Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет29/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128
Сөз құдіреті

паш құлдыраған, шауып жүрген кішкентай бала, дуайпат өгей 
шеше дегенге қарағанда «қатал, мейірімсіз, қаһарлы (айбат-
ты?)» сияқты мағынаны берсе керек. Түп-төркіні қандай бол-
са да (диалектизм бе, сирек қолданылатын мағынасы күңгірт
сөз бе), осы іспеттес экпрессивті тұлғаларды реті келгенде, 
көркем әдебиетте қолдануды біз нормадан ауытқу демес едік. 
Әрине, мұндай да бір-екі жайтты қатты ескеру керек: алды-
мен, бейтаныс сөздерге тым әуес болмау (яғни бір шығармада 
«тоғытып» жібермеу), екіншіден, түсінігін қамтамасыз ету, 
мүмкіндігінше мағыналары контекст арқылы ашылатындай 
етіп жұмсау.
Жоғарыда теріп көрсетілген сөздердің ішінде күпек сөзінің 
әуелі тұлғасына, содан соң мағынасына келгенде, ойланып 
қалдық, өйткені күпек сөзі – «Түсіндірме сөздіктің» мәліметіне 
қарағанда, ыңғайсыздау мағынаны («еркек малдың жыныс 
мүшесін қаптап тұратын тері») беретін сөз екен, ал біздің 
тексімізде күпек шашбау тіркесінде келеді және ол күпек шаш-
бау сыңғыр-сыңғыр сылдырлайды (88).
Кейбір сөздер, мейлі олар жасанды болсын, мейлі си рек 
ұшырасатын беймәлім элементтер болсын, өздерінің ұғым- 
дылығымен, орындылығымен және кейбірі экспрессиялығы- 
мен көңіл аудартады. Мысалы, бұл ретте үдере (түп қопарыла) 
қоныс аударуды үдерме деп атауын (1880 жылғы үдермеде жи-
ырма үй Сәлік-Сары... осы ағаштарды Іле Алатауына ала кел-
ген – 100), әмір беріп, ұрсып-жекіп жүретін адамды әкіреңбай 
неме (30) деп, әбден піскен жеміс-жидекті пісігі өтіп кеткен 
(72) деп, сол сияқты қойқаптағысы қозу (139), күңей-күйрек 
болу (240) деген сияқты тіркестерін атауға болады.


71
Жеке сөздерді әңгімелеу үстінде орыс сөздерінің кейіпкер- 
лер аузында айтылған түрлеріне назар аударуға болады. Мұнда 
үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы оқиғалар 
суреттеледі және Ресейдің империялық әкімшілігі, әкімдері 
заң-законы, түрмесі, мектебі, ұлығы мен мұжығы араласқан 
(қатысқан) оқиғалар, іс-қарекеттер әңгіме болады. Демек, 
автордың баяндау тексінде де, кейіпкерлердің тілінде де орыс 
сөздерінің келуі орынды да заңды. Ол сөздер ресми атаулар да, 
тұрмыстық сөздер де болып келеді. Автор, әрине, бұлардың 
басым көпшілігін бұл күнде өзіміз қолданып жүрген орысша 
тұлғасында (мы салы, комиссия, пристав, прокурор, камера 
т.б.) жұмсайды. Ал кейіпкерлер оларды өз тілдеріне иіп, «сын-
дырып» айтады. Мысалы, Рысқұл піркөрер («Ана шегірткенің 
айғырындай шіңкілдеген піркөрердің аузына құм құйылар 
еді» – 200) қатырғы («Ей, сот! Мен қатырғыға қатын, бала-
шағамды бірге ала кетемін. Оған қалай қарайсың?» 208), 
кәмесия («Мына кәмесияң ең басты белгімді таба алмады» – 
213), нешауа (211) деп, ал Ахат шал Метрей, Некәлай пат-
ша деп орысша есімдерді «қазақшалайды», Таубай старшын 
ұлыққа «спәсибә, спәсибә» дейді (99).
Бұның барлығы – дұрыс, көркем шығарма шарттарының бі- 
рін жазушы мүлтіксіз орындаған, Рысқұлдар мен Ахаттар орыс 
сөздерін қазіргіше айтып (дыбыстап) тұрған бол са, шындыққа 
жатпас еді. Сол кезеңдегі ауыл қазақтарының орыс сөздерін 
айтудағы үлгісін көрсетуде ғана емес, жалпы кейіпкерлердің 
әрқайсысын өзінше сөйлетуге зер салған және шындықтан алы-
стамауды көздеген. Мысалы, Тау-Шілмембет аулының беделді 
ақсақалы Ахат қарт қаншама ақылгөй болғанмен, баяғының 
билерінше көсемсіп, шешенсіп сөйлемейді. Ал Рысқұл болса, 
ол – сөздің емес, қимыл-әрекеттің адамы, сондықтан сөздері 
келте, айтары анық болып шығады.
Ақыр роман тілінің лексика-фразеологиялық бітімін сөз ет-
кен екенбіз, бұл орайда ерекше тоқталатын және бір сәтті тұсы 
бар. Ол – жазушының бейнелі фразеологизмдер мен мақал-
мәтелдерді едәуір келтіруі және оларды бұзбай, мейлінше 
дұрыс нұсқаларын ұсынуы. Біз арнайы сүзіп шықпасақ та, 
оқып отырғанда көзіміз түскен ондаған мақал мен мәтелді, 
бейнелі тіркестерді теріп алдық. Бұлардың ішінде халық 
тілінде әбден кәнігі, жиі айтылатын: «жетім қозы тас бауыр


72
түңілер де отығар» (16), «бөлінгенді бөрі жейді» (95), «ұзын 
арқан, кең тұсау» (41), бұл фразеологизмнің дұрыс варианты 
– осы, ал кейбір авторлар мұны «ұзын арқау, кең тұсау» деп 
келтіреді, тегі, тұсау сөзіне ұйқастырып параллель құру үшін, 
алдыңғы қанаттағы арқан сөзін арқау болуға тиіс деп тапса 
керек, «бүлінгеннен бүлдіргі алма (216) (бұның бүлген елден 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет