Р. Р. Есеева А. М. Жакипова жетекшісі: 2021 ж 2021 ж Р. Кульжаева Хаттама№



бет1/10
Дата18.05.2022
өлшемі89.66 Kb.
#457085
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
КТП 2021-2022 Рахбаев Адай


БЕКІТІЛДІ: КЕЛІСІЛДІ: ӘБ ОТЫРЫСЫНДА
Мектеп-гимназия Ғылыми әдістемелік ҚАРАЛДЫ:
Директоры: ісі жөніндегі орынбасары: Әдістемелік бірлестік
Р.Р.Есеева ___________ А.М.Жакипова ____________ жетекшісі:
«________ »______ 2021 ж «________ »______ 2021 ж Р.Кульжаева___________
Хаттама№ _________
«________ »______ 2021 ж
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
(ұзақ мерзімді жоспар)
Пәні: информатика
Сыныбы: 4,7,8,9
Пән мұғалімі: Рахбаев А.А.
Мектеп, Гимназия: № 30 мектеп – гимназия

2021-2022 оқу жылы



2021-2022 оқу жылы
Мұғалім күнтізбесі
Ай және тоқсан бойынша оқу күні және апта саны



IX

X

XI

XII

I

II

III

IV

V

Барлығы

Жыл бойы


































I тоқсан

II тоқсан

III Тоқсан

IV тоқсан



























Мұғалім жүктемесі



Сыныбы/сабақ

информатика

5




6




7




8




9




Барлығы





Демалыстар

Күзгі

Күзгі 1-7 қараша(7 күн)

Қысқы

Қысқы 30 желтоқсан-9 қаңтар (11 күн)

Көктемгі

Көктемгі 19-30 наурыз (12 күн)

Оқу жылының аяқталуы

25 мамыр

Сабақ кестесі
I ауысым





Уақыт

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7



















8




















II ауысым



Уақыт

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7




















Информатика пәнінің
2021-2022 оқу жылына арналған
оқу жоспары
Түсінік хат
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні
«ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына
(4-қосымша) өзгерістер енгізілді).
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.
1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған.
1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер;
2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ 73 бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).
2021-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2021 жылдың 1 қыркүйегінен оқытылады.
3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастырылуын реттеу; Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу, құжаттан мәтін үзіндісін іздеу. Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
4) «Есептей білу».
Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалар жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
5) «Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.
3-сыныптың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын меңгеру үшін мынадай ұсынымдар беріледі:
1-тоқсанда оқу процесіне қосымша келесі оқу мақсаттарын енгізу қажет: «1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау»; «2.1.1.1 енгізу және шығару құрылғыларын ажырату»; «2.1.2.1 файл және папка ұғымдарын түсіндіру»; «1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру»; «1.4.2.1. ойын бағдарламалау ортасында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch (скретч)»; «2.2.1.1 пернетақта тренажёрында мәтін теру»; «2.4.1.1 тармақтау алгоритмін іске асыру»;
Бұл жағдайда 1-тоқсанға арналған оқу бағдарламасындағы мына: «3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл)»; «3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру»; «3.4.2.4. программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру»; «3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру»; «3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке 74 қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру» оқу мақсаттары 2-тоқсандағы «3.4.2.1 дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу»; «3.2.1.1 таңбалы, нөмірленген тізімдер жасау»; «3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен жұмыс істеу»; «3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу»; «3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру» оқу мақсаттарымен кіріктіріледі.
3-тоқсандағы оқу бағдарламасының «Робототехника» бөлімшесіндегі 3.5.3.1 орта қозғалтқыш жылдамдығының мөлшерін орнату және жылдамдығын реттеу; 3.5.2.1 робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді пайдалану оқу мақсаттарына 1-сыныптың оқу бағдарламасындағы: «1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау»; «1.5.1.2 роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу»; «1.5.2.1 роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.2 дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.4 роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру»; «1.5.2.5 роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру» оқу мақсаттарын кіріктіру қажет.
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың белсенді формалары мен әдістері қолданылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыру ұсынылады.
Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәндерінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
2021-2022 оқу жылында 5-9 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған Информатика пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша жүзеге асырылады 5-9 сыныптардағы «Информатика» пәнін оқыту білім алушыларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік жүйелер, ақпараттық процестер, компьютерлік ойлау саласындағы базалық біліммен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталаған.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
7-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары»: «Компьютердің жады түрлері (жедел есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш-жады)»;
2) «Программалық қамтамасыз ету»: «Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру». «Ақпаратты қысу, архиватор-бағдарламалар» «Мұрағаттарды құру және ашу»;
3) «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің мақсаты, жіктелуі (ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша)»;
4) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпаратты өлшеу бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аудару»;
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Мәтіндік процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және пішімдеу», «Электрондық кестелер, электрондық кестенің негізгі ұғымдары», «Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу, маркер толықтыру», «Деректер типтері», «Формулалар енгізу», «Шартты пішімдеу», «Диаграммаларды құру»;
6) «Алгоритмдер»: «Салынған және құрамдас шарттарды, тармақталған алгоритмдерді программалау»;
7) «Программалау»: «Файлдарды оқу және жазу»;
8) «Эргономика»: «Пайдаланушы интерфейстерінің эргономикалығын анықтау»;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау».
8-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары»: «Процессор және оның негізгі сипаттамалары»;
2) «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің өткізу қабілеті»;
3) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпараттың көлемін бағалаудың алфавиттік тәсілі»;
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Электрондық кестелердегі деректер пішімдері», «Абсолюттік және салыстырмалы сілтемелер», «Функциялар графиктерін құру», «Кірістірілген функцияларды пайдалану: математикалық (қосындысы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық (ең төменгі, ең жоғары, орташа, саны), логикалық (егер)»;
5) «Модельдеу»: «Python (пайтон) программалау ортасында модельдер құру»;
6) «Алгоритмдер»: «Алгоритм трассировкасы»;
7) «Программалау»: «Цикл операторлары (параметрі бар цикл, алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл)»;
8) «Эргономика»: «Электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері», «Электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері»;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі: алаяқтық, интернеттегі агрессия».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет