51
Ғылым тілінде (тіл білімінде) бұл құбылыстарды (тәсілді)
парцелляция деп, «отау болып» шығатын мүшені парцеллятдеп
атайды. М.Әуезовтің көркем прозасының бастапқы кезеңіндегі
үлгілеріне көз салсақ, оның синтаксисіне тән ерекшеліктің бірі
деп осы парцелляция тәсілін атаймыз. Бұл амал – Мұхаңда
жүйелі түрде қолданылады. Парцеляттар көбінесе сөйлем
соңындағы баяндауышқа
тән іс-әрекеттің амалын, мезгілін,
мекенін білдіретін мүшелер болып келеді. Мысалы:
Мейірхан бұл үйге Мақсұт өлген соң көп келген жоқ.
Қашқа-
лақтағандай (І, 56).
Соңғы жеке шығарылған бір сөз іс-қимылдың амалын
көрсетеді, ол сөйлемнен ажыратылмаса, «көп келген жоқ» де-
геннің алдында тұрар еді. Келесі мысалдар (сирек қолданы-
латындықтан, қазақ тіл білімінде көп сөз болмай келе жатқан
құбылыс екендігін ескеріп, көбірек мысалмен көрсетуді дұрыс
деп отырмыз):
Ептеп қоңырқай тартқан иесіз дала жеңіл тұманды жамы-
лып сазарғандай.
Жым-жырт (I, 70).
Бұл жердегі парцеллят сөйлемнің
баяндауышы деуге бо-
лады. Егер жазушы иесіз даланың сазарып түрғанын баса
айтқысы келмесе,
жым-жырт сөзін сөйлемге жалғастырып
жазған болар еді. Ол күнде сөйлем табиғаттың бір күйін жай
ғана баяндап көрсету болып шығар еді. Ал Мұхаңның жай
баяндағысы жоқ, әсерлі етіп суреттеуді көздеген.
Жым-жырт
деген бір сөздің айтуда жеке интонациямен бөлінуі, ал жазуда
нүктемен ажыратылуы дәл осы
жым-жырттық жаздың жанға
жайлы кешіндегі тыныштықтың көңіл аударарлық белгісі бо-
лып тұрғандай. Келесі мысал:
Әйелдер сол түні таң атқанша шам жағып, ұйықтамай,
Құдайдан тілек тіледі.
Сыйынды, жылады (I, 50).
Соңғы екі парцеллят осы сөздер беріп түрған
іс-қимылға
оқырман назарын аударып, ой екпінін түсіреді. Әжесі мен ана-
сы Ғазиза баланың аман болуын жай тілемейді, жылап, сыйы-
нып тілейді.
Бұл екі сөздің екеуін айырып көрсетіп («бөлек құндақтап»),
солар арқылы әже мен ананың ішкі жан қиналысын, дәрменсіз
күй-қалыптарын көрсетеді.
Бір-екі сөзді атаулы немесе толымсыз сөйлемдер де пар-
целляция құбылысына жақын келеді. Олар да алдыңғы
52
сөйлемнен нүкте арқылы бөлініп жазылады, мұнда да стильдік
мақсат көзделеді. Мысалы:
Жанып болған тезектің шоғы өшуге айналған.
Ала көлеңке
(I, 133).
Егер толық түрде түзілсе,
айналған дегеннен кейін үтір
қойылып, әрі қарай
сондықтан үйдің іші ала көлеңке деп
берілер еді. Бұл салаластың соңғы жай сөйлемі өз алдына ата-
улы сөйлем етіп ұсынылғаны автордың парцел ляция сияқты,
осы ала көлеңкелікті баса көрсеткісі келгендігінен пайда бо-
лып тұр. Мұны парцелляциядан бөліп қарау қажет немесе
парцелляцияның бір көрінісі деп тану қажет. Өйткені парцелля-
ция бір сөйлемнің «кетілуі», соңғы мысалда да тұтас құрмалас
сөйлем «сөгіліп», сөгілген бөлігі «күзеліп» тұр.
Мына микротексте бөлек «отау тіккен» құрылымдар бастау-
ышы түсірілген толымсыз сойлемдер:
Оның ақылы еш нәрсенің тұтқыны болған жоқ еді.
Баяғыдай
Достарыңызбен бөлісу: