Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет48/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128
Сөз құдіреті

«Аласапыран»
«Аласапыран» – 1981 (1-кітап), 1983 (2-кітап) жылдары екі 
кітап болып жарық көрген тарихи роман-дилогия. Жазушының 
таңдаған тақырыбы қазақ жұртшылығын қатты қызықтырғаны 
даусыз. Өйткені мұнда халқымыздың бұдан аттай төрт ғасыр 
бұрынғы тарихы көркем тілде баяндалады.
Ал бұл тарихтың өзіне біз күні кеше ғана 60-жылдардың 
басында Шоқан Уәлихановтың бес томдық жинағын баспаға 
дайындау барысында қатты көңіл аудара бастаған болатын-
быз. Дәлірек айтсақ, Шоқанның проф. И.Н.Березиннің сұрақ-
хатына жазған жауабын жариялау үстінде ол жауапты «тарақ 
таңбалы жалайыр» кісісі жазған тауарих жайында сөз болғаны 
айтыла бастады. Шоқан назар аударып, кей тұстарын орысшаға 
аударған ескерткішті академик Әлкей Марғұланнан бастап, 
көптеген ғалымдар, негізінен тарихшылар, іле-шала тіл ма-
мандары сөз ете бастады. Ал орыс ғалымдары шартты түрде 
«Жами ат тауарих» деп ат қойған жазба дүниенің тексін бұдан 
140 жылдан астам бұрын Қазан университетінің профессо-
ры И.Н.Бе резин араб графикасымен жазылған түрінде кітап 
бетінде жариялаған болатын.
Бұл түркі тілдік ескерткіштің табылуы, жариялануы, 
зерттелуі, әсіресе тілінің айқындалуы жайында біз де жазған 
болатынбыз
19
. Жалайыр бабамыздың еңбегінің қай тілде 
жазылғанын зерттеушілер танығандай, ескі татар тілінде 
де емес, И.Березин, Ш.Уәлиханов т.б. топшылағандай, таза 
шағатай тілінде де емес, ортаазиялық түркі жазба дәстүріне 
негізделген қазақтың ескі жазба тілінде ұсынылған деген 
пікір айтып, ол тұжырымды нақты талдаулар мен салыстыру-
лар арқылы дәлелдеп берген едік. Және оның тексін 140 жыл-
дан кейін қазіргі жазуымызбен екінші рет жариялаған едік. 
Алғашқыда (1851 жылы) текст қолжазбаның бір ғана нұсқасы 
бойынша жарияланса, біз кейін өткен ғасырдың 20-жылда-
рында табылған 2-қолжазбамен салыстырып, артық-кемін 
көрсетіп, толық түрде ұсындық.
19 
Сыздықова Р.Г. Язык «Жами ат-тауарих» Жалаири. - Алматы: Наука, 1989.


112
Осы ескерткіштен біздің білгеніміз: XVI ғасырдың соңғы 
жылдарында қазақ ханы Тәуекелдің немере інісі – Ораз-
Мұхамед
20
сұлтан Сібірде орыстарға тұтқынға түсіп, Мәскеуге, 
патша сарайына жөнелтілгені, сол кездегі Ресей патшасы – 
Федор Иванович, кейін орнына отырған Борис Годунов оны 
іш тартып жақындатқаны, шведтерге қарсы соғысқа салып
ерлігін танығаны, 1600 жылы қазақ сұлтанын Қасымов де-
ген ішкі хандықтың билеушісі етіп қойғаны, ал бұлардың 
барлығы жөнінде сол жас сұлтанның кеңесшісі – Қадырғали би 
Қосымұлы деген жалайырдан шыққан сауатты қарашы бектің 
жазып қалдырғаны, шежіреші бабамыз тек қазақ хандары емес, 
әңгімені Шыңғыс хан тарихынан бастайтыны.
Міне, осылардың барлығы қазақтың рухани дүниесі мен 
әлеуметтік тарихына ертеден, студент, аспирант кезінен 
үңіле бастаған эрудит жазушы Мұхтар Мағауинді бейжай 
қалдырмағаны түсінікті. Жазушы бұл тарихты құр өзі біліп 
қоймапты, оны қалың жұртшылыққа, бүгінгі оқырман қауымға 
көркем сөзбен, шындығы мен қиялы аралас ғажап сурет-
термен баяндап, дәлірек айтсақ, суреттеп беріпті. Таңдаған 
тақырыбының қызғылықты екендігі – осында.
Романның екі кітабы да шытырман оқиғаларға құрылыпты 
және ол оқиғалар фантазия не жазушының қиял әлемі түрінде 
емес, шыншыл, біріне-бірі табиғи заңды түрде жалғасқан та-
рих күндері мен жылдары болып беріліпті, оқырманды бас 
көтертпей оқытатын қасиеті осыдан шығатын болар. Ал 
бұлардың барлығының үстіне оқырманды мейлінше тәнті 
ететін, еріксіз сүйіндіретін тағы бір қасиеті бар, ол – тілі, ол – 
суреттеу стилі, яғни қаламының қайталанбас табы. Тіл маманы 
танымымен қарап, бұл байламымызды дәлелдеп көрелік.
Жоғарыда айттық, екі жазушының тарихи шығармаларын 
бөліп алып сөз етуіміздің бір себебі – біреуінің тарихи стиль 
тезіне түсіріліп жазылғандығы деген болатынбыз. Мұхтар 
Мағауиннің дилогиясы осы сипаттамаға дәл келеді.
Стиль тезі (стилизация деген терминді біз осылайша 
қазақшаладық, дәлірек айтсақ, «белгілі бір стиль тезіне түсіру» 
20
Жалқы есімдердің жазылуында романдағы қалпын сақтадық. Ал, дұрысында, 
қазақша екі түбірден тұратын адам аттары қосылып, хан, ханым, би деген сияқты 
сөздер жалқы есімнен бөлек жазылуы керек.


113
деген дұрысырақ) дегеніміз – көркем шығарманың тілдік ма-
териалдарын белгілі бір әлеуметтік ортаға немесе белгілі бір 
тарихи кезеңге, әдебиеттің белгілі бір бағытына, жанрына т.б. 
қарай үйлестіріп, таңдап қолдану. Айталық, романды (әңгімені, 
повесті) тарихи стиль тезіне салып (түсіріп) жазғанда, автор 
өзі суреттеп отырған тарихи кезеңге тән зат, бұйым, құбылыс, 
әреқет атауларын келтіруге тиіс, кейіпкерлерін мүмкіндігінше 
сол кезеңдегі тілдесу үрдісімен сөйлетуі керек, оның өзінде 
де әр кейіпкерді өзінің әлеуметтік орнына, тәрбие-танымына, 
жасына, жынысына қарай «сол кезеңше» сөйлеткені тіпті аб-
зал. Әрине, ол үшін көп мехнаттану керек: іздену, барын табу, 
жоғын жасау қажет, бірақ ол жасағанын нанымды «табиғи» етіп 
ұсыну – тарихи дүние жазуға барған қаламгердің өз қолымен 
көтерген шоқпары. Ауыр шоқпар. Бірақ халқының бұдан 3-4 
жүз жыл бұрын өткен тарихын көркем сөзде көрсеткің келген 
екен, бұл ауыр, тым ауыр жүкті мойныңмен көтересің. Міне, 
жазушы Мағауин осыны жақсы білген. Білген де, тарихи стиль 
тезіне салынған шығарманың тамаша үлгісін берген. Ең алды-
мен, бұл шығармада XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың 
алғашқы онжылдықтарындағы Қазақ, Жоңғар, Ібір-Сібір, 
Қырым хандықтары мен Ресей патшалығының тарихы сөз 
болғандықтан, солардағы ел, ұлыс билеушілердің ресми лауа-
зым аттары, әскери атақтары мен әлеуметтік топтардың атаула-
ры өз тұсындағы қолданысымен берілген. Хан, сұлтан, оғлан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет