жіліктің табағында күндері өтіп жатқан Өсеке балалары»
(«Үркер», 46) деп атайды. Көрсетілген анықтауыш аса образ-
86
ды, ол образ халықтық, ұлттық таныммен берілген: әңгімеленіп
отырған кезеңде, тіпті күні кешеге дейін қазақ қауымындағы
әлеуметтік топтардың беделі, салмағы, яғни иерархиялық
тәртібі отыратын орнына (төрде немесе одан төменірек, я
болмаса босағада отыру деген сияқты), алдына тартылатын
табақтың ішіндегі сыбағаға (бас ұстау, жамбас тиюден бастап
қалған жіліктердің «дәрежесіне») қарай танылатынын білеміз,
демек, «асық жіліктің табағында күні өту» лауазымдық орын
(хандық, билік) тимей келген бұтақты (Шыңғыс-Жошыдан
тартылған хан әулетінің бұтағы) сол кезеңнің көзімен әдемілеп
дәл атаған, оның алдыңдағы шаршы төр бұйырмай деген тіркес
те, қазірше айтсақ, «номенклатураға ілінбей» жүргендерді бей-
нелеп сипаттауды күшейте түскен.
Екінші бір мысал: орыс патшасына бағынып, сыртқы жау-
ларынан енді соққы жемейтін, жағасы босап, жаны жайланған
башқұрт жұрты сондай бодандықты өзі қалап жүрген Әбілқайыр
мен оны қостаушылардың көзіне нулы жердің балдырғанын
татып, сулы жердің тұнығын кешіп тұрған башқұрт болып
көрінеді
15
. Мұнда да аса бейнелі сипаттама сол кездегі қазақ
қауымының бейбіт өмірді, малға жайлы балдырғанды, сулы
мекенді аңсаған көзімен, ойымен берілген.
Қазақ еліне тыныштық бермей, соқтығып отырған көрші
жұрт іргеңнің бел арқанын қиып отырған дұшпан (121) деп ата-
лады. Әрине, іздесе, жауласып отырған көрші елдің бейнесін
әр алуан түрде атап көрсетуге болады. Күні кешеге дейін
«империалистік елдерді», оның ішінде Американы кеңестік
саясат көзімен қарап, не деп сипаттамай келдік, бірақ оларды
киіз үйдің бел арқанын қиып отыр деп айтқан емеспіз, өйткені
қазіргі жұртшылықтың басым көпшілігіне бұл бейнелі сипат-
тама аса таныс та, әсерлі де емес, «бел арқан» дегеннің қай
жерде екендігін, ол қиылғанда не болатындығын бүгінде екінің
бірі біле бермейді, ал Ә.Кекілбаев суреттеп отырған кезең
үшін, сол кездегі қазақ қауымының көзімен қарағанда, бұл –
дәл табылған мінездеме.
Егер мұндай мысалдар бірді-екілі жерде, тіпті бес-он жерде
кездескен болса, біз оны бөліп сөз етпеген болар едік (ондай
15 Әрі қарай мысалдардың дені «Үркер» (Алматы: Жазушы, 1981) кітабынан
алынады да жақша ішіне тек беті көрсетіледі.
87
бірен-саран фактілерді кез келген көркем шығармадан таба
аламыз). Бұл жерде әңгіме – осы тәсілдің жазушы Ә.Кекілбаев
тілінде жүйелі түрде келіп, жиі қолданылғандығында және
олардың көбінің авторлық дүниелер екендігінде.
Образды сипаттамалар халықтың ауызекі сөйлеу тілінде
де, ақын-жыраулар поэзиясында да, фольклорлық, өлең-
жырларда да аз емес, көбі – ұзақ уақыт, жиі-жиі айтыла келе,
жалпыхалықтық лексика-фразеологиялық қазынаға еніп,
нормаға айналған дүниелер («единицалар») болып келеді. Жа-
зушылар оларды да еркін жұмсай алады. Олар да әсерлі, орынды
болып шығады. Ал көркем сөз шеберлерінің бірқатары әсерлі,
әдемі қолданыстарды өзі жасайды. Жасалу моделі (қалыбы)
бұрынғы, бірақ іші – тілдік бұйымы өзге, жаңа болып шығады.
«Үркер» мен «Елең-алаң» авторы соңғы әрекетке барған:
өзі ізденіп, бейнелі өрнектерді өзі түсірген және бұлардың
барлығы дерлік бұдан екі-үш ғасыр бұрынғы қазақ жұртының
тұрмыс-тіршілігінен, қазақтардың таным-түсінігінен алынған
образдар болып келеді. Мысалы, нағыз бостандық басында
ноқта, тірсегінде тұсау жоқ бостандық деп бейнеленсе, бұл
– мал баққан қазақтың көз алдында тұрған таныс образ.
Әбілқайыр хан тұсындағы және оған дейінгі қазақ қауымын
автор бағы найзасының ұшында, ырысы құрығының ұшындағы
саяқ халық деп бейнелесе, мұндағы әрбір сөз астарлы мәнде:
«бағы – «еркін, тәуелсіз жұрт болып өмір сүру» деген, ырысы
– «күн көрісі», «экономикасы» деген мағыналарда жұмсалған
болса, саяқ – «өз алдына жеке, әлі ешкімге бодан болмаған не-
месе одақтаспаған» деген семантиканы (ғылым тілімен айтсақ,
семаны) білдіреді, ұшында сөзі де тура мағынасында емес,
әңгіме нақ найзаның және құрықтың ұшы туралы емес, бірі
– «жауды жолатпау», екіншісі – «еңбек етіп өмір сүру» деген
ұғымды білдіруге жұмсалып тұр.
Өзге де жазушылар сияқты, Ә.Кекілбаев әсерлі эпитеттерді
табуға шебер. Ол әсерлілік мағыналары жағынан бір-біріне
жуыспайтын сөздерді тіркестіру амалымен де жүзеге аса-
ды. Мысалы, жазушының ұрғашы ниет (32), сумаңдап желе
жортып келе жатқан көшелі ой (103), айғыр топ нөкер (112),
майлақы түн (14) жер ойдық қол (231) дегендеріндегі ниет, ой
деген абстракт есімдер мен алдындағы эпитет сөздер – мағына
88
жағынан бір-біріне жуыспай тын дүниелер болса, соңғы қол,
нөкер дегендердің анықтауыштары да – кәнігі емес. Әрине,
мұндай мысалдарды көркем шығармада кез келген автордан
табуға болады. Бұлар – жа зушы Кекілбаевтың даралық мәнерін
емес, шеберлік мөнерін танытатын фактілер.
Бейнелі сипаттамаларды (олар көбінесе анықтауыш, пысық-
тауыш болып келеді) жазушы көбінесе параллель түзілімдер
етіп береді:
Орталарынан ойып қоныс беріп, қораларынан жырып сау-
ын беріп... (117).
Мұнда орталарынан – қораларынан, ойып – жырып, қоныс
– сауын, беріп – беріп деген қатарлар тұлғалық, синтаксистік,
позициялық абсолют параллельдерді түзіп тұр.
Жалпы параллель түзілістер тілде, оның ішінде көркем
сөзде – аса әсерлі, үнді құралдың бірі. Образ жағынан әсерлі-
лігі олардың халықтың өзіне таныс айналасынан, тыным-тір-
шілігінен, іс-қарекетінен алынғандығына байланысты болса,
үнділігі ауызға жеңіл, құлаққа жағымды әуезбен келетіндігі-
нен пайда болады. Құлаққа жағымды үн дегеніміз – дыбы-
стар гармониясы. Қатар тұрған сөздердің көбінесе басы (кей-
де іші де), тізіліп келген өлең жолдарының басқы сөздері
біркелкі дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталуы – тіл-тілдің
қай-қайсысында да, оның ішінде түркі-монғол тілдерінде,
солардың бірі қазақ тілінде ежелден келе жатқан көркемдеуіш
амалдардың бірі. Ғылымда бұл құбылыс аллитерация, ассо-
нанс деп аталады.
Әдебиет теориясын, көркем сөз заңдарын жақсы білетін,
дұрысын айтсақ, жазушылық таланты табиғатынан күшті
қалам шебері – Ә.Кекілбаев бұл ұтымды тәсілді қалт жібер-
меген. Мысалы, оның қияда тосып, қырындай жолыққан,
Достарыңызбен бөлісу: |