Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет38/128
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493649
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   128
Сөз құдіреті

баланы көп өрбіткен, ұрыдан жиса да, шұбатып малды көп 
өрбіткен кіші аталар» (454), «қоқым төсеніп, қоға жастаған 
төменшік әулеттер» (97) деген сияқты етіп «түсін түстеп, атын 
атап» беру тек тілі поэтикаға толы, ой мен сөздің үйлесімін 
тапқан қас шебердің қолынан келмек. Қас шебер демекші, осы 
жерде бір кішкене «лирикалық шегініс» жасасақ дейміз.
Айтпақ ойды әсерлі, бейнелі етіп білдіру үшін шешендік 
керек, шешен болу керек, ал сөз шешен болып шығуы үшін 
әсерлілік, образдылық керек. Тегі, алдыңғысы – бас ты, 
біріншілік те соңғысы – сол тудыратын екіншілік сияқты. Және 
шешендік – өзіміз білетін ақындық, суретшілік, композиторлық 
сияқты туа бітетін табиғи талант болса керек.
Сірә, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов сынды ілгері 
буын алыптарын былай қойғанда, кейінгі буын өкілдері – Әбіш 
Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Софы Сматаев, Оралхан Бөкеев 
сияқты жазушылар, Манаш Қозыбаев, Зейнолла Қабдолов 
сияқты ғалымдар – тумысынан шешен жандар-ау деймін.
Шешеңдік те, жазушылық та – Құдай берген, табиғи өнерлер 
болса, ол екеуі бір кісінің бойынан табылса, яғни көркем 
әдебиетке шешендік қосылса, екі шақпақтың соғылысынан 
пайда болатын ұшқындай, оқырманның жан дүниесін шарпып 
өтетін от жалынды, жарық шығармалар дүниеге келері хақ. Мен 
бұл ойымды айтқанда, ешкімге көпшік қойып отырмағанымды 
оқырман түсінер. Бұл – қазақ тілін қастерлей білген, оны табиғи 
таланты көтере түскен жандарға деген ризалық көңіліміз 
16 Қараңыз: Р. Сыздықова. Абайдың сөз өрнегі. - Алматы, 1995. - 144-149-беттер.


91
екенін білер, ана тіліміздің өткен замандар мен қазіргі кездегі 
күй-қалпын танысақ, танытсақ деп еңбектеніп жүрген тіл 
маманының қысқа қайырған бағасы деп білер деймін.
Енді «шегіністен» шығып, зерделеп отырған материалы-
мызды әрі қарай талдасақ, тағы мына жайттарға назар аударар 
едік. Біреуді не бір нәрсені, я болмаса іс-қарекетті танытуда жа-
зушы Ә.Кекілбаев халық қазынасына да иек артады. Олардың 
ішінде, сырт қарағанда, ауызекі сөйлеу тіліне не жергілікті 
сөзге жақын тұрғандарын таңдап ала ды. Мысалы, бұтқа то-
лып жүру деген тіркесті жазушы бірнеше рет қолданған. 
Мамандардың айтуына қарағанда, бұл – «өзін өзі зорға санау», 
«менменсу» деген мәнде жұмсалатын жергілікті ерекшелік 
тәрізді, бірақ осы шығармада оның мағынасы контекске қарай 
әбден түсінікті және әсерлі болып ұсынылған. 
Мысалы: Жас сұлтан, неге екені белгісіз, осындай қараптан 
қарап бұтқа толып жүретін кердең мінезді жек көруші еді 
(48). 
Мұндағы бәрімізге таныс кердең сөзі алдындағы бұтқа 
толып жүретін деген бейтаныстау тіркесті жетекке алып, 
мағынасын ашып тұр. Бұл сияқты жергілікгі, көне, сирек 
сөздердің алдын не артын таныс сөздермен «тіреп», біртұтас 
мағына шығару амалы ұлы Мұхтарлардан келе жатқанын осы 
кітаптың II тарауында айттық.
Жазушы тілінде жиірек көрінетін образды үстеулердің 
бірі – екі етек боп [елпек қағу, жүгіру, ұмтылу] тіркесі де 
сіре, халық тілінде бар сөз болар, ол да – өте образды, әсем 
сипаттама. Бұл ретте жазушы анау-мынау дөрекі сөздерден де 
қашпайды. Мысалы, көтен өкпе (74) айғыр топ (442) сияқты 
тіркестер – мағына жағынан бір-бірімен тіркеспейтін атаулар 
болғандықтан, өзінің күтпеген оқыс қолданысы мен көңіл ау-
дарса, екінші жағынан, тұрпайы сөзбен келгендіктен, «үлкен 
өкпе, зор өкпе», «күш көрсете келген өкпе» және «үлкен топ» 
деген сияқты стиль жағынан бейтарап (қалыпты) тіркестермен 
салыстырғанда, әсері өзгеше болып шыққандығымен 
елеңдетеді. «Көтен зорлық» дегенді айтатын қазақ «көтен 
өкпе» деп те айтқан болар. Қайткен күнде де сөздің экспрес-
сиясын пайдаланып, оның дөрекілігіне, қарапайымдығына, 
жергіліктілігіне қарамай кәдеге асырып жіберу – Ә.Кекілбаев 


92
қаламына жат емес. Бұл жерде шешуші факторы – бұларды 
экспрессоид (эмоциялық бояуы күшті, әсерлі сөз) ретінде тану 
болса керек.
Образды тіркестердің ішінде мұрты жылтырап қоя беру 
(разы болу, көңілденіп қалу) сияқты өзге авторлардан көп 
кездестірмеген күрделі етістіктер де бар. Сірә, ол да – халықтікі 
болар болмаса мұртынан күлу, мұрты жыбырлау, мұрты 
майлану деген сияқты таныс тіркестердің үлгісімен жасалған 
авторлық дүние болар. Қайткен күнде де бұндайлар да – өте 
образды қолданыстар.
Шығарма тілінің поэтикасын танытатын тұстардың бірі – 
теңеулердің көрінісі. Әрине, қалыпты жай теңеу емес, бейнелі 
теңеулерді жазушы қайдан алды, нені немен салғастырды де-
гендер көңіл аудартады.
«Үркерде» келетін эпитеттік теңеулердің дені суреттеліп 
отырған кезеңдегі қазақ болмысынан алынған. Жазушы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет