Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІ



бет3/102
Дата26.12.2022
өлшемі3.67 Mb.
#467953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
annotation177627

1.2. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінің мәні.
Әлеуметтік педагогтың құзыреттілігі.
Әлеуметтік педагогтың құжаттамасы.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы қызмет принциптері.

Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметінің мәні
1991 жылы біздің елімізде «әлеуметтік педагог», «әлеуметтік педагог қызметі» деген ұғымдар қалыптасты.
Әлеуметтік педагог - жоғары кәсіби білімі бар, барлық балаларға қамқорлық мейірім мен сүйіспеншілік сыйлай алатын, әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұйымдастырушы,психолог, тәрбиелеуші, заңдық құқығын қорғаушы. Әлеуметтік педагог - сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, ұйымдастырушы.
Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада, оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын әлеуметтік педагогтарға ғана тиесілі. Әлеуметтік педагогтің жұмыс объектілері оқушылар мен ата-аналар ғана емес, әртүрлі жастағы адамдар, оларды дұрыс ұйымдастыру қиын да күрделі жұмыс.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы жасөспірімдермен жұмысының өзіндік ерекшелігі бар, олардың іс-әрекет мөселелерін нақтылауда оқушының оқу -төрбие мәселесіне ден қояды, жасөспірімдөрдің өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктердің алдын ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагог - әртүрлі әлеуметтік-мәдени ортада балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы маман. Әлеуметтік педагог жеке тұлғаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мінез-құлығындағы ауытқуды анықтай отырып, қоршаған ортаны зерттейді және балаға уақытында әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
Жас ұрпақты тәрбиелеу барысында ең алдымен отбасы жауапты болса, содан соң мектептегі ұстаздарымен балаға әлеуметтік өмірдің қыр-сырын үйрететін қоғамдық ортаға бейімдейтін әлеуметтік педагог. Сондықтан «Әлеуметтік педагог» ұғымымен «тәрбиелеуші» ұғымы егіз деп айтуға болады.
Қазіргі уақытта әлеуметтік педагог лауазымы көптеген мектептерде енгізілді. Әлеуметтік педагог-бұл тарихи және мәдени дәстүрлерді ескере отырып, гуманизм қағидалары негізінде педагогтар мен ата-аналардың қызметін ұйымдастыра отырып, оқушылардың әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі дамуына жағдай жасайтын мектеп қызметкері.
Әлеуметтік педагог-бұл диагностика нәтижесінде алынған мәліметтердің негізінде мектептің әр түрлі мамандарының педагогикалық іс-әрекетінде оларды іске асыру үшін әдістемелік ұсынымдар мен әдістеме әзірлей алатын маман.
Әлеуметтік педагог-әртүрлі балалармен, жастармен және ересектермен тәрбие жұмысын әлеуметтік мәдени ортада ұйымдастыратын маман ( отбасы, оқу орны, мектепке дейінгі мекеме, балалар үйі, баспана, еңбек ұжымы, қосымша білім беру мекемесі және т.б.). Әлеуметтік педагог жеке тұлғаның психологиялық - педагогикалық ерекшеліктерін және оның қоршаған шағын ортасын зерттейді, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, мінез-құлқындағы ауытқуларды, даулы жағдайларды анықтайды және уақытылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, клиенттердің құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге ықпал етеді. Әлеуметтік педагог - көмекке мұқтаж адамдарға педагогикалық, психологиялық, психотерапиялық, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерінде құзыретті маман.
Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметі ортадағы адамға бағытталған, "тұлға және қоршаған орта"контекстінде проблемалардың барлық жиынтығын шешуге бағытталған. Басты бұрышта адам қойылады және әлеуметтік педагогтердің басты назарында, оның проблемалары болады.
Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметі әлеуметтік тәрбие және әлеуметтік - педагогикалық қорғау міндеттерін шешуге бағытталған. Әлеуметтік педагогтың жалпы білім беретін мектептегі миссиясы - өмірдің барлық жас кезеңінде адамның тәрбиесіне, біліміне, әлеуметтік қолдауына ықпал ету. Ол "оның дамуының әлеуметтік жағдайын" қоса алғанда, адамды зерттейді, қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет