31
ды, ол ұтымдылық сөздің модальдық реңкіне, тіркесу қабілеті-
не, айналасындағы сөздермен дыбыстық үндесуіне (аллитера-
ция, ассонанс құбылыстарын жасауға) қарай жұмсалуына бай-
ланысты. Мысалы, қорлық, мазақ көрген Ғазизаның енді үйге
кіріп қайтемін деген ақырғы ойын жазушы «көңілінде қалған
таусыншық сезімнің ойлатқаны» деп береді. Бұл сөйлемдегі
таусыншық сөзі «әрі қарай қайраны жоқ, таусыла ойлап келген
байламы,
шешімі» дегенді бір сөзбен дәл беріп тұр, бұл сөздің
таусылған, таусыла ойлаған, ең соңғы, ақырғы деген
сияқты
басқа синонимдері дәл осы сөйлемде
таусыншық деген сирек
тұлғадай әсерлі, нанымды болмас еді.
Синонимдік қатардың біреуін таңдауда олардың белгілі
экспрессивтік бояуы барларына көбірек көз тігіледі. Мыса-
лы, мына сөйлемдегі көсемше тұлғалы екі етістікке назар
аударалық.
Кеңсе қызметкерін жаңылдырып, тез миландыру үшін
Жұмағұл бір жайды
көптіріп,екінші жайды
шөмейте сөйлеп
есебін тауып жүр.
Бөлініп
көрсетілген сөздердің асырып, кішірейтіп деген
синонимдік қатарлары осы сөйлемде айтылған ойдың мо-
дальдық үніне сай келмес еді, өйткені мұндағы кейіпкердің
өзгелерді жаңылдыру, миландыру
сияқты жағымсыз қылық-
тарын баса көрсетуге лексикалық мағынасының өзінде
жағымсыз реңкі бар
көптіріп, шөмейте етістіктерінің орны
айрықша болып тұр.
Синонимдердің ең кемінде екеуін, кейде үш-төртеуін бір
сөйлемде қатарынан келтірудің де стильдік мәні бар. Жазу-
шы бір нәрсеге, әсіресе сын, қимыл тұстарына екпін түсіргісі
келсе, бір мағыналас немесе мағыналары осы контексте
жақындасатын сөздерді қатарластыра жұмсайды.
Бұл тәсіл,
әсіресе поэзияда көзге түседі. Мысалы, Абайдың «түзу кел,
қисық, қыңыр, қырын келмей» деген өлең жолын еске түсірейік.
Мұнда
түзу сынына бас назар аудару үшін, оның қарама-қарсы
мағынадағы үш синонимін келтіруі қандай әсерлі! Прозада да
бұл амалға жазушы қалай барып қалғанын өзі де сезе бермейді,
өйткені амал әсерлі, М.Әуезов синонимдік қатарлардың
осындай қызметін көбінесе табиғат суретін берген немесе
32
адамның ішкі сезім күйін, әрекет-қимылын көрсеткен тұстарда
қолданады. Мысалы:
[Ғазизаның]
ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзінде және ылғи
шытынған, кірбеңдеген қабағында қалың уайымның салған ізі
бар («Қорғансыздың күні»).
Мұнда жетім, қорғансыз Ғазиза баланың
ұяң да
жұмсақ
қарағанмен, қабағының шытынап, кірбіңдеп тұрған күйде
көрінетіндігі ішкі жан күйзелісін әсерлі баяндап тұр. Сондықтан
оның пішіні
мұңды, жүдеу. Соңғы
мысалдағы қатар келген
сөздер – лексикалық синонимдер емес, контекстік, стильдік си-
нонимдер.
Бір ерекшелік – М.Әуезов мұндай сәттерде синоним сөздерді
қосарлап келтіріп, қос сөзге айналдырып жібереді. Мысалы:
Мұңлы кемпірдің
шер-уайыммен сарғайған жүзі («Оқыған
азамат»). [Өзен] кейде тура ағып, кейде иіріліп,
бұраң-шимай
жасайды («Қыр суреттері»).
Мұндағы
бұраң-шимай деген қосар тұлға
әуре-сарсаң, мал-
шы-жалшы, көрші-қолаң (шы)деп осы әңгімеде кездесетін
өзге қос сөздерден бөлек. Соңғылар – осылайша қолданыла-
қолданыла келіп, лексикалық қос сөздер болып кеткендер, ал
«бұраң-шимай» – тек авторлық, контекстік, яғни стильдік си-
ноним қос сөздер, бұл жерде өзеннің кейде тура, кейде иірілген
ағысының әсерлі сыны бұраң-шимай болып тұр.
Жазушының 20-жылдардағы шығармалары тіліндегі
қорлық-
мазақ, ауыл-аудан, әбігер-машақат, тыным-тыныштық, жал-
қау-лодыр («көзге шұқиын міне
жалқау-лодырды» – «Білек-
ке білек»),
айқай-дабыр сияқты қос сөз етіп жазылған қолда-
ныстары – тегінде, қосарланған синонимдер. Лексикалық (яғни
қосарланып жұмсалуы дағдыға айналған,
көпшілік қолдана
беретін, тұрақталған) қос сөздер мен көрсетілген орфограм-
малық (сірә, осылайша атағанымыз тура болар) қос сөздердің
жасалу механизмі біртиптес болғанмен, қолданыс мақсаттары
екі түрлі: дағдылы қос сөздер, экспрессивтік бояусыз, көбінесе
жай хабарлама (информативтік) сәттерде қолданылады, ал
авторлық қос сөздер сол сөздер білдіріп тұрған ұғымды
күшейте түсу үшін, көбінесе бір қолданар тұлғалар болып
келеді, Байқалатын жайт – М.Әуезовтің беташар прозасында
33
(20-жылдардағы әңгіме-повестерінде)
бұл амал шет жағалап
көрінеді де, жазушының әрі қарайғы шығармашылығында
жүйелі түрде кеңірек орын алады. Мысалы, «Абай жолы» эпо-
пеясы тексінен
мейір-шапқат («Ызылдаған суық лектің қар-
сысына ана жыры,
мейір-шапқат жыры үн қосады»),
дау-
дүдәмал, құбылу-қыбылжу, мәз-мереке етісу, бақас-тақас
сияқты қолданыстарды табамыз. Оларды авторлық орфограм-
малық немесе графикалық қос сөздер деп тану қажет. Сино-
нимдік қатарларды қос сөз етіп бір-біріне қосарлай қолдану
М.Әуезовтің әсіресе публицистикасында жиі орын алады.
Көркем шығарманың белгілі бір жанрында немесе бір
жазушының тілінде, я болмаса белгілі бір туындысында сино-
нимдердің стильдік мақсаттағы қолданысын тауып, ажыра-
ту, олардың контекстегі мағынасын ашу, түр-тұлғасына
қарай
іріктеу сияқты лингвостилистикалық «шаруалар» қажет те,
қызғылықты да болар еді. Біз бұл ізденісте қазақ көркем
прозасының алғашқы кезеңінде бой көрсет кен тілдік-стильдік
тәсілдерді атап өтуді ғана мақсат тұтқандықтан, синонимдер-
дің қолданысы жайында осындай
шағын шолумен тынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: