«Отбасы тарихы» (түйме техникасы)
Мақсаты: қарым-қатынасты, эмоциялық-ерікті іс-әрекетті түзету, біріктіру.
Біздің есіміз көптеген тарихтарды есінде сақтайды: қайғылы, қуанышты, қызықты, даналы және сақтандырушы, бұл оқиғалардың басты кейіпкері де, батыры да адам және оның отбасы. Оларды түймеге қосып жазыңыздар. Осылайша отбасыңыздың салты мен өмірлік тәжірибесі балаңызға беріледі. Өз «тегін» санасыз түрде сезе білу өзіңізде, балаңыз немесе қызыңызда сенімділік пен қорғаныш сезімін тудырады.
Барысы:
Үстел үстінде немесе кілем үстінде, орындықтың үстіне ыңғайланып отырыңыз. Жайдарлы әуен қосып қойыңыз. Түйме сақтайтын қорапшаны немесе сандықшаны алып қараңыз. Түймелерді топтастыра отырып, Сізге дейін әулетіңіздегі қанша буын әйел азаматтары осы түймелермен қолданғанын есіңізге түсіріңіз. Өзіңіздің және балаңыздың құлағының астында қорапшаны сілкілеп сағат тіліне құлақ түріңіз. Былай деңіз : «Бұл қорапшада сенің, менің әжеміздің, атамыздың киімінде болған түймелер сақталып тұр. Оларды естіп тұрсың ба – олар бір-біріне және бізге отбасымыздың санқилы тарихын айтып беріп жатыр. Міне, олардың бірі...»
Мысалы: «Бұл қорапшада менің той көйлегімнің бір түймесі бар. Ол кішкентай, аппақ, жылтыр, тегіс. Оны қорапшаның ішінен тауып алайықшы. Ия, дәл өзі. Бұл түйме әкең екеуміздің тойымыздың көзі. Ол біздің үлкендердің сыйлаған күлкілерін, баталарын, тілектерін, жақсылықтарды, бақытты күнді біледі. Сондықтан ол бақыт пен шаттық әкеледі. Оны қолына алып, алақаныңа салып жылыт. Сезесің бе, саған бақыттың келгенін ? Енді, сен үйде жалғыз қалған кезінде және өзіңді жабыраңқы сезінгенде осы түймені тауып ал да, алақыныңа сал, сонда ол саған күш сыйлайды. Түйме бақытты басқаларға да сыйлай алады. Сенің мұндай бақытты кіммен бөліскің келеді ? Сол адамға жақсы бір сөз айт».
Ескерту. Сіз отбасыңызда болған алуан түрлі оқиғаларды, дәл осы оқиғаға тән сезімдерді түймеге бере отырып балаға айтып бере аласыз. Осылайша әртүрлі эмоциялық жағдайлардың белгілерін жасайсыз, бұл баланың бойындағы эмоциялық-ерікті іс-әрекетін түзетуді дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |