­зан­ айында А.-З. Валиди Вар­шаваға жаз­ған ха­тын­да өз алдына бас­па ор­ганын­ құруға, “Проме­тей­” клу­бын­да баш­құрт ө­кіл­дігі­нің­ болуына кө­мек­ беруді сұ­рай­ды, жал­пытү­рік­тік мәде­ни мұ­рат­тарға қыз­мет ете бере­тін­діктеріне уәде етеді. 1931 жыл­дың 18 қаң­та­рын­да Т. Го­лув­ко мен­ Т. Шет­цель­ге жол­да­ған­ ха­тын­да: “Мен­ Шоқаев­пен­ бір­ле­сіп­ қыз­мет істеуге ешқа­шан­ да қар­сы бол­ған е­мес­пін. Ө­зім­ де, ме­нің­ жол­да­сым­ Аб­дул­ка­дыр­ И­нан­ да оны­мен­ бір­ле­сіп­ жұ­мыс­ істеуге қа­зір­ де дай­ын­быз­. Біз­дің­ бір­ ғана шар­ты­мыз­ бар­: Түр­кі­стан­ның­ ше­тел­дегі өкі­лет­тігі бұ­л ел ха­лық­тары саяси бір­лестігі­нің­ федера­тив­тік сипаты негі­зін­де ай­қын­далуы ке­рек­. ТҰ­Б ұйы­мын­ың негі­зін­ үш ха­лық­: өз­бек­тер, қыр­ғыз­дар­ (қа­зақ­тар. – К. Е.), баш­құрт­тар­ құр­ды. Истанбұлдағы да, Па­риж­дегі де өкі­лет­тікте­рін­де және бас­па о­рын­да­рын­да осы сипаты сақ­талуы тиіс” [66] дей­ді.

ТҰ­Б-ның­ у­ни­тар­лық сипаты ү­шін­ кү­рес­кен М. Шо­қай­ды “айып­тап­” жүрген А.-З. Валиди­дің­ өзінің жік­шіл­­дік ұ­станым­да бол­ғаны ай­қын­дала түседі. 1930 жылы А.-З. Валиди Бер­лин­де Ә. Идриси ұйым­дас­тыр­ған­ құпия ке­ңес­ке қатысады. Онда Түр­кі­стан­ ұйымы мен­ о­ның­ бас­палары­ның­ ықпалына қар­сы күресу ү­шін­ та­тар­ э­миг­рациясы­нан­ бө­лек­ ұйым құру жө­нін­де ше­шім­ алынады. По­ляк­ бар­лаушыларына ОГПУ-дің­ А. Шафиге А.-З. Валидиді өздері жағына тар­ту­ ке­рек­ деп бер­ген нұс­қаулары бел­гілі болады [67]. Оны­мен­ бір­ге А.-З. Валиди 1924 жылы жел­тоқ­сан­ның 28–30 күн­дері Бер­лин­де өт­кен­ “революция­лық­-социа­лис­тік” пар­тия­лар­дың халықара­лық­ кон­­фе­­рен­цияларына қатысады, 1924 жылы 12 сәуірде Ке­ңес­ Одағы­ның­ Бер­лин­дегі елшісіне, 1926 жылы 13 нау­рыз­да И. В. Ста­лин­ге хат­ жазады [68]. Валиди­дің­ большевиктермен­ тіл­ табысуға ұм­тыл­ған қа­дам­дары ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­ мүдделеріне зия­нын­ тигізеді. Мұн­дай жайт­тар­ А.-З. Валиди­дің­ саяси физиономия­сын­ ай­қын­дай түсуді қа­жет­ етеді, бі­рақ­ о­ның­ М. Шо­қай­ды кінәлаулары пен­деші­лік­тен, о­ның­ халықара­лық­ дең­гейдегі қай­рат­керлі­гін­ көре алмаушы­лық­тан туындағаны аян.

1929 жылы М. Шо­қай­ Бер­лин­ мен­ Гей­дель­бер­г қалала­рын­да Түр­кі­стан ұлт­тық­ қоз­ғалысы туралы лек­ция­лар­ оқуы­мен­ қа­тар­, баш­құрт­тар­ды Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі аясына қайт­ару мәселелері­мен­ де шұ­ғыл­данады. Сол­ ке­зең­де ол: “Бар­лығы­мыз­дың, баш­құрт­тар­ мен­ түр­кі­стан­дық­тар­дың бір­ ту­дың­ ас­тын­да енді бірігуі мүм­кін бе – айт­у қиын... Бі­рақ­ қан­дай жағ­дайда да о­лар­дың бас­та­рын­ қосу әре­кет­те­рін­ тас­тамауы­мыз­ тиіс” [69] дей­ді. М. Шо­қай­ Истан­бұлдағы пікір­лестеріне А.-З. Валиди­дің­ әре­кет­теріне қа­рап­, оны “боль­ше­вик­тер­дің­ агенті” деуге бол­майт­ын­ды­ғын­, ө­зін­ және Ос­ман­ Қожаны қаралауға тырысушылығы жеке басына тән­ қасиет­тер­ге бай­ла­ныс­ты е­кен­ді­гін­ айт­ып­ хат­ жол­дайды. Ол Валидиді ұлт­тық­ идея кү­рес­кері ре­тін­де баға­лай­ды, о­ның­ ұстаны­мын­дағы ауытқушы­лық­тар “ұ­сақ­ бақ­құ­мар­лық пен­ а­қыл­сыз қыңырлықтан­ бас­тау алады” дей­ді. Дағ­да­ры­с­тан шығу­дың­ жолы “Валиди жөнін­де а­шық­ мә­лім­деме жасауда е­мес­, қарапайым ұс­там­ды сөз­дер­мен­ о­ның­ өзінің­ ойлануына мүм­кін­дік­ беруде” деп­ біледі [70].

ТҰ­Б-ның­ соң­ғы конг­ресі 1939 жылы 24 нау­рыз­ – 2 сәуір аралы­ғын­да Берлин­де өтеді. Конг­рес­ке М. Шо­қай­, Та­хир­ Шаға­тай­, Меж­дед­дин Де­лил­, Шакир­ Ибраги­мог­лы, Абдуа­қап­ Оқ­тай­ қатысады. Түр­кия үкіметі­нің­ шешімі бой­ынша қо­ныс­ аударуға мәж­бүр бо­лып­, Вар­шавада тұ­рып­ жат­қан О. Қожа ұйым мүшелігі­нен­ шығары­лып­, о­ның­ төрағалығы­нан­ босатылады. Ұйымды бас­қара­тын­ орта­лық­ құрамына М. Шо­қай­ (төраға), М. Де­лил­, Та­хир­ Шаға­тай­ сай­ланады. ТҰ­Б орталығы­н­ Ис­тан­бұл­дан­ Еуропа қалалары­ның­ біріне көшіру ұйғарылады [71]. Жиында Түр­кі­стан Ұлт­тық­ Бір­лігі­нің­ бі­рін­ші ке­зек­тегі міндеті және таяу арадағы мақ­саты ре­тін­де: 1) Түр­кі­станды о­рыс­ үс­тем­дігі­нен­ құт­қару; 2) Түр­кі­станда о­рыс­тың кез­ кел­ген үс­тем­дігі­нің­ орнауына жол­ бер­меу; 3) бәрі­нен­ бұ­рын­ тәуел­сіз­, ұлт­тық­ Түр­кі­стан мем­леке­тін­ құру [72] жө­нін­дегі шешіміне қол­дау біл­діріледі.

Бі­рін­ші дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­тың бас­талуы мен­ фа­шис­тік Гер­ма­ния басшылары­ның­ М. Шо­қай­ды өз мақ­сат-мүд­делеріне жұ­мыс­ істетпек әрекеттеріне, осы се­беп­ті қа­зақ­ қай­рат­кері­нің­ түр­кі­стан­дық істері­нен­ қол­ үзуіне бай­ла­ныс­ты ТҰ­Б бір­те-бір­те өз жұмысын тоқ­татуға мәж­бүр болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет