Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


«Біздің галактика» (мандала техникасы)



бет82/102
Дата26.12.2022
өлшемі3.67 Mb.
#467953
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102
annotation177627

«Біздің галактика» (мандала техникасы)
Мақсаты: топтағы тұлғааралық қарым – қатынасты, оқушылардың топтағы өзін – өзі бағалауын, рөлін анықтау.
Құралдар: релаксациялық әуен, қылқалам,түрлі – түсті қарындаштар, А2 форматты қағаз, акварель, алдын – ала газет – журналдардан қиып алынған немесе боялған күннің бейнесі, қажет жағдайда желім.
Нұсқаулық :
А2 форматты қағаздан алдын – ала шеңбер жасап,оқушылардың алдына беріңіз. Қағаздың центріне алдын – ала дайындаған күннің бейнесін қойып, оқушыларға күн жүйесіндегі ғаламшарларын салып, топтың галактикасын құруды ұсыныңыз. Әр оқушы өзінің ғаламшарын салу қажет.
- Орындыққа өзіңізді ыңғайлы сезінетіней қалыпта отырыңыз. Көздеріңізді жұмып, бір сәтке өз ішкі жан дүниеңізге құлақ түріңіз. Енді, көз алдыңызға, топтың галактикасын елестетіңіз. Ол қандай? Күн жүйесіндегі ғаламшарларға назар аударыңыз. Олардың арасынан өзіңіздің ғаламшарыңызды тауып алыңыз. Ол қандай? Оның көлемі, түсі қандай? Ол қайда орналасқан? Өз ғаламшарыңызға мұқият назар аударыңыз. Дайын болған уақытта, ғаламшарыңызды қағаз бетіне салып, басқа топ мүшелерімен бірге топтың галактикасын құрыңыздар.
Топ мүшелері күн жүйесіндегі ғаламшарларын салып, топ галактикасын құрағаннан кейін, әр топ мүшесі топтың галактикасын құруда қосқан үлесін, өзінің ғаламшарын түсіндіріп, таныстырады.
Оқушыға таныстыру барысында жүргізуші тарапынан қойылатын сұрақтар:
- Өз ғаламшарыңызды сипаттап беріңіз. Ол қандай ғаламшар? Ғаламшарыңыздың ерекшелігі қандай? Оның тұрғындары бар ма? Олар кімдер? Оның жақсы және жаман қырларын қандай? Сізге ғаламшардың орналасқан орны ұнайды ма? Ғаламшарыңыздың аты бар ма немесе оны қалай атар едіңіз? Өз ғаламшарыңызға көңіліңіз толады ма? Немесе жұмысыңызды толық аяқтай алмауыңызға не кедергі жасады? Не сезіп тұрсыз? Ол сезімнің тууына не себеп ?
- Қазір топтарыңыздың галактикасына қараңыз. Топтың галактикасы ойыңыздан шығады ма ? Не өзгерткіңіз келіп отыр? Не ұнады немесе не ұнамады? Топтың галактикасын қалай атар едіңіз.
Талдау:
Топтық мандаланы талдауда әр ғаламшардағы элементтер (адамдар, өсімдіктер, жануарлар, тау, су, басқа да құралдар), түстер, көлемі күн жүйесінде орналасуы, басқа ғаламшарлармен арақашықтығы ескеріледі.
Сондай – ақ, мандала құру барысындағы топ мүшелерінің өзара қарым - қатынасы (вербалды, вербалды емес) ерекше көңіл бөлуді қажет ететінін ескеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет