Р. М. Таштемханова Мұстафа Шоқайдың тарихи бейнесі



бет7/28
Дата12.07.2016
өлшемі2.81 Mb.
#194577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28

3.2 Жол­айры­ғын­да

Боль­ше­вик­тер­дің­ Түр­кі­стан Мұх­тария­тын­ тал­қан­дап­, өлке­нің­ бас­қа бөліктеріне де қар­сы шабуыл­дар­ға шығуы жер­гі­лік­ті ха­лық­ пен­ о­ның­ жетекшілері­нің­ ұлт­тық­ мәселені шешу­дің­ жаңа жол­да­рын­ із­дес­тіру ке­рек­тігіне көз­де­рін­ жет­кізеді. 1918 жыл­дың 7 науры­зын­да “У­луғ­ Тур­ке­стан” газеті­нің­ бетін­де “Бү­гін­гі күн­гі уазифа­мыз­” де­ген­ бағ­дарлама­лық­ си­пат­тағы мақала басылады. Онда “Түр­кі­стан мұ­сыл­мандары­ның­ ү­міт­ арт­қан­ ұлт мәжілісі мен­ Уа­қыт­ша үкі­мет­ ас­қан­ оз­быр­лық­пен­ тара­тыл­ды… Енді өт­кен­ іске салауат айт­у ке­рек­. Бұ­дан­ кейін он­дай­ жағ­дай бол­ма­сын­ деп­ ті­лейік. Бұ­л ү­шін­ біз­дің демократ, ха­лық­ қа­мын­ ой­лайт­ын­ жас­тары­мыз­ бен­ жұ­мыс­шы-шаруа ө­кіл­дері жина­лып­, бас­ қо­сып­, өздері­нің­ ұйымда­рын­ құ­рып­, һәм­ осы ұйым­дар­дың аты­нан­ кісі­лер­ сай­лап­, бү­гін­ би­лік­ ба­сын­да о­тыр­ған үкі­мет­тің құрамына кір­се е­кен­” [1] делінеді. Мақала бейжай­ бол­мауға, елдегі оқиға­лар­дан тыс­ тұр­мауға шақырады. Мұ­ның­ өзі ұлт зиялылары бола­шақ­тағы кү­рес­ так­тикасы­ның­ іргета­сын­ қа­лай­ бас­та­ған­ды­ғын­, оны енді жаңа өкі­мет­тің бас­қару ор­ган­дарына ену арқылы жүргізуге бет­ бұр­ға­нын­ аң­ғар­тады. Ха­лық­тың бір­ бөлігі өлкеде жұ­мыс­шы, солдат және шаруа депу­тат­тары­ның­ ке­ңес­тері ре­тін­де орнаты­лып­ жат­қан о­рыс­ үс­тем­дігіне қар­сы тұру ү­шін­ “бас­машы­лар­” де­ген­ ат­пен­ бел­гілі бола бас­та­ған­ қоз­ға­лыс­қа ке­ліп­ қосылады.

1923 жыл­дың ақ­пан­ айында ше­тел­ге э­миг­рацияға ке­тер­ ал­дын­да баш­құрт хал­қына жаз­ған қош­тасу ха­тын­да А.-З. Валиди Түр­кі­станда ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­ “біз­ мұн­да кел­генге дейін бас­тал­ған­ еді, бас­машы­лар­дың көп­шілігі фана­тик­ мол­да­лар­дың ықпа­лын­да бол­ды. Біз­ бұ­л қоз­ға­лыс­ты ұлт­тық­ идея арнасына бағыт­та­дық­” [2] десе, М. Шо­қай­ бас­машы­лар­ қоз­ғалысы­ның­ кең­ е­тек­ алуы Қоқан­ автономиясы­ның­ күш­пен жой­ылуына бай­ла­ныс­ты о­рын­ алға­нын­, бі­рақ­ өз күресі мен­ бас­машы­лар­ ара­сын­дағы бай­ла­ныс­тың бол­ма­ған­дығы туралы жазады [3].

Шын­ды­ғын­да да А.-З. Валиди бас­машы­лар­ қоз­ғалысына ке­ліп­ қосылады да, М. Шо­қай­ Түр­кі­стан­ның­ Уа­қыт­ша үкіметі­нің­ мүшеле­рін­ тұт­қындау ке­зін­де қа­шып­ шы­ғып­, бас­машы­лар­дың қолына түс­кен­нің­ ө­зін­де де о­лар­дың туы астын­да күресу­ден­ бас­ тар­тады. Себебі о­лар­ды ұлт­тық­ кү­рес­ті жүр­гізе ала­тын­ әлеуетті кү­ш ре­тін­де қа­рас­тыр­май­ды.

Түр­кі­стан Мұх­тария­тын­ боль­ше­вик­тер жой­ған­нан кейін Ер­гаш­ өз әскерімен­ Беч­кир­ қыс­тағына шегінеді. О­лар­ М. Шо­қай­ды осы жер­де тұт­қынға ал­ған­ға ұқ­сай­ды.

1918–1919 жыл­дары Фер­ғанада, Ер­гаш­ отряды­нан­ бас­қа, Хал­қожа, Махкам­-қожа, Рах­ман­құл, А­ман­ Пал­ван­, Муэт­дин­ және т. б. же­тек­ші­лер­дің басқаруындағы қы­рық­қа жуық әскери жа­сақ­тар әре­кет­ жа­сай­ды. Әсіресе, олардың ара­сын­да бұ­рын­ Мар­ге­лан­да уез­дік­ Ке­ңес­ милициясы­ның­ бас­тығы бол­ған Мада­мин­-бек­ (то­лық­ аты-жөні: Мұ­хам­мед – Ә­мин­-бек­ Ах­мет­бе­ков­) көзге түседі. 1918 жыл­дың қараша айында Мада­мин­-бек­тің отря­дын­дағы адамдар саны 500–700-ге дейін жетеді [4].

Бас­машы­лар­ қоз­ғалысы­ның­ қатары Бұ­хара­ мен­ Хиуа хан­дықтары­ның­ тұр­ғындары есебі­нен­ толы­ғып­ отырады.

1918–1919 жыл­дары Түр­кі­стан мен­ қа­зақ­ об­лыс­та­рын­ арала­ған­ [5] М. Шо­қай­ бас­машы­лар­ қоз­ғалысы­ның­ се­беп­тері мен­ қоз­ғаушы күш­те­рін­ іждағат­ты түр­де зерт­теп­, о­ның­ әл­сіз­ жақ­тарына қара­ма­с­тан, ұлт-а­зат­тық сипатта е­кен­ді­гін­ [6] ал­ғаш­ рет­ а­тап­ көр­сетеді.

Бас­машы­лар­ әс­кер­лері­нің­ қол­басшысы Мада­мин­-бек­тің 1920 ж. 14 наурыз­да Фер­ғана май­даны­ның­ қол­басшысы Сафо­нов­қа жаз­ған хаты М. Шоқай­дың­ осы тұжыры­мын­ рас­тайды. Онда бы­лай­ деп­ көр­сетіледі: “Біз­дің­ хал­қы­мыз­дың санасы К. Маркс­тің­ қи­сын­дары мен­ боль­ше­вик­тер­дің­ программала­рын­ түсінуге, о­лар­ды жүзеге асыру дәрежесіне әлі жете қой­ған­ жоқ­. Е­гер­ Түр­кі­станды би­леп­ о­тыр­ған Сіз­дер­ мұ­сыл­ман­дар­дың тұр­мысы­мен­ таныс­ бол­са­ңыз­дар, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың санасына өздері­ңіз­дің құр­ғақ идеялары­ңыз­ды сіңіре­мін­ деп­ бос­қа әуре бо­лып­ жүр­гендері­ңіз­ді түсі­нер­ едіңіздер. Біз­дің­ мұ­сыл­ман­дар­ тү­гіл­ еуропа­лық­ о­рыс­тар­дың­ өздері де коммуниз­м идея­сын­ ма­құл­дап, жүзеге асыруға дай­ын е­мес­… Ха­лық­тар­дың­ билік­ті өз қол­дарына алуына, федерация құ­рып­, бір­лесулеріне е­рік­ бере­міз­ деп­ еді­ңіз­дер. Біз­дің­ өз біл­гені­міз­ше ө­мір­ сү­ріп­, ең­бек­ етуге, мем­лекеті­міз­ді басқаруға, өз елі­міз­де өзі­міз­ қожа болуға мүм­кінші­лік­ бері­ңіз­дер, бұ­ған­ біз­дің то­лық­ қақы­мыз­ бар­” [7].

Бас­машы­лар­ қоз­ғалысы­ның­ тарихи шын­дыққа не­гіз­дел­ген­ бол­мысы, оның­ ұлт­тық­ қоз­ға­лыс­тың құ­рам­ды бөлігі е­кен­дігі, түптамыры ке­ңес­ өкіме­тін­ орнату бары­сын­да жер­гі­лік­ті ха­лық­қа көр­се­тіл­ген зор­лық-зом­бы­лық­та жатқандығы М. Шо­қай­ ең­бек­те­рін­ не­гіз­ге ал­ған­ ше­тел­ ав­тор­лары­ның­ туындыла­рын­да да [8], соны­мен­ бір­ге бү­гін­гі күн­гі Өзбек­стан­ ға­лым­дары­ның­ ізде­ніс­те­рін­де де [9] то­лық­тай көр­се­тіл­ді.

1918 жыл­дың көк­те­мін­де боль­ше­вик­тер Түр­кі­стан Ке­ңес­ Рес­пуб­лика­сын­ жария­лай­ды. Осы­дан­ соң­ о­лар­ Бұ­хар­а ә­мір­лігіне ауыз салады. Мұн­дағы жағ­дай Фер­ғанадағы­дан­ өзгеше бола­тын­. Ә­мір­лікте де 1908 жыл­ғы Жас­тү­рік­тер революциясы­ның­ ықпалы­мен­, о­рыс­ әдебие­тін­де жас­бұ­хар­лық­тар­ деп­ а­тал­ған, өз жә­дит­тері дү­ниеге келеді. 1917 жыл­ғы Ре­сей­дегі Ақ­пан­ революциясы о­лар­ды саяси кү­рес­ сах­насына а­лып­ шығады. Жас­бұ­хар­лық­тар­ мен­ Бұ­хара­ әмірі Сеид Ә­лім­хан ара­сын­дағы күр­делі қаты­нас­тар 1917 жыл­дың қа­зан­ айына дейін жалғасады. Жә­дит­тер мен­ ә­мір­ арала­рын­дағы қай­шы­лық­тарды өз мүд­десіне орай­ пай­далануға ты­рыс­қан боль­ше­вик­тер 1918 жылы нау­рыз­да со­ғыс­ жарияла­ма­стан және еш­бір­ се­беп­сіз Бұ­хар­а хан­дығына қар­сы шабуылға шығады. “А­зат­тық жо­рық­ты” Түр­кі­стан Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі­нің­ төрағасы Ф. Коле­сов­тың өзі бас­қарады [10]. А­лай­да бұ­л жолы да боль­ше­вик­тер билі­гін­ орнату жер­гі­лік­ті ха­лық­ты қы­рып­-жою мен тонаушы­лық­пен қа­тар­ жүреді, оны ә­мір­ліктегі о­рыс­ әс­кер­лері­нің­ сой­қан­дықтары­мен­ та­ныс­қан Г. Сафа­ров­ та рас­тайды [11].

Бұ­л жолы Сеид Ә­лім­хан­ның­ төңірегіне топ­тас­қан­ ха­лық­ бас­қыншы­лар­ға қар­сы кү­рес­те же­ңіс­ке же­тіп­, Ф. Коле­сов­тың бас­ке­сер­лері кейін шегінуге мәжбүр болады.

А­лай­да өз хал­қына сен­бе­ген­ Бұ­хар­а әмірі о­рыс­ үкіметі­мен­ ынтымақтастық­ қаты­нас­тар орнатуға көшеді. Түр­кі­стан Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі мен­ Бұ­хар­а әмірі ара­сын­да бей­біт­ келі­сім­ге қол­ қой­ылады. А­лай­да, М. Шо­қай­ “Бұ­хар­ қоз­ғалысы” де­ген­ еңбе­гін­де айт­қа­нын­дай, “бей­біт­ келі­сім­ бей­біт­ кө­ңіл­-күй ор­нат­пайды” [12]. Мәселе боль­ше­вик­тер­дің­ алдағы уақытта­ Бұхараны “а­зат­ ету” ү­шін­ енді ә­мір­ режиміне наразы топ­тар­дан­ өздеріне одақтас­тар­ із­дей­ бас­тауы­нан­ туын­дай­ды.

Бұ­хар­ әмірі бұ­рын­ғыша өз тағы­ның­ сақ­талуы кепі­лін­ Ре­сей­мен­ “дос­тық” қаты­нас­тарына а­дал­ болу деп­ біледі. Тіп­ті, 1918 жыл­ғы күз­дің бас­ ке­зін­де Закас­пий облысына а­ғыл­шын әскери отряды ке­ліп­ орна­лас­қан шақ­та о­лар­дың көмегі­нен­ бас­ тар­тып, Ре­сей­ге ғана “се­нім­” артады. Ре­сей­мен­ “дос­” болу­дың­ қасіре­тін­ ә­мір­ кейін тар­тады.

Ә­мір­ режимі Бұхарада еш­кім­ді де қана­ғат­тандыра қой­мады, тек­ большевик­терді жек­ көруші­лік­ қана ха­лық­ты ә­мір­ге қар­сы а­шық­ кү­рес­ке шығудан­ тежеп­ тұрады. Ха­лық­ қоз­ғалысына бас­тау бере ала­тын­ бір­ ғана кү­ш жас­бұ­хар­лық­тар­ еді. Бі­рақ­ о­лар­дың өздері де нақ­тылы бағ­дарлама­мен­ қаруланған, ұйым­дас­қан пар­тия­лық­ топ­ құра алмады.

М. Шо­қай­ сол­ кез­дегі жас­бұ­хар­лық­тар­ға мына­дай­ си­пат­тама береді: “Олар­ жас­тү­рік­тер төң­керісі­мен­ дү­ниеге кел­ген, әлі де бол­са пі­сіп­-же­тіл­ме­ген­ саяси ой-пі­кір­дің ағымы бола­тын­. О­ның­ жақ­тастары сауда­гер­лер тобы­нан­ шыққан­дар­дан тұр­ды. О­лар­дың революция­шыл­дығы кез­ кел­ген ком­мерсант­қа тән­ п­рог­рес­шіл­дік­тен­ аса қой­мады… Жас­бұ­хар­лық­тар­ ағымына шариғат­тың­ әділ­ бас­қару туралы та­лап­та­рын­ ала кел­ген мед­ресе­нің­ оқушы жас­тары қосылды. Жас­бұ­хар­лық­тар­дың бел­сенді құрамы осы екі топ­пен ғана шектелетін­” [13].

Ескі о­рыс­ үкіметі тұ­сын­да қу­ғын­да­лып­ кел­ген, Ре­сей­дің­ 1917 жылғы бірін­ші о­рыс­ үкіметі тұ­сын­да көз­ге і­лін­бе­ген­ жас­бұ­хар­лық­тар­ Ке­ңес­ өкіметі жө­нін­де “ә­ліп­тің ар­тын­ бағу” так­тика­сын­ ұстанады. О­лар­дың боль­ше­вик­терге көз­қара­сын­да өздері және ту­ған­ хал­қы­ның­ тағ­дыры жө­нін­де қор­қы­ныш­ сезімі көбі­рек­ о­рын­ алады.

1918 ж. ақ­пан­да Түр­кі­стан Мұх­тарияты­ның­ тал­қандалуы және большевик­тер­дің­ Түр­кі­стан автоно­мияшыларын­ аяу­сыз­ жа­ныш­тауы бұ­л қорқыныш­ты кү­шейт­е түседі. Осы­ған­ қара­ма­стан, жағ­дай жас­бұ­хар­лық­тар­ды алда кү­тіп­ тұр­ған төң­ке­ріс­ке қатысу арқылы елді бас­қаруға мүм­кінді­гін­ше атсалыса оты­рып­, Бұхарада боль­ше­вик­тер режимі­нің­ “өт­кір­ бұ­рыш­та­рын­” жұмсартуға тырысу жолына түсуді, не бол­маса ел тағ­ды­рын­ боль­ше­вик­терге тап­сы­рып­, бар­лығы­нан­ да сыр­т қалуды таң­дап алуға мәж­бүр­лей­ді.

Жас­бұ­хар­лық­тар­ өз хал­қы­мен­ бір­ге болуды қа­лай­ды. Е­кін­ші жағы­нан­, боль­ше­вик­тер­дің­ өздеріне де ке­ңес­ ба­сып­ алушылығына “а­зат­тық” си­пат­ беру мақ­са­тын­да жер­гі­лік­ті элемент­тер­ қа­жет­ еді. Соны­мен­ екі жақ­ та, еш­бір­ революция­лық­ құл­шы­ныс­тар­сыз­, жай­ так­тика­лық­ е­сеп­терді бас­шы­лық­қа а­лып­, бір­-біріне қол­да­рын­ ұсынады.

Жас­бұ­хар­лық­тар­дың боль­ше­вик­терге се­нім­ артуы­ның­ бір­ себебі – Ресейдің­ Ауған­станмен­ және Түр­кия­мен­ қа­рым­-қаты­нас­тары­­­ның­ дұ­рыс­та­лып­ келе жат­қанды­ғын­да еді.

Түр­кі­стандағы оқиға­лар­ бары­сын­ жіті бақы­лап­ о­тыр­ған М. Шо­қай­ жасбұхар­лық­тар­ды Түр­кі­стан­ның­, Хиуа, Қа­зақ­ об­лыс­тары мен­ Башқұртстанның мы­сал­да­рын­ кел­ті­ріп­, ке­ңес­ ү­гіт­шілері­нің­ а­зат­тық ұ­ран­дары мен­ уәделеріне сен­беуге шақы­рып­, ар­най­ы үндеу жол­дайды [14]. Тіп­ті, Бұ­хара­ әмірі­нің­ өкілі­мен­ Ашха­бад­та кез­де­сіп­, ол арқылы Бұ­хара­ әміріне Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ тәуел­сіз­дігі жо­лын­дағы күре­сін­ қол­дауы және оның өзі­нің­ де ту­ған­ халқы­мен­ бір­ге болуы туралы ұсы­ныс­ жа­сай­ды. Бі­рақ­ ә­мір­ Де­ни­кин­мен бір­ге ескі пат­ша режи­мін­ қал­пына кел­тіру­мен­ өз та­ғын­ сақ­тап қалу ү­шін­ күресетіні жө­нін­де ха­бар­лайды [15].

Кейін, 1920 жыл­дың та­мыз­ айында, жас­бұ­хар­лық­тар­ же­тек­шілері­нің­ бірі М. Шо­қай­дың­ осы үндеуіне мына маз­мұндағы жа­уап қайт­арады: “Бола­шақ­та Шы­ғыс­тағы ке­ңес­ саясатына ора­сан­ зор­ қол­ға­быс­ бере­тін­ Түр­кия­ның­ ал­дын­да және бір­ бүйі­рін­де Ауған­стан­ тұр­ғанда, боль­ше­вик­тер біз­дерге бер­ген уәде­сін­ бұ­зып­, сор­лы Бұ­хар­ хал­қын алдаушы рө­лін­ ойнауы мүм­кін е­мес­” [16]. Көп­ ұзамай­-ақ “бей­біт­ бі­тім­” де, жас­бұ­хар­лық­тар­мен “ойын” да боль­ше­вик­терге әншейін уа­қыт­ ұту ү­шін­ ғана ке­рек­ болғаны анық­талады.

1919 ж. Түр­кі­станды Ре­сей­ден­ бө­ліп­ тұр­ған “О­рын­бор тығыны” алынғаннан­ соң­, Таш­кен­т Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі орта­лық­тан қарулы көмек­ алады да, Бұ­хар­ жө­нін­дегі бұ­рын­ғы сая­сат­тан бас­ тар­тады. Жасбұхарлық­тар­дың Фай­зул­ла Қожаев бас­та­ған­ бір­ тобы Таш­кент­ке ке­ліп­, Кеңес­ өкіметі­мен­ ты­ғыз­ қаты­нас­ орнатады және о­ның­ қар­жысына Бұ­хар­дың “революция­лық­ күш­те­рін­” топ­тастыра бас­тайды. “Түр­кі­стан ү­шін­ кү­рес­тен ештеңе шық­пайт­ын­ды­ғын­, о­ның­ жері­міз­ді қан­сыратуға әкеле­тін­ді­гін­ түсіне оты­рып­, – деп­ жазады М. Шо­қай­, – Қо­қан­ тал­қан­дал­ған­нан­ кейін сау қал­ған автоно­мияшылдардың­ бас­ты буыны өзі­нің­ жақ­таста­рын­ Ке­ңес­ режимі­нің­ жергі­лік­ті ха­лық­қа өш­пен­ділі­гін­ жұм­сарту мақ­са­тын­да би­лік­ о­рын­да­рын­да жұмыс­ істеуге шақырады” [17]. Оны жоғарыда а­тал­ған “У­луғ­ Тур­ке­стан” газеті­нің­ 1918 жыл­дың 7 науры­зын­да “Бү­гін­гі күн­гі уазифа­мыз­” де­ген­ мақаладан­ да көруге болады.

Бұ­хар­ға қар­сы әре­кет­тер­дің­ же­дел­детілуі, М. Шо­қай­дың­ жазуынша, бірінші­ден­, Түр­кі­станда қар­сы­лық­ қоз­ғалысы­ның­ күшеюіне, ә­мір­лік­тің­ ө­мір­ сүруі Түр­кі­стан көтері­ліс­шілеріне дер­ ке­зін­де шегі­ніс­ жа­сап­, қайт­а­дан­ Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы шабуыл­дар­ға шығуына мүм­кін­дік­ береді де­ген­ пай­ымдау­лар­ға, е­кін­ші­ден­, Бакуде өте­тін­ Шы­ғыс­ ха­лық­тары­ның­ съе­зін­де “Қа­зан­ революция­сын­ мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ жап­пай қол­дап жат­қандығы” туралы сал­та­нат­ты мәлім­деме жасауға бай­ла­ныс­ты еді [18].

Бұ­хар­ды күш­пен алу, әрине, аса бір­ қиын­дық­ ту­дыр­маушы еді, бі­рақ­ мұны жас­бұ­хар­лық­тар­дың қолы­мен­ істеу тиімді көрінеді. 1920 ж. 5 қыр­күйекте жас­бұ­хар­лық­тар­ “революция­лық­ Бұ­хар­ пролетариаты­ның­” ә­мір­ Сеид Әлімханға қар­сы со­ғыс­ қи­мыл­да­рын­ бас­тау туралы ше­шім­ қа­был­дайды. Ә­мір­ еш­бір­ қар­сы­лық­ көр­сете ал­май­ды. Осы­лай­ша Бұ­хар­ хан­дығы Бұ­хар­ Ха­лық­ Социа­лис­тік Рес­пуб­ликасы (БХСР) бо­лып­ жарияланады.

Жас­бұ­хар­лық­тар­ мен­ боль­ше­вик­тер одағынан ештеңе шық­пайды. М. Шоқай­дың­ ес­кер­туле­рін­ ес­кер­ме­ген­ жас­бұ­хар­лық­тар­ же­тек­шілері о­пық­ жейді. О­рыс­тар бір­ден елді тонауға кіріседі. Түр­кі­стан май­даны­ның­ қолбасшысы М. В. Ф­рун­зе­нің­ бұйрығы­мен­ Бұ­хар­дан Ре­сей­ге 13 ва­гон­ ал­тын­, кү­міс­, қым­бат бағалы тас­тар жө­нел­тіледі [19]. Жап­пай рек­визиция мен­ тәр­кілеу жүреді. Бұхарада Қы­зыл­ Армия­ның­ отряды қал­дырылады. Өкі­мет­ билігіне жасбұ­хар­лық­тар­ қа­тыс­ты­рыл­ғаны­мен­, бар­лық бас­қару құры­лым­да­рын­да бұхарлық­тар­дың саяси бас­шылары мен­ революция­лық­ ұс­таз­дары ре­тін­де РК(б)П жауапты қыз­мет­кер­лері отырады. Бұ­хар­ ОАК зор­лық-зом­бы­лық­ пен­ тонаушы­лық­қа қар­сы тұра ал­май­ды.

М. Шо­қай­ Бұхара Ха­лық­ Рес­пуб­ликасы­ның­ үкі­мет­ ор­ган­да­рын­да жұ­мыс­ іс­теп­ жат­қан жас­бұ­хар­лық­тар­ды жақ­сы біле­тін­. О­лар­дың і­шін­де 1920 жылы БХР прези­ден­ті Аб­дул­ Қа­дір­ Мұ­хид­ди­нов­, Рес­пуб­лика на­зир­лері кеңесі­нің­ төрағасы Фай­зол­ла Қожаев та бола­тын­. Бі­рақ­ о­лар­дың ал­ғаш­қы аяқ алыстарынан­-ақ М. Шо­қай­ ұлт­тық­ тәуел­сіз­дік мұ­рат­тары­ның­ жүзеге аса қоюы­­ екіта­лай­ деген тұжы­рым­ға келеді.

Бұ­л жағ­дай көп­ күт­тір­мей­ді. 1920 жыл­ғы нау­рыз­ айы­ның­ соң­ғы күндерінде жас­бұ­хар­лық­тар­дың ара­сын­дағы ке­ліс­пеуші­лік­тер туралы ха­бар­ М. Шо­қай­ға да жетеді [20]. О­лар­дың бір­ бөлігі Ке­ңес­ билігіне қар­сы шығады. Түр­кі­стан рес­публикасы ОАК, Ко­мин­терн­нің­ Түрк­бюросы, РК(б)П Түркбюросы­ның­ бас­ қос­қан мәжілі­сін­де Бұхара­ның­ әскери назирі Аб­дул­ха­мид­ Ари­фов­, сырт­қы іс­тер­ назирі Ха­шим­ Шей­х Қы­зыл­ Армия әс­кер­лері­нің­ Бұхарадан­ әкетілуін та­лап­ етеді. Бі­рақ­ мәс­кеу­лік­тер о­ған­ құ­лақ­ ас­пай­ды және бұ­л а­дам­дарды ұлт­шыл­, па­нис­лами­ст­, пан­тюр­кис­т деп­ қудалауға салады. Соның­ нәтиже­сін­де бі­раз­ ұлт ө­кіл­дері бас­машы­лар­ға ба­рып­ қосылады [21].

Бұхара­ның­ шы­ғыс­ бөлігі – қа­зір­гі Тәжік­стан­ же­рін­де боль­ше­вик­тер­дің­ заң­сыз әре­кет­тері сал­дары­нан­ ха­лық­ наразылығы бас­талады. Жасбұхарлықтардың­ көр­некті ө­кіл­дері­нің­ бірі Мұ­хит­дин – Мағ­зом­ алғашқылар­дың қата­рын­да боль­ше­вик­тер­ден­ ат құйры­ғын­ ке­сіп­, 300 жігіті­мен­ көтері­ліс­ші­лер­ге ба­рып­ қосылады.

1921 жылы Бұхараға Эн­вер ­паша келеді. М. Шо­қай­ Эн­вер­ паша немесе Түр­кия­ның­ бас­қа бас­шылары­ның­ араласуы Түр­кі­стандағы жағ­дайды өз­гер­те алады де­ген­ көз­қа­рас­та е­мес­ еді. Оны М. Шо­қай­ Эн­вер­дің ағасы Нури паша­мен­ 1919 жыл­дың 24 қыр­күйе­гін­де Бакуде кез­дес­кен­ ке­зін­де а­шық­ мә­лім­дейді. М. Шо­қай­ Тбилиси­ден­ тү­рік­ қай­рат­кері­мен­ сөй­лесуге же­дел­хат­пен­ шақыртылып­ алынады.

Нури паша Түр­кі­станға үл­кен­ қызығушы­лық­ таны­тып­, М. Шо­қай­ға мұн­да қол­ға алына­тын­ әскери қи­мыл­дар­дың­ жос­па­рын­ көр­сетеді. М. Шо­қай­ со­ғыс­ арқылы Түр­кі­станды а­зат­ ету­дің­ мүм­кін е­мес­ті­гін­, ел­дің­ сол­ кез­дегі жағ­дайына бай­ла­ныс­ты Түр­кі­стандағы қарулы қақ­ты­ғыс­тарға мүл­дем қар­сы е­кен­ді­гін­ айтады.

Со­ғыс­ қи­мыл­дары нәтиже­сін­де боль­ше­вик­тер ы­ғыс­тыры­лып­ шыға­рыл­ған жағ­дай­дың­ ө­зін­де, түп­тің тү­бін­де о­ның­ нәтиже­сін­ Ре­сей­ реакциясы – ақгвардияшы­лар­ пай­дала­нып­ кетеді деп­ е­сеп­тейді М. Шо­қай­. Бас­қаша сөз­бен айт­қанда, М. Шо­қай­ тәжірибелі тү­рік­ генералы­нан­ да тереңі­рек­ ой­лай­ды.

Соны­мен­ бір­ге Мұс­тафа­ның­ қор­қынышы Нури паша­ның­ жос­пары бойынша 200-ден­ ас­там­ офи­цер­лері­мен­ ке­ліп­, Түр­кі­станда тү­рік­ пашалары­ның­ орнығуы өлкені құт­қару мен­ оны п­рог­реске апа­рар­ жо­л­ Түр­кі­стан тағына Оттоман­ са­рай­ы принц­тері­нің­ бі­рін­ шақыру­ деп­ жүр­ген­дер­ге кү­ш беруі мүм­кін де­ген­ пі­кір­мен бай­ла­ныс­ты бола­тын­. “Нақ­ сол­ уа­қыт­та Кон­стан­тино­поль­де­н қайт­ып­­ келе жа­тып­, Бакуге тоқ­та­ған­ сон­дай жоба­ның­ авторы ма­ған­ жоғарыда айт­ыл­ған қа­дам­нан бас­қа жол­дың жоқ­ты­ғын­ әб­ден­ дә­лел­деп бақ­ты… Ол Нури пашаға Бер­мен­ мен­ Кон­стан­тино­поль­де көр­сет­кен­ кө­лем­ді баяндамасы­мен­, Түр­кі­станда жүр­гізілуге тиісті со­ғыс­ қи­мыл­дары­ның­ жос­пары­мен­ та­ныс­тырды” [22] деп­ жазады М. Шо­қай­.

М. Шо­қай­дың­ бел­гілі се­беп­тер­мен­ есі­мін­ жасы­рын­ ұс­тап­ тұр­ған адамы С. Ла­пин­ болуы ке­рек­, себебі, осы­ның­ ал­дын­да ғана ол Түр­кі­станды большевик­тер­ден­ а­зат­ ету жол­да­рын­ із­дес­ті­ріп­, Түр­кия мен­ Гер­ма­нияда бо­лып­ қ­айт­қан еді.

Кейін Нури паша кей­бір­ боль­ше­вик­тер­мен­ де кез­деседі, о­лар­ М. Шо­қай­ға бір­ле­сіп­ жұ­мыс­ істеу жө­нін­де ұсы­ныс­тар да жа­сай­ды. А­лай­да сол­ кез­дегі қиын за­ман­ның ө­зін­де М. Шо­қай­ кү­дік­ті со­ғыс­ тә­сіл­дері­нен­ бас­ тар­тады. Ол Нури паша­ның­ боль­ше­вик­терді революция­лық­-ком­му­нис­тік мақ­сат­тар­дан өзге өз мүд­делеріне о­рай­ пай­да­лан­ғысы кел­се, боль­ше­вик­терге Нури паша мен­ о­ның­ інісі Эн­вер­дің мұ­сыл­ман әле­мін­дегі беделі ке­рек­ е­кен­ді­гін­ анық­ түсінеді.

М. Шо­қай­ боль­ше­вик­тер­мен­ он­дай­ е­сеп­ке не­гіз­дел­ген­ “ойын­ның­” қауіптілі­гін­ ал­дын­ ала біледі.

М. Шо­қай­ Эн­вер­ паша бас­шы­лық­ жаса­ған­ның ө­зін­де де бас­машы­лар­ қозғалысы өлкедегі саяси күш­тер­дің­ арасал­ма­ғын­ өз­гер­теді де­ген­ге ү­міт­ артпай­ды. Мұс­тафа Эн­вер­дің бас­қа тү­рік­тер се­кіл­ді Түр­кі­стан туралы түсінігі жоқ­, ішкі оқиға­лар­ сипа­тын­ ұғына алмады, сол­ се­беп­ті Эн­вер­ паша Шы­ғыс­ Бұхарада да, Түр­кі­стан­ның­ қал­ған бөлі­гін­де де қар­сы­лық­ қоз­ғалы­сын­ Сеид Әлім­хан әмір­дің есімі­мен­ бай­ла­ныс­тырғысы ке­ліп­ үл­кен­ қате­лік­ жі­бер­ді [23] дей­ді.

1918 жылы Бұхараны Қы­зыл­ г­вар­дия­дан­ қор­ғап, тәуел­сіз­дік ү­шін­ күрескен ха­лық­, енді Бұхара әмірі­нің­ туы асты­нан­ табылу­дан­ бас­ тар­тады. Әмір­дің ха­лық­ мүд­десі ү­шін­ е­мес­, өз тағы ү­шін­ арпалы­сып­ жүр­гені М. Шоқайға жақ­сы мә­лім­ еді.

Мұ­стафа­ның­ бас­машы­лар­ға не Бұхара әміріне ба­рып­, ұлт­тық­ кү­рес­ті жалғастыруға ынтасы­ның­ бол­ма­ған­дығы осы жағ­дай­лар­мен тү­сін­діріледі. Ал А.-З. Валиди­дің­ бас­машы­лық­ қоз­ғалысына ұлт­тық­ рух­ бер­дік деуі артығы­рақ­ айт­ыл­ғанға ұқ­сай­ды.

Эн­вер паша Түр­кі­станға о­рыс­ дик­татурасы­нан­ құтылуға кө­мек­ бермек ниеті­нің­ дұ­рыс­тығына қара­ма­стан, өз жос­па­рын­ о­рын­дай ал­май­ды. Ол 1922 жыл­дың та­мыз­ айында Тәжік­стан­дағы Баль­джуан қаласы­ның­ ма­ңын­да ке­ңес­ әскері­мен­ шай­қас­та қаза табады.

1922 жыл­дың бас­ ке­зін­де Шы­ғыс­ Бұхараға мұн­дағы ха­лық­ты бей­біт­ өмірге шақыру мақ­са­тын­да Бұхара ОАК төрағасы Ос­ман­ Қожа бұ­хар­лық­тар­дың әскері­мен­ жол­ға шығады. Бі­рақ­ ол бар­лық бү­лік­ пен­ жан­жал­дар­ға се­беп­ бо­лып­ о­тыр­ған “қы­зыл­дар­дың­” от­ряд­тары е­кен­ді­гін­ а­нық­тайды. Сол­ жыл­дың 19 шілде­сін­де Ауған­стан­ның сырт­қы іс­тер­ ми­нист­ріне, сол­ елдегі Пер­сия мен­ Түркия­ның­ дип­ломатия­лық­ ө­кіл­деріне жаз­ған ха­тын­да: “Ке­ңес­тік Ре­сей­дің­ саяси агент­тері мен­ Қы­зыл­ Армия Бұхара­ның­ жаңа Конс­титуция­сын­ аяққа таптай оты­рып­, Бұ­хар­ өкі­мет­ билігі­нің­ ө­кіл­де­рін­ тұт­қындауда, ұ­рып­-со­ғып­, жазаға тар­туда. Мұн­дай қор­лаушы­лық­қа Шы­ғыс­ Бұхара­ның­ жоғарғы үкі­мет­ комис­сары да ду­шар­ бол­ды. Ха­лық­ игілі­гін­ тонаушы­лық­қа салуда. Бүлікшілерді қару­лан­дыруда. Таулы ел тұр­ғындары­ның­ жал­ғыз ғана күн­көрісі бо­лып­ табыла­тын­ сиырларын, қой­лары мен­ жыл­қыла­рын­ ай­дап­ әкетуде” [24] деп­ көр­сетеді.

Осы­дан­ кейін Ос­ман­ Қожа да бас­машы­лар­ға ке­ліп­ қосылады. Хиуадағы жағ­дай да М. Шо­қай­ға тұ­рақ­ты орны­ғып­, кү­рес­ жос­па­рын­ жүзеге асыруға тиімді бо­лып­ кө­рін­бейді. Мұн­да Жунаид хан­ 1918 жыл­дың аяқ ке­зін­де са­рай­ төң­кері­сін­ ұйым­дас­ты­рып­, би­лік­ құр­ғаны бел­гілі. Қы­зыл­ Армия Хиуаны ба­сып­ ал­ған­нан кейін, ол Қара­құм­да қарулы от­ряд­тар құ­рып­, Ке­ңес­ өкіметіне қар­сы күреседі.

Мұс­тафа Хиуадағы оқиға­лар­ға тіке­лей­ ынта білдіре қой­май­ды, өйткені онда тәуел­сіз­дік идеясын қол­дайтындай қо­ғам­дық күш­тер­дің­ жоқ­тығын, не әлсіз­дігін білетіні бол­са ке­рек­. Бұ­л жер­де боль­ше­вик­тер 1920 жыл­дың 4 ақпанын­да жеке тай­па­лар­дың ара­сын­дағы дау-да­май­лар­ды пай­далана оты­рып­, Хо­рез­м Ха­лық­ Ке­ңес­ Рес­пуб­ликасы де­ген­ді орнатады.

Қы­зыл­дар мен­ ақ­тар­дың бір­-бірі­мен­ қыр­қы­сып­ жат­қандарына қарамастан, о­лар­дың екеуі де М. Шо­қайға өздері­нің­ қас­ жауы деп қа­райды. Осы жағ­дайға қара­ма­стан ол қо­ғам­дық-саяси жұ­мыс­та­рын­ тоқ­та­тып­, бас­сауға­лап­ кет­пейді.

1919 жыл­дың бас­ ке­зін­де 26 Баку ко­мис­сары­ның­ қазасына се­беп­ бол­ған жағ­дайды тер­геу мақ­саты­мен­ бар­ған досы, э­сер­лер пар­тиясы Орта­лық­ комитеті­нің­ мүшесі В. А. Чай­кин­мен бір­ге ол Баку­ден­ К­рас­новодс­к пен­ Ашхабад­қа са­пар­ шегеді [25]. Мұс­тафа­ның­ түр­ік­мен­ же­рін­де қай­ уа­қыт­та болғандығы және о­ған­ Маң­ғыс­таудағы Ке­тік­тен, не Кав­каз­ қалалары­ның­ бірінен­ бар­ғандығы туралы да түр­лі пі­кір­лер ұшырасады. А. Оқ­тай­: “М. Шо­қай­ Жайық өзені­нің­ Кас­пийге құя­тын­ же­рін­де қат­қан мұз­ды пай­дала­нып­, Маңғыстау бой­ына ө­тіп­, о­дан­ әрі а­ғыл­шын күш­тері­нің­ қо­л астындағы Ашхабад­қа бар­ды” дей­ді “Мұс­тафа Шо­қай­ және түр­ік­шіл­дік” де­ген­ мақаласында. Д. Қыдырәли “Мұс­тафа Маң­ғыс­тау арқылы әуелі түр­ік­мен­ жеріне, со­дан­ кейін те­ңіз­ арқылы Бакуге барады” [26] деп­, А. Оқ­тай­дың­ сө­зін­ қош­тайды. М. Шо­қай­дың­ өзі “Мен­ сол­ ке­зең­де Тиф­лис­ке дейін Ке­ңес­ке қар­сы үкі­мет­ бас­қа­рып­ о­тыр­ған Түрк­ме­нияға ба­рып­ қайт­уды жөн­ көр­дім” [27] дей­ді.

М. Шо­қай­дың­ Бакуге 1919 жыл­ғы ақ­пан­ айы­ның­ аяқ ке­зін­де кел­ге­нін­ [28] ескере­тін­ бол­сақ, К­рас­новодс­к пен­ Ашха­бад­та ол нау­рыз­ айы­ның­ бас­ ке­зін­де болады. Мұс­тафа мен­ В. Чай­кин­ тү­-р­ік­мен­дер жеріне Баку­ден­ кеме­мен­ жетеді.

М. Шо­қай­дың­ түр­ік­мен­дерге сапа­рын­да жеке мақ­саты болады, оны В. Чай­кин­мен бір­ге 26 Баку ко­мис­сары­ның­ қазасына бай­ла­ныс­ты бар­ды деу дұрыс­ е­мес­. Бұ­л мәселе­мен­ В. А. Чай­кин­ ғана шұ­ғыл­да­нып­ жүр­ген.

Мұс­тафа Түрк­ме­нияны боль­ше­вик­терге қар­сы кү­рес­ке қа­тыс­тыру мүмкін­дік­те­рін­ а­нық­тауды көз­дейді. Ашха­бад­та үл­кен­ құр­мет­пен­ қар­сы алынған ол Түрк­ме­ния үкіметі­нің­ рези­ден­ция­сын­да тұрады. Бі­рақ­ тәжірибелі қай­рат­кер­дің­ саяси түйсігі мұн­дағы жағ­дайды бір­ден аңғарады.

Түрк­ме­ния үкіметі Ұ­лыб­рита­ния­ның­ қам­қорлы­ғын­да бола­тын­. Үкі­мет­ М. Шо­қай­дың­ қыз­метіне кө­мек­ беруге ә­зір­ е­кен­ді­гін­ біл­діреді. А­лай­да ол аз ғана уа­қыт­тың і­шін­де түр­ік­мен­ үкіметінің жағ­дайы­­ тұ­рақ­сыз екеніне­ көзі жетеді. Себебі, бір­ жағы­нан­, Ұ­лыб­рита­ния Түрк­ме­нияны Де­ни­кин­нің Е­рік­ті армиясына беруге ниет­тен­се, е­кін­ші­ден­, Орта Азия­ те­мір­жолы жұмысшыларының­ ара­сын­да наразы­лық­ өршиді. Соны­мен­ бір­ге бұ­л үкі­мет­тің Бакудегі ө­кіл­дігі жаңа ұлт­тық­ үкі­мет­терге, о­лар­дың і­шін­де Ә­зір­бай­жан­ үкіметіне де жау­лық­ көз­қа­рас­та болады.

М. Шо­қай­дың­ көре­ген­ді­гін­ көп­ ұза­май­ бас­қа да оқиға­лар­ рас­тайды. 1919 жыл­дың мау­сым­ айында қа­зақ­тар мен­ түрі­к­мен­ тай­пасы – жәу­міт­тер ара­сын­да жайы­лым­дық жер­ ү­шін­ тар­тыс бас­талады [29]. О­дан­ кейін өлкеде ағылшындардың ықпалы кү­шейеді. Бұ­л оқиға­лар­ жө­нін­де М. Шо­қай­дың­ Париж­дегі мұраға­тын­да сақ­тал­ған­ “Түр­кі­стандағы боль­ше­вик­терге қар­сы соғыс­” және “Түрі­к­мен­ хал­қы ө­кіл­дері­нің­ За­кас­пий облы­сын­дағы жағ­дайы туралы Оң­түс­тік Ре­сей­ қарулы күш­терінің Бас­ қол­басшысы – жоғары мәртебеліге баяндама” де­ген­ құ­жат­тарда айт­ылады. М. Шо­қай­ о­лар­мен елде жүр­ген ке­зін­де та­ныс­қанға ұқ­сай­ды. Екі құ­жат­ та 1919 жылы жа­зыл­ған. Біріншісі – Оң­түс­тік Ре­сей­ қарулы күш­тері­нің­ Бас­ шта­бын­дағы жәу­міт­-түрік­мен­дер­дің­ өкілі Йомуд­с­кий­ ІІІ хан­ның о­чер­кі де, е­кін­шісі – о­ның­ теке-түрікмен­дер­дің­ о­сын­дағы өкілі О­раз­ Сер­дар­мен бір­ге жаз­ған ха­бары­. Бұ­лар­да 1917 жыл­дың қараша айында За­кас­пий облы­сын­да Ке­ңес­ өкіметі­нің­ орны­ғып­, боль­ше­вик­тер­дің­ за­пас­та тұр­ған полк­тері мен­ о­рыс­ жұ­мыс­шыларына ғана арқа сүйегені, жер­гі­лік­ті ха­лық­тың боль­ше­вик­тік докт­рина­лар­ды қа­был­дамағаны хабар­ланады.

1918 жыл­дың қа­зан­ айында а­ғыл­шын ко­ман­дова­ниесі­мен­ келісе оты­рып­, түр­ік­мен­дер боль­ше­вик­терге қар­сы көтеріледі. Бір­неше шай­қас­тар нәтиже­сін­де Тед­жен­, Мер­в, Бай­рам­-Али және Куш­ка а­зат­ етіледі. А­лай­да бұ­л же­ңіс­ түрікмен­ хал­қына ты­ныш­тық ә­кел­мейді; руара­лық­ жан­жал­дар­ бас­та­лып­, елде тұ­рақ­сыз­дық­ о­рын­ алады [30]. 1919 жыл­дың 12 тамы­зын­да Та­ган­рогтегі Оңтүстік Ре­сей­ қарулы күш­тері­нің­ бас­ қол­басшысына түр­ік­мен­ хал­қы­ның­ атынан­ О­раз­ Сер­дар­ мен­ Йомудс­кий­ ІІІ, Бұ­хар­ әмірі­нің­ өкілі және үш түрік­мен­ ке­ліп­, За­кас­пий облысы­ның­ ақг­вар­дияшы­лар­ға түп­кі­лік­ті қосыла­тын­дығы жөнін­де ке­ліс­сөз жүр­гізеді. О­лар­дың өтініші қа­был­ а­лын­ған­нан­ кейін, Ашхабад­та За­кас­пий облысы­ның­ офи­цер­лер ба­таль­оны құрылады [31].

1920 ж. Қы­зыл­-Ар­ват­тың құлауына дейін ө­мір­ сүр­ген За­кас­пий үкіметінде ауыз­бір­лік бол­майды, ондағы түр­лі топ­тар өз мүд­деле­рін­ ғана көздейді. Үкі­мет­ мүшесі под­пол­ков­ник Хад­жи Мұ­рат­ түр­ік­мен­дер­дің­ өз алдына бөлі­ніп­ шығуы жө­нін­де а­ғыл­шын ко­ман­дова­ниесі­мен­ ас­тыр­тын ке­ліс­сөз жүргізіп­, теке-түрікмендерді өз төңірегіне жи­най­ды, соны­мен­ бір­ге Ре­сей­ге ықы­лас­ты пол­ков­ник­ Мах­тум­ Кули хан­ға қар­сы әре­кет­тер ұйым­дас­тырады.

О­сын­дай күр­делі жағ­дайға ар­мян­дар­дың­ ке­ліп­ араласуы ха­лық­ наразылығын­ кү­шейт­еді. “Қо­қан­ автономиясы” құла­ған­нан кейін, бү­кіл­ Ферғананы тонауға қа­тыс­қан о­лар­, түрік­мен­дер ара­сын­да да сауда-сат­тық­пен­ айналы­сып­, зор­лық-зом­бы­лық­ жасайды, мұ­сыл­ман әскери бө­лім­деріне өздерінің­ “ұлт­тық­ жауы” ре­тін­де қа­рай­ды. Өлкеде қа­рақ­шы­лық­, бей­бере­кет­тік­ етек алады. Түр­ік­мен­дер­дің­ Е­рік­ті Армия­дан­ күт­кен үміті ақ­тал­майды.

М. Шо­қай­ 1919 жылы түр­ік­мен­дер же­рін­ боль­ше­вик­терге қар­сы кү­рес­ орталығына ай­нал­дыру­дың­ мүм­кін е­мес­ті­гін­, саяси күш­тер­дің­ бытыраңқылығын­ өз көзі­мен­ кө­ріп­ қайт­ады. О­ның­ бір­ дәлелі – Хан­ Йомудс­кий­ ІІІ өз әскері­мен­ Пер­сия жеріне шегінеді [32].

Ұлт­тық­ тәуел­сіз­дік жо­лын­дағы кү­рес­ті жал­ғастыру мақ­са­тын­да М. Шоқай­ қа­зақ­ об­лыс­та­рын­дағы саяси ахуалды а­нық­тауға е­рек­ше кө­ңіл­ бөледі, мұн­дағы қа­зақ­ зиялылары­мен­ де бай­ла­ныс­тарын үз­бей­ді. О­ның­ Париждегі мұраға­тын­да сақ­тал­ған­ құ­жат­тар Қа­зақ­ дала­сын­да ке­ңес­ өкіметі­нің­ қан­дай жол­дар­мен­ орна­тыл­ғаны жө­нін­дегі жаңа мағ­лұ­мат­тарға толы. “Ең алдымен­, біз­дер боль­ше­вик­тер­дің­ Қа­зақ­ өлке­сін­е ке­ңес­ билі­гін­ таңуда жеке аудан­дарда ті­рек­ пунк­тте­рін­ орнату арқылы әре­кет­ етке­нін­ көре­міз­. О­лар­дың бірі ре­тін­де география­лық­ жағы­нан­ Ре­сей­ге жа­қын­ Се­мей­ өңірі таң­да­лып­ алынады”. М. Шо­қай­дың­ жазуынша, ке­ңес­ өкіметі Қа­зақ­ дала­сын­ тез­де­тіп­ кеңес­тендіру жө­нін­де Се­мей­ облысы жұ­мыс­шы және сол­дат депу­тат­тары­ның­ кеңесі­мен­ ха­бар­ласады. “Пе­тер­бург пен­ Се­мей­ ара­сын­дағы те­лег­раф хаба­рын­ қол­ға тү­сір­ген біз­дер, мына жағ­дайға қа­нық­тық, – деп­ жазады М. Шо­қай­. – Ол кез­де Ұлт істері ко­мис­сары Ста­лин­нің “Қыр­ғыз­ дала­сын­дағы жағ­дай қа­лай­?” де­ген­ сұрағына Се­мей­ депу­тат­тары кеңесі­нің­ төрағасы “қа­зақ­тар ара­сын­да қала­лық­ пролетариат­тың­ мүл­дем жоқ­тығы се­беп­ті мұн­да Ке­ңес­ өкіме­тін­ жариялауға еш мүм­кін­дік­ жоқ­” деп­ жауап береді. Өз кезе­гін­де Ста­лин­ “қалада 15–20 қа­зақ­ ке­дейін­ жинап алып, о­лар­дың аты­нан­ ке­ңес­ өкіме­тін­ жариялауды” ұсынады. Пе­тер­бург­тен­ түс­кен осы нұс­қау­дан­ соң Се­мей­ депу­тат­тары тез­ қимыл­дап, өлкеде ке­ңес­ өкіметі жарияланады” [33].

М. Шо­қай­ мұ­нан­ соң­ “О­рын­бор ох­ран­касына қыз­мет ет­кен­” Мұхамедияр Тұн­гашин­нің ұлт істері ко­мис­сариа­тын­да бө­лім­ мең­герушісі, пат­ша заманындағы ау­дар­машы Көл­бай Төгі­сов­тің Тор­ғай және Ақмола облыстарының­ ко­мис­сары, “а­нар­хия­лық­ мис­сио­нер­дің кө­мек­шісі”, “шо­қын­ған” И­ван­ А­лек­санд­ро­вич­ С­теп­нов­тың­ (Әліби Жан­гел­дин) бү­кіл­ Қыр­ғыз­ об­лыс­тары мен­ Түр­кі­стан өлкесі­нің­ тө­тен­ше ко­мис­сары бо­лып­ та­ғай­ын­дал­ға­нын­ баяндайды.

Мұн­дай мы­сал­дар арқылы М. Шо­қай­ Ке­ңес­ өкіметі­нің­ Қа­зақ­ даласына бұ­рын­ғы “ох­ран­ник­тер­ мен­ мис­сио­нер­лер” арқылы жол­ тап­қа­ны­, оны бір­де-бір­ а­дал­ ниетті қа­зақ­тың қол­дамағаны жө­нін­де қоры­тын­ды жа­сай­ды. “Революцияның­ кір­шік­сіз­ жол­мен іске ас­пайт­ын­дығы” туралы философияны ұстан­ған боль­ше­вик­тер он­дай­ айыптау­лар­дан бас­ тар­та да қой­май­ды.

Ке­ңес­ өкіметі­нің­ орнатылуы­мен­ Қа­зақ­ дала­сын­ қайт­а­дан­ қасі­рет­ жайлайды, жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ ақ­тар­ мен­ қы­зыл­дар­дың­, қо­ныс­ ау­дар­ған о­рыс­ мұ­жық­тары­ның­ тонаушы­лығына ­ұшырайды. Жаңа ре­жим­ге қыз­мет іс­тей­ бастаған­ жеке а­дам­дар­дың­ өздері ке­ңес­ билігі­нің­ бұ­рын­ғы пат­ша­лық­ сая­сат­тың жал­ғасы е­кен­дігіне кү­мән­ кел­тір­мей­ді. 1916 жыл­ғы көтері­ліс­ші­лер­ді қыр­ғынға ұшы­рат­қан жазалау экс­педициясы­ның­ бас­тығы, жа­бай­ы шови­нис­т гене­рал­ Иванов­ (“Ива­нов­-Ри­нов­”) Ке­ңес­ өкіметіне қыз­метке алынады. Мұ­нан­ революция ұ­ран­дары қан­ша ас­қақ­ та ізгі­лік­ті бол­са да, Ива­нов­ сияқты­лар­дың істері арқылы өзі­нің­ мән­-мағына­сын­ жо­ғал­т­қаны анық көрінеді.

Ала­шор­да ө­ңір­де ты­ныш­тық орнатуға, ха­лық­тың ба­сын­ бі­рік­тіруге, ұлттық­ мүд­де­лер­ді қор­ғауға ұмтылады.

“Түр­кі­станда” де­ген­ еңбегі М. Шо­қай­дың­ а­лаш­ зиялылары­ның­ 1917–1919 жыл­дардағы осы ба­ғыт­тағы жұ­мыс­тары­нан­ жақ­сы ха­бар­дар бол­ғанды­ғын­ білдіреді.

1917 ж. жел­тоқ­сан­ айында О­рын­борда өт­кен­ съез­дің­ шешімі бой­ынша Ала­шор­да ха­лық­ милиция­сын­ құруға, боль­ше­вик­терге қар­сы кү­рес­те одақтастар­ із­дес­тіруге әре­кет­тенеді. 1919 жыл­дың 6 мамы­рын­да Се­мей­ алашордашылары Кол­чак­ үкіметіне “уез­дер­де ас­тыр­тын бө­лім­дері­нің­ ұйымдасты­рыл­ғанын, о­лар­дың бас­ты мін­деті қару-жа­рақ­ жи­нас­тыру” е­кен­дігін ха­бар­лайды. Құ­жат­ мағ­лұ­мат­тарына сене­тін­ бол­сақ, сәуір айы­нан­ бас­тап Семей­де, А­лаш­ ұйымы­нан­ бө­лек­, бі­рақ­ оны­мен­ мұ­рат­тас, тағы бір­ ұйым жұ­мыс­ іс­теп­ келе жат­қан. Ол ұйымға Ала­шор­да өз ө­кіл­дері капи­тан­ Тох­тамы­шев­ты, Биах­мет­ Сәр­се­нов­ті, Ха­лел­ Ғаб­ба­сов­ты енгізеді.

17 ма­мыр­да Ала­шор­да­ның­ қаладағы қи­мыл­-әрекеті боль­ше­вик­терге белгілі бо­лып­ қалады да, о­лар­ За­реч­ная Сло­бод­кадан кетеді.

Осы­дан­ үш-төр­т кү­н бұ­рын­ Кол­чак­ үкіметі Бас­ штабы­ның­ тер­геу бөлімі бас­тығы­ның­ о­рын­басары пол­ков­ник­ Карау­лов­ Омбы­дан­ құпия түр­де Ішкі іс­тер­ ми­нист­рлігіне мына жағ­дай жө­нін­де мәлімет жет­кізеді: “Об­лыс­та (Се­мей­ облысын­да. – К. Е.) боль­ше­вик­тер­дің­ үс­тем­дігі тұ­сын­да бұ­рын­ғы қыр­ғыз халқы­ның­ (қа­зақ­тар­дың­. – К. Е.) бар­лық тұр­ғындары о­рын­дары­нан­ а­лын­ған болатын­. Сол­ кез­дің ө­зін­де о­лар­ боль­ше­вик­тер­ден­ құтылуға ты­рыс­ты және ол жағ­дай Қыр­ғыз­ автономия­сын­ құруға не­гіз­ қалады. А­лай­да а­шық­ әре­кет­ етуге мүм­кін бол­ма­ған­дық­тан­, қыр­ғыз­дар­ ара­сын­да то­ғыз­ қыр­ғыз облы­сын­ қам­ты­ған­ “Ала­шор­да” де­ген­ ат­пен­ ас­тыр­тын қо­ғам­ ұйым­дас­ты­рыл­ды.

Қа­зір­гі кез­де қыр­ғыз­дар­дың бар­лық ой-ар­ман­дары автономия­ның­ бастауы ре­тін­дегі ө­зін­-өзі бас­қара­тын­ “А­лаш­” қала­сын­ құруға ба­ғыт­тал­ған­. Бұрын­ғы “Ала­шор­да” ас­тыр­тын қоғамы енді “Ұлт­тық­ шаруашы­лық­ты және фаб­рика-за­уыт­ ө­нер­кәсі­бін­ дамыту жө­нін­дегі “А­лаш­” одағы деп­ аталады. Қырғыз­дар автономияны өз соты және ұлт­тық­ әскері бар­ бө­лек­ хан­дық ре­тін­де түсінеді, хан­ ре­тін­де ма­ман­дығы адво­кат­ Бө­кей­ха­нов­ де­ген­ бел­гі­лен­ген” [34].

Құ­жат­та Қа­зақ­ дала­сын­дағы жағ­дай жө­нін­де Сі­бір­ үкіметі басшыларының­ түсі­нік­тері бұл­дырлау бол­ғаны­мен­, Ала­шор­да үкіметі­нің­ әрекет­тері, Се­мей­ қала­сын­ (“За­реч­ная Сло­бод­ка”) “А­лаш­” қаласы деп а­тап­, оны Қа­зақ­ автономиясы­ның­ тірегіне ай­нал­дыруға тырысушылығы дұ­рыс­ баяндалады. Онда бола­шақ­ автономияны жақ­таушы­лар­дың Са­мара­ үкіметі тарапы­нан­ қол­дау тауып о­тыр­ғаны, себебі мем­ле­кет­те жеке автономия­лар­ құрудың­ Құ­рыл­тай жиналысы комитеті саясаты­ның­ (Ко­муч­ті айт­ады. – К. Е.) негі­зін­ қа­лайт­ын­дығы, қа­зақ­ же­тек­шілері­нің­ Самара үкіметі­мен­ ықы­лас­тас, ал боль­ше­вик­терге қар­сы пи­ғыл­да е­кен­дігі айт­ылады [35].

Мем­ле­кет­тік тәр­тіп және қо­ғам­дық ты­ныш­тықты қор­ғау­дың­ Се­мей­ облыс­тық бас­қармасы­ның­ 1919 жыл­дың 30 шіл­де­сін­дегі бір­ құжа­тын­да облыстық және земс­тво­лар­дың бар­лығы “Ала­ш­ор­да­ның­” об­лыс­тық атқару комитеті­нің­ мүшелері Р. Мар­се­ков­, А. Қозы­баға­ров­, Ғ. Ә­лім­бе­ков­, Б. Сәр­се­нов­, Х. Ғаб­ба­сов­, Ә. Ер­ме­ков­ және т. Б. қо­лын­да е­кен­дігі, о­лар­дың бар­лығы да “қырғыз автономиясына” қол­ жет­кізу ү­шін­ кү­ш са­лып­ жат­қандығы хабарланады [36]. Құ­жат­ авторы – боль­ше­вик­тер қыз­ме­тін­дегі И. П. Иль­инс­кий­ “Ала­шор­да­ның­” өз армия­сын­ ұйым­дас­тыру ү­шін­ Самара үкіметі­нің­ көмегіне жүгі­ніп­ о­тыр­ға­нын­ а­нық­тайды.

М. Шо­қай­ 1919 жыл­дың жазына қа­рай­ қа­зір­гі Қазақ­стан­ аймағы­ның­ көп­ бөлі­гін­де боль­ше­вик­тер­дің­ билігі орнады [37] деп­ жазады. 1919 жыл­дың 4 сәуірін­де Орталық Атқару Комитеті “Алаш­” бас­шыларына ам­нис­тия жариялайды. А. Б­айт­ұрсы­нов­ Ха­лық­ а­ғар­ту ко­мис­сары бо­лып­ та­ғай­ындалады, Ә. Бө­кей­ха­нов­ Мәс­кеуге жұ­мыс­қа шақырылады. М. Жұмабаев Ақмола губерния­сын­дағы “Бо­стан­дық туы” газе­тін­де ре­дак­тор бо­лып­ орналасады. Кеңес­ өкіметі жағына М. Дула­тов­ та шығады. Де­ген­мен а­лаш­ зиялылары Ке­ңес­ өкіметіне сене қой­ма­ған­ және автономия ү­шін­ кү­рес­ті 1919 жылы да жалғастыруға ұм­тыл­ған, бұ­л жол­да о­лар­ бар­лық түр­кі ха­лық­тары­ның­ кү­ш-жігерін­ ас­тыр­тын ұйым­дар­да бі­рік­тіруге әре­кет­тенеді. Осы кү­рес­тің бел­ ортасын­да бол­ған А.-З. Валиди (То­ған­) “Ала­шор­да­ның­” Шы­ғыс­ Қазақ­стан­да орналас­қан үкіметі­нің­ мүшелері Мір­ға­зым­ Қа­дыр­баев пен­ Мұх­тар­ Әуе­зов­ 1919 жыл­дың нау­рыз­ айында Баш­құрт­стан­ға ке­ліп­, “кү­рес­ті Түр­кі­станда жал­ғастыру идеясына қол­дау біл­діреді” [38] деп­ жазады.

Бұ­ған­ қара­ған­да Түр­кі­стан мен­ Қазақ­стан­да боль­ше­вик­тер үс­тем­ді­гін­ халық­ “құ­шақ­ жай­ып қар­сы алды” деу шын­дыққа жа­нас­пайды. 1917 жыл­дың қа­зан­ айында Түр­кі­стан Ха­лық­ ко­мис­сарлары кеңесі жа­нын­дағы ақпа­рат­тық бюро Мәс­кеуге “бү­кіл­ Түр­кі­стан рес­публика­сын­ қам­ты­ған­ үл­кен­ контрреволюция­лық­ бү­лік­тің а­шыл­ғаны туралы [39] же­дел­хат жө­нел­теді”.

Мүм­кін­, бұ­л – боль­ше­вик­тер­дің­ қару қол­дануды ақтауға ба­ғыт­тал­ған­ әпер­ба­қан­ әдісі болуы да ға­жап­ е­мес­. Түр­кі­станда келесі жылы тағы бір­ астыртын ұйым құ­рыл­ғаны жө­нін­де Со­ғыс­, революция және бей­біт­ші­лік­ жөніндегі Гу­вер­ инс­титуты­ның­ мұраға­тын­да (АҚШ) сақ­тал­ған­ Оң­түс­тік Ре­сей­ қарулы күш­тері бас­ қол­басшысы штабы­ның­ құ­жат­та­рын­да баяндалады. Олардың бі­рін­де – Ашха­бад­тағы За­кас­пий өлкесі Уа­қыт­ша үкіметі­нің­ өкілі Е. П. Д­жун­ковс­кий­дің­ 1919 жыл­дың жел­тоқса­нын­дағы хаба­рын­да – большевиктер­мен­ кү­рес­ке бас­шы­лық­ жасау ү­шін­ құ­рыл­ған Түр­кі­стан әскери одағы туралы әңгімеленеді [40]. Әдебиетте о­ған­ Түр­кі­стан Мұх­тарияты құлаған­нан кейін пат­ша офи­цер­лері, чи­нов­ник­тер­, юн­кер­лер мен­ ұлт­тық­ интелли­ген­ция ө­кіл­дері­нен­ құ­рыл­ған ұйым де­ген­ түсі­ндірме­ беріледі.

1919 жылы Ашха­бад­қа бар­ғанда М. Шо­қай­дың­ бұ­л орта­лық­пен қан­дай да бір­ қатынасы бол­ғандығы жө­нін­де мағ­лұ­мат­ ұшы­рас­пайды, бі­рақ­ кей­бір­ о­рыс­ топ­тары­ның­ а­ғыл­шын­дар­ға қар­сы әре­кет­ ету ү­шін­ Мұс­тафаға ұсы­ныс­ жасағаны және о­ның­ бұ­л ұсы­ны­стан бас­ тарт­қаны бел­гілі [41].

Бұ­ған­ дейін М. Шо­қай­ ке­ңес­ аг­рес­сиясына ұшыра­ған­ ел­дер­дің бас­та­рын­ қосу мақ­са­тын­да ұйым­дас­ты­рыл­ған тағы бір­ оқиғаға қатысады. Челябинс­кіде тұт­қын­нан­ боса­­ған бой­да М. Шо­қай­, В. Чай­кин­ және И. Ал­кин­ құпия түр­де Орын­борға аттанады.

О­рын­бор­дың­ Түр­кі­стан­мен­ де, Баш­құр­тстан­мен де бай­ла­ныс­ орнатудағы ст­ратегия­лық­ маңызы өлшеу­сіз­ еді. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты Мұс­тафа жолдастарымен­ бір­ге онда О­рын­бор ка­зак­тары­ның­ атаманы А. Ду­тов­қа және оның­ штабына қар­сы қа­стан­дық­ ұйым­дас­тыруға бел­ буады. Ас­тыр­тын әре­кет­ жүзеге ас­қан­ жағ­дайда Мәс­кеу­дің­ Түр­кі­стан­мен­ бай­ланысы үзі­ліп­, о­лар­ ка­зак­ әс­кер­лері­нің­ бір­ бөлігі мен­ баш­құрт­тар­дың көмегіне сүйене оты­рып­, Түркістанды боль­ше­вик­тер­ден­ а­зат­ ету мүм­кіндігі туатынына сенеді. Біз­ге белгілі құжат­тарда жел­тоқ­сан­ айында А. Ду­тов­ пен­ о­ның­ штабына қар­сы “бүлік­ті” ұйым­дас­тыруға ата­ман­ Ка­гар­кин­нің­, ақ­тар­дың Ақтөбе май­даны­ның­ бас­шысы Ф. Е. Ма­хин­нің, А.-З. Валиди мен­ В. Чай­кин­нің атса­лыс­қаны айтылады. Осылар­дың і­шін­де бас­ты тұл­ға бас­ ш­таб­тың пол­ков­нигі, э­сер­ Фе­дор­ Евдокимо­вич­ Ма­хин­ болуы ке­рек­ және оны­мен­ М. Шо­қай­дың­ бұ­рын­нан та­ныс­ болуы ықти­мал­. Ф. Е. Ма­хин­ Социал-революцио­нер­лер пар­тиясы Орта­лық­ комитеті­нің­ тап­сырмасы­мен­ боль­ше­вик­терге қыз­метке ауысады. Кейін өз штабы­мен­ Ко­муч­ жағына шы­ғып­, Уфаны че­хос­ло­вак­тар мен­ э­сер­лер­дің­ Ха­лық­ армиясы әс­кер­леріне со­ғыс­сыз тап­сырады. Осы армия қата­рын­да Ма­хин­ 1918 жыл­дың жел­тоқ­сан­ айына дейін жауапты қыз­мет­тер­ атқарады [42]. Әрине, оның­ бұ­л әре­кет­ке баруы М. Шо­қай­ мұ­рат­та­рын­ бө­ліс­кен­дік­тен е­мес­, ата­ман­ А. Ду­тов­тың орнына отыруға ұмтылысы­нан­ ту­ған­ еді.

А­лай­да М. Шо­қай­ды бұ­л жер­де де сәт­сіз­дік­ кү­тіп­ тұрады. Жос­пар­ ашылып­ қалады да, М. Шо­қай­ мен­ В. Чай­кин­ О­рын­бор­дан­ қа­шып­ шы­ғып­, Орскіге бет­ алады.

1933 жылы э­миг­рацияда жүр­ген (Анг­лияда) А. Ду­тов­ армиясы­ның­ генералы А. Г. Акули­нин­ М. Шо­қай­ға хат­ жа­зып­, осы оқиғаны еске алады. Сол­ кез­де ғана Мұс­тафа сәт­сіз­дік­ке “тү­рік­тік орта­дан­” шық­қан сат­қын­дық­тың се­беп­ бол­ғанына кө­зін­ жет­кізеді [43].

Соны­мен­ М. Шо­қай­ 1918–1919 жыл­дары Түр­кі­стан мен­ Қазақ­стан­дағы жағ­дай­мен­ то­лық­ таны­сып­, боль­ше­вик­тер­дің­ күш а­лып­ бара жат­қанды­ғын­ және о­лар­ға қар­сы кү­рес­те қа­зақ­, өз­бек­, түрік­мен­ және т. Б. ха­лық­тарды бі­рік­тіруге мүм­кін­дік­тің жо­ғын­ а­нық­тайды. Сол­ се­беп­ті ол Орс­кі­ден­ Ха­лел­ Досмұхамедовтің көмегі­мен­ Гурь­ев (қа­зір­гі Атырау) қаласы арқылы Ке­тік­ке же­тіп­, ол жер­ден Кав­каз­ға жол­ға шығады.

Жер­гі­лік­ті мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ қо­ғам­дық құрылысы мен­ ә­дет­-ғұрпын күш­пен өз­гер­туге тырысушы­лық­ жап­пай э­миг­рацияға жол­ ашады. 1920–1921 жыл­дары Тәжік­стан­ның оң­түс­тік ау­дан­дары­нан­ Ауған­стан­ға 200 мың­ а­дам­, яғ­ни Шы­ғыс­ Бұхара хал­қы­ның­ төрт­тен­ бірі жер­ ауады. О­лар­дың арасын­да қа­зақ­тар да бола­тын­. 1921 жыл­дың ая­ғын­да Бұ­хар­ды 250 мың­ а­дам­ тас­тап кетеді. О­лар­дың і­шін­де ә­мір­ Сеид Ә­лім­хан, дип­ло­мат­ Ха­шим­ Шей­х Якубов­, БХР әскери назирі Аб­дель­ха­мид­ Ари­фов­, ішкі іс­тер­ назирі Нә­сір­ Махдум­ Хали­мов­, Тер­мез­ бекінісі­нің­ ко­мен­данты Ха­сан­бек, мүф­ти Садреддинхан­, Түр­кі­стан ОАК төрағасы­ның­ кө­мек­шісі Жанұзақов­, ді­ни қайраткер­лер­ Мүба­шир­ Тарази, Саид Мүба­шир­-хан­, Хажи Хиса­мет­ди­нов­, Тұрап­бек Турабе­ков­, түрі­к­мен­дер­дің­ ді­ни же­тек­шісі Халифа Қы­зыл­-Аяқ, Құдра­тул­ла-хан­ төре, Мұ­хит­дин-хан­ төре, тә­жік­ Хам­ра­кул­-бек­ және т. Б. елге таны­мал­, бе­дел­ді тұл­ға­лар­ Ауған­стан­ға, И­ран­ға, Үн­ді­стан мен­ Түр­кияға ба­рып­ тұ­рақ­тайды. О­лар­ға жас­тү­рік­тер­дің­ Бұхарадағы өкілі Хад­жи Сами-бек­ қосылады [44]. Бұ­лар­дың көп­шілігі бас­машы­лар­ қоз­ғалысына же­тек­ші­лік­ жасай­ды. Жетісудағы А­лаш­ ұйымы­ның­ көр­некті мүшелері Ыбы­рай­ым Жайнақов­, О­тын­шы Әлжа­нов­, Төле­бай­ Дүйсебаев т. Б. Қы­тай­ ауып ке­тіп­, сол­ жақ­тан боль­ше­вик­терге қарулы қар­сы­лық­ ұйым­дас­тыруға әре­кет­тер жа­сай­ды [45].

Мұ­сыл­ман­дар­дың ал­дың­ғы легі (негізі­нен­ Е­діл­ бой­ы ха­лық­тары­ның­ өкілдері) Жапо­нияға да жетеді. Мұн­да о­лар­дың саны 1931 жылы 500-ден­ асып жығылады, о­лар­ “Жапо­ниядағы мұ­сыл­ман­дар­ одағына” бірігеді. Қо­ғам­ның төрағасы Токио имамы Мұха­мет­ Ғаб­дол­ла Құр­бан­ғали, төраға­ның­ о­рын­басары Коби имамы Мадияр Шам­ғо­ни, е­кін­ші о­рын­басары Уәли Мах­мұ­т ә­пен­ді, бас­ хат­шысы Ах­мет­ Зәки ә­пен­ді, бас­ хат­шы­ның­ бі­рін­ші о­рын­басары Қо­жах­мет Уақып­ Түр­кия, Ауған­стан­ т. Б. [46] ел­дер­дегі ау­ғын­дар­мен­ қа­рым­-қаты­нас­ жасап­ тұрады.

М. Шо­қай­дың­ Түр­кі­стан бас­шылары­мен­ бір­ге Ауған­стан­, не бас­қа да шығыс­ елдеріне э­миг­рацияға кету жос­пары бол­майды. Өз құ­жат­та­рын­да ол 1919 жыл­дың ақ­пан­ айында Ә­зір­бай­жан­ үкіметі­мен­ бай­ла­ныс­ орнату ү­шін­ Бакуге кел­ге­нін­ айт­ады. “Баку Кас­пий теңізі жағалауындағы К­рас­новодс­кі­ден­ қар­сы бет­те орна­лас­қан, сол­ се­беп­ті жер­лесте­рім­ жүк­те­ген­ және ө­зім­ де ө­мір­лік және ұлт­тық­ пары­зым­ деп е­сеп­те­ген­ мін­дет­тер­ді о­рын­дауға осы жер­ді қо­лай­лы көр­дім” [47] дей­ді М. Шо­қай­.

Мұс­тафа Баку­дің­ Түр­кі­станға география­лық­ тұр­ғы­дан­ жа­қын­ды­ғын­ айтып­ о­тыр­ған се­кіл­ді. А­лай­да көп­ ұза­май­ Мұс­тафа түр­лі қиын­дық­тар­мен­ ұшырасады да, 1919 жыл­дың 18 науры­зын­да гру­зин­ үкіметі­нің­ Бакудегі өкілі Н. Я. Кар­це­вад­зеге ке­ліп­, өзіне куә­лік­ жаз­ды­рып­ алады, онда бы­лай­ делінеді: “П­ред­ъяви­тель­ сего г. Мус­тафа Чокаев, п­ред­седа­тель­ Комитета по Созыву учреди­тельного соб­ра­ния следует в гор­. Тиф­лис­.

Прошу все военные и г­раж­данс­кие чины Рес­пуб­лики Грузии не чи­нить­ озна­чен­ному лицу ника­ких­ препятст­вий­ при следова­нии по тер­ритории Республики.

При нем­ имеется ре­воль­ве­р сис­темы “На­ган­” за № 23191” (48).

Осы құ­жат­пен ол Тиф­лис­ке қо­ныс­ аударады. Соны­мен­ бір­ге ол бұрынырақ­ Тиф­лис­ке жі­бер­ген досы­нан­ да жа­ғым­ды ха­бар­ алады. До­сын­ Мұстафа “Түр­кі­стан­нан­ тыс­ жер­дегі орта­лық­ ұйым­ның­ хат­шысы” деп­ қана көрсеткені­мен­, о­ның­ В. А. Чай­кин­ е­кен­дігіне кү­мән­ жоқ­.

Бакуде бол­ған ке­зін­де Мұс­тафа Па­риж­де Вер­саль­ конг­ресіне жи­нал­ған ба­тыс­ елдері­нің­ ө­кіл­деріне Түр­кі­стан ха­лық­тары­ның­ Ре­сей­ де­мок­ратия­лық­ федера­тив­тік рес­публикасы шең­бе­рін­де өз ер­кін­ білдіруді қам­тама­сыз­ ету жөнін­де же­дел­хат жол­дайды. Мұ­ның­ өзі М. Шо­қай­дың­ о­рыс­ де­мок­ратиясына ба­ғыт­ ұстау­мен­ Түр­кі­стан ха­лық­тары­­ ө­зін­-өзі билеуге қол­ жет­кізе ал­майды деген қоры­тын­дыға келуі­нің­ бас­тамасы еді.

Мұс­тафаға, Ә­зір­бай­жан­ға қара­ған­да, Грузиядағы ұлт­тық­ үкі­мет­тің әлеумет­тік негізі де, саяси ахуал да тұ­рақ­тылау көрінеді. Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты ол саяси қыз­ме­тін­ Грузияға ба­рып­ жал­ғастыруды жөн­ көреді. Де­ген­мен жал­пы Кав­каз­ өңі­рін­дегі ахуал тәуел­сіз­дікке ұм­тыл­ған ұлт­тар­дың ө­кіл­дері ү­шін­ оңтайлы еді. 1917 жыл­дың 15 (28) қараша­сын­да Тиф­лис­те За­кав­казье комиссариаты құры­лып­, оны гру­зин­ қай­рат­кері Е. П. Ге­геч­кори бас­қарады. 1918 жылы 22 сәуірде М. Шо­қай­ За­кав­казье сей­мі­нің­ За­кав­казье Федера­тив­тік Респуб­лика­сын­ жариялауын қуа­ныш­пен қар­сы алады. О­ның­ құрамына бү­кіл­ Закав­казье аумақтары тү­гел­ енеді. Бі­рақ­ бұ­л бір­лес­тік­ ұ­зақ­ ө­мір­ сүр­мейді. 1918 жыл­дың 26 мамы­рын­да тәуел­сіз­ Грузия Де­мок­ратия­лық­ Рес­пуб­ликасы, екі айдан­ кейін Ә­зір­бай­жан­ және Арме­ния рес­публикалары жарияланады. 1918 жыл­дың маусы­мын­да гру­зин­ рес­публикасы­ның­ бас­шысы бо­лып­ М. Шо­қай­дың­ етене танысы Ной­ Жор­да­ния та­ғай­ындалады. Мұн­да Мұс­тафа­ның­ о­дан­ бас­қа да, Санк­т-Пе­тер­бург кезі­нен­ бері Мем­ле­кет­тік думада іс­тес­ бол­ған гру­зин­ қайрат­керлері бар­шы­лық­ еді.

М. Шо­қай­ды Н. Жор­да­ния мен­ ішкі іс­тер­ ми­нист­рі Н. Ра­миш­вили үл­кен­ құр­мет­пен­ қар­сы алады. Соны­мен­ бір­ге о­ның­ Тиф­лис­те бір­шама тұ­рақ­тап қалуы Сол­түс­тік Кав­каз­ а­зат­тық қоз­ғалысы же­тек­шілері­нің­, Вер­саль­ конференциясы Жоғарғы ко­мис­сары рези­ден­циясы­ның­, пет­люра­лық­ Украинаның­ өкілі К­рас­ков­с­кий­дің­ о­сын­да орналасуына бай­ла­ныс­ты еді.

1919 жыл­дың қараша айы­нан­ М. Шоқай Сол­түс­тік Кав­каз­дың­ көр­некті өкілі Ах­мет­ бей­ Целикати­мен­ (Цали­ков­) бір­лесе оты­рып­ “На рубеже” ай­лық­ жур­на­лын­ шығаруға кіріседі. Тбилисиде тү­рік­-ис­лам­ қауымы­ның­ бас­па органы “Ша­фек­” газеті бас­ ре­дак­торы­ның­ жұмы­сын­ қоса атқарады, “Борь­ба” газе­тін­де іс­тей­ді. 1920 жылы Ах­мет­ бей­ Целикати­мен­ бір­ге “Йе­ни Дунья” атты апта­лық­ газе­т­ ұйым­дас­тырады. Сол­түс­тік Кав­каз­ тау­лық­тары­ның­ “Воль­ный го­рец­” газеті­мен­ шы­ғар­машы­лық­ бай­ла­ныс­ орнатады.

Бұ­л басы­лым­дар­дың­ бет­те­рін­де М. Шо­қай­ Кав­каз­ ха­лық­тары­мен­ шектеліп­ қал­май, қа­зақ­, өз­бек­, т. Б. мұ­сыл­ман ха­лық­тары­ның­ мұ­ң-мүд­де­сін­ кеңі­нен­ қоз­ғайды. “Грузия”, “Батумс­кая жиз­нь” га­зет­те­рін­де бір­неше мақала­­ жария­лай­ды.

Ең алды­мен­ М. Шо­қай­ бас­па­сөз­ арқылы Ре­сей­де қа­лып­тас­қан­ жағ­дай мен­ өздері­нің­ саяси күресі­нің­ мәні мен­ мақ­са­тын­ жұрт­шы­лық­қа тү­сін­діруді мақ­сат е­тіп­ қояды. Мұс­тафа, В. А. Чай­кин­ және Түр­кі­стан­ның­ бас­қа да қай­рат­керлері 1920 жыл­дың сәуір айында бас­па­сөз­ ө­кіл­деріне ар­нал­ған сұхбат ұйымдастырады. Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналы­сын­ шақыру жө­нін­дегі Комитеттің хат­шысы ре­тін­де В. А. Чай­кин­ Түр­кі­стандағы саяси жағ­дайға қысқаша си­пат­тама береді. Ол өлке­нің­ бар­лық жауапты қай­рат­керлері (М. Шоқай­, У­бай­дол­ла Қожаев, Мүнәуар Қари және т. Б.) жа­ңар­ған Ре­сей­мен­ феде­рал­дық қаты­нас­та болуды жақ­тайт­ын­ды­ғын­, Қа­зан­ төң­керісі­нен­ кейін тузем­дік де­мок­ратия мен­ о­ның­ ха­лық­ бұқарасы­мен­ ұ­зақ­ жыл­дар бой­ы мәде­ни-саяси жұ­мыс­ іс­теп­ кел­ген, уа­қыт­ сыны­нан­ өт­кен­ кө­сем­дері­нің­ жаңа ө­мір­ді құрысу­дан­ а­лас­та­тыл­ға­нын­, ке­ңес­ мекемеле­рін­дегі жер­гі­лік­ті ха­лық­ ө­кіл­дігі­нің­ сөз­ жү­зін­де ғана е­кен­ді­гін­, Түр­кі­станды ке­ңес­ рес­публикасы деп жарияла­ған­ 1918 жыл­ғы сәуір айындағы Ке­ңес­тер­дің­ Құ­рыл­тай жиналысына қа­тыс­қан 500 депу­тат­тың жиырмаға жуығы ғана жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­дан бол­ға­нын­, халқының­ 92–95 пайы­зын­ “сарт­тар­-қыр­ғыз­дар­” құ­райт­ын­ Түр­кі­стандағы ке­ңес­ үкіметі­нің­ то­лық­ оқшау­лық­ жағ­дайда ө­мір­ сү­ріп­ жат­қанды­ғын­ баян­дап­, Түркістан­ның­ де­мок­ратия­лық­ қай­рат­керлері­нің­ елді бас­қаша ә­діс­тер­мен­ басқаруға ке­ңес­тік орта­лық­тың наза­рын­ үнемі ауда­рып­ кел­гендігіне тоқ­талады.

В. А. Чай­кин­ жер­гі­лік­ті ха­лық­ орта­лық­ ке­ңес­ өкіме­тін­ бір­неше шартпен мой­ын­дай­ды деп­, соң­ғылары­ның­ і­шін­де Түр­кі­станды бас­қаруды демократиялық­ не­гіз­де қайт­а құруды, жал­пыға бір­дей сай­лау құқы­ғын­ енгізуді ұсынады [49]. Сұх­бат­ мәтіні “Грузия” газе­тін­де (1920, 28 сәуір) басылады.

М. Шо­қай­ Түр­кі­стан мен­ Қа­зақ­ же­рін­дегі экономика­лық­ жағ­дай, шаруашы­лық­ а­пат­ пен­ а­шар­шы­лық­ жө­нін­де мә­лім­деме жа­сай­ды. 1920 жыл­дың 28 сәуі­рін­де о­ның­ “Мен­” де­ген­ бүр­кен­шік­ е­сім­мен “Грузия” газе­тін­де “Түркістандағы ұлт­тық­ мәселе және ұлтара­лық­ қаты­нас­тар” де­ген­ мақаласы жарық­ көреді. Мақала Түр­кі­стан Құ­рыл­тай жиналы­сын­ шақыру жө­нін­дегі Коми­тет­ төрағасы­ның­ хабары ре­тін­де беріледі. Бұ­л материал М. Шо­қай­дың­ В. А. Чай­кин­мен бір­ге жур­на­лис­терге бер­ген сұх­баты негі­зін­де жа­зыл­ған. Онда


М. Шо­қай­ “Ә­дет­те ұлт­тық­ п­роб­лема­ның­ маз­мұны ұлт­тық­ азшы­лық­ мәселесі­мен­ шек­теледі, ал Түр­кі­стан жағ­дайында біз­ қарама-қар­сы құбы­лыс­пен ұшыра­сып­ о­тыр­мыз. Мұн­да мәселе ұлт­тық­ көп­ші­лік­тің құқы туралы” [50] деп­ көр­сетеді. Түр­кі­стан ура-боль­ше­вик­тері өлке­нің­ “ө­зін­-өзі билеуін” тула­лық­, нижегородтық мұ­жық­тар­дың­ ө­мір­ сал­ты мен­ ғұ­рып­тары негі­зін­де ұйымдастырды дей­ді.

Осы­лай­ша М. Шо­қай­ боль­ше­вик­терге қар­сы Сөз­ май­да­нын­ бас­тайды, қалам­ қарымына сенеді, тап­тық п­рин­ципті желеу ет­кен­ Ке­ңес­ өкіметі­нің­ саясатына ә­лем­ жұрт­шылығы­ның­ наза­рын­ аударады.

Бір­ ғана о­рыс­ де­мок­раттарына – э­сер­лер мен­ ка­дет­терге, о­лар­дың Бүкілре­сей­лік­ Құ­рыл­тай жиналысы­ның­ “сал­та­нат құруы” жө­нін­дегі уәделеріне се­ніп­ қал­май, тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ ұлт­тық­ күресі­нің­ ә­діл­ді­гін­, о­лар­ кө­ріп­ отырған зор­лық-зом­бы­лық­тарды, боль­ше­вик­тер­дің­ ұлт­тық­ саясаты­ның­ бетперде­сін­ а­шып­ көр­сетуге бар­лық кү­ш-жіге­рін­ жұм­сайды. Осы мақ­сатта ол ұлт-а­зат­тық қоз­ғалы­сын­ қол­дайт­ын­ о­дақ­тас­тар­ із­дес­тіреді. Украина­ның­ өкілі Крас­ковс­кий­мен­ бір­ге ақпа­рат­тық бюро, о­рыс­ және Ба­тыс­ Еуропа тіл­де­рін­де басы­лым­дар ұйым­дас­тыру жө­нін­де жос­пар жа­сай­ды. Бұ­л идеяны гру­зин­дер де қол­дайды. О­лар­ “Ер­кін­ о­дақ­” атты бас­па құ­рып­, “На рубеже” жур­на­лын­ шығара бас­тайды. Бі­рақ­ қар­жы­ның­ же­тіс­пеушілігіне бай­ла­ныс­ты ал­тын­шы нөмірі­нен­ кейін бұ­л жур­нал өз жұмы­сын­ тоқ­татады.

Қар­жы­ның­ көп­шілі­гін­ М. Шо­қай­ мен­ о­ның­ жақ­тастары гене­рал­ Деникиннің шабуылына ұшыра­ған­ Сочи окру­гін­дегі “Жа­сыл­ қоз­ға­лыс­” ұйымына кө­мек­тесуге бөледі. Бұ­л ұйымға бас­шы­лық­ жаса­ған­ социал-революцио­нер­, пол­ков­ник­ Вороно­вич­ Де­ни­кин­ армиясына шаруа­лар­ көтерілі­сін­ қар­сы қоюға ұмтылады. “Жа­сыл­ қоз­ға­лыс­қа” ал­ғаш­қы қар­жыны М. Шо­қай­ береді. Себебі ол Түр­кі­стан­ның­ ұлт­тық­ а­зат­тығы Мәс­кеуге қар­сы, бұ­рын­ Ре­сей­ империясы­ның­ құрамына ен­ген­ бар­лық е­зіл­ген ха­лық­тар­дың­ жал­пы күресі­нің­ құ­рам­ды бөлігі деп­ е­сеп­тейді. “Мәс­кеу” ұғымы о­рыс­тар­дың­ бас­қа ұлт­тар­ға үстем­дік жүр­гізуіне мүд­делі “ақ­тар­ды” да, “қы­зыл­дарды” да қам­тиды.

“Украина – Түр­кі­стан бір­лестігі” туралы шарт­қа қол­ қойы­лып­ [51], ол кейін Украина, Түр­кі­стан және Кав­каз­ ха­лық­тары­ның­ бас­та­рын­ бі­рік­тір­ген­ “Еркін­ о­дақ­” ұйымына не­гіз­ қа­лай­ды.

М. Шо­қай­дың­ боль­ше­вик­тер режиміне қар­сы кү­рес­ке Түр­кі­стан­нан­ бас­қа да ел­дер­ді жұ­мыл­дыру жө­нін­дегі осы ке­зең­дегі әре­кет­тері о­ның­ Па­риж­дегі жеке мұра­ғат­ қо­рын­дағы “1919 жылы Украина, Түр­кі­стан және Кав­каз­дың күште­рін­ Ре­сей­ империа­лиз­міне қар­сы кү­рес­те бі­рік­тіру жө­нін­дегі ме­нің­ талпыныс­та­рым­” де­ген­, бірі екі бет­тік, е­кін­шісі – он үш бет­тік екі құ­жат­та егжей­-тег­жейлі баяндалады (І және ІІІ пап­ка­лар­да).

“Ер­кін­ о­дақ­тың” аяғына тұ­рып­ кетуіне о­ған­ ене­тін­ ел­дер­дегі саяси ахуалдың­ түр­ліше қа­лып­тасуы, 1919 жыл­дың нау­рыз­ айында Украина­ның­ социа­лис­тік рес­публика бо­лып­ жариялануы, Арме­нияға бай­ла­ныс­ты ба­тыс­ державалары­ның­ ұстанымы, ә­зір­бай­жан­-ар­мян­ қаты­нас­тары үл­кен­ ке­дер­гі жасай­ды.

1920 жыл­дың қаң­тар айында Тиф­лис­те М. Шо­қай­ға бұ­рын­ Пе­тер­бург­те оқы­ған­ кезі­нен­ та­ныс­ ар­мян­ пуб­ли­цисі тіке­лей­ ке­ліс­сөз арқылы кема­лис­тік Түркия мен­ Арме­ния ара­сын­дағы мем­лекетара­лық­ қаты­нас­ты рет­теуге ұмтылып­ о­тыр­ған саяси қай­рат­кер­лер­дің өтіні­шін­ жет­кізеді.

Ар­мян­ қай­рат­керлері­нің­ арала­рын­да мұн­дай а­ғым­ның пай­да бол­ғанына үл­кен­ мән­ бе­ріп­, М. Шо­қай­ тү­рік­тер мен­ ар­мян­дар­дың­ бей­біт­ ө­мір­ сүрулеріне бар­лық кү­ш-жіге­рін­ жұм­сауға ә­зір­ е­кен­ді­гін­ біл­діреді.

Ке­ліс­сөз­дің­ та­быс­ты өтуін қам­тама­сыз­ ету мақ­са­тын­да Мұс­тафа ал­дын ала ар­мян­ делегациясы­ның­ құра­мын­, ниет-мақ­са­тын­ бі­ліп­, әңгіме бары­сын­да “Ұлы Арме­ния” туралы тақы­рып­тың көте­ріл­меуін та­лап­ етеді. Себебі “Ұлы Арме­ния” жос­пары қан­дай да бір­ “қам­қоршы” дер­жава­дан­ тәуелді­лік­ке әке­ліп­, о­ған­ қоса тү­рік­-ар­мян­ а­раз­дығы­ның­ қай­нар­ көзі бо­лар­ еді [52] деп­ көр­сетеді.

Осы мәселе­лер­ төңіре­гін­де пі­кір­ алысу мақ­саты­мен­ қаң­тар айы­ның­ ортасын­да М. Шо­қай­ Бакуге келеді. О­ның­ ар­мян­-тү­рік­ ке­ліс­сө­зін­де бастамашылық­ рөл­ атқаруы екі жақ­тың тепе-тең­ді­гін­ сақ­тау жө­нін­дегі дипломатия­лық­ п­рин­ципті сақ­тау ү­шін­ ке­рек­ еді. Ке­ліс­сөзге ә­зір­бай­жан­ үкіметін­дегі ең­бек­ ми­нист­рі Ах­мед­-Жа­вад­-бей­ Пепи­нов­, кема­лис­тік топ­тар­дың­ өкілі Беха Саид қатысады.

Ке­ліс­сөз бары­сын­да М. Шо­қай­ ө­зін­ ше­бер­ дип­ло­мат­ ре­тін­де көр­сете біледі. О­ның­ осы оқиға туралы “Orіent et Occіdent” жур­на­лын­да жария­лан­ған “Ар­мян­-мұ­сыл­ман қаты­нас­тары жө­нін­де” де­ген­ мақала­сын­да “Ауа рай­ы, қымбатшы­лық­ және тағы бас­қа бос­ әңгіме­лер­ден жос­пар­лан­ған тақы­рып­ арнасына көшу о­ңай­ға түс­педі” [53] дей­ді. А­лай­да ар­мян­ қай­рат­керлері ке­ліс­сөз жауап­кер­шілі­гін­ алуға дай­ын бол­май шығады.

Ар­мян­дар­дың­ осы жол­ғы о­ғаш­ ұстанымына о­рай­ М. Шо­қай­ бір­неше тұжы­рым­ жа­сай­ды. Бі­рін­ші­ден­, бұ­л эпи­зод­та ар­мян­-тү­рік­ өзара қатынастарының­ лағ­ынет сал­дарлары айны қате­сіз­ көрінеді. Ар­мян­ қайраткерлері­нің­ ара­сын­да көріне бас­та­ған,­ тү­рік­тер­мен­ ымыраға келуді қолдайт­ын­ топ­ өздері­нің­ азшылығына, не бас­қа се­беп­терге бай­ла­ныс­ты пікі­рін­ а­шық­ біл­діре ал­май­ды. Ал би­лік­ иелеріне Түр­кия түп­кі­лік­ті жойы­лып­ бара жатқан се­кіл­ді көрінеді және Ан­тан­та­ның­ әскери қуатына сенеді. Арме­ния ө­зін­ же­ңім­паз­дар­ қатары­ның­ ал­дың­ғы са­пын­да деп­ е­сеп­тейді.

Осы­ған­ бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­ бы­лай­ деп­ ес­кер­теді: “Өт­кен­нің қасіреті мен­ же­ңім­паз­дар­дың бү­гін­гі сал­танаты ер­тең­гі күн­ді пер­де­леп­ тас­тады. Ар­мян­ п­роб­лемасы­ның­ ар­мян­дар­дың­ жаңа қасіретіне айналуындағы кінә­нің­ қо­мақ­ты бөлігі ар­мян­ хал­қы­ның­ би­лік­ ба­сын­дағы­ларына тиесілі.

Ар­мян­ хал­қына қам­қоршы­лар­ көп­ бол­ды, бі­рақ­ о­лар­дың бар­лығы да өз мүд­деле­рін­ көз­деді” [54].

Мұ­нан­ Мұс­тафа­ның­ халықара­лық­ қаты­нас­тар тари­хын­ қан­ша­лық­ты те­рең­ біле­тін­дігіне куә бола­мыз­. Ол тү­рік­-ар­мян­ қаты­нас­та­рын­ екі ел ара­сын­дағы бай­ла­ныс­тар­мен­ шек­теуге бол­майт­ын­ды­ғын­, онда ірі-ірі мем­ле­кет­тер­дің­ қолтаңбасы жат­қанды­ғын­ а­тап­ көр­сетеді. “Ар­мян­дар­дың­ да және о­лар­дың қамқоршылары­ның­ да назары­нан­ өте ма­ңыз­ды жағ­дай – ар­мян­ және тү­рік­ халық­тары­ның­ тарихи-география­лық­ көр­ші­лес­тігі тыс­ қал­ды” дей­ді Мұс­тафа.

Мұны айт­а оты­рып­ ол ескі Түр­кия­ның­ ар­мян­ хал­қы жө­нін­дегі саяса­тын­ ақта­май­ды. Бі­рақ­ үкі­мет­тің іс-әрекеті ү­шін­ жауап­кер­ші­лік­ті ха­лық­қа артуға бол­майды деп­ ес­кер­теді.

Мемлекетара­лық­ қаты­нас­тарда геосаяси фак­торды ес­кер­меуші­лік­тің ауыр сал­дары бола­тын­дығына М. Шо­қай­ 1920 жыл­дың 10 тамы­зын­да ба­тыс­ державалары Кон­стан­тино­поль­ үкіме­тін­ қол­ қоюға мәж­бүрле­ген­ Сев­р бі­тім­ шар­тын мы­сал­ға кел­тіреді. О­ған­ қол­ қой­ған­ же­ңім­паз ел­дер­ қата­рын­да Армения да болады.

Сол­ жыл­дың қыр­күйе­гін­де Сев­р бітіміне жауап ре­тін­де Қара-Бе­кир­ Қиазим­ паша ар­мян­дарға жо­рық­қа аттанады. “Арме­ния дос­тар таба алмады. Олар­ – Сев­р бітімі­нің­ ав­тор­лары – қа­шық­та еді” дей­ді М. Шо­қай­.

Бі­рін­ші дү­ниежүзі­лік­ со­ғыс­ты аяқта­ған­ Сев­р бі­тім­ шар­ты Ос­ман­ империя­сын­, о­ның­ і­шін­де Түр­кия аумағын­ бө­ліс­ке сал­ғаны бел­гілі. Әділетсіздігіне бай­ла­ныс­ты 1923 жылы Ло­зан­на бей­біт­ кон­фе­рен­ция­сын­да оның­ күші жой­ылғаны да мә­лім­.

Сев­р бі­тім­ шар­тын, немесе бұ­рын­ғы Түр­кия үкіметі­нің­ ар­мян­ бей­біт­ халқына жаса­ған­ әре­кет­те­рін­ сын­ға ал­ған­да, М. Шо­қай­ “тү­рік­шіл­дік­” е­мес­, әділет­ті­лік­ті бас­шы­лық­қа а­лып­ о­тыр­. Ан­тан­та мен­ о­ның­ жақ­тастары­ның­ Түркия аумағын та­лан­-та­раж­ға салуы­ оны­мен­ көр­ші­лес­ ел­дер­дің алдағы уақытта бей­бітқа­тар­ ө­мір­ сүруіне үл­кен­ қиын­дық­тар әкелеті­нін­ айт­ып­, Мұстафа­ның­ Грузияда жүр­ген ке­зін­де мақала­лар­ жариялауы­нан­ не бас­қа қадам­дары­нан­ “тү­рік­шіл­дік­ті” із­дес­тіру­дің­ еш­бір­ қисыны жоқ­. О­ған­ мы­сал­ ретін­де А. Оқ­тай­дың­ мына сөз­де­рін­ кел­тіруге бо­лар­ еді: “М. Шо­қай­ Түркістанның­ тәуел­сіз­дік жо­лын­дағы іс-әре­кет­те­рін­ топ­тастыру­мен­ айналы­сып­ жүр­генде, тү­рік­шіл­дік­ көз­қа­рас­ тұр­ғысы­нан­ ө­зін­ тағы бір­ өте ма­ңыз­ды оқиғаның­ кү­тіп­ тұр­ға­нын­ да жақ­сы тү­сін­ді” [55]. Бұ­л жер­де Оқ­тай­ Түр­кия­ның­ жеңілуі мен­ о­ның­ бө­ліс­ке түсуіне бай­ла­ныс­ты М. Шо­қай­дың­ кей­бір­ тү­рік­ өкілдері­мен­ кез­де­сіп­, Қа­зим­ бей­дің­ “Анадолы хат­та­рын­” жа­рық­қа шығаруын айт­ады. Әрине, тү­рік­ баласы­ның­ тү­рік­ баласы­мен­ жолығы­сып­ сұх­баттасуы­нан­ кез­ кел­ген уа­қыт­та “тү­рік­шіл­дік­ті”, не “мұ­сыл­маншы­лық­ты” көруге ұмтылушы­лық­ тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ а­зат­тық қоз­ғалысына қар­сы ба­ғыт­тал­ған­ қас­көй ә­діс­тер­дің­ бірі е­кен­ді­гін­ М. Шо­қай­дың­ өзі де та­лай­ рет­ а­тап­ көр­сет­кен­. Қайт­а сан­ ға­сыр­лар бой­ы Ре­сей­дің­ өзі Түр­кия­ның­ “езгі­сін­дегі сла­вян­ бауырларын­” не бол­маса “х­рис­тиан­дық­ Арме­нияны” құт­қару ұраны­мен­ әре­кет­ е­тіп­ кел­ге­нін­ ә­лем­ жұрт­шылығы жақ­сы біледі.

Ан­тан­таға, әсіресе, Ре­сей­ге иек артуына бай­ла­ныс­ты Арме­ния М. Шо­қай­ ұ­сын­ған “Ер­кін­ о­дақ­қа” ену­ден­ бас­ тар­тады. Бұ­л ұйым да еш­бір­ тү­рік­шіл­дік­ прин­ципіне не­гіз­делме­ген­ еді. А­лай­да ол боль­ше­вик­тер­дің­ Кав­каз­ елдеріне басып­ кіруі се­беп­ті нақ­тылы іске көше ал­май­ды.

М. Шо­қай­, кав­каз­дық­ кезе­ңін­дегі кей­бір­ ең­бек­теріне қара­ған­да, 1920 жыл­дың 1–5 қыр­күйе­гін­де Баку қала­сын­да өт­кен­ Шы­ғыс­ ха­лық­тары­ның­ съезіне кел­ген қа­зақ­, өз­бек­ т. Б. ха­лық­тар­дың­ ө­кіл­дері­мен­ кез­дес­кен­ се­кіл­ді. Осы съезге А.-З. Валиди ас­тыр­тын түр­де қа­тыс­қа­нын­ айт­ады [56]. М. Шо­қай­ съезде болмаса да, о­ның­ жұмысы­мен­, ше­шім­дері­мен­ бір­ден танысады. Сол­ жылы “Воль­ный го­рец­” газе­тін­де жарияла­ған­ “Қыр­ғыз­ ке­ңес­ рес­публикасы” де­ген­ мақала­сын­да М. Шо­қай­ Қа­зақ­ Автономия­лық­ Рес­пуб­ликасы­ның­ құрылуы туралы БОАК дек­ре­тін­ сын­ға а­лып­: “Ха­лық­ еркі­мен­ са­нас­пай, Мәс­кеу Хал­ком­ кеңесі біз­ге окт­ров­лен­ген­ (ф­ран­цуз ті­лін­дегі octrover – сый­ға беру. – К. Е.) автономияны сый­ға тарт­ты, ал біз­ үнде­мес­тен, тіп­ті, бір­шама қана­ғат­тан­ған­ сезім­мен оны қа­был­дап о­тыр­мыз, бі­рақ­ ө­мір­ Мәс­кеу жобалары бо­й­ынша е­мес, өз арнасы­мен­ ағады” деді­ ма­ған­ жа­қын­ арада қыр­ғыз (қа­зақ­. – К. Е.) делегаттары­ның­ бірі” [57] деп­ жазады.

М. Шо­қай­ тек­ қа­зақ­, өз­бек­ т. Б. тү­рік­ ха­лық­тары­ның­ ғана е­мес­, бү­кіл­ Кавказ­ ха­лық­тары­ның­ бо­стандығы ү­шін­ күреседі, ке­ңес­тік Ре­сей­дің­ екі­жүз­ді­лік­ саясаты­ның­ құпия қыр­ла­рын­ а­шып­ көр­сетуге кү­ш салады. 1920 жыл­дың сәуірін­де Ә­зір­бай­жан­ Рес­пуб­ликасы­ның­ құлауы жө­нін­де “Янги Дунья” газетінде жарияла­ған­ сар­кастика­лық­ мақала­сын­да Ке­ңес­ өкіме­тін­ шы­ғыс­ сюжетін­дегі “мұ­хит­тың арғы бе­тін­дегі си­рек­ кез­десе­тін­ сұлу құ­с” боп­ көрінгісі келген қар­ғаға ұқсатады. Мақала со­ңын­да бы­лай­ деп­ қоры­тын­ды жа­сай­ды: “Боль­ше­вик­тер­дің­ Баку қаласына ба­сып­ кіруі, ал о­лар­дың Ганд­жадағы және тәуел­сіз­ Ә­зір­бай­жан­ның бас­қа да жер­ле­рін­дегі қар­қылы біз­дерді а­зат­тық революциясы­ның­ ал­тын­ то­рын­да көп­тен та­ныс­, қа­зір­ а­шық­қан, сол­ се­беп­ті тым­ ызалы о­рыс­ қар­ғасы­ның­ о­тыр­ғанына көзі­міз­ді әб­ден­ жет­кізді” [58].

1921 жыл­дың 16 ақпа­нын­да ке­ңес­ әс­кер­лері Грузияны тізе бүк­тіреді. Осы­дан­ кейін іле-шала “Батуми өмірі” газе­тін­де Грузия­ның­ тәуел­сіз­ ө­мір­ сүруінің­ тек­ За­кав­казье ү­шін­ ғана е­мес­, бас­қа мем­ле­кет­тер ү­шін­ де аса зор­ маңыз­дылы­ғын­ айт­ып­, “Грузия­ның­ қасіреті – бү­кіл­ ал­дың­ғы Азия халықтарының­ қасіреті” [59] деп­ мақала жария­лай­ды. А­зат­ та тәуел­сіз­ Грузияның­ ұлт­тық­ тәуел­сіз­дік жо­лын­да күре­сіп­ жат­қан бар­лық ха­лық­тар ү­шін­ тірі сим­вол е­кен­дігіне сенеді.

Ке­ңес­ әс­кер­лері­нің­ Кав­каз елдеріне ба­сып­ кіруі М. Шо­қай­дың­ дүдә­мал­ ой-тол­ға­ныс­тары мен­ саяси кү­рес­ төңіре­гін­дегі көз­қа­рас­тары­ның­ түп­кі­лік­ті анық­талуына соң­ғы нүк­те қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет