273
Көркем тексте «синонимдер қатары» дегенмен бірге «
қабат-
тасқан синоним» дегендерді немесе синонимдік қабат-
тасуларды көрсетіп, олардың көркемдік-стильдік «паспор-
тын» айқындау да – көркем сөз стилистикасының міндеті.
Қазақ көркем прозасында (поэзиясында да) синонимдерді
қабаттастыра (тіркестіре) қолдану – әсерлі әрі актив тәсіл-
дердің бірі деуге болады. Әсіресе
кейбір жазушылар бұл
амалға жиі жүгінеді. Мысалы Ғ.Мүсірепов:
[Жұрт] бұл дау-
ды жалқы қалдырмай, егіз-егізекті, айыр-айқас, тармақты
етіп шығаруды ойлап жатқанда, Игілік істі бітіріп те қойды
(«Оянған өлке») деп,
егіз және
егізек, айыр және
айқас деген
мағыналас сөздерден синонимдік қабаттар жасаған. Осы жа-
зушыда кездесетін
қорынып-ығысып, иін-иілісі, болдырған-
бұрлыққан сияқты ондаған тұлға, біріншіден, қабаттасқан
синонимдердің сәтті үлгілерін танытса, екіншіден, бұндай
элементтердің тілдік емес, индивидуалдық, яғни авторлық қол-
даныстар екенін көрсетеді.
Ал Мұхтар Әуезов – қабаттасқан синонимдерді әсерлі,
көркем бояулы құрал ретінде жұмсауды жүйеге айналдырған
жазушы екені I бөлімдегі талдауларда айтылды. Ол 1920
жылдырдың басында жазылған повестерінің өзінде-ақ бұл
тәсілді жүйеге
айналдырып, көріктеуіш амалы ретінде ұсын-
ғанып көреміз.
«Абай» эпопеясынан
шырғалап, шырмап ұстайды;
басалқа,
басу айту,
қалың нөпір, қаранор сияқты кабаттастыра келтір-
ген синонимдік сөздер табылады.
Қабаттаса келген синонимдердің тілдік (жалпы тілде бар)
түрлері, әрине, өте көп. Олар, негізінен, плеонастық қабаттар
болып келеді. Мысалы:
некен-саяқ, бірен-саран, кедей-кепшік,
дау-шар, қат-қабат, көптен-көпшілеп т.т. Әңгіме автор-
лық немесе контекстік синонимдер жайында болмаққа ке-
рек, сондықтан О.Бөкеевтің:
кергіп-керіліп [отыра алмайды],
мінгесіп-ұшқасып дегендерін, Қ.Жұмаділовтің
жұлымыр,
тесік өкпе пысық еді дегендерін контекстік синонимдер
шоғыры деп тануға болады.
Қазақтың ұлттық көркем сөз нормаларының келесі саласы
– өзге тілдерден сөз қабылдау қабілетінің икемділігінде болса,
274
ол жөнінде мыналарды айтуға болады. Өзге тілдерден әр алу-
ан көздер (каналдар) арқылы сөз қабылдау – жалпы тілдерге
тән қасиет. Бұл қасиет көркем сөз дүниесінде орын алатыны
– заңды. Бірақ мұнда бөгде тілдік лексикалық элементтердің
қатысу мотивтері жалпы әдеби тіл заңдылықтарынан өзгеше
келуі мүмкін. Мысалы, кейіпкерлер тілін (олардың сөйлесу
үлгісін) шынайы көрсету арқылы образ жасау үшін, жалпы
әдеби тілде қабылданған өзге тілдік сөздер қолданыла алады.
Ол сөздер ауызекі тілдік те, кітаби тілдік те болып келе береді.
Мысалы, Қалихан Ысқақовтың «Қара орман»
романында
қазіргі ауыл адамдарының өмірі суреттеледі. Оның кейіпкерлері
«өз тілдерімен» сөйлейді, яғни бүгінгі болмысымызда тілге
құрметімізді жоғалтып, қалай болса солай, орысша-қазақша
араластырып сөйлейтінді шығардық, бұл әдет тек ауыл адам-
дарында емес, қалаларда да бар. Осы шындықты көрсету үшін,
кейіпкерлер образын нақ беру үшін «Қара ормандағылардың»
диалогтерінде: «
Каждый год келіп тұратын
кәлымщик те...»;
«ендеше,
осыны Жақыптың дружбасына бесінші балташы
етіп
апормит қыл...»; «жарықтық, бұ шіркінді іштің не,
оп-
тират қылдың не...» сияқты болып келеді. Мұнда өзге тілдік
сөздер макаронизмдер ретінде қолданылған. Бірақ бұлардың
осы қолданысы – көркем шығарма үшін нормаға қайшы емес,
өйткені олар, жоғарыда айттық, кейіпкерлердің сөйлеу үлгісін
беру үшін жұмсалған. Ал егер макаронизмдерді, яғни бөгде
тілдерден сыртқы тұлғасын өзгертіп,
стильдік мақсатсыз
қолданылған сөздерді автор ешбір уәжсіз өз баяндауында (не-
месе тіпті кейіпкерлер тілінде де) жұмсаса, ол – нормадан
ауытқушылық болар еді. Бұл орайда қазіргі қазақ көркем про-
засы үлкен ұқыптылық білдіріп келе жатқанын айту керек. Бұл
үлгі әуел бастан, 10-20-жылдардағы көркем проза туындылары
тілінен бері келеді. Қазақ жазушылары өз баяндауларын (автор
сөзін) бөгде тілдік элементтерден мейлінше таза беруге тыры-
сады.
Міне, қазақ тілінің ұлттық әдеби белгілері, оның қазіргі
күй-қалпы – негізінен, осы айтылғандар.