114
Онда Қадырғали
биді ұлыс
бегі сайлап, жалайырға жаңадан
жер кесіп... неге мұндағы жұртты қырқыстырып қойды (I, 68
21
).
Ораз-Мұхамедтің ақылгөй әжесі Әз ханым оған, яғни ханның
орнын басатын қалғаға (демек, хан сияқты бектерден жоғары
лауазым иесіне):
– Сен
би мен батырға сүйенсең,
бек атаулы қара бұқарадан
күш алады, – дейді (І, 67).
Бек термині Қадырғалидың «Жылнамасында»
пір, аға деген
сөздермен синонимдік қатар түзіп, жоғары әскери шен иесін де
білдірген. Ал жазушы М.Мағауин бек сөзінің бұл мағынасын
тек
түменбегі, мыңбегі (9),
шортабегі (по лиция бастығы) де-
ген күрделі әскери лауазым аттарында сақтаған.
Бахадүр (баһадүр) мен
батыр, тіпті орысша
богатырь
тұлғасы да
осылайша жіктеліп, алдыңғысы ресми титул
(XVI -XVII ғасырлардағы қазақ қоғамында
бек пен
баха дүр
«дәрежелер табеліне» – в «табель рангов» енген лауазымды
атаулары болған), соңғысы – әрі
бахадүрдің халық тіліндегі
эквиваленті, әрі сипаттама атау, яғни ұрыс даласында ерлігімен
көзге түскен адамды «батыр, ер, ержүрек» деп дәріптеген.
Жазушы бұл бір түбірден өрбіген
екі тұлғаның әрқайсысын
өз орнында жұмсаған. Мысалы, 1588 жылы Тәуекел сауын
айтып шақырған құрылтайға келгендерді санамалау үстінде
түменбегі, мыңбегі, қарашы бек, сұлтан, оғлан сияқты
лауазымдық титулдардың қатарында
бахадүрлер аталады (І,
91), сол сияқты Қоянақ, Көкбөрі деген әскери қолбасылардың
есімдеріне
бахадүр титулын қосады (І, 50).
Оғлан да – рес-
ми атақ, ертеректегі түркі-монғол халықтарында хан титулы-
на ие болмаған Шыңғысханның
ұрпағы осылайша аталған,
ал кейініректе, Қырым, Астрахань хандықтарында, Шағатай
ұлысында, Ақордада жалпы билеуші әулеттің жоғары әкімшілік
не әскери қызметін атқаратын ұрпақтары
оғлан деген титулға
ие болған. Сондықтан Мағауин Ораз-Мұхамедтің жеті жасар
баласын
Сүйінші оғлан деп атайды:
[Мұрат-Мұхамед] ширақтығына қарамастан.., әуелде ерке
өскен... тентек
Сүйініш оғланнан біраз
жәбір-жапа көріп еді
(І, 338).
21
Осы жерде және әрі қарай жақша ішіне кітаптың I, II деген реті мен беттері
көрсетілді.
115
Сірә, қазақ қауымында бұл термин XVI-XVII ғасырларда-
ақ
сұлтан, төре сөздерімен ауыстырылып, көбінесе, титулдық
мәннен гөрі хан әулетінің жас өркіндері (жас балалары –
ұлдары) деген сипаттамалық қызметке көшсе керек,
өйткені
жазушы тағы бір жерде «бала Сүйінішті сұлтан» деп те атайды.
Әкімшілік лауазымдары мен әлеуметтік топтардың және
қызмет адамдарының атаулары ретінде оқырман осы ро ман
беттерінен
қалға, күріген, қума, емелдес, қазынадар, дархан
сияқты сөздерді де кездестіреді. Бұлар – қазақ көркем әде-
биетінде көп жұмсалмайтын қолданыстар.
Олардың ішінде
Достарыңызбен бөлісу: