257
дері – қыпшақ тобынікі деген сияқты санаққа жүгінбей, сол
көркем әдебиет үлгілерінің (дәлірек айтсақ,
олардың иелері
– жазушылардың)
ұлттық тіл элементтеріне қалай қараға-
нынан, қалай пайдаланғанынан іздеу керек болады. Көркем
әдебиет, әсіресе поэзия, бағалауыш эпитеттерді жаңадан
ұсынуда бұрынғы жалпыхалықтық тілдегі модельдерді пай-
даланады: мысалы, теңеулерді өмір шындығынан, нақты зат,
құбылыстардан алады. Сөз-символдарды жасауда да қазақтың
төл элементтері пайдаланылады. Айталық,
дала сөзі – қазақ
поэзиясында, тіпті прозасында да бұрын да, қазір де туған
жердің, қасиетті Отанының символы, ал
қыран құс, тарлан,
тарпаң сөздері –еркіндіктің,
бозінген – мейірімнің,
жезкиік –
сұлулықты аңсаудың, арманның символдары.
Көркем әдебиет – ұлттық қазына, өйткені мұнда ұлттық
тілдің сөз байлығы мейлінше мол жұмсалады (қамтылады);
синонимдер қорына көркем әдебиет жиі жүгінеді; көркем
шығармада бір ұғымды бірнеше қырынан білдіру әрекеті ба-
сым; әр алуан ой мен сезімді білдіретін тілдік мүмкіндіктерді
кеңінен пайдалану орын алуда. Осылардың баршасы дәстүрді
қажет етеді, яғни әдеби тіл қазынасында мол әрі икемді фра-
зеология қоры мен әртүрлі тіркес түрлері (комбинациялары),
нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жинақталады.
Жазушы осы
қазынаны пайдаланады, сол қазынаның үлгісінде жаңаларын
жасайды, осы арқылы әдеби тілді толықтырады, оның сөз
мәдениетін жетілдіре түседі. Ал бұл құбылыс жазушының тіл
жасампаздығында дәстүрлі нормаға қайшы келмеуін, тілдің
жалпы және стильдік зандылықтарымен үйлесім тауып отыру-
ын талап етеді.
Сөйтіп, «қазақ тілінің ұлттық
көркем стилінің белгілері,
яғни ұлттық көркем нормалары қандай?» дегенді анықтасақ,
мыналарды айту керек болады. Орыс тіл білімінде, жоғарыда
айтылғандай, көркем тілдің ұлттық ерекше белгілері жал-
пыұлттық (жалпыхалықтық) тілдің нормаларымен тығыз
байланысты екендігі айтыла келіп, ол белгілер мыналар деп
көрсетіледі: орыс тілінің
ұлылығы, яғни бұл тілде үлкен
әдебиет жасалғандығы,
қуаттылығы, яғни адам ойын жеткізуге
қажет мүмкіндіктерінің бай екендігі, шыншылдығы, яғни тап-
258
таурын үлгілерінің жоқтығы,
еркіндігі, яғни синонимдердің
молдығы, семантикалық құрылымының сыйымдылығы, сөз
жасау тәсілдерінің икемділігі, сөйлемдегі сөздердің орын
тәртібіндегі біршама
еркінділік.
Міне, орыс тіліне тән ұлттық белгілер осылар деп атай келіп,
бұларды ұлттық әдеби норманың да негіздері ретінде таниды
60
.
Ұлттық көркем тіл стилі, оның нормалары жазушы мен
оқырманның талғамынан туады. Көркем стильдік нормалардың
қалыптасып, орнығуында жазушылардың
рөлі зор екендігі
белгілі. Шын мәнінде, көркем әдебиет тілі жалпы әдеби тілмен
тығыз байланысты бола отырып, онымен тарихи контексте
дами келіп, сол тілдің шоғырланған көрінісін береді.
Қазақ көркем сөзінің ұлттық белгілерін анықтауда біз де
осы танымды ұстанамыз, яғни көркем әдебиет стилінің нор-
малары, бір жағынан, жалпы әдеби
тіліміздің ұлттық ерек-
шеліктерімен ұштасып жатса, екінші жағынан, ол нормалар
көркем әдебиет тілінің ұлттық белгілерін ұсынатын қуатты көз
болып танылады.
Қазақ әдеби тілінің ұлттық белгілері, біздіңше, мыналар:
1. басын аса бай ауыз әдебиеті тілі мен ауызша туып, ау-
ызша тараған поэзия мен прозалық үлгілер тілінен алған
ұзақ
Достарыңызбен бөлісу: