41
мен М.Әуезовтің «Қыр әңгімелері» лингвистикалық стилисти-
ка объектілерінің бастауы болатынын айтар едік.
Кейіпкер тілін зерделеу барысында ондағы ауызекі сөйлеу
элементтерінің, жергілікті тіл ерекшеліктерінің (диалектиз-
мдердің) орын алуы, кірме сөздердің,
оның ішінде макаро-
низм деп аталатын бөгде тілдік элементтердің көрінуі деген
сияқты жайттарға тоқталу қажет. Жазушы бұларды әр алуан
көркемдік стильдік мақсатта жұмсайды. Айталық, кейіпкерлер
тіліндегі диалектизмдер олардың белгілі бір өлке тұрғындары
екендіктерін және күнделікті тұрмыста әдеби тілден гөрі сөй-
леу тілі нормасын ұстанатындықтарын таныту үшін қолдана-
ды. Дөрекі, қарапайым элементтер, бөгде тілдік сөздер, әсі-
ресе макаронизмдер
кейіпкердің мінез-құлқын, алған тәлім-
тәрбиесін, білім, мәдениет дәрежесін көрсету үшін келтіріліп,
оның образын жасауға көмектеседі. Көркем шығарманың
«көркемдік» шарттарының бірі де – осында. Бұл шарт – тәсіл,
стильдік тәсіл. Тәсілдің дұрыс қолданылуы – жазушының сөз
құдіретін тану шеберлігіне алып барады.
Бұл талапты өтеуге «еуропа әдебиеті дәрежесіне көтерілген»
жас жазушы М.Әуезов аса жауапты қараған. Мұхаңның кейіп-
керлерінің сөз машығы әр алуан.
Әдетте, көркем әдебиетте өзге тілдік элементтер автор
тілінде кемде-кем кездеседі, ал
кейіпкер тілінде шет тілдік
сөздердің орын алуы өмір шындығын беру үшін де, стильдік
мақсатты көздей де жұмсалады.
М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгіме-повестерінің көпші-
лігінде оқиға желісі, кейіпкерлер тобы таза қазақ аулынан
алынған, оларда орыс, татар, араб,
парсы сияқты тілдердің
сөздері кейіпкерлер тілінде кездеспейді. Ал 1930 жылдардан
кейінгі шығармаларында сол кезеңдегі оқиғалар мен адамдар
суреттелгенін көреміз. Кейіпкерлер тілінде орыс сөздері ара-
ласа бастайды. Мысалы: «Үш күн» деген 1934 жылы жазы-
лып, жарық көрген әңгімесінің кейіпкерлері – колхозшылар.
Солардың бірі – «бригада атынан алдымен сөйлеп кеткен»
Талпақтың сөзінде
мәшине, бригадыр сөздерді, Көлбай есімді
кейіпкердің аузыпнан
малателке, өкірік (округ) деген сөздерді
кездестіреміз. Бірақ бұлар – стильдік мақсатта емес,
кезең
шындығын көрсететін реалийлер, яғни белгілі бір кезеңдегі
42
зат, құбылыс, іс-әрекеттерді нақты атау үшін келтірілген
сөздер. Мұндай сөздер бұл шығармада автордың тілінде де
едәуір
(қосшы союзы, съезд, бердеңке, райком, бригада, ра-
порт т.б.) келтірілген фактілер образ жасаудан гөрі, шындықты
шыңдау міндетін атқарып тұр. Ал 1935
жылы жарық көрген
«Қасеннің құбылыстары» деген шығармасындағы әйел, ер-
кек кейіпкерлердің (бұлар 30-жылдардағы қала тұрғындары,
оқыған адамдар) өзара диалогтерінде:
– Бұл немене безобразие?...
– Қыс бойы төменгі базардан аңдып жүргенімді қайтейін?
– Ну что же?...
Достарыңызбен бөлісу: