36
«Жар дегенде жалғыз сенген Ысмағүл
қуарған қу өмір..,
тілеуі
құрыған сорлы сияқты анықтауыштар – жай емес, бейнелі
(образды),
бірақ оларды жазушы өзі жасап, қарияның аузы-
на салмаған, қазақтың әдеби тілінде бұрыннан келе жатқан,
дағдылы қолданыстарды пайдаланған. Мұнда қарияның
монологінен
үйін базар, түзін той қылу; табанынан тау-
сылу; аткөпір қылып алу, беру; аштан өліп, көштен қалу;
жалтаңкөз қылу; тұмсығы тасқа тию; ақылымыз алтыға,
ойымыз онға бөлінді; төрінен көрі жуық болу сияқты бейнелі
фразеологизмдерді де естиміз. Қарт әйелдің
ұзақ әңгімесінде
жазушы оның аузына «өтпес жарлық – бойға қорлық»,
«тышқанның өлгені – мысықтың ойнағаны», «қас жаман
қасындағысын қарақтайды» тәрізді мәтелдерді салып, бұл
кейіпкердің сөз жүйесін білетін, ақыл иесі, көпті түйген ауыл
анасы екенін танытады. Кейіпкер – сынбаған ажар, қажымаған
қайрат, кең салқын ерлік иесі
болып келген бұрынғы-соңғы
қазақ әйелінің жиынтық образы. Сондықтан оның сөзі жүйелі,
әсерлі, бейнелі етіп берілген. Бұл – жазушының қас шеберлігі.
Сірә, «Қорғансыздың күнін» Мұхаңның көркем сөз сарайы-
на еркін енуге ұсынған бұлтартпас «пропускісі», «суреткерлік
паспорты» десек болар. Бұл шағын әңгімені өмірге келген
қазақ прозасын әлемдік деңгейге көтеретін шеберлік үлгісін
ұсынған аса құнды туынды деп танимыз. «М.Әуезов болса,
бүкіл әлемдік, оның ішінде орыс және батыс әдебиеттерінің
көркемдік деңгейіне көтеріліп барып, творчествоға ден
қойып еді. Бұған оның тұңғыш жарық көрген көркем шығар-
маларының бірі – «Қорғансыздың күні» атты әңгімесі анық
айғақ бола алар», – дейді. Әуезовтің 12 томдығының 1-томын
баспаға әзірлеп, ғылыми түсініктерді жазушылар (1-том,
«Жазушы» баспасы, 1967, 411-бет). Мұны «1921 жазылған
«Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын
мағынасындағы еуропалық прозаның дәрежесіне көтерілді», –
деп Сәбит
Мұқанов та айтқан болатын
9
.
Көркем әдебиеттің бүкіләлемдік, батыс еуропалық, орыс-
тық деңгейін көрсететін белгілердің бірі – оның тілдік-стиль-
дік түр-тұрпаты болса, 1921 жылғы «Қорғансыздың күнінен»
9
Мұқанов С. Көрнекті жазушы – М.О. Әуезов // М.О. Әуезов (60 жылдығы). -
Алматы: Ғылым, 1959. - 13-бет.
37
бастап, 1920-1930-жылдардағы барлық әңгіме-повестері осы
сападан төмен түспеген.
Көркемдіктің бір қыры –
суреттеу амалдарынан байқалады.
Жазушы табиғатты, жыл мезгілдерін, оларға жан бітіріп су-
реттеп, поэтикалық этюдтер жасайды. Ерек ше көзге түсетін
нәрсе – М.Әуезовтің алғашқы әңгіме-повестері, тіпті олардың
жеке бөліктері табиғат көрінісін
суреттеуден басталады
(бұның еуропалық, орыстық, мы салы, түргеневтік тәсілге ба-
рып ұласатыны байқалады). Осы суреттердің синтаксистік
құрылымы да, суреттеу мәнері де жазушының өзі әдейі қалап
алған үлгіде келеді. Мыса лы, «Оқыған азамат» әңгімесінің
1-бөлігінің 1-беті «Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап
қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық... Жер қарлы...» деп бастала-
тын абзацпен ашылады (151).
І бөлігі «Жаз келіп, көк шыққан тұстағы суреті, мұнда
табиғатқа жан бітеді»:
Жапырақтары жетіліп, жазғы жасыл киімін киген ағаштар
бір-бірімен мың түрлі тілмен сөйлесіп, сырласа теңселіседі»
(I, 56).
ІІ бөлігі май айының суретін беруден басталады. Мұнда да
жазушы жай баяндау емес, бейнелеп, жан бітіріп, әр нәрсеге
теңеп, қысқасы, көркем, әсерлі тілмен суреттеу стиліне барған.
...Көк жетіліп, гүл-жапырақ молайған... Жапырағы жетілген
жас қайың,
өзекті қуалап өскен ұзын тоғай, тасқыны басыл-
май, сарқырап аққан ойнамалы жүйрік өзен, бойы өсіп бұр-
аңдап толқынданған жасыл шалғын, өзектің екі жағындағы
қатарланған биік жартас, өзек бойында ойнап ұшқан жыршы
құстар – бәрі жиналғанда, сайды жаңа түскен жас келіншектің
отауындай жайнатып, жасартып тұр... (І,59).
Соңғы IV бөлігі де табиғат көрінісінен басталады. Бұл
бөлім «Жаз ортасы ауып, дала сарғайып, жүдеу тартқан» кезді
көз алдымызға келтіреді. Әңгіменің төрт бөлігі жазды енді кел-
ген тұсынан өтіп бара жатқан кезіне дейін төрт кезеңге бөліп,
сол бір жаздың ішіндегі «оқыған азаматтың» көк шыққаннан
(достықтан) басталып, дала сарғайғандыққа (арсыздық, дүние-
қорлық, опасыздыққа) дейінгі іс-қылығын көркем параллель-
мен берген.
Алғашқы қалам сілтеудің бірі 1922-1923-жылдары жазыл-
ған «Қыр суреттері» де осындай адамдар тіршілігі,
жаздың
38
жайлы кешіндегі, қыстың ұзақ түніндегі, қар жамылған дала-
дағы суреттермен көмкеріліп суреттелген. Бұл – тек тілдік-
стильдік қана емес, жалпы авторлық көркем мәнер ерекшелігін
танытатын шығарма.
М.Әуезовтің «Қорғансыздың күнінен» бастап «Қаралы
сұлуға» дейінгі 1922-1925 жылдары жазылған 13 әңгімесі –
шығармашылық тұрғысынан ғана емес, тілі, стилі, авторлық
мәнері жағынан да көп ізденген, арнайы еңбек еткен үлгілер.
Бұлар кейін «Абай жолы» сияқты ұзақ, қиын мәреге жететін
тұлпардың тұяқ алысын танытатын туындылар болып шыққан.
Мұхтар Әуезовтің оқырманды өзіне еріксіз тартатын, бас
алмай оқып шығуға бой алдыратын, қазақтың көркем сөзінің
құдіретін көрсететін әсем де әсерлі тілі бірден көрінді дей ала-
мыз. Әрине, шығармашылық жағынан
ілгері-кейінгі сатыла-
ры, ізденістері болған шығар, ал көркем тілі жағынан жазушы
шеберлік стартын бірден дұрыс алған.
Достарыңызбен бөлісу: