Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет2/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Сөз құдіреті

ISBN 978-601-7317-94-2 (Т.6) © Сыздықова Р., 2014
ISBN 978-601-7317-88-1 © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2014


3
АЛҒЫ СӨЗ
Осы кітаптың «Сөз құдіреті» деген атауының екі құрамы 
да астарлы: бұл жердегі «сөз» дегеніміз «тілдің ең кішкентай 
кірпіші» – «жеке сөз» деген мағынада емес, «тілдің қолданы- 
сы», яғни «көркем әдебиеттегі тілдің көрінісі» деген ұғымда 
жұмсалып, ал «құдірет» сөзі «құпия, тылсым» деген таным-
да емес, адамға ететін әсер, «қолданыстағы тілдің көркемдік 
қуаты, күші» деген мәнде келіп тұр. Демек, сөз құдіретін таны- 
ту дегеніміз – жазушы тілінің көркемдігін, сол көркемдікті 
жүзеге асырып тұрған тілдік құралдар мен тәсілдерді көрсету 
болып шығады. Бұған жазушының сөз қазынасын молынан,
дәл пайдалануы немесе оларды көріктеу құралы ретінде 
жұмсауы я болмаса сөз қиыстыру (синтаксистік) амалдарын- 
дағы шеберлігі, өзіндігі, жаңалығы дегендер де жатады. Проза- 
шының тілін тануда көркем шығарманың тілдік композиция-
сын құрайтын тұтастықтарды: автор сөзі мен кейіпкер сөзі, қос 
үнді сөз дегендерді қарастыру – өте қажет тақырыптар болмақ.
Әрине, көркем сөздің жұмсалар тұсы әр алуан. Көркем 
әдебиетке поэзиялық туындылар да, прозаның шағын әңгімеден 
бастап роман-эпопеяларға дейінгі түрлері де, көркем көсемсөз 
де, драмалық шығармалар да жататыны белгілі. Бұлардың 
әрқайсысының тілін талдап-таныту, зерттеп-зерделеудің өз 
ерекшеліктері осы кітаптың 2-бөлімінде түстеп, түгенделеді.
Бұл еңбекте біз қазақ көркем сөзінің тек прозалық 
түрлерінің «сөз құдіретін» әңгіме арқауы етпекпіз және талда-
улар мен түйіндерімізді белгілі бір қалыпқа салынған, жүйелі 
түрдегі оқу бағдарламасы бойынша жүргізілген талдаулар 
түрінде емес, өзіміз қалаған тақырыптарды, өзіміз ден қойған 
шығармаларды ғана әңгімелейтін «еркін ізденістер» түрінде 
ұсынамыз.


4
Әрине, бұл талдауларымыз таза субъективті, бейберекет 
сипаттан аулақ. Егер мұнда көркем әдебиеттің тілдік-стильдік 
қырларын түгел қамтымай, бірқатарына ғана назар аударсақ не-
месе ана жазушылардың емес, мына жазушылардың туынды- 
ларын талдау объектісі еткен болсақ, әңгіме бұлардың өзгелер- 
ден шоқтығы биік не аласалығында емес, артық-кемдігінде 
емес, олардың қазақ прозасы тілінің көркемдік дәрежесін 
көрсету үшін осы ізденісте таңдаған тақырыптарымызды 
тарқатып әңгімелеуге сай түскен шығармалар мен олардың ав-
торлары екендігінде.
Атап айтқанда, талдауымыз бен танымымызды Мұхтар 
Әуезовтің 20-жылдардағы әңгіме-повестері тілінен бастадық. 
Бүгінде дүниежүзілік әдебиеттің қатарында тұрып, өзгелермен 
терезе теңестірген қазақ көркем прозасы тілінің диахрондық-
синхрондық даму өрісін, яғни бастауы мен бүгінгі барысын 
сөз етер болсақ, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Жүсіп- 
бек Аймауытовтардың өткен ғасырдың алғашқы онжылдық- 
тарындағы қалам тартыстарына соқпай өту мүмкін емес.
Қазақтың бүгінгі классикалық, яғни ең озық әдебиеттер 
деңгейіне көтерілген прозасының бастауында тұрған бұл 
алыптардың тілдік-көркемдік әлемін жеке-жеке, бір емес, 
бірнеше монографиялық жұмыс етіп зерттеу қажеттігі дау-
сыз. Ішінара зерттеліп те жүр, зерттелмек ниеттер де бар. Біз 
бұл кітапта осы көшбастаушылардың бірі – Мұхтар Әуезовтің 
алғашқы әңгімелерінің тілін тануға әрекеттендік.
Әрі қарай біздің зерттеу нысандарымызға (тақырыптары- 
мызға) Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, 
Сейдахмет Бердіқұлов, Оралхан Бөкеев, Асқар Сүлейменов, 
Тахауи Ахтанов, Қабдеш Жұмаділов, Кәдірбек Сегізбайұлы 
сияқты бүгінде қалың жұртшылыққа, әлемдік көркем 
әдебиет дүниесіне жақсы танымал, қазақ көркем сөзінің қас 
шеберлерінің туындылары сай келді. Әрине, тек бұл жазушы-
лар емес, өзгелердің де көркем тіл кестесіндегі өз тігістерін, 
әсем айшықтарын, шеберлік үлгілерін жеке-жеке де, белгілі 
ғылыми тақырып өрісінде де кеңінен әңгімелеу қажеттігін 
де айтамыз. Әсіресе өзіміз шығармаларын оқып, тілдерінің 
көркемдік-стильдік тұстарына көңіл аударып, материалдар 


5
жиып жүрген белгілі қалам иелері – С.Шаймерденов, Ә.Нұр- 
пейісов, Ә.Нұршайықов, С.Жүнісов, Қ.Ысқақов, Д.Досжанов, 
Д.Исабеков, М.Ысқақбаев, Б.Нұржекеев, С.Мұратбеков, Т.Нұр- 
мағамбетов, М.Қабанбаев, Т.Жұртбаев сияқты сөз зергерлері- 
нің тілін лингвистикалық стилистика деп аталатын ғылым 
саласының талабына сай зерделеп, таныту – білім-ғылымы- 
мыздың кезектегі игі істерінің бірі болуға тиіс деп санаймыз.
Кітап екі бөлімнен тұрады: алғашқысы – жоғарыда аталған 
қалам иелерінің белгілі бір (түгел емес) шығармаларының 
тілдік-стильдік бітімін сипаттауға, соңғысы – қазақ тіліндегі 
көркем әдебиет стилі, оның тілін зерттеу мәселелеріне арна-
лады.
Көркем туындының тілін лингвистикалық стилистика 
тұрғысынан талдау дегеніміз – тілдің жеке бірліктерін (един- 
ицаларын) түгендеп атау емес, сол бірліктердің, айталық, 
сөздердің, тіркестердің, сөйлемдердің қолданысын, қолданыс- 
тағы көрінісін зерттеу болмақ. Нақтылай айтсақ, өлең жазу- 
шының пәлен деген шығармасында мынадай- мынадай көне 
сөздер бар, мынадай жергілікті сөзді қолданыпты, мына тәрізді 
этнографизмдер (ұлттық тұрмыс-салтқа қатысты сөздер), 
қарапайым сөздер, дөрекі тұлғалар бар деп теріп алып, жалаң 
көрсете салу – көркем тілді зерттеушінің шаруасы емес, сол 
сөздердің қолданысы қандай мақсатты өтеп тұр, солар арқылы 
жазушы нені, қалай суреттеп тұрғанын таныту керек.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің негізгі мұраты – тілдің өзін 
емес, оның мүмкіншілігін көрсету. Тілдің бірліктері, мыса-
лы, сөз қолданыста екі қырлы болады, ол негізгі лексикалық 
мағынасымен қатар қосымша жасырын мағына мен эмоцияға 
немесе «подтекст» дегенге (астарлы мағынаға) ие бола-
ды, сондай-ақ тілдің экспрессивтік қызметі тек қолданыста 
көрінеді. Міне, осылардың баршасын біз осы кітаптың бірінші 
бөлімінде сөз еттік.
Ал көркем әдебиет тілінің ұлттық мәдениетімізде алатын 
орны, оның қолданылу заңдылықтары (нормалары), бүгінгі 
күй-қалпы деген мәселелер алдыңғы талдауларымыздың аста-
рын ашуға, жүйесін саралауға алып барады.
Көркем әдебиет қазақ әдеби тілінің қалыптасып, даму ба-
рысында басты рөл атқарып келгені мәлім. Бұл күнде де 


6
қоғамдық-публицистикалық, ғылыми стильдермен қатар, 
әдеби тілдің жетіле түсу үрдісінде, яғни қазақ әдеби тілінің 
дәстүрлі нормаларын тұрақтандыруда, жаңаларын белгілеуде, 
соны сипаттарға ие болуда, қысқасы, әдеби тіліміздің сапа- 
лық дамуын ұйымдастыруда көркем әдебиет негізгі ұйытқы
үлгі болып отыр. Ол көптеген өзгерістер мен сонылықтардың 
әрі сынақ алаңы, әрі қоймасына айналды. Сондықтан көркем 
шығармалардың тілін тек жоғарыдағыдай лингвистикалық 
стилистика тұрғысынан ғана емес, әдеби тіл нормаларын 
сұрыптау, тұрақтандыру, сөз мәдениетін көтеру тұрғысынан
да зерттеу қажеттігі туады. Соңғы мақсатта жүргізілетін 
ғылыми ізденістер қазақ тілінің ұлттық көркем нормаларын 
айқындау, ерекшеліктерін таныту, әдеби стандарт пен нор-
малардан ауытқу құбылыстарының сырын ашып, табиғатын, 
дұрыс-бұрысын көрсету сияқты тың ғылыми-теориялық 
мазмұнды жұмыстарды ұсынуға мәжбүр етеді.
Оның үстіне көркем әдебиеттің қызу қарқында өтіп жатқан 
жанды үрдісінде оның қазақ әдеби тілінің қазіргі кезеңіндегі 
дамуына жақсы әсер етіп отырған жағымды жақтарымен 
қатар, тілдік-эстетикалық талғам шарттарына сай келмейтін 
жағымсыз сәттерін көрсетіп, оны түзейтін ғылыми негізді 
ұсыныстар жасау қажеттігі де даусыз. Бұл – қазіргі кезеңдегі 
қазақ тіл біліміне қойылып отырған басты талаптардан та-
былады. Демек, көркем әдеби тілді синхронды-нормативті 
тұрғыдан зерттеу – бүгінгі қазақ тіл білімінің әрі практикалық, 
әрі теориялық мәні зор өзекті проблемаларының бірі болып 
саналмақ.
Бұл жұмыстағы қазіргі көркем проза мәтіндерінен жин- 
алған нақты материалдардың негізінде қазақтың ұлттық 
көркем тілінің нормаларын айқындау; оның қалыптасуы мен 
дамуының және қазіргі күй-қалпын көрсету; ұлттық стильдік 
нормалардың қалыптасуындағы көркем әдебиеттің рөлі 
мен орнын көрсету; көркем әдебиет арқылы қазақ әдеби тілі 
лексикасының нормалану үрдісін таныту мақсаты екінші 
бөлімде көзделді. Аталған үрдісте жүзеге асатын сөз таңдау 
ұстанымдары анықталды; бір жағынан, жалпы әдеби тіл нор-
масынан, екінші жағынан, көркем тіл заңдылықтарынан уәжді-
уәжсіз ауытқу құбылыстары талданды; жұмыстың өн бойында 


7
сөз болатын негізгі тақырып лексика-фразеология саласындағы 
әдеби стандарт пен одан ауытқушылық құбылысын талдап та-
ныту болды.
Қысқасы, бұл еңбектің бірінші бөлімі көркем сөз дүниесін 
әр қырынан білгісі келгендер, олардың ішінде ақын-жазушы, 
журналистер, әдебиет пен тілден сабақ берушілер ынтасын 
оятса, қызығып оқытса, ал екінші бөлімі сөз әлемінің көркем- 
дігін тануға қажет ғылыми-теориялық негіздерді дәлелдей- 
тін фактілердің қазақ көркем дүниесіндегі көрінісін білгісі 
келген зерттеуші-ғалымдар, ұстаз-оқытушылар, студенттер, 
мектеп оқушыларына мағлұмат берсе – алға қойған мақсаты- 
мыздың орындалып, біраз жылдық тірнектей жинаған ізденіс- 
теріміздің, тер төккен еңбегіміздің ақталғаны.
Сөйтіп, бұл кітап тіл білімінің «лингвистикалық сти-
листика» деп аталатын саласына арналады. Бұл сала көркем 
әдебиетті тілдік-стильдік қырынан кең түрде зерттеуді бүгінгі 
күн тәртібіне қойып отыр.
Бұл күнде қазақтың көркем әдебиеті халықтың рухани- 
эстетикалық қажетін толығынан өтеп, ұлттық ұйымдасты- 
рушылық қызметін атқарып келеді. Сондықтан оның тілін 
зерттеу – бүгінгі мәдени дүниеміздің қажеттілігі. Оның үстіне 
қазіргі кезенде қазақ тілі мемлекеттік статусқа ие болып, оның 
жан-жақты дамуына, қоғамға кеңінен қызмет етуіне біраз ша-
ралар мүмкіндігінше істеліп жатыр не істелмек нышандары 
бар. Осындай бүкілхалықтық, мемлекеттік үлкен істің бір ар-
насы – қазақ тілінің функционалдық стильдерінің, оның ішінде 
көркем әдеби стилінің тілін көпшілік қауымға таныту арқылы 
ана тілімізді уағыздау, оның көркемдік-әсемдік қасиетін дамы-
ту, тілді дұрыс және әдемі жұмсауға тәрбиелеу болмақ.
Осы мақсаттағы жасалып жатқан жұмыстарға зәредей пай-
дасы тиер деп, біз осы кітапты ұсынып отырмыз.
Мұнда «Сөз құдіреті» атты кітаптың «Санат» баспасынан 
1997 жылы шыққан 1-басылымы өзгеріссіз, толық берілді. 
Қосылған материалдар: Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөн- 
бесін», Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз», Кәдірбек Сегізбай- 
ұлының «Біз қалада тұрамыз» атты көлемді шығармаларының 
тілдік-стильдік ерекшеліктерін, сөз кестесін, көріктеуіш 
тәсілдерін талдаған ізденістер.


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет