Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет30/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128
Сөз құдіреті

бүлдіргі алма варианты да бар, сірә, ең дұрысы – осы болар, 
өйткені бүлу етістігі – «ойрандалу, шабылу» мағынасында 
қолданылатын көне сөз, бүліну сөзімен түбірлес болғанмен, 
бұлардың мағыналық реңктері ажыратылған), «түйені жел ай-
даса, ешкіні көктен ізде» (125) дегендерден бастап, «көжеден 
басқа асым жоқ, Құдайдан басқа досым жоқ» (27), «ойым ой-
ран, ақылым айран» (56, 70), «айдаған малы жүзге жетпеген, 
жүзге жетсе, күзге жетпеген» (135), «ағайының көп болса, адам 
тимес, көсеуің ұзын болса, қолың күймес (228), «жолың шы-
дыр, жолдасың қыдыр болсын» (292) т.б. сияқты аса жиі ай-
тылмайтын, бірақ мақал, мәтел, образды фразеологизмдердің 
барлық шартына сай келген қолданыстар бар. «Із қалмайды, 
сөз қалады» (341), «турап жемесең, етке тоймайсың» (69), 
«бай баласы байға ұқсайды, байланбаған тайға ұқсайды» 
(288), «тарғыл тас төсек, қара тас жастық болды» (12), «көктегі 
күннен шылым тұтатқандай» (19), «үрейден үркек тартқан 
ауыл» (31) тәрізді қолданыстар – авторлық дүниелер болуы 
да мүмкін, бірақ олар да жасалуы мен логикасы жағынан 
халықтық мақал-мәтелдерден бөлектенбейді. Әр өңірдегі 
халықтың күнкөріс салтына, әдет-ғұрпына, көршілермен 
қарым-қатынасына қарай жергілікті мақал-мәтелдер, фразео-
логизмдер де болатынын ескерсек, «жеті күн жауған жауыннан 
желдіріп өткен су жақсы» деген сияқты мәтелдер егін егіп, оны 
дария, арықтардан суаратын тұрғындар тілінде бар болуы да 
мүмкін. Не халық қазынасынан алсын, не олардың моделімен 
өзі жасасын – қайткен күнде де бұл романда кездесетін баба 
сөздері мен дана сөздері шығарма тексіне тігісі жатық түскен, 
әрі әсерлі, әрі орынды тілдік-стильдік құралдардың біріне 
айналған.
Мақал-мәтелдерді, дәстүрлі фразеологизмдерді, күрделі 
экспрессоидтерді тұлғаларын бұзбай, дұрыс қолдануда Шер-
хан Мұртаза – үлгі тұтатын жазушы. Мұны әдейі атап отырған 


73
себебіміз – қазіргі көптеген прозаиктер, солардың ішінде аса 
танымал, мықтылары да мақал-мәтелдерді уәжсіз (мотивсіз) 
өзгертіп қолданатын болып кетті, уәжсіз дейтін себебіміз – 
олар поэзияда, өлеңнің ұйқас, ырғақ, өлшем сияқты шарт-
тарына орай сәл өзгертіліп қолданылуы мүмкін, ал мақал-
мәтелдердің атқаратын қызметі текстің мазмұндық-логикалық 
сүйегін бекіту болғандықтан және прозада өлшем, ұйқас 
сияқты сыртқы факторлар орын алмайтындықтан, олардың 
тіл тәжірибесінде әбден орныққан, дәстүрлі, көптеген аймаққа 
ортақ үлгілерін өзгертпей қолдану қажет. Өйткені бұлар – 
жалпыхалықтық қазына, ал ортақ қазынаны себепсіз бүлдіруге 
құқымыз жоқ. Жазушының тілді осылай сезінуі оның көркем 
әдебиет сияқты өнер иесі болуымен қатар, ұлттық, халықтық 
мүддені діттейтін ақыл иесі екенін де танытады.
Көркем шығарманың синтаксистік бітімі, бір жағынан, 
оның стильдік сипатын көрсететіні мәлім. Жоғарыда айтыл- 
ды, романның жалпы тілдік стилі ықшамдық, икемділік прин- 
ципіне құрылғандықтан, синтаксистік құрылымдары, яғни аб-
зацтары (периодтары), сөйлемдері, сөйлем мүшелері жайылма 
емес, ықшам (қысқа) болып келеді. Әрине, мұнда құрмалас 
сөйлемдер, сөйлемнің жа йылма мүшелері мүлде жоқ деген 
пікір тумасқа керек. Бұларсыз ешбір көркем шығарма тексінің 
болуы мүмкін емес, сондықтан бұл жердегі әңгіме жалпы си-
патына қатысты болмақ.
«Қызыл жебенің» синтаксисінде жай сөйлемдермен баян- 
далған, суреттелген тұстар жиі кездеседі:
Сұрай-сұрай Мекені де табады дейді. Сол айтпақшы, Ахат 
пен Молдабек сұрай-сұрай Алматының абақтысын да тапты. 
Басқаны білмесе де, жұрт түрмені біледі екен. Әуелі Ахат пен 
Молдабек базарға барды. Ал базар – не сұрасаң да табылатын 
жер (53). Міне, мұндай құрылымды абзацтарды шығарманың 
өн бойынан жиі кездестіреміз.
Диалогтер де көбінесе келте-келте қайырылған:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет