Когнитивті мінез-құлықтерапиясы
Психотерапияның бұл бағытын ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Аарон Бек ұжымымен бірге құрастырды.
2010 жылдары Бектің терапиясы психотерапия, психология, әлеуметтік педагогикада қорқыныш, үреймен жұмыста кеңінен қолданылып, танымал болды.
Когнитивті мінез-құлық терапиясынің негізгі идеясы тұлғаның ойлары, сезімдері, іс-әрекеттері жұмыс жасайтын схема негізінде түсіндіріледі. Бұл схема төмендегідей жұмыс жасайды:
Ойлар сезімдерге ықпал жасайды, олар санадағы бейнелер мен жалған ойларға сәйкес келгенде іс-әрекеттерімізге әсер етеді.
Әлеуметтік үрей кезінде схема төмендегідей болуы мүмкін:
Үрей туғызатын ойлардан арылу үшін жағымсыз ойларды бейтарап/жағымды ойлармен алмастыру, сонымен қатар іс-әрекеттердің жағымсыз іс-әрекеттерді қолдаудағы бағытын тежеу қажет.
«Шешім қабылдау» техникасы
Жағымсыз ойлар іс-әрекеттерімізге әсер етеді. Әлеуметтік фобиясы бар тұлғалар үшін шешім қабылдау қиынға соғады. Жағымсыз ойлар мен олардың салдарынан пайда болатын сезімдер таңдау жасау процесін қиындатады. Нәтижесінде субъект қимылсыз/бейтарап қалады.
Шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру маңызды. Ол үшін төмендегі техниканы орындау жеткілікті.
Жағымдытұстары
|
Жағымсызтұстары
|
Пайда
|
Қауіп
|
енді әр бөлікке тиесілі дәлелдер жазып толтырыңыз.
Жазып болған соң барлық дәлелдерді салыстырып, талдау жасаңыз. Өз іс-әрекетіңіздің алып келер пайдасы мен қауіпін салыстыра отырып, шешім қабылдаңыз.
«Сіз үшін маңызды не?» деген сұраққа жауап беруге тырысыңыз.
Жұмыс жасау барысында жағымсыз/қауіпті проблемаларды шешу жолдарын іздеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |