«ҚР сайлау жүйесі» тақырыбында тест сұрақтар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»



Дата13.03.2024
өлшемі24.57 Kb.
#495303
ҚР сайлау жүйесі тест сұрақтары


«ҚР сайлау жүйесі» тақырыбында тест сұрақтар



  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қандай қатынастарды реттейді?

А) Қазақстан Республикасының мәслихаттары, әкімдері мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткiзу кезiнде туындайтын қатынастарды
Б) Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу кезінде туындайтын қатынастарды
С) Президент сайлауын дайындау және өткізу кезінде туындайтын қатынастарды
Д) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс

Дұрыс жауабы: Д





  1. Қазақстан Республикасы Президентінің ____________ болуға, өзге де _____________ іс жүргізуге және ___________ қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.

А) өкілді органның депутаты, ақылы лауазымдар, ғылыми
Б) Үкімет басшысы, сайланбалы қызмет, кәсіпкер
С) өкілді органның депутаты, ақылы лауазымдар, кәсіпкерлік
Д) өкілді органның басшысы, сайланбалы лауазымдар, коммерциялық

Дұрыс жауабы: С





  1. Қай күн «тыныштық күні» деп аталады?

А) сайлауды тағайындаған күн
Б) дауыс беру күні
С) сайлау күнінен бір күн бұрын
Д) дауыс беру күнінен кейінгі күн

Дұрыс жауабы: С





  1. Сайлау комиссиясының отырысы, егер отырысқа ........... қатысса, құзыретті болып табылады

А) комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы
Б) сайлау комиссиясының барлық мүшелері
С) комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі
Д) қатысушылардың саны шешілетін мәселелерге байланысты

Дұрыс жауабы: С





  1. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету жұмысын кім ұйымдастырады?

А) жергілікті атқарушы органдар
Б) учаскелік сайлау комиссиялары
С) аумақтық сайлау комиссиялары
Д) тұрғын үй ұйымдары

Дұрыс жауабы: Б





  1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша сайлау бюллетеньдерін дайындауды кім қамтамасыз етеді?

А) Орталық сайлау комиссиясы
Б) учаскелік сайлау комиссиясы
С) аумақтық сайлау комиссиясы
Д) жергілікті атқарушы органдар

Дұрыс жауабы: А





  1. Сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне кірмейді

А) сайлауды бақылау комиссиясы
Б) аумақтық сайлау комиссиялары
С) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы
Д) учаскелік сайлау комиссиялары

Дұрыс жауабы: А





  1. Қазақстан Республикасының саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары құқылы:

А) дауыс беру процесіне және оның қорытындысын шығаруға кедергі келтірмей фото, аудио және бейне жазбалар жасауға
Б) алаламауға, белгілі бір кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге
С) жария мәлімдемелер жасауға
Д) тиісті сайлау комиссиясы белгілеген сайлау учаскесінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау туралы сайлау комиссиясы төрағасының талаптарын орындауға

Дұрыс жауабы: А





  1. Сайлаушылар тізіміне қандай мәліметтер енгізілмейді?

А) жеке куәлігінің нөмірі
Б) тұрғылықты мекенжайы
С) жеке сәйкестендіру нөмірі
Д) туған жылы

Дұрыс жауабы: А





  1. Сайлаушыға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі қай мерзімде беріледі?

А) жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну сәтінен бастап дауыс беретін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18-ге дейін
Б) сайлаушылар тізімі салыстырылған кезден бастап дауыс беру күніне дейін
С) жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну сәтінен бастап дауыс беретін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12-ге дейін
Д) сайлаушылар тізімі салыстырылған кезден бастап және дауыс беру күнінің алдындағы күні сағат 20.00-ге дейін


Дұрыс жауабы: А

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет