Р. Сыздык 6-том indd


Сөз таңдаудағы уәжді ауытқулар



Pdf көрінісі
бет121/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128
Сөз құдіреті

Сөз таңдаудағы уәжді ауытқулар
Ауытқу – нормаға сай келмейтін қолданыстар. Терминнің 
өзінде «сәйкессіздік» мағынасы («белгілі бір дұрыстықтан, 
заңдылықтан ауып кету» деген сияқты) болғанмен, ауытқу 
барлық сәтте жағымсыз акт болып шықпайды. Сырт қарағанда, 
нормадан тыс болып көрінгенмен, шындығында, сол норма-
дан әдейі ауытқу, яғни әр алуан себеппен болатын ауытқулар 
орын алады. Сондықтан барлық ауытқу, соның ішінде сөз 
қолданыстағылар уәжді (мотивті немесе жөнімен) және уәжсіз 
(мотивсіз немесе жөнсіз) ауытқулар деп қарастырылады. Бұл – 
тек көркем сөз стилінде ғана емес, барлық стильдерде болатын 
заңды құбылыс. Бірақ көркем әдебиет тілінде уәжді ауытқулар 
жиірек кездеседі және олардың өздері әрсипатты болып келеді.
Көркем әдебиет тіліндегі ауытқудың неден (қай нормадан) 
ауытқу екенін ажыратып қарастыру керек болады. Біздіңше, 
жалпы әдеби тіл нормасынан және көркем сөз нормасынан 
ауытқу деп бөліп талдау керек.
Сөз қолданыстағы жалпы әдеби тіл нормасынан ауыт- 
қу, біріншіден, әдеби тілден тыс тұрған элементтерді: диалек- 
тизмдерді, қарапайым жай немесе дөрекі сөздерді, жаргон-
дарды т.б. автор сөзінде пайдалануға қатысты қарастырылады 
(олардың кейіпкерлер тілінде жұмсалуы – көркем әдебиет 
стилінің өз нормасы, өз заңдылығы, сондықтан ауытқу пробле-
масы негізінен авторлық баяндау тексі бойынша қойылады), 
бұл – стильдік таңбасы бар сөз дегенді зерттеуге апарады.
Екіншіден, сөздің әдеби тілде қалыптасқан жалпы лек-
сикалық мағынасынан ауытқып қолдану. Бұл орайда жазушы- 
ның тілге ұқыптылығы және жауапкершілігі әңгіме болады, 
яғни әдейі жөнімен ауытқу сөз болады.
Үшіншіден, сөздің өзге сөздермен тіркесу нормасын бұзу. 
Бұл да екі түрлі ситуацияда көрінеді: бірі – білместіктен, 
жауапсыздықтан болатын құбылыс, келесісі – тіркестер конта-
минациясы дегенді әдейі пайдалану.
Сөз қолданыста көркем тіл нормасынан ауытқу, бірін- 
шіден, жалпы жазушы мәнері дегенге қатысты болса, екінші- 
ден, текст түзімі мүдделеріне байланысты құбылыс болып 
табылады (текст түзімі жөнінде 98-127-беттерде айтылған 
пікірлер мен талданған материалдарды қараңыз).


281
Жазушы мәнері автор позициясы дегенмен ұштасады. Қазіргі 
(соңғы 20-30 жылдың ішінде) қазақ прозасында баяндаудағы 
автор позициясы деп аталатын құбылыс айқынырақ көріне 
бастады. Айталық, сыртқы дүниені суреттеудің автор тара-
пынан ұстанылатын эмоционалдық кілті біреу болады да он-
дай шығармада біртектес немесе тіпті бір эпитет қайталанып 
келеді. Мысалы, Оралхан Бөкеевтің «Қар қызы» повесінде 
ақ эпитеті және осы сөздің қосымшалы, тіркесті тұлғалары 
(ақша, аппақ, ақ сіреу, ақ түтек, ақ шаңқан, ақ шағи, ақ 
таңдақ) – осы шығарманың оқушы сезіміне әсер беретін, 
автор позициясының сыр сандығын ашатын негізгі кілті: 
мұнда ҒТР заманында іргедегі шөпті алып келуге жарамай 
қалған техникамыздың кесірінен үш қыршындай жасты үсітіп 
өлтіре жаздаған аппақ қар басқан мылқау иен тау іші, сеңдей 
сірескен ақ сіреу суық дүние суреттеледі. Жігіттерді қинаған 
түн де аппақ, олардың біреуі – Нұржанның арман-қиялындағы 
ақ қанат қар қызы, ол да – аппақ, бірақ осы ақ (аппақ) сөзі – 
мұнда адалдықтың, бақыттың, арманның символы болумен 
қатар, суықтықтың, қаталдықтың да символы. Шығарма кілті 
– осы екі символда. Сондықтан көркем сөз стилін жеке діттей 
қарастырғанда, бір шағын повесте бір эпитеттің өзгесі ауызға 
түспегендей қайталай беруі кемшілік сияқты болып көрінуі 
мүмкін. Ал тіл мәдениеті шарттарын көркем стилистика та-
лаптарымен ұштастыра қарастырғанда, бұл жердегі бір ғана 
эпитеттің жиі қайталануы, баса қолданылуы – уәжді, ол автор 
позициясын танытады.
Бұл күнде орыс тіл білімінде «характериологическое по-
вествование» (сипат бере баяндау) деп аталатын әдіс қазақ 
прозасында да бел алып келе жатқаны байқалады. Шығармаға 
тұтасынан белгілі бір сипат бере баяндауда әлеумет топта- 
рының сөйлеу үлгілері кеңінен пайдаланылады. Мысалы, 
Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» атты романы ау-
ылда өскен қазақ әйелінің атынан баяндалатындықтан және
романның бүкіл оқиға желісі, кейіпкерлер бейнесі сол әйел- 
дің көзқарасымен ұсынылғандықтан, ол романдағы лекси- 
калық, фразеологиялық құрам да, синтаксистік құрылым 
да бір стильге бағындырылған. Сондықтан мұндағы баян-
дау тілінен де, кейіпкерлер тілінен де «жиырма бестен асқан 


282
дырау жігіт», «қой, құрысын, ұят тағы», «Светасын тіпті 
сорақы қызғанады», «басқа ешкім жоқ, кілең қатындар емес 
пе?» деген сияқты қарапайым сөздер мен ауызекі сөйлеу тілі 
элементтерін жиірек кездестіреміз. Тіл мәдениеті өресінен кел-
генде, бұлар – әдеби нормадан тыс тұрған сөздер болғанмен, 
бұл шығармада олардың қолданылуы – өте орынды, яғни 
бұлар мотивті ауытқулар болып танылады. Бұларды, тегі, орыс 
тіл біліміндегідей, біздің де көркем шығармадағы баяндаудың 
«авторлық нормалары» деп атағанымыз дұрыс болар.
Белгілі бір сипат бере баяндау үлгісін Әбіш Кекілбаевтың 
«Тасбақаның шөбі» атты шығармасынан да көруге болады. 
Мұнда автор атынан берілген баяндаудың өзінде сипаттауыш 
сөйлемдердің дені ауызекі сөйлеу тіліне төн болып келеді: 
«борпы аяқ Сақып, зыр-зыбыл құла» (әңгіменің бас кейіпкері 
Қарабаланың мінген осы атының өзге анықтауыштары да 
осы іспеттес (шілтік құла, китің құла), «қақшаңдаған әкесі», 
«дарылдақ шайханашы», «әрпіл-тәрпіл өлең жолы», «қайырма 
жаға», «ақ көйлек киіп қатқан жігіт», «қитұрқы әңгіме» т.т. 
Диалогтердегі ғана емес, автор тіліндегі етістіктердің едәуірі 
стильдік бояуы қалың сөздер, олар да көбінесе қарапайым 
сөздер немесе ауызекі сөйлеу тіліне тән элементтер болып 
келеді: «орысшаның да түбін түсіреді»«әйелдер жағы жырқ-
жырқ күледі», «қара өлеңді қайқайтады екен», «ақ школдың 
білімін бір-ақ қақшып... жетінші класты бітірді», «көкең көңілі 
түссе, сылқитып тұрып орысша бір боқтайды да...», «сыз-
диып отырған жас немелер... тызалақтап жүр» т.т. Мұндағы 
адамдардың аталуы да неме, көкіме, бозымбай, бегей, жұтыр, 
қара сирақ, можан-топай, қасқа сияқты болып келеді.
Автор осы әңгімені «оқуы» үш кластан аспаған, бірақ 
адал еңбек иесі – Қарабала мен оның «бағы жанбаған» тен-
тек құрдасы – Оңбайдың, тіпті әрісі осы екеуінің іс-әрекетіне, 
қимыл-қыбырына ортақ ауыл адамдарының позициясынан, 
солардың ойлауы, бағалауы, түюі тұрғысынан баяндайды. Де-
мек, бұл туындыдағы әдеби тілден тыс тұратын элементтер: 
қарапайым сөздер, мошқайды тәрізді бірен-саран диалектизм, 
ауызекі тілдік синонимдер, қысқасы, пәс (төмен) стильдік 
сөздер белгілі бір мақсатпен әдейі қолданылған. Автор сөзінде 
келгеніне қарамастан, бұлардың қолданылуы – уәжді. Бұл 


283
ауытқулар – бүкіл шығарма идеясына (мазмұнына) қарай, текст 
түзу мүддесінен туған қолданыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет