Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет74/102
Дата26.12.2022
өлшемі3.67 Mb.
#467953
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102
annotation177627

«Торт» техникасы
Графикалық ақпараттарды қабылдау процесі тез жүретін болғандықтан диаграмманы үреймен жұмыс жасау барысында терапия құралы ретінде қолдануға болады.
Мақсаты: өз уақыты мен өмірін сырттай бақылап, талдау.
Барысы:

  • шеңбер сызыңыз, оны күн тәртібіңізге қарай маңызды аймақтарға байланысты бөлікке бөліңіз;

  • енді, сіз үшін иделды күн тәртібі қандай болу қажет екенін белгілеңіз;

  • екі диаграмманы салыстыра отырып иделдағы күн тәртібіне жету жолдарын қарастыру қажет.




Уақытты бақылау мен оны басқарудың мінсіз жолын қарастырамыз.


Mindfulness техникасы

Медитацияның терапиядағы рөлін зерттеушілердің бірі Джон Кабат-Зинн: «Mindfulness — бұл зейіннің осы шаққа бағытталыуы».


Бұл техниканың негізі пали тілінен енген «сати» сөзінен шығады, ол саналы деген мағынаны береді.
Мұнда: Саналы (сати) = қабылдау + зейін + естелік
Бұл әркім оны қоршаған орта, құбылыс, адамдарды бақылау арқылы өзінің өткен іс-әрекеттерін бағалап, болашақ қимылдарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Сезімдерді бағыттай отырып оларды басқаруға болады.
Алайда, әлеумметтік жағдайлар, үрей мен қобалжу сезімдері күнделікті орын алатын және оларды басқару мүмкін болмаған жағдайда mindfulness техникасын қолдану арқылы саналы түрде басқару мүмкін.
Мұнда саналылық (mindfulness) = сати + бағалаусыз + қабылдау + жанашырлық. Заманауи психотерапияда саналылық деп өзін-өзі басқарудың түрін айтамыз.
Психикалық құбылыс – ойлар, сезімдер, физикалық сезімдерді қабылдау, оларға қарым-қатынасты білдіреді.
Бұл техниканың басты идеясы: «егер сен сезімдерінді тежей алмасан, олармен бірге өмір сүруге үйрен», яғни сезімдерге қарым-қатынасты басқару арқылы оларды басқаруға болады.
Медитация – дәл осы уақытта сезімдерді басқаруға үйрену.
Осы уақытта:

  • сіздің денеңіздің бағыты (отыру/жату/тұру)?

  • Сізге ыңғайлы ма?

  • Қысымды сезесіз бе?

  • Екі аяғыңыз еденге жетеді ме?

  • Бетіңіздегі сезімдер қандай?

  • Бастың бағыты?

Бұл бастың алғашқы қадамы.
Енді уақытты белгілеңіз (3-5 минут);
Көздеріңізді жұмыңыз және осы уақытта жалғыз өз-өзіңізді сезінуге тырысыңыз.
Өз денеңізді зерттеп көріңіз: «Денемнің қай бөлігінде өз демімді сезе аламын. Уақытты белгілеңіз». Не байқай алдыңыз? Ойларыңыз қалай өзгерді: жеңіл болды ма әлде ауырлай түсті ме? Денеңізде сезімдерді байқай алдыңыз ба?
Бұл әдіс зейіннің демге бағыты деп аталады. Нейробиология саласы бұл әдісті ішкі үйлесімділік пен психологиялық тұрақтылықты қалыптастыратын техниканың түрі деп қарастырады.
Дем алу мен дем шығару, өз демімізді басқару үшін құралған жаттығулар тізбегін төменде ұсынамыз.
«Отырып жасалынатын жаттығулар»:

  • Бір нысанға бағытталу (дем, сурет, дыбыс және т.б.);

  • Нысансыз медитация (бастапқыда қиынға соғу мүмкін, себебі бұл айналадағы барлық дене мен құбылысты байқауды талап етеді: сезім, ой, қиял, естелік, денедегі барлық өзгерістер);

  • Қиялмен жұмыс (мысалы, егер біз қауіпсіз жерді, мекен, тау, өзен, мінсіз сарбазды елестететін болсақ, өз сезімімізді реттеу үшін әр бейне суреттеп зерттейміз);

  • Қолдау мен сүйемелдеу.



«Тілек»
Мақсаты: бірлік, достық, қолдауды дамыту, өзі мен өзгенің сезімдеріне мән беруді үйретеді.
Барысы:

  • Ыңғайлы отырыңыз; өз денеңізді, ойларыңызды тыңдаңыз;

  • Сіз жақсы көретін, қолдайтын жақын дос, туыс, сүйікті жаннуарыңызды еске алыңыз;

  • Оны біз дос дейміз;

  • Досыңызды еске алғанда қандай сезімдер пайда болады;

  • Пайда болған жылулықты сақтап, өзіңізге зейін аударыңыз;

  • «»менде бәрі жақсы болсын», «менің денім сау болсын», «мен бақытты болайын» деп өзіңізді қолдау сөз айтып, демеуге болады.

  • Әр сөз құдыққа лақтырған тас секілді, олардың дыбысы мен жауабын тыңдаңыз;

  • Сезімдеріңізді мұқият тыңдаңыз, оларды сезінуге тырысыңыз.

  • Дайын болғанда дәл осы сөздерді қайта айтыңыз, бірақ өзіңіз емес туыстарыңыз туралы айтуға тырысыңыз.

  • Өзгелерге жақсылық тілегенде денеңізде қандай өзгерістер болды. Сізге ұнады ма?

  • Өзге адамдардың шекарасын кеңейте беріңіз: көрші, таныс, дүкендегі сатушы, бейтаныс адам және т.б.

  • Егер дайын болсаңыз үрей туғызатын адам мен нысанды да өзге адамдар тізіміне қосуға болады.

  • Оларды жақсы көруге тырысыңыз.

  • Жаттығудын соңында «Барлық адамзат бақытты болсын» деп аяқтауға болады.

Жаттығу барысында пайда болған ой, сезім, үрей, денедегі өзгерістерді байқап, оларды түсінуге тырысыңыз. Жаттығу сізге ұнады ма, қай бөлігі қаттырақ ұнады, ал қай бөлігі ауыр болды. Жаттығуды қайта орындауға дайынсыз ба?
Егер жаттығу ауыр соқса, онда тоқтатуға асықпаңыз, сезімдеріңізден қорықпаңыз. Оны қайта орындап жаттыға беріңіз.
Бұл жаттығуды үрей, қорқыныш, фобиясы бар адамдар үшін орындау қиын, алайда бұл жаттығу өз сезімдері мен өзгелерге деген қарым-қатынасын түсіну дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын керемет әдістердің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет