Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет115/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128
Сөз құдіреті

тағын, тағын бастадың ба? Қанша үрмет қысам да, бомай-


265
ақ қойдың ғой, жүдә», – деп еркелете сөйлеген сөзінен ба-
сталады. Автор бірден оқырманын: «Бұл әңгіменің ішінде 
Оңтүстік Қазақстанның басқа қазақ тілінен гөрі басқашарақ 
тіл ерекшеліктері әдейі қолданылған», – деп өзі ескертеді. 
Біздің байқағанымыз бойынша, мұнда М.Әуезов жиырмаға 
жуық жергілікті сөз мен тұлға келтірген. Олар: тағын (тағы), 
шыли (ылғи және мүлдем), қараң қағыр (қараң қалғыр), наяты 
(жазықсыз, бейкүнә), қаяққа (қай жаққа), тәйтік бомай (бол-
май), жиішкертем (жіңішкертем), жаңалық әм айтайын (және 
бір жаңалық айтайын), әгі (әлгі), табылат қой (табылады ғой), 
алаң әм бома (тіпті алаң болма), кәйт дейсің (қайт дейсің), 
кәйтесің (қайтесің), олай демегін (олай деме), басы боса 
(басы болса), айтқанын қығанынан (айтқанын қылғаннан), 
әтейі (әдейі), битіп қап (бүйтіп), пәдері нәлет (атаңа нәлет). 
Бұлардың ішінде битіп, шыли, табылат, кемпешке сияқты 
ауызекі сөйлеу тілінің (сірә, барлық өлкеге тән) элементтері 
де бар. Жазушы, біріншіден, қазақ жерінің оңтүстігіне тән 
жергілікті ерекшеліктерді дұрыс аңғарып, дәл тапқан және 
оларды тек қана кейіпкерлер аузына салып, белгілі стильдік 
мақсатпен жұмсаған.
Сөз мағынасын, тегін, бояуын жақсы білетін ұлы Мұхтар 
Әуезов бұл тәсілді бірер тұста «Абай жолы» эпопеясын-
да да қолданғанын ілгеріде көрсеттік. 1947 жылы жазылған 
«Асыл нәсілдер» атты әңгімесінде және қолданған. Мұнда да 
кейіпкерлердің бірқатары «өз жерінше» сөйлейді:
... Қанипа Әсия сырын естігенде, жылап жіберіп, жеңгесін 
құшақтай алған.
– Айтпағын, тегі-тегі, – деп жеңгесінің қасынан бір тұрып 
кетіп еді, 
Әсия қайта ұмтылып кеп, жұбату айтты:
Кәйтесің, қайғырғанда қаяққа барасың... Жекең мен апа-
ма өзім айтайын, жасың тый, тегі! – деген (М.Әуезов. Шығ., 
2-том, 1967). 
Бұл шығармадағы Қанипа, Әсиялардың сөздерінде қалғын, 
ұстағын, кеткін сияқты бұйрық райдың жергілікті қолданысы, 
тегі, әкем тегі, жүдә сияқты қыстырма сөздер, босаң (болсаң), 
тіптен сияқты диалектілік тұлғалар бар.


266
Бұл көрініс – жергілікті ерекшеліктерді кейіпкерлердің сөз 
машығын таныту үшін стильдік мақсатта қолданудың үлгісі. 
Бұл үлгіні әрі қарай дамыту жоқ емес.
Сонымен қатар диалектизмдерді казақ көркем әдебиетінің 
сөздік қазынасын толықтыру мақсатымен әдеби тіл арсена-
лына енгізу әрекеті де байқалады. Сірә, Д.Досжанов, Т.Әлім- 
құлов сияқты жазушылардың қалың оқырманға бейтаныс 
едәуір сөздері осы себеппен қолданылған болар. Деген-
мен тілдің лексикалық байлығы сөз санының молдығынан 
есептелмейтіндігін айту керек. Тілдің байлығы ондағы 
сөздердің икемділігінде, семантикалық реңктерінің молды- 
ғында, экспрессивтік бояуларының түрлігінде т.т. көрінеді. Де-
мек, тіл қазынасына, оның лексикалық әр құрамына жаңадан 
енетін элементтер тек қана қажеттіктен пайда болулары ке-
рек. Сондықтан егер өзге бір стильдік мақсат көзделмесе, 
ақырамаш (ақырғы), есепдан кісі (есепқой), нәжүйе (жүйесіз), 
бөлтек-салтақ (бөлек-салақ), түрпет (түр-әлпет), үпірмелі-
шүпірмелі (үбірлі-шүбірлі) сияқты тұлғалардың көркем тек-
сте авторлық баяндауда жұмсалуы (мысалы, Т.Әлімқұловтың 
шығармаларында) – сөздікті байытып тұрған жоқ, керісінше, 
әдеби нормамен жарыспалылықты және қажетсіз дублеттерді 
жасап түр.
Әрине, халықтың ауызекі сөйлеу тілінен алып, қазақ әдеби 
тілі лексикасын толықтыратын, оның әр алуан қажеттіктерін 
өтеуге жарайтын диалектизмдер мен кәсіби сөздердің әлі де 
бар екені даусыз. Әсіресе жергілікті шаруашылық түрлеріне 
қатысты сөздерді немесе белгілі бір өлкенің жер бедеріне, 
табиғатына қатысты (өзге өлкелерде жоқ) атаулар болып 
келетін диалектизмдерді әдеби тілге енгізу – дұрыс та, қажет 
те іс. Бұған оңтүстік аймақтардан егіншілікке, бау-бақшаға 
қатысты сөздердің, теңізді-көлді өңірлерден балықшылыққа 
немесе теңіз-сулардың өз табиғатына (мысалы, толқыңдардың 
түрлеріне) қатысты сөздердің, сондай-ақ жазықтықта өмір 
сүріп келе жатқан қазақтар тілінде жоқ, бірақ таулы-тасты 
өлкелерде бар, сондағы табиғат құбылыстарын, жер бедерін 
атайтын сөздердің қазақ лексикасының әдеби қорына еніп 
отырғаны – дәлел. Осы мақсатты көздеуде баспасөз, радио, те-


267
ледидар тілдерімен катар, көркем әдебиет тілі де жақсы қызмет 
етіп келеді. Мысалы, Қазақстанның таулы-орманды өлкесі – 
Шығыс Қазақстан жерін суреттеген көркем прозада кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет